Алматы қаласындағы көріктендіру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және аумақты жинастыру тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

І сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХІ сессиясының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1999 жылғы 5 наурызда N 35 тіркелді. Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 45 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 45  шешімімен
      
      1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  40, 41 баптарына, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы"  Заңының  3 бабына сәйкес І сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады: 
      1. Алматы қаласындағы көріктендіру, санитарлық, тазалау, тазалық сақтау және аумақты жинастыру Тәртібі бекітілсін, беріліп отыр. 
      2. Алматы қаласының Әкімі қала аумағының санитарлық жағдайы мен сыртқы көріктендірілуіне бақылау жүйесін жақсарту үшін Алматы қаласының бірлескен әкімшіліктік техникалық инспекциясын құру мүмкіндігін қарастырсын. 
      3. Алматы қалалық Мәслихатының 1995 жылғы 7 ақпандағы "Көріктендіру, тазалық сақтау және Алматы қаласын күтіп ұстау жөніндегі санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау ережесі туралы" қаулысының күші жойылған деп, танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсін (Клец А.Н.).

       І сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаты
      ХХІ сессиясының төрағасы

      І сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

І сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының XXI сессиясының
1998 жылғы 18 қыркүйектегі
шешіміне қосымша

       Алматы қаласының аумақтарын көріктендірудің,
санитарлық тазалаудың, тазалық сақтаудың
және жинастыруды ұйымдастырудың
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23.01 күнгi, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  N№148-ЗРК II , 1998 ж. 01.07 күнгi "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы"  N 258-I , 1997 ж. 15.07 күнгi "Қоршаған ортаны қорғау туралы"  N 160-I , 1994 ж. 08.07 күнгi "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгi туралы"  N 110-ХIII , Заңдарына және басқа да нормативтi-құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленiп, Алматы қаласы аумағын жинауды ұйымдастыру, санитарлық тазалау, көрiктендiру өрiсiндегi азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейдi. 
      Табиғат пен оның байлығы Қазақстан Республикасы халқы өмiрi мен қызметiнiң, олардың әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылық пен әл-ауқаты өсуiнiң табиғи негiзi болып табылатындықтан, осы Ережелердiң мiндетi: 
      - азаматтардың экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгi, радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi конституциялық құқығын жүзеге асыру; 
      - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгi, қазiргi және болашақ ұрпақтың денсаулығына жағымсыз әсер етпейтiн, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк принциптердi жүзеге асыру; 
      - халықтың денсаулығы мен санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгiн қорғау. 
      Әрбiр азаматтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жөнiнде анық ақпарат алуға, мемлекеттiк басқару органдары немесе қызметтiк тұлғалар қабылдаған шешiмдердi жүзеге асыру санитарлық-эпидемиологиялық игiлiкке немесе халықтың денсаулығына ықпалы болумен байланысты болса, онда сол шешiмдi әзiрлеуге қатысуға, талқылауға және оның орындалуын қадағалауға құқығы бар. 
      Осы Ережелердiң мақсаты қалалық аумақтарды жаз және қыс мерзiмдерiнде жинауды ұйымдастыру тәртiбiн анықтау, жаяу жүргiншiлер мен көлiктердiң қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн тазалық пен қажеттi жағдайларды жасау үшiн жинау жұмыстарына қойылатын талаптарды белгiлеу, қалалық аумақтардың санитарлық тазалығы мен көрiктендiрудi, сыртқы жарықтандыру объектiлерiн, жарнамаларды, жасыл желектердi, кешендердi немесе т.б. қалалық инфрақұрылым объектiлерiн бұзғандығы үшiн жауапкершiлiктi анықтау. Ережелер Алматы қаласы аумағында орналасқан барлық ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар, кооперативтер, арендаторлар, құрылыс салушылар, кешен иелерi, құрылыстар мен ғимараттар үшiн мiндеттi. <*> 
       Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .    

  І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1.1. Осы Ережелерде қолданылатын ұғымдар: 
      - қалдықтар - өндiрiс пен қолдану барысында пайда болған шикiзат, материал, жартылай фабрикат, басқа да өнiмдер мен азық-түлiк қалдықтары, тұтыну қасиетiн жоғалтқан тауарлар мен өнiмдер; 
      - тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) - қоғамдық және тұрғын үйлерден шақырылған (пәтерлердiң ағымдағы жөндеу жұмыстарынан шыққан құрылыс қалдықтарын қоса алғанда) қалдықтар, жылыту орындарында орналасқан жылыту құрылғыларынан шыққан қалдықтар, аулалардан шыққан сыпырындылар, түскен жапырақтар, iрi габариттi заттарды шығарумен айналысатын арнайы мамандандырылған жүйе болмаған жағдайда, үй тұрмысынан шыққан iрi заттар; 
      - тұрмыстық сұйық қалдықтар (ТСҚ) - арналандырылмаған жеке меншiк үйлерден шыққан сұйық қалдықтар; 
      - санитарлық тазалау - қалдықтарды жинау, шығару, зарарсыздандыру, қайта өңдеу, көму жүйесi; 
      - қалдықтарды жинау - мамандандырылған кәсiпорындардың бекiтiлген орындарда тұрмыстан шыққан қалдықтарды қабылдау қызметi; 
      - қалдықтарды шығару - қалдықтарды анықталған орындарға тасымалдау (қоқыс тиеу пунктi, қоқыстарды қайта өңдеу зауыты, полигондар); 
      - қалдықтарды зарарсыздандыру - қалдықтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға келтiретiн зиянды ықпалын алдын алу үшiн арнайы учаскелерде оларды өңдеу немесе өртеу, зарарсыздандыру; 
      - қалдықтарды қайта өңдеу - қалдықтарды одан әрi өндiрiсте қолдану, пайдалану; 
      - қалдықтарды көму - зиянды заттардың табиғи қоршаған ортаға түсуiнiң алдын алу мақсатында қолдануға жарамайтын қалдықтарды арнайы орындарда (полигон) оқшаулау; 
      - қоқыс шығару - мамандандырылған кәсiпорындардың қалдықтарды жинау, шығару, зарарсыздандыру, қайта өңдеу және көму жөнiнде атқаратын коммуналдық қызметi; 
      - мамандандырылған ұйым - қоқыс шығару кәсiпкерлiгiмен айналысатын, арнайы көлiгi бар азаматтар мен заңды тұлғалар; 
      - санитарлық тазалау мен жинаудың бас жобасы - қалдықтарды тасымалдауды анықталған орындарға бағыттау (қоқыс тиеу пунктi, қоқыстарды қайта өңдеу зауыты, полигондар); 
      - қоқыс шығару тәртiбi - өкiлеттi орган белгiлеген, қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу, зарарсыздандыру және көму мерзiмi; 
      - қалдықтарды мемлекеттiк есепке алу - қалдықтарды қайта өңдеу және көму орындарынан олардың жиналуы мен қолданылуы жөнiнде ақпарат жинауға арналған шаралар; 
      - қалдықтардың жиналу нормасы - уақыт бiрлiгiндегi есеп айыру бiрлiгiне (адам басына немесе 1 ш.м. т.б.) жиналатын қалдық мөлшерi; 
      - қоқыс шығару тарифi - мамандандырылған ұйымның нәтижелi қызмет етуiн қамтамасыз ететiн, қызмет барысында жұмсалған шығынды толығымен өтеуге және пайда табуға бағытталған, өкiлеттi орган белгiлеген қызмет құны; 
      - полигон - жергiлiктi атқару органы шешiмiмен анықталған қалдықтарды жинайтын және көметiн ортақ қолданудағы арнайы орын; 
      - иелiктегi үйлер - тұрғын (көп пәтерлi, жеке меншiк үйлер) және тұрғын емес (әкiмшiлiк, сауда, өндiрiс, мәдени-тұрмыстық т.б.) кешендер; 
      - өкiлеттi орган - атқару органы шешiмiмен анықталған мемлекеттiк мекеме. <*> 
       Ескерту. 1.1 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы   шешімімен
      1.2. Қаланы санитарлық тазалау, аумақтарын жинастыру жүйесі үнемді жинастыруды, тұрмыстық қалдықтарды (шаруашылық-тұрмыстық, сонымен бірге тұрғын үйлердің, сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының тағам қалдықтары), қала аумағындағы атқару органы бекiткен санитарлық тазалау мен жинаудың Бас жобасына сәйкес және басқа да тұрмыстық қалдықтарды, көшелердегі қоқыстарды тез алып кетуді, залалсыздандыруды, экономикалық жағынан тиімді етіп қайта өңдеуге өткізудің жайын қарастырады және қысқы, жазғы уақыттарда жалпы жұртшылық пайдаланатын орындарды күтіп ұстаудың, жинастырудың жайын белгілейді. <*> 
       Ескерту. 1.2 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы   шешімімен .  
      1.3. Қала аумағының санитарлық жағдайын қажеттi деңгейде қамтамасыз ету үшiн санитарлық тазалау, жинау жұмыстары бiрыңғай орталықтандырылған Бас жоба мен тәртiптер (реттелген жоспар немесе тапсырыс) бойынша мемлекеттiк коммуналдық шаруашылық немесе жеке меншiк сектордың арнайы көлiгiмен жүзеге асырылуы тиiс. <*> 
       Ескерту. 1.3 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .  
      1.4. Өкiлеттi орган қалдықтарды шығару тәртiбi мен реттелген жоспарлы жүйенi санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келiсу арқылы анықтайды.
      Қала жолдарын жинау арнайы мамандандырылған кәсiпорындарға (Жолды пайдалану басқармасы, арнайы көлiк шаруашылықтары және т.б.) келiсiм шарт негiзiнде жүктеледi. Әр субъектiге жинау жұмыстарын жүргiзу аумақтары атқару органы шешiмiмен, нақты жердi пайдалануына байланысты немесе субъект пен атқару органы арасында келiсiм шарт жасасу арқылы бекiтiледi. 
      Үйлерге апаратын кірме жолдарды, аулаларды тазалау - жекеменшiк үй иелерi мен кондоминиум объектiсін басқару органдары, үлкен көшелерді орам ішіндегі жолдарды, жасыл желектер аймақтарын, тротуарларды тазалау - мамандандырылған пайдалану ұйымдарына, ұйымдардың, кәсіпорындардың, басқармалардың аумақтарын, тротуарларын тазалау олармен шектесетін тиісті мекемелерге жүктеледі. 
      АЖС-на шектесетін, радиусы 15 м аумақтарды жинастыру, таза ұстау АЖС-ның қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады. 
      Дүңгіршектермен, шағын дүкендермен шектесетін 5 м аумақтарды тазалауды сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етеді; өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтары, құрылыс, қоймалар, баздардың алаңдары осы ұйымдардың күшімен тазаланып, жинастырылады; қала аумақтарының басқа учаскелерінің (стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар) тазалығы үшін жауапкершілік тиісті жерді пайдаланушыларға жүктеледі. 
      Құрылыс, күрделі ағымдағы жөндеу нысандарына шектесетін аумақтардың тазалығы үшін жауапкершілік осы жұмыстарды орындайтын құрылыс жөндеу ұйымдарына жүктеледі. Аумақтардың төмен орналасқан учаскелеріне су толудың алдын алудың мақсатында қалалық және орамдар ішіндегі су ағатын жүйелерді тазалауды осы құрылғылар балансында тұратын тиісті пайдалану қызметтері маусымына екі рет жүзеге асырады. <*> 
       Ескерту. 1.4 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы   шешімімен .  
      1.5. Үй-жайлары, құрылыстары бұрыннан бар аудандарды жоспарлы-жүйелі тазалаудың кезегінің жайы жергілікті басқару органдарымен санэпидемиологиялық қызметтердің мекемелерімен келісе отырып, белгіленеді. 
      Тұрғындарға арналып, салынып жатқан шағын аудандардағы құрылыс қалдықтарының жинастырылуының үйлердің тапсырыс берушілері қамтамасыз етуі тиіс. 
      1.6. Автокөлік кәсіпорындарының қуатын тұрғын үй қорының іс жүзіндегі дамуын ескере отырып, белгілейді.<*> 
       Ескерту. 1.6 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .  
      1.7. Жоспарлы-жүйелі тазалау санэпидемиологиялық қызмет мекемелерінің келісімімен, қалдықтарды тасып әкетуші ұйым және жасалған шарт-графикке сәйкес жүзеге асырылады. <*> 
       Ескерту. 1.7 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .  
      1.8. Әр арнайы мамандандырылған кәсiпорынға өкiлеттi орган анықтаған, қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын жүргiзу аумақтары бекiтiледi. <*> 
       Ескерту. 1.8 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .  
      1.9. Қалдықтарды жинастыру жөніндегі полигонның әкімшілігі автомашиналардың әрбір рейс жасағаны туралы жолдама қағазына белгі соғады. 
      1.10. <*> 
       Ескерту. 1.10 тармақ алынып тасталды - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .  
      1.11. Қатты, сұйық тұрмыстық қалдықтарды арнайы бөлінген учаскелерде залалсыздандырады, жиналады және көміледі. Оларға қойылатын талаптар "Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың құрылымы және оларды ұстау" қайта өңдеуге өкілетті орган анықтаған аталатын санитарлық нұсқау-ережеде тұжырымдалған. Қалдықтарды басқа орындарға апарып төгуге, ауыл шаруашылығына арналған егіс далаларына апарып, жерге көміп тастауға тыйым салынады. <*>
      Ескерту. 1.11 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .
      1.12. Аумақтарды көріктендіру, тазалау жұмыстары қысқы, жазғы болып, жүйелі, кезең бойынша жүргізіледі.
      Жүйелі жинастыруға: сыпыру, жуу, суғару, қардан, мұздан тазалау жатады.
      Кезеңдік жинастыруға: жиылған суларды, топырақтарды, түскен жапырақтарды, жол жағасындағы шөптерді жинастыру енеді.
      Қар жауған, мұзтайғақ, дауыл болған кездердегі жинастыруға жол табындарына құм себу, қарды күреп тазалау жатады.
      1.13. Қалдықтарды қайта өңдеу және көму орындарында олардың пайда болуы мен қолданылуы мемлекеттiк есепке алынуы тиiс. <*>
      Ескерту. 1.13 тармақпен толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .   

  I.I Жеке мамандандырылған ұйымдарға
қойылатын талаптар

      I.I.1 Мамандандырылған ұйымдар:
      - азаматтардың денсаулығы мен өмiрiнiң, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн және тұтынушының құқығын қорғау мен сапалы қызмет көрсетуге кепiлдiлiктi қамтамасыз ететiн көлiк қызметiнiң шарттарын орындауға; 
      - Қазақстан Республикасының көлiк, салық және монополияға қарсы заңдар жиынтығының талаптарын орындауға мiндеттi. 
      I.I.2 Мамандандырылған ұйымдардың мiндеттемелерiне мыналар кiредi: 
      - тиелген жүктi жөнелту орнынан тапсыру орнына дейiн шығарып салу; 
      - жүктi тиеудi қадағалау (дұрыс тиеу тұрпатын, оның арнайы жабылғымен жабылуын). 
      I.I.3 Полигонды қолданатын тұлғалар қалдықтарды қабылдау тәртiбiн, зарарсыздандыру, қайта өңдеу, көму жұмыстарының қауiпсiздiгiн сақтауға, белгiлi тәртiпте оларды есепке алу шараларын жүзеге асыруға мiндеттi. 
      I.I.4 Өкiлеттi орган полигондардың қалдықтарды қабылдау, зарарсыздандыру, қайта өңдеу және көму жұмыстарының талапқа сай орындалуын қамтамасыз ету үшiн олардың қызметiн:
      - белгiлi тәртiпте орындалуға мiндеттi нормативтi-құқықтық актiлер шығару;
      - полигондар қызметiнiң бекiтiлген талаптарға сәйкестiгiн тексеру (инспекциялау);
      - қолданымдағы заңдарға сәйкес полигонды қолданып жүрген кәсiпорындарға немесе лауазымды тұлғаларға санкция салу арқылы реттейдi. <*>
      Ескерту. І.І тараумен толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .   

  ІІ. ЖҰРТШЫЛЫҚ, ПАЙДАЛАНАТЫН ОРЫНДАРДЫ
ЖИНАСТЫРУ, КҮТІП ҰСТАУ

      2.1. Парктердің, демалыс аймақтарының аумақтары белгіленген тиісті ережелерге сәйкес күтіп-ұсталады.
      2.2. Алаңдар, көшелер, парктер, вокзалдар, әуежайлар, базарларда жеткілікті мөлшерде қоқысқа арналған жәшіктер қойылуы тиіс. Коммуналдық шаруашылық органдары жәшіктерді адамдар көп жүретін көшелерге әрбір 40 м. сайын, адамдар аз жүретін көшелерде әрбір 100 м. сайын қояды. Қалалық көлік аялдамаларында міндетті түрде жәшіктер қойылуы тиіс. 
      Ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге өз аумақтарындағы жәшіктердің таза ұсталуы үшін жауапкершілік жүктеледі. 
      2.3. Офистердің, сауда үй-жайларының, дүкендердің, скверлердің, парктердің, жағажайларының иелері кіретін және шығатын жерлерге жәшік орнатады. 
      Жәшіктер дұрыс күйінде күтіп ұсталуы, толған соң, қоқыстардан тазартылуы күніне бір рет жуылуы, жылына екі рет сырлануы тиіс. 
      2.4. Дүңгіршектер, палаткалар, сауда бөлшек павильондары, дүкендердің жанында жәшіктер мен артық товарларды жинап қоюға тыйым салынады. 
      2.4.1. Санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімімен ғана тез бұзылмайтын азық-түліктер, жемістер, көкөністер сататын палаткалар, дүкендер, дүңгіршектер көшелерде орналастырылуы тиіс. 5 м. радиустегі аумақты тазалауды сауда кәсіпорны жүзеге асырады. 
      2.4.2. Тұрақты дәретханасы жоқ тамақтандыру кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, шашлык сататын орындарды, дүңгіршектерде, сауда павильондарында қызметкерлер келушілер үшін жылжымалы дәретхана міндетті түрде орнатылуы тиіс. 
      2.5. Көліктерді пайдалануға, жөндеуге байланысты қала аумағын ластауға, балалардың ойнайтын алаңдарына, аулалардың өтетін бөлігіне көліктерді қоюға тыйым салынады. 
      2.6. <*>
      Ескерту. 2.6. тармақ алынып тасталды - III сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХV сессиясының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 143  шешімімен .
      2.6.1. Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне, ауруларына, арам шөптерге қарсы жүйелі күрес жүргізеді. Газондардың, скверлердің, жасыл желектер өскен басқа да жерлерге көліктердің тоқтауына тыйым салынады. 
      2.6.2. Жапырақтар түсетін кезеңде түскен жапырақтар жиналуы тиіс. Жиналған жапырақтар арнайы бөлінген учаскелерге жеткізіледі. Жапырақтарды тұрғын үйлердің аумағында, скверлерде, парктерде өртеуге тыйым салынады. 
      2.6.3. "Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау туралы" Заңға сәйкес өсімдіктер қорының сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс. 
      2.6.4. Өнеркәсіп құрылысы мен немесе басқа да құрылыспен айналысатын ұйымдар жұмыс жүргізу кезінде бөлінген жер учаскелерін, өсімдіктердің құрылысы аяқталысымен, өздерінің қаржыларының есебінен шығынды өтеуге міндетті. 

  ІІІ. ОҚШАУЛАНҒАН АУМАҒЫ БАР НЫСАНДАРДЫ 
ЖИНАСТЫРУ

      Оқшауланған аумағы бар нысандарда (базарлар, парктердің жағажайлары, емдеу-алдын алу мекемелері) санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды орнатуға, қайта жабдықтауға, арнайы бөлінген орындардан басқа жерлерге қалдықтарды жинауға, автокөліктерді жууға, жәшіктерді, отындарды сақтауға тыйым салынады. 

3.1. Жағажайлар

      3.1.1. Жағажай жабылған соң, оның техникалық қызметкерлері жағалауды, шешінуге арналған орындарды, жасыл желектер өскен аймақтарды мұқият жинастыруы тиіс. Күндіз патрульдік жинастыруды жүргізген жөн. Қалдықтарды таңертеңгі сағат 8-ге дейін сыртқа шығаруға рұқсат етіледі. 
      3.1.2. Жәшіктер жасыл желектер алқабынан 3-5 м., қашықтыққа қойылуы тиіс. Жағажайдың аумағының әрбір 1600 м жеріне бір жәшіктен қойылуы қажет. Жәшіктердің ара қашықтығы 40 м. болуы тиіс. 
      3.1.3. Жағажайдың әрбір 3500-4000 м2. ауданына сыйымдылығы 0.75 м3. бір контейнерден қойылуы тиіс. 
      3.1.4. Жағажайлардың аумақтарында әрбір 75 келушіге бір орын есебінен қоғамдық дәретханалар орнату қажет. Қоғамдық дәретханалар мен шомылатын орынның ара қашықтығы 50-200 м. болуы тиіс. 
      3.1.5. Жағажайдың аумағында Мемлекеттік стандарттың "Ішетін су" аталатын талаптарына сәйкес келетін ішетін суы бар бұрқақтар орнатылуы тиіс. Бұрқақтардың ара қашықтығы 200 м. болуы тиіс. Пайдаланылған сулар жағажай шекарасынан 100 м. қашықтықта, өзен ағысы бойынша орналасқан қашыртқы сулар қоймасына жіберіледі. 
      3.1.6. Ашық пен жабық шешінуге арналған орындар, павильондар, гардеробтар күн сайын дезинфекциялау ерітінділерімен жуылуы тиіс. 
      3.1.7. Күн сайын жағажайға таза құм себілуі тиіс. 
      3.1.8. Егер жағажайларда арнаулы механизмдер бар болса, аптасына бір рет қалдықтарды жинастырып, құмның жоғарғы қабатын механикаландырылған тәсілмен қопсытқан жөн. Қопсытқан соң құмның бетін тегістеу қажет. 
      3.1.9. Шомылуға арналған орындарда киімдерді жууға, жануарларды шомылдыруға тыйым салынады. 

  3.2. Базарлар

      3.2.1. Базардың аумағындағы (сонымен бірге шаруашылық алаңдары, кірме жолдар) жаңбыр суларының ағуын қамтамасыз ететін биіктеу қатты төсеніштер (асфальт) болуы тиіс. 
      СНиП 2.07.01-89 талаптарын және басқа да нормативтік құжаттарды ескере отырып, тұрғын үйлерден 50 м. қашықтықта, оқшауланған аумақтарда ғана базарларды орналастыруға болады. 
      Көлемі 0,2 га базарларда қалыңдығы 3 см. құм сеуіп, топырақтың бетін әбден нығыздауға рұқсат етіледі. 
      3.2.2. Базардың аумағында канализация және су құбыры болуы тиіс. 
      3.2.3. Базарларда қоғамдық дәретханалар сауда жасайтын орындардан 50 м. қашықтықта орналастырылуы тиіс. Ондағы есептік орындар әрбір 50 сауда орынына біреуден келуі қажет. 
      3.2.4. Шаруашылық алаңдардың сауда жасайтын орындардан қашықтығы 30 м. болғаны жөн. 
      3.2.5. Базардың әрбір 50 ш.м. алаңына бір жәшік қойылуы, олардың және сауда сөресінің арасы 10 м.-ден аспауы тиіс. Сыйымдылығы 100 л.-ге дейінгі қоқыс жинағыштың санын анықтағанда мынадай есепті басшылыққа алу қажет: базардың әрбір 200 ш.м. алаңына біреуден келеді және оларды сауда сөрелерінің жиегіне орналастырған жөн. Бұл орайда олардың арасы 20 м.-ден аспауы тиіс. Тағам қалдықтарын жинау үшін арнаулы үлкен жәшіктер қойылуы керек. 
      3.2.6. Ауданы 0,2 га. және одан үлкен базарларда жиналған қалдықтарды сыйымдылығы 0,75 т.м. контейнерлерде сақтаған жөн. Базарлардың жұмыс уақыты жергілікті басқару органдарының шешімдері негізінде белгіленеді. Аптаның бір күні базардың аумақтарын, негізгі, қосалқы үй-жайларын, сауда орындарын, сөрелерін тазалау, дезинфекциялау үшін санитарлық күн деп жарияланады. 
      3.2.7. Базарлардың жұмыс уақыты жергілікті басқару органдарының шешімдері негізінде белгіленеді. Базардың барлық аумағын, негізді, қосалқы жайларды, сауда орындарын, сөрелерді, столдарды, құрал-саймандарды жинастыру және дезинфекциялау үшін аптасына бір күн тазалық күні деп жарияланады. 
      3.2.8. Жылдың жылы кезегінде базардың қатты төсеніші бар аумағын міндетті түрде сыпырып, күн сайын жууы қажет. 

  3.3. Парктер

      3.3.1. Ауыспалы қоқыс жинағыштар орнату үшін бөлінген учаскелері бар шаруашылық аймағы демалушылар көп шоғырланатын орындардан (би алаңдары, бұрқақтар, негізгі аллеялар, көруге арналған павильондар) 50 м. қашықтықта болуы тиіс. 
      3.3.2. Парк алаңының әрбір 800 ш.м.-не бір жәшік қойылуы қажет. Негізгі аллеялардағы жәшіктердің арасы 10 м. болуы тиіс. Әрбір дүкен, дүңгіршек (азық-түлік, кәде-сыйлар, кітап дүңгіршектері) жанында сыйымдылығы 10 л. жәшік орнату қажет. 
      3.3.3. Демалушылардың көп шоғырланатын орындарынан қашығырақ орындардағы қалдықтарды жинауға қолайлы болуы үшін, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған аралық сақтағыштар орнатқан жөн. 
      3.3.4. Шаруашылық алаңдарына арналған контейнерлердің санын анықтау кезінде қалдықтардың үш күндегі орташа жинақталуын ескерген жөн.
      3.3.5. Қоғамдық дәретханаларды демалушылар көп шоғырланатын орындарға 50 м. қашықтыққа орналастырған жөн.
      3.3.6. Парк жабылған соң таңертеңгі сағат 8.00-ге дейін негізгі жинастыру жүргізілуі тиіс. Күндіз қалдықтарды және түскен жапырақтарды жинастырып, жасыл желектерді суғарып, патрульдік жинастыруды жүзеге асырған жөн.     

  IV. ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫ ЖИНАСТЫРУДЫ ЖӘНЕ КҮТІП-ҰСТАУ
Жазғы жинастыру

      4.1. Жолдарды жазға тазалап, жинастыру-суғаратын және сыпыратын машиналардың жәрдемімен жуу, сыпыру арқылы 15 сәуірден 15 қарашаға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады. Екі тәулікте бір рет түнгі сағат 23-00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейін жуған жөн. 
      Айрықша ыстық күндері (20-25Со-тан төмен болмаса) ауаның төменгі қабатының тозаңын азайту, жол төсеніштерінің қызуын төмендету үшін жолдарға тәулігіне үш рет сағат 11.00-ден 19.00-ға дейін су сепкен жөн. 
      4.2. Түнгі уақыттағы жұмыстарды жүргізерде (кезеңіне қарамастан) шудың алдын алу ережелері сақталуы тиіс. Жинау машиналары жол қауіпсіздігі ережелері сақтала отырып, ауыстырылады. 
      4.3. Көшелер мен алаңдардың жүретін бөлігін механикаландырылған тәсілмен жуу, суғару және сыпыру жоспарға сәйкес жүргізілгені жөн. 
      4.4. Жол төсеніштерін жуғанда жуылған сулардың жасыл желектерге немесе тротуарларға құйылмауына назар аудару қажет. 
      4.5. Ауаның тозаңдануын және ластауын азайту үшін көшелердің өтетін бөліктерін технологияға сәйкес сыпыру-жинау машиналарымен жинастырған жөн. 
      4.6. Жасыл желектер мен газондарды суғару санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың келісімімен қалалық су құбыры және су қоймаларының жүйелерінен олардың келісімімен жүзеге асырылады. 
      4.7. Суғару-жуу және сыпыру-жинау машиналарының қалалық су құбыры және су қоймаларының жүйелерінен су алуы санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың келісімімен жүзеге асырылады. 

Қысқы жинастыру

      4.8. Қалалық жолдарды қысқы жинастыру 15 қарашадан 15 сәуірге дейін жүргізіледі. Табиғат апаттарына байланысты пайдалану учаскелерінде арнаулы машиналардың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады. Машиналар тұрақты дайындықта болуы тиіс. 
      4.9. Қар жауған сәтте, мұзтайғақ болғанда жолдарға құм себіледі. 
      4.10. Қарды күреу кезінде жолдардағы қардың қалыңдығы 4-5 см-ден аспайтын етіп тазалануы тиіс. 
      Қар тазалау механизмдерінің маршруттарын қозғалыс көп болатын көшелерден бастаған жөн. 
      4.11. Қарлар арнаулы орындарға апарып жиналады. Басқа орындарға қарды жинауға тыйым салынады. 
      4.12. Үйлердің иелері өз үйлерінің төбесіндегі қарларды, қатқан мұздарды сақтық шараларын қолдана отырып тазалайды. 
      4.13. Арнаулы қызметтер қарларды жинағанға дейін үйлердің шатырындағы қарлар тазаланып, бір орынға үйілуі тиіс. Үйлердің төбелерінен түсіріліп, жиналған қарларды алып кету арнаулы қызметтерге жүктеледі. 
      4.14. Қарларды тасып әкету келесі мерзімдерде жүзеге асырылады: 
      - 6 см көлемінде қар жауған жағдайды негізгі көшелер екі тәулік, қалғандары - 4 тәулікте; 
      - 6 см-дан қалың қар жауғанда тиісінше 4 және 7 тәулікте тазаланып, тасып әкетіледі. 

  V. ТРОТУАРЛАР, ОРАМ ІШІНДЕГІ ЖОЛДАР,
АУЛАЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ЖИНАСТЫРУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ 

5.1. Жазғы жинастыру

      Тротуарлар, орам ішіндегі жолдар, аулалық аумақтарды жазғы жинастыру - жол төсеніштеріндегі шаң, қоқысты тазалау, жуу және сыпыру. 
      Тротуарларды механикаландырылған тәсілмен жинастыру арнаулы тротуар жинағыш машиналар, көшелерде жинауға арналған машиналардың жәрдемімен жүзеге асырылады (егер тротуардың ені 3,5 м-ден кем болмаса және жол төсеніші қалың болса). 
      Тротуарларды тазалау, әсіресе машиналарды қолдана отырып тазалау түнде және таңертең жүргізілуі тиіс. Күндіз машиналар жинастыру жұмысын жүргізу кезінде 4-6 км/сағ. жылдамдықпен қозғалуы тиіс. Тротуарларды жуу өте мұқият жүргізуі тиіс. 
      Ені тар аумақтарды тазалау кезінде оны бір ғана машинамен жүргізген жөн. Кең тротуарларды машиналардың колонналары арқылы бір рет қана жүріп өтіп тазалаған дұрыс. Өте тар тротуарлар мен аулаларды қолмен жинастырады. 

5.2. Қысқы жинастыру

      Алматы қаласында қысқы тротуарларды өңдеу үшін құм-тұз қоспаларын пайдалануға тыйым салынады. Бұл орайда қар жауысымен тротуарларды механикаландырылған тәсілмен жинастыруға кіріскен жөн. Тротуарларды сыпыруды қар жауа бастаған соң 0,5-1 сағат ішінде, күндіз және кешкі уақытта және түнгі уақытта 2-3 сағат сайын жүргізіп отырған жөн. Күндіз сыпыру жылдамдығы 4-6 км.сағ.-тан, түнде 8-10 км/сағ.-тан аспауы тиіс. Кең тротуарларды машиналар колоннасымен сыпырған тиімді. Көшелердің адамдар өтетін бөлігін тазалағанда айрықша абай болған жөн. 
      Мұзтайғақтармен күресудің барлық құралдары және қарлар үйілетін учаскелердің орналасу жайын аудандық санэпидстанцияларымен келісіп алған жөн. 

  VI. ҮЙЛЕРДІҢ МАҢЫН ЖИНАСТЫРУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ

Жалпы ережелер

      6.1. Үйлердің маңын жинастыру жүйелі, жоспарға сәйкес, ешқандай тапсырыс берусіз және арнаулы көліктер арқылы жүзеге асырылуы тиіс. 
      6.2. Үйлердің аумағына көлік келуіне қолайлы орындарға контейнерлер қойылуы тиіс. 
      6.3. Қоқыс жинағыштардың (контейнерлер) санын анықтау үшін сол маңдағы тұрғындардың, қалдықтардың жиналу нормаларын, олардың сақталу мерзімдерін ескерген жөн. 
      6.4. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс тасымалдау көлігімен, сұйық қалдықтар шанағы мұқият жабық көлікпен әкетіледі. 
      6.5. Тұрғындардың мазасын алмау үшін тағам қалдықтары таңертеңгі сағат 7.00-ден ерте емес және кешкі сағат 23.00-ден кеш емес уақыттарда әкетіледі. 
      6.5.1. Алаңның иесі тағам қалдықтарын және қоқыстарды уақытша сақтау үшін мамандандырылған ұйыммен қоқыстарды әкету, контейнерлік алаңдарды дезинфекциялау жөнінде уақытылы шарт жасасуы тиіс немесе қалдықтарды өз күшімен апаруы қажет. Қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы тасып әкетпегені үшін меншік иесіне жауапкершілік жүктеледі. 
      Кондоминиум объектiсін басқару органы тұрғын жай иелерiнiң жалпы жиналысы өкiлеттiк бергенде ғана мамандандырылған ұйымдармен қоқыс шығару қызметiне келiсiм-шарт жасасуға құқықты. <*> 
       Ескерту. 2 абзац жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ  сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .

Тұрмыстық қалдықтарды жинастыру

      6.6. Қалдықтардың аулаларда уақытша сақталуы кезінде олардың шіруіне жол бермеуі қажет. Сондықтан қыс айларында үш тәулік ішінде, жазғы уақытта бір тәулік ішінде қалдықтар әкетілуі тиіс. Әрбір елді мекенде тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып әкетудің мерзімі жергілікті санэпидемиологиялық қызмет мекемелерімен келісілуі тиіс. 
      6.7. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін әрбір тұрғын үй қорында стандартты контейнерлер қолданылуы қажет. Канализациясы жоқ үйлерде ағаш немесе металл қоқым жинағыштарды қолдануға жол беріледі. <*> 
       Ескерту. 6.7 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ  сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .  
      6.8. Контейнерлер қойылатын алаңдар тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдары мен тұрғындар демалатын орындардан 20100 м. аралығындағы қашықтықта орнатылуы тиіс. Әрбір алаңда 5-тен артық контейнерлер қойылмауы тиіс. 
      6.9. Жазғы уақытта металдан және пластиктен жасалған контейнерлер жиі ауыстырылуы (әрбір он күн сайын) тиіс. <*> 
       Ескерту. 6.9 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ  сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .  
      6.10. Қоқыстардан екінші дәрежелі шикізаттарды (банкілер, бөтелкелер және басқа заттар), сондай-ақ көліктегі қоқыстан осы аталған заттарды сұрыптап алуға жол берілмейді. 
      6.11. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерде (5 қабатты және одан жоғары) қоқыс тасу құбырлары орнатылуы тиіс. 
      6.12. Қоқыстарды жинау камерасы үйге кіретін есіктен және басқа үй жайлардан оқшаулануы тиіс. Камераның еденінің деңгейі асфальтталған подъездің деңгейімен бірдей болуы тиіс. Қоқыс тасу құбырынан тұрмыстық қалдықтарды қоқыс қабылдау камерасының еденіне тастауға жол берілмейді (қоқыс қабылдау камерасында артық контейнерлер болуы тиіс). 
      Аталған ұғым жекеменшiк үйлер секторынан қалдықтарды ыдыс-қапсыз шығаратын тәжiрибеге де қолданылады. <*> 
       Ескерту. 6.12 тармақ өзгерді -   Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .
      6.13. Қоқыс қабылдау құбыры, камерасы жарамды жағдайда болуы тиіс. Қоқыс қабылдау құбырларының клапандарының қақпақтары тығыз жабылуы тиіс. Қоқыс тасу құбырлары бар тұрғын үйлерде қоқыс құбырларының оқпанын апта сайын тазалап, дезинфекциялап тұру үшін оған тиісті жағдайлар жасау қажет. 
      Қоқыс тасу құбырларының каналдарын дезинфекциялау үшін мынадай ерітінділерді: лизол (8-5%), креолин (8-5%), нафтализол (15-10%), фенол (3-5%), натрийдің метасиликатын (1-3%) қолданған жөн. 
      6.14. Үйлерден габариттік емес қалдықтарды толуына қарай, бірақ аптасына бір рет тасып әкеткен жөн. 
      6.15. Камераның, қоқыс тасу құбырының, контейнерлердің және аумақтың күтіп-ұсталуы үшін жауапкершілік және қоқыстардың тиісті орындарға апарып тасылуы үшін жауапкершілік осы тиісті ұйымға жүктеледі. 
      6.16. Тұрмыстық қатты қалдықтарды пәтерлер бойынша жеке-жеке тасып әкету жүйесін қолдануға жол берілмейді. Мұндай жүйені тек қана бір-екі қабатты үйлерде ғана қолдануға рұқсат етіледі.  

  Сұйық қалдықтарды жинастыру

      6.17. Канализациясы жоқ үйлердегі сұйық қалдықтарды жинастыру үшін арнаулы үлкен астаулар қойылады. Аталған астаулар ауа кірмейтіндей етіп тығыз жабылады. 
      6.18. Аулалық, канализациялық емес және қоғамдық дәретханалар тұрғын үйлерден, қоғамдық үй жайлардан, балалар ойнайтын және үлкендер демалатын алаңдардан 20-100 м. қашықтықта орналастырылуы тиіс. 
      6.19. Аулалық дәретхана терең етіп қазылып, жан-жағы мұқият топырақпен көмілуі тиіс. Дәретхана тығыз материалдардан (тақтайлардан, кірпіштерден, блоктардан) салынуы тиіс. Дәретханаға су кірмеуі, оның көлемі оны пайдаланатын тұрғындардың санына қарай көлемді етіп жасалуы тиіс. 
      6.20. Дәретхана жарты жыл сайын тазаланып отырылуы тиіс. 
      6.21. Дәретхана таза ұсталып, апта сайын жинастырылып отырылуы тиіс, апта сайын ыстық сумен жуылып отырылуы тиіс. Канализациясы жоқ дәретханаларды мынадай ерітінділермен: хлорлы әк (10%), натрийдің гидрохлориді (3-5%), натрийдің метасиликаты (10%), лизол (5%), нафтализол (10%), креолинмен (5%) дезинфекцияланады. (Нақ осындай ерітінділерді ағаш, қоқыс жинағыштарды да дезинфекциялайды).

Тағам қалдықтарын жинастыру

      6.22. Қалдықтарды "Тағам қалдықтарын жинаудың және оларды малға беру үшін пайдаланудың ветеринарлық-санитарлық ережелеріне" сәйкес жинастыру және пайдалану қажет. 
      6.23. Тағам қалдықтарын жинастыру, сақтау және тасып әкету коммуналдық шаруашылық органдары бекіткен және санэпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген тағам қалдықтарын жинастыру және тасып әкетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқау-ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. 
      6.24. Тағам қалдықтарын шошқаларға беріп қоректендіру үшін бордақылау шаруашылықтары осы шаруашылық орналасқан аудандағы (қаладағы) бас ветеринарлық дәрігерінің арнаулы рұқсатын алуы тиіс. 
      6.25. Тағам қалдықтарын арнаулы жинағыштарға (бақтар, шелектер және т.б.) жинауға рұқсат етіледі. 
      6.26. Тағам қалдықтарына арналған жинағыштарды басқа мақсатта пайдалануға жол берілмейді. Жинағыштарды күн сайын жуу құралдарымен жуып, 2%-тік кальций содасымен немесе 2%-тік активті хлор арқылы дезинфекциялаған жөн. 
      6.27. Тұрғын үйлердегі тағам қалдықтарына арналған контейнерлерді жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерімен келісілген орындарда орнатқан жөн. 
      6.28. Тағам қалдықтарын тері-венерологиялық жұқпалы аурулар және өкпе аурулары ауруханаларының, сондай-ақ жұқпалы ауруларды емдейтін арнайы санаторийлердің асханаларынан, халықаралық сипатта қызмет көрсететін әуежайлардың, поездардың мейрамханаларынан, кафелерінен жинауға тыйым салынады. 
      6.29. Тағам қалдықтарын көлемі басқа жинағыштардан сұрыптап алуға тыйым салынады.
      6.30. Тағам қалдықтарын жинау жеке жүйе бойынша және мамандандырылған бордақылау шаруашылығы болса ғана жүзеге асырылады. Қалдықтарды жеке адамдарға беруге тыйым салынады.
      6.31. Тағам қалдықтары оны тасып әкеткенге дейін бір тәуліктен астам уақыттан сақталмауы тиіс.
      6.32. Сауда және қоғамдық тамақтандыру нысандарында тағам қалдықтары салқындататын үй жайларда уақытша сақталады.     

  VII. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҚТАРЫНДА КІШІ СӘУЛЕТ
ЕСКЕРТКІШТЕРІН ОРНАТУДЫҢ ЖӘНЕ
КҮТІП-ҰСТАУДЫҢ ТӘРТІБІ

      7.1. Сыртқы көріктендіру аумақта құрылыс жүргізу жөніндегі ережеге сәйкес болуы қажет.
      7.2. Қоршаулар, газондар, дүңгіршектер, палаткалар, павильондар, дүкендер, жарнамалық стенділер салу және орнату. Барлық маңдайша жазуларды, көрнекі құрылыстарды безендіру, парктік отырғыштар орнату белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. 
      Кіші сәулет ескерткіштері қалыпты жағдайда күтіп-ұсталуы, жылына бір рет сырлануы тиіс. 
      7.3. Көше жарықтары, жарықтық жарнама, жарықтық маңдайша жазулар, подъездердегі шамдар қараңғы болған соң іске қосылуы тиіс. 
      7.4. Тұрғын үйлердің, қызметтік, өндірістік және басқа үй жайлардың иелері үйлердің нөмірлік белгілерін, көшелердегі көрсеткіштерді, сондай-ақ маңдайша жазуларды (оның ішінде жарнама сипатындағыларды) "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы"  Заңға  сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жазуға және күтіп-ұстауға тиіс.

VIII. ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ
КҮТІП-ҰСТАУДЫҢ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ

      8.1. Жер асты жүйелерінің иелері газ люктерінің, канализация, су құбырларының жауынға арналған және басқа да құдықтардың қақпақтарының жабық және қалыпты жағдайда болуына бақылау жасауы тиіс. 
      8.2. <*>
      Ескерту. 8.2. тармақ алынып тасталды - III сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХV сессиясының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 143  шешімімен .
      8.3. Каналдарды, құбырлар мен дренаждарды жинастыру және тазалау кезіндегі қоқыстар тез-ақ тиісті орындардан тасып әкетілуі тиіс. Қоймалар, баздар, карьерлер құрылыс алаңдарының иелері мыналарды қамтамасыз етеді: 
      а) көліктің бұрылуы үшін кірме жолдарды, алаңдарды дұрыс жағдайда күтіп ұстау. Кірме жолдар және құрылыс ішіндегі жолдардың қатты төсеніштері болуы тиіс. 
      б) көліктің доңғалақтары мен шанақтарын жуу. 
      8.4. Бұзылатын үйлер орналасқан жердегі құрылыс алаңдары биік қоршаулармен қоршалуы тиіс. 
      8.5. Алматы қаласындағы көшелердегі, үлкен жолдардағы, орам ішіндегі аумақтардағы жер қазу және құрылыс жұмыстары заңды ұйымдар және жеке адамдар арқылы, белгіленген тәртіпке сәйкес, прейскурантқа сәйкес ақысы төленіп, осындай жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін өкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады. 
      8.6. Көліктердің, жеке көліктердің иелері өз көліктерін таза ұстауға міндетті. 
      Қалада ластаған көлік құралдарының жүруіне рұқсат етілмейді. 
      Көшелерді ластауы мүмкін сусымалы және басқа да жүктердің үсті мұқият жабылып, қымталуы тиіс.  

  IХ. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҚТАРЫН САНИТАРЛЫҚ
ТАЗА ЖАҒДАЙДА КҮТІП ҰСТАУҒА ӨКІЛЕТТІ
ОРГАНДАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

      9.1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарына сәйкес қала көшелерін, аулаларын, аумақтарын санитарлық таза жағдайда күтіп-ұстау ережелерінің сақталуына милиция санитарлық қадағалау органдары бақылау жасайды. 
      9.2. <*> 
       Ескерту. 9.2 тармақ толықтырылды -   Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен ; алынып тасталды - ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 326  шешімімен
      9.3. Иелiктегi үйлердiң иелерi (пайдаланушылар), кондоминиум объектiлерiн басқару органдары мiндеттi: 
      - тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытылы тасып әкету туралы шарт жасасу; 
      - елді мекен аумағын күтіп-ұстаудың санитарлық ережелерін сақтау шараларын орындау үшін түсіндіру жұмысын жүргізу және тұрғындарды ұйымдастыру; 
      - қоқыс қабылдау камераларын, алаңдарды, қалдық жинағыштарды жүйелі жуып, дезинфекциялауға бағытталған шаралар қолдану. <*>
       Ескерту. 9.3 тармақ өзгерді -   Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .
      9.4. Жинастыру жөніндегі кәсіпорындар мынадай міндеттерді жүзеге асыруға тиіс:
      - үйлер, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындардың қоқыс шығару, уақытылы тасып әкетуді жүзеге асыру (шартқа сәйкес);
      - әрбір арнаулы машинаға қозғалыс схемасын көрсете отырып маршрутты график әзірлеу;
      - бекітілген маршрутты графиктердің міндетті түрде орындалуын қамтамасыз ету. <*>
       Ескерту. 9.4 тармақ өзгерді -   Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .   

     9.5. Санэпидемиологиялық қызметтер мекемелерінің мамандары келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
      жергілікті басқару органдарының елді мекенде санитарлық тазалауды ұйымдастыру жөніндегі шешімдерінің жобасын әзірлеуге қатысу; 
      - тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтар полигондарын жобалау және орналастыру жөніндегі материалдарды қарау және келісу, қаланы санитарлық тазалау схемаларын қарау және тиісті органдармен келісу; 
      - елді мекеннің санитарлық жағдайына байланысты тұрғындардың сырқаттануының жайын зерттеп білу және талдау; 
      - қала аумағының санитарлық жағдайын қадағалауды жүзеге асырып, оның бұзушыларға әкiмшiлiк шаралар қолдану. <*> 
       Ескерту. 9.5 тармақ толықтырылды   -   Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .
      9.6. АПБ учаскелік инспекторларының міндеттері: 
      - өзіне бекітілген учаскенің санитарлық жағдайына тұрақты бақылау жасау; 
      - санитарлық тәртіпті бұзатын адамдарды анықтау және олар жөніндегі материалдарды тиісті органдарға тапсыру; 
      - тұрғындарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың аулаларда, көшелерде өз беттерімен қоқыс үйінділерін жасауына және өртеуіне үзілді-кесілді тыйым салу. 
      9.7. Қала аумақтарын жоспарлы-жүйелі жинастыруды ұйымдастырарда мынадай қолданып жүрген нормативтік құжаттарды басшылыққа алған жөн: 
      Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондарды жобалау және пайдалану жөніндегі нұсқау ереже. Елді мекендердің аумақтарын механикаландырылған тәсілмен жинастыруды ұйымдастыру және оның технология жөніндегі нұсқау ереже. 
      Азық-түлік қалдықтарын жинаудың және оларды малдарды көріктендіру үшін пайдаланудың тәртібі туралы ветеринарлық-санитарлық ереже. 
      Тағам қалдықтарын жинау және тасып әкету жөніндегі ереже. 
      9.8. Осы ереже талаптарын бұзған жеке адамдар мен заңды ұйымдар 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ ЗРҚ "Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексі  және Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі туралы арқылы Ереже белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. <*> 
       Ескерту. 9.8. толықтырылды және өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ІХ сессиясының 2001 жылғы 04 сәуірдегі  шешімімен .  

  Х тарау. Алматы қалалық Мәслихатының»1998 жылғы
18 қыркүйектегi "Алматы қаласының аумағындағы
көркейту, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау
және ұйымдастыру ережелерiн (бұдан әрi-Ереже)
көлiк құралдары жүргiзушiлерi бұзған кездегi
әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылық туралы
iстердi қарауды қамтамасыз ету<*>

       Ескерту. Қосымшаға Х тарау енгізілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХV сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы  шешімімен .  

       X тарау алынып тасталды, себебі Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХV сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімінің күші жойылды Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған XXIV сессиясының 2003 жылғы 27 ақпандағы шешімімен.

       Осы Ереже арқылы тыйым салынған іс-әрекеттер

      Мынадай іс-әрекеттерге тыйым салынады: 
      - санитарлық эпидемиологиялық басқарманың келісімінсіз тұрмыстық қоқыстарды жинауға арналған алаңдарды орналастыру; 
      - санитарлық тазалау мен жинаудың Бас жобасын және қоқыс шығару кестесiн бұзуға; <*> 
       Ескерту. Абзац жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХІІІ сессиясының 2001 жылғы 14 қарашадағы  шешімімен .  
      - көшелерге, тротуарларға, газондарға, үйлердің қасбеттеріне құрылыс материалдардың, ағаштарды, көмірді, шөпті, сабанды, улы химикаттарды, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштарды және басқа да материалдарды жинап қою; 
      - көшелердің көлік және жаяу адамдар өтетін бөліктерін, су қоймаларын, құрылыс жүргізілмейтін аумақтарды, жасыл желектер аумақтарын, сондай-ақ жұртшылық пайдаланатын басқа да орындарды қоқыстың кез-келген түрлерін (темекі тұқылдары, бөтелкелер, қағаздар) және тұрмыстық қалдықтармен ластау; 
      - өзендердің, су қоймаларының санитарлық аймақтарында көліктерді, киімдерді жуу, үй жануарларын шомылдыру, сондай-ақ колонкаларға, құдықтарға, артезиандық скважиналарға жақын жерде жуу; 
      - жолдарда, тротуарларда қоршалмаған, ашық газ, канализациялық, су құбырлық қақпақтарды және басқа да құдықтардың қақпақтарын ашық қалдыру; 
      - малдар мен құстарды көшелерге, скверлерге, бақтарға, парктерге, стадиондарға, мектеп жанындағы учаскелерге және басқа да жұртшылық пайдаланатын орындарға айдау және жаю; 
      - рұқсат етілмеген аумақтарға иттерді серуендету, иттердің нәжістерін тазаламай, қалдырып кету; 
      - қаланың көшелерімен шынжыр табанды көліктің жүруі; 
      - жұртшылық пайдаланатын жасыл желек аумақтарын көкөністер және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін пайдалану; 
      - шанағы жөнделмеген және тасуға жабдықталмаған автомашиналарда сусымалы және сұйық жүктерді тасу; 
      - жол және жер қазу жұмыстары кезінде құрылғыларды (жол төсеніші, бордюрлер, құдықтардың қақпақтары, су ағатын торлар, дренаждар, геодезиялық белгілер) жасыл желектерді бүлдіріп алу, жылу, сумен жабдықтау және канализация жүйелеріндегі ақауларды түзетуге бағытталған жұмыстарды жүргізу кезінде тротуарларды, газондарға, көшелердің өтетін бөліктеріне су жайып алу;
      - кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында, тұрғын үй орамдарындағы көшелерде, газондарда қоқыстарды, жапырақтарды отқа жағу;
      - хабарландыруды, жарнамаларды өз еркімен желімдеп жапсыру.
       Ескерту. 16-25 абзацтары алынып тасталды - III сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХV сессиясының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 143  шешімімен .

      І сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаты
      ХХІ сессиясының төрағасы

      І сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады