"Салықтар және өзге де бюджетке мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырылулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 147-ІІ Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес және Алматы қаласының Әкiмiнiң ұсынысына орай ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ
:
1. Алматы қаласындағы жерлердiң мыналардың аумағы үшiн алынған нысандардың базалық ставкаларын көбейтудiң төмендегi көлемдерi белгiленсiн:
автотұрақтар
- жалдық шарттармен уақытша пайдаланылатын жерлердегi, орындары автокөлiк иелерiне тұрақты бекiтiлген және белгiленген тариф бойынша көрсетiлген қызмет үшiн ай сайын төлем төленiлетiн;
- 2 есе;
- жалдық шарттармен уақытша пайдаланылатын жерлерде тәулiк бойында бiр орында бiрнеше машина қойылатын және тәулiктiк немесе сағаттық тариф, айыппұл қолданылатын, сондай ақ айыппұл - 10 есе.
базарлар
- 10001 ш.м. бастап және жоғары - 8 есе;
- 5001 ш.м. бастап 10000 ш.м. дейiн - 9 есе;
- 5000 ш.м. дейiн - 10 есе.
жанармай станциялары
- барлық дәрежедегi - 10 есе.
2. Автотұрақтар басшыларына Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге тиесiлi автокөлiктердi қою үшiн жер участкелерiн тегiн беру ұсынылсын.
3. Алматы қаласының жер ресурстарын басқару комитет (А.Е.Сапаров), Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комитеттi (Б.У.Қалижанов) ақша қаражатының тиiмдi пайдаланылуына, дұрыс есептелiнiлуiне және Алматы қаласының бюджетiне өз уақытында түсуiне бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының тексеру комиссиясына (В.А.Киселев), Алматы қаласының жер ресурстарын басқару комитетiне (А.Е.Сапаров), Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комитетiне (Б.У.Қалижанов) жүктелсiн.