Базарлар, автотұрақтар мен жанармай станциялары алып жатқан жерлердiң жер салығының ставкалары туралы

Күшін жойған

IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының X сессиясының 2001 жылғы 25 мамырдағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 20 маусымда N 364 тіркелді Күші жойылды - III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХVІІІ сессиясының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 184 шешімімен.

      "Салықтар және өзге де бюджетке мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырылулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 147-ІІ Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес және Алматы қаласының Әкiмiнiң ұсынысына орай ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты  ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ
      1. Алматы қаласындағы жерлердiң мыналардың аумағы үшiн алынған нысандардың базалық ставкаларын көбейтудiң төмендегi көлемдерi белгiленсiн:
      

автотұрақтар

     
      - жалдық шарттармен уақытша пайдаланылатын жерлердегi, орындары автокөлiк иелерiне тұрақты бекiтiлген және белгiленген тариф бойынша көрсетiлген қызмет үшiн ай сайын төлем төленiлетiн;
      - 2 есе;
      - жалдық шарттармен уақытша пайдаланылатын жерлерде тәулiк бойында бiр орында бiрнеше машина қойылатын және тәулiктiк немесе сағаттық тариф, айыппұл қолданылатын, сондай ақ айыппұл - 10 есе.

     

базарлар

     
      - 10001 ш.м. бастап және жоғары - 8 есе;
      - 5001 ш.м. бастап 10000 ш.м. дейiн - 9 есе;
      - 5000 ш.м. дейiн - 10 есе.

     

жанармай станциялары

      - барлық дәрежедегi - 10 есе.

 
      2. Автотұрақтар басшыларына Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге тиесiлi автокөлiктердi қою үшiн жер участкелерiн тегiн беру ұсынылсын. 
      3. Алматы қаласының жер ресурстарын басқару комитет (А.Е.Сапаров), Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комитеттi (Б.У.Қалижанов) ақша қаражатының тиiмдi пайдаланылуына, дұрыс есептелiнiлуiне және Алматы қаласының бюджетiне өз уақытында түсуiне бақылауды қамтамасыз етсiн. 
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының тексеру комиссиясына (В.А.Киселев), Алматы қаласының жер ресурстарын басқару комитетiне (А.Е.Сапаров), Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң салық комитетiне (Б.У.Қалижанов) жүктелсiн.

 

   
       II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының Х-сессиясының
      төрағасы

      II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады