"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 23 қаңтар N 147-ІІ


     1-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер 
туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi  

Z952235_

  Заңына 
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; 
N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 
281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; 
N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 
205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; 
N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24; 436, 442, 
445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20; 731-құжат; N 21, 
786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 
66-құжаттар; N 10, 234-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар 
енгiзiлсiн:
     
     1. 1-баптың 1-тармағы "актiлердi қоспағанда)," деген сөздерден кейiн 
"Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы" 
 

Z010136_

  Қазақстан Республикасының Заңынан," деген сөздермен толықтырылсын.
     
     2. 5-бапта:
     6-тармақша "лизингке" деген сөз "қаржы лизингiне" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     13) тармақшада:
     в) тармақшасының бесіншi және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда 
жазылсын:


      "нақты қызмет көрсету орнына қарамастан, егер Қазақстан Республикасында орналасқан резидентке немесе тұрақты мекемеге шегерім ретінде есептелетін болса, басқарушылық, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік, заңгерлік және адвокаттық қызметтен алынатын табыс;
      егер Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметіне байланысты Қазақстан Республикасында орналасқан резидентке және (немесе) тұрақты мекемеге шегерім ретінде есептелетін болса, жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасалған келісім-шарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарлар жеткізуге жасалған сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі (айыппұл санкциясы);";
      г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г) ашық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын өткізу кезінде құнның өсуінен түсетін табысты қоспағанда, резидент-заңды тұлғадан және осындай заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатудан түсетiн дивиденд нысанындағы табыс;";
      д) тармақшасы "болса," деген сөзден кейiн "борыштық бағалы қағаздар бойынша табысты қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      к) тармақшасындағы "төлемдері" деген сөз "сыйлықтары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшесi - орналасқан жеріне оның міндеттерiнiң бiр бөлігін орындайтын тұрақты жұмыс орны жабдықталған, заңды тұлғадан аумақтық оқшауланған кез келген бөлiмше. Егер жұмыс орны бiр айдан артық мерзімге құрылған болса, тұрақты деп есептеледі;";
      19) тармақшадағы "лизинг" деген сөз "негізгі құралдардың қаржы лизингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      46) тармақшада:
      в) тармақшасы "операциялар" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындау жөніндегі қызметтер көрсетуі;" деген сөздермен толықтырылсын;
      д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "д) негізгі құралдардың қаржы лизингі;".

      3. 6-бапта:
      1-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өзiнiң филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi үшiн табыс салығын олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге не Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге төлейдi.";

     6-тармақтағы "өзi өндiрген тауарларды" деген сөздер "өзi өндiрген 
ауыл шаруашылық өнiмдерiн, сондай-ақ өзi өндiрген ауыл шаруашылық 
өнiмдерiн қайта өңдеуден алынған өнiмдердi" деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     4. 9-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "жеке тұлғалардың еңбекақы, сақтандыру және зейнетақы төлемдерi 
түрiнде алған табысы;";
     
     5. 10-бапта:
     тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
     "10-бап. Жеке тұлғалардың еңбекақы, сақтандыру және зейнетақы 
төлемдерi түрiнде алған табысы";
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Жеке тұлғалардың еңбекақы түрiнде алған табысына, сондай-ақ 
мыналар жатады:";
     4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:


      "4) жұмыс берушiнiң қызметкерлердi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын төлеуге жұмсаған шығындары;";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қызметкерлердiң жылдық жиынтық табысына тұруға және жол жүруге

арналған iссапар төлемдерiнiң құжатпен расталған нақты сомасы, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар шегiнде тұрған 
уақыты үшін төленетiн тәулiктiк шығындар енгiзiлмейдi.";
     мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
     "5. Сақтандыру төлемдерi түрiнде алынған табысқа сақтандыру 
ұйымдарының жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн, олар бойынша:
     а) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;
     б) жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен сақтандыру сыйлықтары 
төленген сақтандыру төлемдерi жатады.";
     
     6. 11-бапта:
     12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "12) банктердiң бұрын шегерiмге жатқызып, мәжбүрлi шығындар жасаудың 
мөлшерiн азайтудан түскен табыстары;";
     мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "12-1) жалпы сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын 
сақтандыру ұйымдары үшiн бұрын шегерiмге жатқызылған, сақтандыру 
резервтерiн азайтудан түскен табыс;";
     14) тармақша "Заңның" деген сөзден кейiн "20-4-бабының 3-тармағына," 
деген сөздермен толықтырылсын;
     16) тармақшада "138-1-бабына" деген сөздер "138-бабының 1-тармағына" 
деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     7. 13-бапта:
     3) тармақшадағы "инфляцияға орай түзетулер ескерiле отырып" деген сөз 
алып тасталсын, "акцияларды" деген сөз "акцияларын" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:


      "10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындардан, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк мекемелерден қайтарымсыз негiзде алған негiзгi құралдардың құны.".

      8. 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жалпы сақтандыру саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкес сақтандыру резервiне жасалған аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар. V991052_
      Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаның өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы жасаған, қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша аударымдар сомасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкес сақтандыру резервiне жасалған аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар.".

      9. 20-баптың 6-тармағының 2), 9), 10) тармақшалары алып тасталсын.

      10. 20-2-баптың 2-тармағындағы "салық жылының басында жұмсалған тiркелген активтердi қайта бағалау сомасы, сондай-ақ осы Заңның 20-8-бабына сәйкес айқындалған қайта бағалау сомасы" деген сөздер "тiркелген активтердi қосымша бағалау сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. 20-3-бапта:
      1-тармақтың б) тармақшасындағы "осы Заңның 20-5-бабына сәйкес айқындалатын қалдық құн бойынша" деген сөздер "баланстық құны бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) негiзгi құралдар объектiлерiн уақытша консервацияға, қайта жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтауға берген кезде, олар толық тоқтап тұрған жағдайда - баланстық құны бойынша;";
      мынадай мазмұндағы в) тармақшасымен толықтырылсын:
      "в) тiркелген активтердi есептен шығарған, жоғалтқан, жойған, бүлдiрген, айырылып қалған кезде, тiркелген активтер сақтандырылған жағдайда - сақтандыру ұйымы сақтандыру шартына сәйкес сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерi сомасы негiзге алынып анықталатын құны бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi. Егер сақтандыру шартына сәйкес төленуге тиiс сақтандыру төлемдерi тiркелген активтiң бөлiгiне жатса, онда шығып қалған тiркелген активтiң құны сақтандыру төлемдерi мен тiркелген активтiң сақтандырылмаған бөлiгiне жататын баланстық құнның сомасы ретiнде

анықталады.
     Тiркелген активтердi есептен шығарған, жоғалтқан, жойған, бүлдiрген, 
айырылып қалған өзге жағдайларда баланстық құны бойынша iшкi топтардың 
құндық балансында ескерiледi.".
     
     12. 20-4-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда 
жазылсын:
     "Оларды үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда 
жүргiзiлген шегерiмнiң сомасы жылдық жиынтық табысты ұлғайтуға жатады.".
     
     13. 20-5-бап алып тасталсын.
     
     14. 20-7-бапта:
     тақырыбындағы "лизинг" деген сөз "негiзгi құралдардың қаржы лизингi" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     2-тармақта:
     бiрiншi бөлiктегi "Лизингке (лизинг бойынша)" және "тiркелген 
активтердiң" деген сөздер тиiсiнше "Қаржы лизингiне (қаржы лизингi 
бойынша)" және "негiзгi құралдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
     екiншi бөлiктегi "лизингке берiлген тiркелген активтердiң" деген 
сөздер "қаржы лизингiне берiлген негiзгi құралдардың" деген сөздермен 
ауыстырылсын.
     
     15. 20-8-бапта:
     2-тармақ алып тасталсын;
     3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. Негiзгi құралдарды қосымша бағалау сомасына 15 процент ставка 
бойынша табыс салығы салынады.
     Табыс салығын төлеу қосымша бағалау жүргiзiлген айдан кейiнгi айдың 
ішінде жүргiзіледі.
     4. Қосымша бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдарды 
шегерiмдерге жатқызудан салық төлеушi есептi кезеңнiң iшiнде шеккен зиян 
салық салу мақсатында есепке алынбайды.".
     
     16. 20-9-бапта:
     1-тармақ "тiркелген активтердi сатып алуға алынған" деген сөздерден 
кейiн ", оның iшiнде қаржы лизингi түрiндегi" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     2-тармақ алып тасталсын.
     
     17. 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "22-бап. Сақтандыру сыйлықтары бойынша шығыстарға шегерiм жасау       
     Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықтарын 
қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар төлейтiн сақтандыру 
сыйлықтары, шегерiм жасауға жатады.".
     
     18. 27-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:


      "Осы баптың жоғарыда көрсетiлген ережелерi қосымша бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызудан салық жылы iшiнде келтiрiлген залалдарға қолданылмайды.".

      19. Мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      "4-1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу
      28-1-бап. Салық салу объектiсi
      1. Өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының және қайта сақтандыру ұйымының өмiрдi, аннуитеттi, жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) жүргiзген жағдайда, салық жылы iшiнде алуға тиiс (алған) сақтандыру сыйлығы түрiндегi табысы табыс салығы салынатын объект болып табылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өмiрдi сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымымен жасасқан және бұдан кейiн тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымына берумен байланысты шарттар бойынша тәуекелдердi қайта сақтандырған кезде, осындай қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген тиiстi сақтандыру сыйлықтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын объектiсi болып табылмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен және инвестициялық табыстан басқа алынған (алынуға тиiс), сондай-ақ жалпы сақтандыру саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының және жалпы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) iсiн жүргiзген кезде қайта сақтандыру ұйымының табыстары бойынша табыс салығы салынатын объект жылдық жиынтық табыс пен осы Заңда көзделген шегерiмдердiң айырмасы ретiнде есептелген салық салынатын табыс болып табылады.

      28-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының табыстарын
                есепке алу
      Өмiрдi сақтандыру саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары және қайта сақтандыру ұйымдары өмiрдi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) iсiн жүргiзген кезде салық салу мақсатында инвестициялық табысты қоса алғанда, осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыс бойынша және өзге қызметтен болатын табыс, шығын бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
      28-3-бап. Табыс салығының ставкалары
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының 28-1-баптың 1-тармағында аталған табыстарына осы Заңда белгiленген шегерiмдер жасалмай, алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықтарының сомасынан 2 процент ставка бойынша табыс салығы салынуға тиiс.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңның 28-1-бабының 2-тармағында көрсетiлген, салық жылы ішінде алған (алуға тиiс) табыстарына осы Заңның 30-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша табыс салығы салынуға тиiс.
      28-4-бап. Табыс салығын төлеу мерзiмдерi
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыстары бойынша табыс салығын ай сайын ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей, салық жылы iшiнде алынады деп көзделген (алынған) сақтандыру сыйлықтары сомасының 1/12 бөлiгiн негiзге ала отырып төлейдi.
      2. Осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген табыстарды және инвестициялық табыстарды қоспағанда, салық жылы iшiнде алынған (алынуға тиiс) табыстар бойынша осы Заңның 51-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.

     28-5. Табыс салығы бойынша декларация және есеп
     1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары есептi тоқсаннан кейiнгi 
айдың 15-iнен кешiктiрмей, осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында 
көрсетiлген табыстар бойынша тоқсан үшiн есептелген табыс салығы жөнiнде 
есеп тапсырады.
     2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық жылының қорытындысы 
бойынша осы Заңның 49-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде 
декларация тапсыруға мiндеттi.
     3. Табыс салығын түпкiлiктi есептеу және төлеу осы Заңның 52-бабында 
белгiленген мерзiмдерде жүргiзіледi.".
     
     20. 30-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
     
     21. 32-бапта:
     1-тармақ "Заңды тұлғаларға" деген сөздiң алдынан "Осы баптың 
3-тармағында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
     "3. Резидент-заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша 
төленетiн сыйақыға (мүддеге) төлем көзiнен салық салынбайды.".

     22. 32-1-бап "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер" деген сөздердiң 
алдынан "Қызметкерлердiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс 
берушi төлеген сақтандыру сыйлықтары сомасын қоспағанда," деген сөздермен 
толықтырылсын.

     23. 34-бапта:
     1-тармақта:
     1-1) тармақшаның үшiншi абзацы "51 процентiн құраса" деген сөздерден 
кейiн "(есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн 
өндiрiстiк ұйымдар үшiн кемiнде 35 процент)" деген сөздермен толықтырылсын;
     2) тармақша алып тасталсын;
     8) тармақшада:
     "жабдықтарды" деген сөз "оларды" деген сөзбен ауыстырылсын; 
     "негiзгi құралдар" деген сөздер "негiзгi құралдардың қаржы" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     5-тармақта:
     4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "4) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы 
төлемдерi;


      бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттiк стипендиялар үшiн белгiленген мөлшерлерде төленетiн стипендиялар;
      жалпы науқастануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақыларды, пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн өтемақыларды, сондай-ақ жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетiн, орташа айлық жалақы мөлшерiнен артық өтемақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар, әлеуметтiк жеңiлдiктер;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты мертiгуiнен не денсаулығына өзге де зақым келуiнен болған залалдың орнын толтыру (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа); P930201_ V930037_
      қызметкерлерге бала туған кезде, жерлеу үшiн, құжатпен расталған, көрсетiлген медициналық қызмет (косметологиялық қызметтен басқа) ақысын төлеу үшiн 50 еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде берiлетiн материалдық көмек;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өндiрiстiк қызметке байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсаған шығындары;
      жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы алушылардың жасасқан жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықтарын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы;
      жұмыс берушi өз қызметкерлерiнiң жеке жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша төлейтiн сақтандыру сыйлықтарының сомасы;
      бұрын табыс салығы салынған ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жүзеге асырылатын зейнетақы және сақтандыру төлемдерi;";
      6) тармақшаның екiншi сөйлемi алып тасталсын;
      7) тармақшадағы ", сондай-ақ мемлекеттiк (ұлттық) лотерея бойынша ұтыстар" деген сөздер "және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ алып тасталсын.

      24. 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "43-бап. Негiзгi құралдардың қаржы лизингi
      1. Лизинг берушiнiң амортизацияға жататын негiзгi құралдарды лизинг алушыға беруi, егер ол мынадай шарттарға сәйкес келсе:
      1) лизинг берушi лизинг шартында уағдаласқан негiзгi құралдарды сатушыдан өз меншiгiне алуға және лизинг алушыға оны белгiлi бiр ақысын төлеген кезде, белгiлi бiр мерзiмге, белгiлi бiр жағдайларда уақытша иелiк етуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн пайдалануға беруге мiндеттенсе;
      2) негiзгi құралдарды лизинг алушының меншiгiне беру немесе лизинг алушыға тiркелген баға бойынша негiзгi құралдарды сатып алу жөнiнде құқық беру лизинг шартында белгiленсе;
      3) қаржы лизингiнiң мерзiмi негiзгi құралдардың пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 80 процентiнен асып түссе, негiзгi құралдардың қаржы лизингi болып табылады.
      Қаржы лизингiне (қаржы лизингi бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шартын жасасқан кезде анықталады.
      Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қаралады.
      2. Осы баптың мақсаттары үшiн негiзгi құралдардың қаржы лизингiнiң мерзiмi лизинг алушы шартқа сәйкес негiзгi құралдардың қаржы лизингiн ұзартуға құқығы болатын қосымша мерзiмдi қамтиды.".

      25. 49-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "500" деген цифрлар "2000" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ауыл шаруашылығына жатпайтын өнiмдi, өзi өндiрмеген өнiмдi, акцизделетiн өнiмдi және оларды қайта өңдеу өнiмдерiн сатудан табысы бар бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бөлек есеп жүргiзуге және олар бойынша табыс салығын есептеудi және төлеудi жүзеге асыруға, сондай-ақ жылдық жиынтық табыс пен осы бөлiмге сәйкес жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.".

