Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2011.10.20 N 475 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 333 бабының 1 тармағына, 337 бабының 1, 2 тармағына, 338 бабының 1 тармағына, 373 бабының 2 тармағына, 462 бабына, 477 бабының 2 тармағына, 491 бабының 2 тармағына сәйкес және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысы бойынша II сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. Үй жанындағы жер телiмдерiнiң базалық салық мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N 1 қосымша.
2. Автотұрақ, жанармай құю станциялары және базарлар үшiн алынған жер телiмдерiнiң салық мөлшерлемелерi бекiтiлсiн N 2 қосымша.
3. Алматы қаласының жерлерiн аймақтастыру жобасы схемасы негiзiнде базалық салық мөлшерлемелерiнiң түзетiлiмi бекiтiлсiн, N 3 қосымша.
4. Алматы қаласының базарларындағы тауар сату құқығы үшiн бiр жолғы талондардың бағасы бекiтiлсiн, N 4 қосымша. <*>
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XVI сессиясының 2002 жылғы 13 ақпандағы шешімімен.
5. Алматы қаласын бойынша 2002 жылға арналған қоршаған ортаны ластағандығы жөнiндегi төлемдер мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N 5 қосымша.
6. 2002 жыл үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақты "Медеу" Мемлекеттiк табиғи бағын пайдаланғандығы үшiн (кiру, шығу, қону) төлемдер мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N 6 қосымша.
7. Сыртқы жарнама және көрнекi ақпарат нысандарын орналасқандығы, жарнама орындарын бергендiгi үшiн айлық төлемнiң және рұқсат бергендiгi жөнiндегi бiр жолғы төлемнiң мөлшерлемелерi бекiтiлсiн, N 7 қосымша.
8. Базарлар әкiмшiлiктерiне суда орыны үшiн бiр жолғы талон төлемi енгiзiлгеннен кейiн базарды күтiп-ұстау үшiн саудагерлерден базарлар әкiмшiлiктерi алатын жалпы алымдардың өсуiне жол бермеу ұсынылсын. Сауда жасаушы адамдардан алынатын осы төлемдердiң төмендеуiн қамтамасыз ететiн базарлардың басқару және пайдалану iшкi құрылымдарын оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.И.Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасына (Б.У.Қалижанов) жүктелсiн.
II-шi сайланған
Алматы қалалық Мәслихаты
ХIV-шi сессиясының төрағасы
ІI-шi сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
хатшысы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы шешiмiне
N 1 қосымша
Үй жанындағы жер телiмдерiнiң базалық салықтық
мөлшерлемелерi
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы шешiмiне
N 2 қосымша
Автотұрақтар, автомобильге жанармай құю станциялары
және базарлар үшiн қолданылатын жер телiмдерiнiң
салықтық мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы шешiмiне
N 3 қосымша
Алматы қаласының жерлерiн аймақтастыру (схемасы)
жобасының негiзiндегi базалық салықтық мөлшерлемелердiң
түзетiлiмi
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімімен.
ІI-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы XIV кезектен
тыс сессиясының шешiмiне
N 4 қосымша <*>
Ескерту. 4 қосымша жаңа редакцияда - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XVI сессиясының 2002 жылғы 13 ақпандағы шешімімен; өзгеріс енгізілді - ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХVII сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен.
Алматы қаласының базарларында тауар сату
құқығы үшiн бiр жолғы талондар көлемi
күн сайын (теңгемен)
N |
Базардың бағыты |
Базардың санаты |
||
I |
II |
III |
||
1. |
Азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлар: |
360 450 540 |
360 450 540 |
360 450 540 |
1.2 |
Прилавкада сауда жасау |
160 |
140 |
120 |
2. |
Автомобиль сататын базар |
360 340 |
Тыйым |
Тыйым |
3. |
Гүл сататын базар |
180 |
160 |
140 |
4. |
Машина үстiнен сауда жасайтын базар |
540 |
Тыйым салынады |
Тыйым салынады |
5. |
Коммуналдық базарлар |
50 |
50 |
50 |
II-шi сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының ХIV-сессиясының
төрағасы
II-шi сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
ІI-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы XIV кезектен
тыс сессиясының шешiмiне
N 5 қосымша <*>
Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXII сессиясының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен және ІІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 17 шешімімен.
ІI-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы XIV кезектен
тыс сессиясының шешiмiне
N 6 қосымша <*>
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXII сессиясының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы шешімімен және ІІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 17 шешімімен.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2001 жылғы
29 желтоқсандағы шешiмiне
N 7 қосымша
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIV сессиясының 2003 жылғы 27 ақпандағы шешімімен.