Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2011.11.07 № 4/910 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын, Коммуналдық қызмет көрсету Ережесiн, Алматы қаласының аумағын көрiктендiру, санитарлық тазалықта ұстау және тазалықты ұйымдастыру Ережесiн және басқа нормалық құқықтық актiлердi басшылыққа ала отырып, Алматы қалалық әкiмшiлiгi қаулы етеді:
1. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар қызмет көрсететiн мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы үйлерде, сондай-ақ жеке жай (пәтер) иелерiнiң үйлерiнде тұрғын үйдi ұстау төлемi айына үйдiң пайдалы алаңынан 1 шаршы метрiне 11 теңге 38 тиын болып белгiленсiн, сондай-ақ айына әрбiр газ қондырғысына үйдiң iшiндегi газ қондырғысына қызмет көрсетiлгенi үшiн әрбiр газ қондырғысынан 15 теңге мөлшерiнде қосымша төлем белгiленсiн. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 5/749 қаулысымен; Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 29 маусымдағы N 3/523 қаулысымен.
2. Жоғарыда аталған тұрғын үй қорында, сондай-ақ тұрғын үй жайлар жеке меншiктегi азаматтардың үйлерiнде және меншiк иелерi кооперативтерi меншiгiндегi үйлерiнде жылу жүйелерiне, элеваторлық тетiктерге, ыстық және суық су құбырларына, электрмен жабдықтау жұмысына техникалық қызмет түрлерiн тиянақты өткiзудi тiкелей коммуналдық қызмет көрсетушiлер заңда белгiленген шарттарда және тәртiпте өткiзедi.
3. Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгiнiң департаментi (Н.Ш.Алдабергенов) тарифтен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудағы контейнерлердi шығару мен иелену, контейнерлер мен контейнерлiк алаңдарды тазалауға арналған шығындарды алып тастасын.
4. Жай (пәтер) иелерi кооперативтерiне жеке тұрғын үй қорында тұрғын үйдi ұстауға төлемдердi бекiткенде осы қаулыдағы белгiленген мөлшердi ұстану ұсынылады, төлем алу жай (пәтер) тұрғындарының жалпы жиналысының шешiмi болса ғана рұқсат берiледi.
5. Алматы қалалық Қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев), Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi (А.Ж.Нұрланов) тұрғын үйдi ұстауда белгiленген тәртiпте, төлем жайлы осы қаулыдағы 1 тармағында көзделгенiндей тұрғын үй көмегiн көрсетудегi қаржыландыруды және төлем берудi қамтамасыз етсiн.
6. Төлем мөлшерi 2001 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап енгiзiлсiн.
7. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы N 442 "Тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi төлем мөлшерiн белгiлеу туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы N 307, 2001 жылғы 8 мамырдағы N 307, 2001 жылғы 4 қаңтардағы N 02 "Алматы қаласы Әкiмiнiң 1997 жылғы 25 тамыздағы N 442 "Тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi төлем мөлшерiн белгiлеу туралы шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп есептелсiн.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары М.Т.Дұлқайыровқа жүктелсiн.
Алматы қаласының Әкiмi
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласы Әкiмiнiң
2001 ж. 14 тамыздағы
N 1/129 қаулысына
N 1 қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 5/749 қаулысымен; Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 29 маусымдағы N 3/523 қаулысымен.
Кестедегі 11, 12 - жолдары алынып тасталды - Алматы қалалық Әкімдігінің 2006 жылғы 08 шілдедегі N 3/887 қаулысымен.
Тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi тұрғын үйге
көмек беру кезiндегi ескерiлетiн жұмыс тiзбесi
N |
Аталуы |
Айына 1 ш.м. пайдалы алаңға жұмсалатын шығын(теңге) |
1. |
Күрделi жөндеу: |
1-20 |
2. |
Ағымдағы жөндеу жұмысы: |
1-00 |
3. |
Көрiктендiру, контейнерлер мен контейнерлік алаңдарды дәрілеу: |
0-55 |
4. |
<*> |
|
5. |
Ауланы сыпыру, қар күреу, гүлзарларды қарау, жасыл желектердi отау, қыста жолдарға құм шашу, сыпырушыларға ақша төлеу, әлеуметтiк сақтандыру, мүкәммал мен арнайы киiмдер алғызу, контейнерлер тұрған алаңды және тұрғын үйлердiң жертөлелерiн тазалау. |
1-80 |
6. |
Кезектi жарықтандыру (1 қабаттардағы электр лампыларын алмастыру). |
0-60 |
7. |
Лифтiлерге жарық беру (1-2 қабаттан басқа). |
1-37 |
8. |
ӘБҚ ұстау (жалақы, әлеуметтiк сақтандыру, әкiмшiлiк шаруашылық шығындар) |
1-00 |
9. |
Жылу беру жүйелерi мен элеватор тетiктерiне техникалық қызмет көрсету: |
1-72 |
10. |
Ыстық және суық су құбырларына қызмет көрсету: |
1-62 |
11. |
Алынып тасталды |
0-41 |
12. |
Алынып тасталды |
0-11 |
Жиынтығы: |
11-30 |
|
13. |
Үйдегi газ жабдықтарына қызмет көрсету: |
15-00 теңге (әрбір газқондырғысынан кейін) |
Әкiмшiлiк хатшысы