      26. 50-бапта:
      4-тармақтың 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемелер және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерi салық жылында төленбеген қазақстандық көзден алынған табысты шегерiмдерге жатқызған кезде төлем көзiнен ұсталған салықты осы баптың 1-тармағына сәйкес, жылдық жиынтық табыс және салық жылында жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларация табыс еткен күннен бастап 10 күн өткен соң, бiрақ есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.".

      27. 54-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өзi шығаратын ауыл шаруашылық өнiмдерiн және оларды қайта өңдеуден алынатын өнiмдердi сатудан түсетiн айналымдар бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайды.
      Ауыл шаруашылығына жатпайтын өнiмдi, өзi өндiрмеген өнiмді,

акцизделетiн өнiмдi сатудан түсетiн айналымдар бойынша, сондай-ақ оларды 
қайта өңдеу өнiмдерiн сатудан түсетiн айналымдар бойынша бiрыңғай жер 
салығын төлеушiлер осы Заңға сәйкес қосылған құнға салынатын салықты 
есептеудi және төлеудi жүзеге асырады.".

     28. 56-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "10. Акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомасы салық салынатын 
айналым мөлшерiне енгiзiледi.".

     29. 56-8-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

     30. 57-баптың 1-тармағында:


      3) тармақша "бағалы қағаздарды" деген сөздiң алдынан "құжаттамалық нысанда шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақшаның үшiншi абзацы "51 процентiн құраса" деген сөздерден кейiн "(есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн өндiрiстiк ұйымдар үшiн кемiнде 35 процент)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) бұрын жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтару;";
      мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
      "27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негiзгi құралдарды мемлекеттiк мекемелер пайдасына өтеусiз негiзде беру, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасына негiзгi құралдарды өтеусiз негiзде беруi;".

      31. 62-бапта:
      1-тармақтағы "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ алып тасталсын.

      32. 65-бапта:
      "осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жеке тұлғаларға (халыққа) қолма-қол есеп айырысып сату жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алып тасталсын.

      33. 65-1-баптың 1, 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсететiн, тасымалды тiкелей жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер осындай салық төлеушiлер көрсеткен қызметтер құны мен нақты жүк жөнелтушiге қатысты тасымалдаушылар көрсеткен қызметтер құнын көрсете отырып шот-фактура жазып бередi.
      2. Жүк жөнелтушiлер үшiн шот-фактураның көшiрмесiн жазып беру тiкелей тасымалдаушылар берген шот-фактуралар негiзiнде жүргiзiледi, осы баптың 1-тармағында аталған салық төлеушiлер онда әрбiр жүк жөнелтушiнiң тасымал көлемiн көрсете отырып, олардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етiлген шот-фактура жүк жөнелтушiнiң қосылған құнға салынатын салығына есептеуге жатқызу үшiн негiз болып табылады.".

      34. 69-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiнде:
      "салық төлеушiлерге" деген сөздерден кейiн "(осы Заңның 138-2, 138-3 және 138-4-баптарына сәйкес салық салудың оңайлатылған режимiн қолданатындарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және" деген сөзден кейiн "жеткiзушiлер салық органдарына табыс еткен қосылған құнға салынатын салық бойынша декларацияларда ескерiлген салық сомасын қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Егер дұрыстығын тексеру кезiнде нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында одан әрi пайдалану үшiн салық төлеушiлерге тиеп жiберiлген тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбiн жеткiзушiлердiң бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, аталған артық сома жеткiзушiнiң белгiлi болған тәртiп бұзушылығын

жойғаннан кейiн қайтарылады.";
     2-тармақ алып тасталсын.

     35. 70-баптың 4-тармағында:
     бiрiншi бөлiк "алымдар" деген сөзден кейiн ", баждар, салықтар" деген
сөздермен толықтырылсын;
     екiншi бөлiк алып тасталсын.

     36. 70-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
     
     37. 72-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен 
толықтырылсын:
     "Алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) үшiн ақы төлеу 
шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, аталған тауарлардың (жұмыстардың, 
көрсетiлген қызметтердiң) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi тауарлар 
(жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) алынған кездегi бағамы бойынша 
белгiлеген теңгемен қайта есептелген құны салық салынатын айналымға 
енгiзiледi.".

     38. 73-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "салық төлеушiнiң 
тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткiзу жүзеге асырылған айдағы" деген 
сөздер "осы Заңның 64-бабына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

     39. 75-баптың 3-тармағындағы "тауарларды өндiретiн" деген сөздерден 
кейiн ", бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынының 
көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын" деген сөздермен 
толықтырылсын.

     40. 76-баптың 2-тармағындағы "маркаларымен" деген сөзден кейін 
"немесе есеп-бақылау маркаларымен" деген сөздермен толықтырылсын.

     41. 80-баптың 1-тармағындағы ", 15-" деген цифр алып тасталсын.

     42. 104-7-баптың 3-тармағында:
     3), 4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:


      "3) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылған кезде, қызметкер әскери қызметке шақырылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орташа айлық жалақы мөлшерінде төленетін өтемақыға;
      4) геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшердегі далалық жабдықталымына;
      5) вахталық әдiспен жұмыс істейтін немесе жылжымалы сипатқа байланысты жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің жалақысына қосылатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшердегі үстеме ақыларға;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты мертігуінен не денсаулығына өзге де зақым келуінен болған залалдың орнын толтыруға (жоғалтқан жалақысына қатысты өтемнен басқа); P930201_ V980612_ ";
      11), 12), 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) ұйыммен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кезде жол жүру, мүлікті жеткізу және үй-жайды жалдау бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемақысына;
      12) жалпы науқастануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақыларға және бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік жәрдемақыларға;
      13) экологиялық апаттың немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтарға берілген төлемдерге;";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерi және халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілетін гранттардың қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдерге;";
      мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі берген мемлекеттік сыйлықтарға, стипендияларға;
      17) жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің жеке жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықтарына;".

      43. 104-8-баптың үшінші бөлігінде "облыстардың бюджеттеріне" деген сөздер "облыстық бюджеттерге" деген сөздермен ауыстырылсын және "олардың орналасқан жері" деген сөздердің алдынан "тиісті бюджеттерге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      44. 104-9-бапта:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке" деген сөздер "қызметкерлердің еңбегіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың үшінші бөлігіндегі "35" деген цифрлар "20" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6-тармақ алып тасталсын.

      45. 108-бапта:
      2 және 3-тармақтардағы "Салық ставкасы, теңгемен" деген сөздер

"Салықтың базалық ставкасы, теңгемен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     4-тармақтағы "салық ставкасы" деген сөздер "салықтың базалық
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     46. 112-бапта:
     1-тармақтағы "салық ставкасы" деген сөздер "салықтың базалық 
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2-тармақта:
     бiріншi бөлікте:
     бiрiншi абзацтағы "салық ставкасы" деген сөздер "салықтың базалық 
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     екiншi және үшiншi абзацтардағы "0,06" деген цифрлар "0,1" деген 
цифрлармен ауыстырылсын;


      екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацындағы "салық ставкасы" деген сөздер "салықтың базалық ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Астана, Алматы қалаларының, облыс орталықтары мен облыстық

маңызы бар қалалар шегiне енгiзiлген елдi мекендер үшiн, осы қалалардың 
шекарасы өзгеруiне байланысты, жанындағы құрылғылар мен құрылыстарды қоса, 
тұрғын үй қоры алып жатқан жерден басқа, үй жанындағы 0,1 гектардан асатын 
жер учаскелерiне жер салығының ставкасын жергiлiктi өкiлдi органдар 0,01 
гектар үшiн 20 теңгеден 600 теңгеге дейiнгi мөлшерде белгiлейдi.";
     3-тармақта:
     "ставкалары" деген сөздiң алдынан "базалық" деген сөз жазылсын;
     "10 есе" деген сөз "2 еседен 10 есеге дейiн" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "Ставкаларды ұлғайтудың нақты мөлшерiн жергiлiктi өкiлдi органдар 
белгiлейдi.".

     47. 113-бапта:
     3-тармақ "ставкалар" деген сөздiң алдынан "базалық" деген сөзбен 
толықтырылсын;
     4-тармақ "ставкасын" деген сөздiң алдынан "базалық" деген сөзбен 
толықтырылсын.

     48. 114-баптың 1-тармағындағы "Салық ставкасы, теңгемен" деген сөздер 
"Салықтың базалық ставкасы, теңгемен" деген сөздермен ауыстырылсын.

     49. 115-бапта "салық ставкасын" деген сөздер "салықтың базалық 
ставкасын" деген сөздермен ауыстырылсын. 

     50. 123-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.



      51. 125-1-баптағы "Жеке меншiгiнде немесе" деген сөздер және 125-2, 125-3-баптардағы "Жеке меншiгiндегi немесе" деген сөздер алып тасталсын.

      52. 125-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "125-4-бап. Салықты есептеу, төлеу және декларация тапсыру тәртiбi
      1. Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығын жердi пайдалану құқығындағы жер учаскесiнiң бағалау құнын және салық ставкасын ескере отырып есептейдi.
      2. Бiрыңғай жер салығы жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде - ағымдағы есептi кезеңнiң 20 қазанынан және есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмей төленедi.
      Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер төлемнiң бiрiншi мерзiмiнде ағымдағы есептi кезеңде есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының кемiнде 1/2 бөлiгiн төлейдi. 20 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы есептi кезең үшiн төленуге тиiс салықтың жалпы сомасын есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi.
      Декларация бойынша бiрыңғай жер салығының қалдық сомасын төлеу есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
      3. Салық төлеушiлер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органдарына есептi кезең үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияны есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тапсырады.
      Ағымдағы есептi кезеңге арналған тиiстi құжаттармен бiрге салық сомасының есебі де ағымдағы жылдың 15 наурызынан кешiктірiлмей тапсырылады.
      Декларацияның және салық сомасы есебiнiң нысанын, оларды толтыру тәртiбiн, сондай-ақ салық есебiмен бiрге тапсырылатын тиiстi құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
      Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы есептi кезеңге арналған қосымшаларымен бiрге салық бойынша есептi жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк алған кезде тапсырады.
      Салық төлеушiлер қызметiн тоқтатқан кезде бiрыңғай жер салығын төлеу бойынша декларацияны жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына қызметтiң тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған кезден бастап 15 күн мерзiмде тапсырады.
      4. Салық төлеушiлер жер учаскесiн жер пайдалану құқығында иеленудiң нақты кезеңi үшiн (салық салу объектiсiнiң өзгерiстерiн ескере отырып) бiрыңғай жер салығын есептейдi және төлейдi.
      5. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн басқа шаруа (фермер) қожалығына кейiнгi пайдалануға берген кезде тараптардың әрқайсысы жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығын есептейдi және төлейдi.
      6. Шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiн кейiнгi пайдалануға бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылмайтын басқа салық төлеушiге берген кезде, берiлген жер учаскесi бойынша бiрыңғай жер салығын жалға берушi төлейдi.
      7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген жағдайларда жалға берушi жер учаскелерiн жалға беруден алынған табыстар бойынша тиiстi салық пен бюджетке төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен төлейдi. Жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңiн айқындау үшiн жер учаскесiн жалға беру жүргiзiлген ай жалға берушiнiң иелену кезеңiне қосылады.".
      53. 138-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мәмiленi жасау кезiнде қолданылатын бағаның нарықтық бағадан ауытқуы кезiнде салық қызметi органдары салық салу объектiлерiн трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы заңдарға сәйкес түзетедi.";
      екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктер алып тасталсын;
      бесіншi бөлiк 1-1-тармақ болып белгiленсiн.
      7-тармақтағы "салық" деген сөз алып тасталып, "шот-фактураларымен" деген сөздер "шот-фактуралармен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      54. 138-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "138-1-бап. Салық салудың оңайлатылған режимi
      1. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн патент және оңайлатылған декларация негiзiнде салықтарды есептеудiң және төлеудiң ерекше тәртiбiн көздейтiн салық салудың оңайлатылған режимi белгiленедi.
      2. Осы Заңның 138-2, 133-3, 138-4-баптарында көрсетiлген жағдайларға сәйкес келетiн салық төлеушiлерге (құмар ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асырушыларды қоспағанда) жалпы белгiленген тәртiппен немесе салық салудың оңайлатылған режимiнде салықтарды есептеу және төлеу тәртiбiн таңдауға құқық берiледi.
      Құмар ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер бюджетпен есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен патент негiзiнде жүзеге асырады.
      3. Салық төлеудiң оңайлатылған режимдерiн қолдану үшiн белгiленген шарттар сақталмаған жағдайда, оның iшiнде дұрыс емес деректер бергенi үшiн салық төлеушi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.".

      55. Мынадай мазмұндағы 138-2, 138-3, 138-4-баптармен толықтырылсын:
      "138-2 бап. Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi
      1. Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi негiзiнен қолма-қол ақшамен жұмыс iстейтiн және тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi жүзеге асыру бойынша шектеулi айналымы бар, сондай-ақ жұмыспен қамтылған қызметкерлердiң саны шектеулi жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдану шарттарын, салықтарды есептеу тәртiбiн және төлеу мерзiмiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
      Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде салық төлеудiң оңайлатылған режимiне не салықты есептеу мен төлеудiң жалпы белгiленген тәртiбiне көшедi.
      Осы баптың ережелерi 138-3-баптың 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
      138-3-бап. Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн
                 патент негізінде салық салудың оңайлатылған режимі
      1. Осы бапта көзделген салық салудың оңайлатылған режимi:
      1) жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн және өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн және өткiзетiн;
      2) мал шаруашылығының және құс шаруашылығының (оның iшiнде асыл тұқымды) ауыл шаруашылығы өнiмiн төлдi өсiруден бастап толық циклмен өндiретiн, омарташылық өнiмiн өндiретiн, өзi өндiрген осы өнiмдi қайта өңдейтiн және өткiзетiн заңды тұлғаларға қолданылады.
      Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн:
      филиалдары мен өкiлдiктерi бар,
      тәуелдi (оның iшiнде еншiлес) ұйымдары бар заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.
      2. Патент бойынша салық салудың оңайлатылған режимi негiзiнде салықтарды есептеу және төлеу үшiн салық төлеуші жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысан және тәртiп бойынша өтiнiш пен құжаттарды ағымдағы салық жылының 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тапсырады.
      Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiш тапсырмауы оның салықтарды жалпы белгiленген тәртiппен есептеп төлеуге келiсiмi болып есептеледi.
      Оңайлатылған режимдi қоса алғанда, салық жылының басында таңдап алынған салықтарды есептеу мен төлеу тәртiбi салық жылының iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
      3. Патенттiң құнына заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, әлеуметтiк салық, жер салығы, мүлiкке салынатын салық, көлiк құралдарына салынатын салық енгiзiледi.
      Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiс салық сомасы 80 процентке кемiтiледi.
      Патент құнын есептеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
      4. Патент құнының есебiне енгiзiлген салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен мынадай үш мерзiмде:
      1) ағымдағы салық жылының 20 мамырынан кешiктiрiлмей;
      2) ағымдағы салық жылының 20 қазанынан кешiктiрiлмей;
      3) есептi жылдан кейiнгi салық жылының 20 наурызынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Салық төлеушiлер патент құнына енгiзiлген салықтар бойынша декларация ұсынудан босатылады.
      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде, оның iшiнде акцизделетiн өнiмдердi өндiру және (немесе) қайта өңдеу кезiнде салық төлеушiлер табыстар мен шығыстардың (жалақы төлемдерiн қоса алғанда), мүлiктiң (оның iшiнде көлiк құралдары мен жер учаскелерi) бөлек есебiн жүргiзуге және қызметтердiң осы түрлерi бойынша тиiстi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалпы белгiленген тәртiппен есептеуге және төлеуге мiндеттi.
      138-4 бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың
                 оңайлатылған режимi
      1. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын қоспағанда, заңды тұлғалардан және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын (бұдан әрi - табыс салығы) және әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
      Осы тармақта көрсетiлмеген салықты және бюджетке төленетiн басқа да

мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жалпы белгiленген тәртiппен 
жүргiзiледi.
     2. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған 
режимiнде бюджетпен есеп айырысу үшiн есептi кезең тоқсан болып табылады.
     3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, оңайлатылған декларация 
негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн мынадай шарттарға сәйкес 
келетiн:
     1) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар 
үшiн:
     есептi кезеңде қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны кәсiпкердiң өзiн 
қоса алғанда 15 адамнан аспайтын;
     кәсiпкерлiк қызметтiң 5-тен аспайтын түрiн жүзеге асыратын;
     есептi кезеңдегi табысы 4500 мың теңгеден аспайтын;
     2) заңды тұлғалар үшiн:
     есептi кезеңде қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк саны 25 адамнан 
аспайтын;
     кәсiпкерлiк қызметтiң 7-ден аспайтын түрiн жүзеге асыратын;
     есептi кезеңдегi табысы 9 000 мың теңгеден аспайтын салық төлеушi 
қолданады.
     4. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған 
режимiн қызметтердiң мынадай түрлерiн:
     1) акцизделетiн өнiм шығаруды;
     2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызмет көрсетудi;
     3) мұнай өнiмдерiн сатуды;
     4) шыны ыдыстарын жинау мен қабылдауды;
     5) жер қойнауын пайдалануды;
     6) құмар ойындары бизнесiн;
     7) лицензияланатын:
     медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк қызметтердi;
     тұрғын үй, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газдандыру бойынша 
өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;


      күзет, өрт дабылы және өртке қарсы автоматтық құралдарды жобалауды, монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi; өртке қарсы техникаларды, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiру мен сатуды;
      жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;
      дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын әзiрлеудi, өндiрудi, қайта өңдеудi және көтере сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерін;
      жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды;
      емдеу препараттарын әзiрлеудi және (немесе) сатуды;
      жобалау-iздеу, сараптау, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар өндiру жөнiндегi жұмыстарды;
      алкогольдi өнiмдердi бөлшек саудада сатуды қоспағанда, жүзеге асыратын салық төлеушiлер қолданбайды.
      5. Осы баптың 3-тармағында белгiленген шарттарға қарамастан, салық салудың осы оңайлатылған режимiн қолдануға:
      1) филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң;
      2) салық төлеушiлер филиалдарының, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерiнiң;
      3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдардың;
      4) бiрыңғай жер салығын төлеушiлердiң және осы Заңның 138-3-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердiң құқығы жоқ.
      6. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн таңдау кезiнде салық төлеушi тiркелген жерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген мерзiмдерде және нысан бойынша өтiнiшiн аумақтық салық органына тапсырады.
      Салықтарды есептеу мен төлеудiң таңдап алынған тәртiбi, осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық жылының iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
      7. Салық төлеушi есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша оңайлатылған декларацияны аумақтық салық органына есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-ына дейiн тапсырады.
      8. Есептi кезең үшiн оңайлатылған декларация бойынша төленуге тиiс табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы (бұдан әрi - салық) салық салу объектiсiне осы баптың 10-тармағында белгiленген ставканы қолдану арқылы айқындалады.
      Төлем көзiнен салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар бар болған жағдайда, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстарды қамтитын есептi кезеңде алынған (алынуға тиiс) табыс салық салу объектiсi болып табылады.

     Салық төлеушi оңайлатылған декларация бойынша төленуге тиiс салық 
сомасын қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге алып, әрбiр 
қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға кемiтедi.
     9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация бойынша 
есептелген салық сомасы табыс салығы мен әлеуметтiк салыққа тең үлесте 
бөлiнедi және есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей бюджетке 
төленуге тиiс.
     10. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке 
тұлғалардың табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
     
---------------------------------------------------------------------------
        Тоқсандағы табыстың мөлшерi        !        Салық ставкасы
---------------------------------------------------------------------------
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда        Табыс сомасынан 4 процент

1500,0 мың теңгеден жоғары                   60,0 мың теңге + 1500,0 мың 
3000,0 мың теңгеге дейiн қоса                теңгеден асатын табыс 
алғанда                                      сомасынан 7 процент

3000,0 мың теңгеден жоғары                   165,0 мың теңге + 3000,0 мың 
4500,0 мың теңгеге дейiн қоса                теңгеден асатын табыс 
алғанда                                      сомасынан 11 процент
---------------------------------------------------------------------------

                       Заңды тұлғалардың табысына мынадай
                     ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:

---------------------------------------------------------------------------
         Тоқсандағы табыстың мөлшерi       !        Салық ставкасы
---------------------------------------------------------------------------
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса                Табыс сомасынан 5 процент
алғанда

1500,0 мың теңгеден жоғары                   75,0 мың теңге + 1500,0 мың 
3000,0 мың теңгеге дейiн қоса                теңгеден асатын табыс 
алғанда                                      сомасынан 7 процент

3000,0 мың теңгеден жоғары                   180,0 мың теңге + 3000,0 мың 
4500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда        теңгеден асатын табыс         
                                             сомасынан 9 процент

4500,0 мың теңгеден жоғары                   315,0 мың теңге + 4500,0 мың 
6500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда        теңгеден асатын табыс         
                                             сомасынан 11 процент

6500,0 мың теңгеден жоғары                   535,0 мың теңге + 6500,0 мың 
9000 мың теңгеге дейiн қоса алғанда          теңгеден асатын табыс         
                                             сомасынан 13 процент
---------------------------------------------------------------------------
     


      11. Осы баптың 3-5-тармақтарында белгiленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеушi есептi кезеңнен кейiнгi тоқсаннан бастап салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпы белгiленген тәртiбiне көшедi.
      12. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлға осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген шарттар өзгерген кезде (көрсеткiштердiң артуы), заңды тұлға ретiнде тиiстi тiркеуден өткеннен кейiн оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануға құқылы.".
      56. 142-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы Заңға сәйкес салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы және толық көлемiнде төлеу;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қолма-қол ақша, банктiң төлем карточкалары, чектер арқылы сауда операцияларын жасау немесе қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуды мiндеттi түрде фискалды зердесi бар бақылау-касса аппаратын пайдалана отырып және тұтынушының қолына бақылау чегiн бере отырып жүргiзуге мiндеттi.
      Фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналарын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналары - тауарлар сату және қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ауысым сайынғы түзетусiз тiркеудi және энергияға тәуелсіз ұзақ мерзiм бойы ақпарат сақтауды қамтамасыз ететiн фискалды зерде блогы бар электронды құрылғы және (немесе) банктiң компьютерлiк жүйесi. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген фискалды зердесi бар бақылау-касса машиналарының Мемлекеттiк тiзiлiмiн бекiтедi.
      Осы тармақшаның ережесi:
      акцизделетiн тауарларды (темекi бұйымдарынан басқа) сатушыларды қоспағанда, қызметiн патент негiзiнде, тiркелген жиынтық салық төлей отырып жүзеге асыратын және Астана, Алматы қалаларындағы және 100 000 адамнан астам тұрғыны бар облыстық маңызы бар қалалардағы тұрақты белгiленген үй-жайларда бөлшек сауданы жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
      акцизделетiн тауарлар (темекi бұйымдарынан басқа) сататын жеке тұлғаларды қоспағанда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап алты ай мерзiм өтпеген жеке кәсiпкерлерге қолданылмайды.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбемен айқындалатын салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нысандар бойынша электронды құжаттар түрiнде ақпарат табыс етуге мiндеттi.".
      57. 147-баптың 2) тармақшасында:
      бiрiншi абзац "осындай ретпен" деген сөздерден кейiн ", салық органынан нұсқау алған күннен бастап үш күннен кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Банк салық төлеушiнiң бiр банк шотынан салық (алым), айыппұл және өсiмақы жөнiндегi берешектi өндiрiп алуға салық органының инкассолық тапсырмасын (өкiмiн) орындаған кезде, салық төлеушiнiң аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық тапсырмалары (өкiмдерi), егер салық органы мұндай инкассолық тапсырмаларды (өкiмдердi)

сол сомаға, берешектiң сол түрiне, сол есептiк кезеңге шығарған болса, 
банк салық органының инкассолық тапсырмасын (өкiмiн) орындау фактiсiн 
растайтын төлем құжатын қоса тiркей отырып, салық органына оны орындамай 
қайтарады;".
     58. 152-баптың 1-тармағының төртiншi бөлiгiндегi "70-баптың үшiншi 
тармағында" деген сөздер "71-1-баптың 1-тармағында" деген сөздермен 
ауыстырылсын.
     59. 164-бап "ресми ставкасы" деген сөздердiң алдынан "1,5 еселенген" 
деген сөздермен толықтырылсын.
     60. 171-баптың 1-тармағында:
     1) тармақшада:
     бiрiншi абзац "түсiнiктемелер алуға" деген сөздерден кейiн ", салық 
төлеушiлердi тiркеу есебi;
     салық салу объектiлерiн және салық салумен байланысты объектiлердi 
есепке алу;
     бюджетке түскен түсiмдердi есепке алу;
     қосылған құнға салық төлеушiлердi есепке алу;
     камералдық бақылау;
     салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң мониторингi;
     фискалды зердесi бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану 
ережелерiнiң сақталуын бақылау;
     акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн маркалау ережелерiнiң 
сақталуын бақылау;


      мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын бақылау нысанындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен акциздiк бекеттер құру жолымен бақылауды жүзеге асыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте жүргiзiлетiн тексерулердi қоса алғанда, жүзеге асырылатын бақылау салық төлеушiлердiң қызметiн тоқтата тұруға әкеп соқпауға тиiс;";
      4) тармақша "табыс етпеген жағдайда," деген сөздерден кейiн ",

сондай-ақ салық төлеушiлер 142-баптың 3-тармағында аталған электрондық 
құжат түрiндегi ақпараттарды Қазақстан Республикасының нормативтiк 
құқықтық актiлерiнде белгiленген нысандар бойынша табыс етпеген жағдайда," 
деген сөздермен толықтырылсын.
     61. 175-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
     "1-1. Жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушi төлеген салықтың және 
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жалпы сомасы туралы 
мәлiметтер құпия болып табылмайды.".
     
     2-бап. Мемлекеттiк бюджетке берешектi:
     1) салық сомасын;
     2) есептелген өсiмдердi;
     3) есептелген айыппұлдарды - өтеу кезектiлiгiн белгiлей отырып, 
153-баптың қолданылуы 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын.

     3-бап. Осы Заңның 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 
1-бабының 31-тармағын, 34-тармағының жетiншi абзацы мен 36-тармағын және 
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 53-тармағын 
қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады