Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 14 тамыздағы "Баспананы күтiп-ұстау шығындарына арналған ақы белгiлеу туралы" N 1/129 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 5/749 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 22 желтоқсанда N 490 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 5/803 қаулысымен  

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.12.11 N 5/803 қаулысымен.

       Тұрғын үйлердегi лифтiлерге арналған электр энергиясы тарифiнiң өзгеруiне байланысты, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң 2002 жылғы 4 маусымдағы "Алматы Пауэр Консолидэйтед" Жабық акционерлiк қоғамының қызметтерiне арналған тарифтi бекiту туралы" N 125-ОД Бұйрығына сәйкес Алматы қалалық Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 14 тамыздағы       "Баспананы күтiп-ұстау шығындарына арналған ақы белгiлеу туралы" N 1/129 қаулысына (2001 жылғы 29 тамызда мөлшерлемелiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзбесiнде тiркелдi - N 386, 2001 жылғы қыркүйек айында "Алматы ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарияланды) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      - 1-тармақтағы: "11 теңге 30 тиын" сөздерi "11 теңге 49 тиын" сөздерiмен ауыстырылсын;
      - аталған қаулының N 1 қосымшасындағы: 7-тармақшадағы "1 және 2-қабаттардан басқа, лифтiлердi электр энергиясымен қамтамасыз ету" деген тұстағы "1-18" сөздерi "1-37" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Қ.Е.Жаңбыршинге жүктелсiн.

       Алматы қаласының Әкiмi

      Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады