1. Оның аумағын Мичурин селолық округiнiң құрамынан бөлу және оған Ақсу мен Аралкөл селоларын қосу жолымен Белоградовка селолық округi құрылсын. Оның әкiмшiлiк орталығы болып Белоградовка селосы белгiленсiн.
2. Оның аумағын Степной селолық округiнен бөлу жолымен Интернационал
селолық округi құрылсын. Оның әкiмшiлiк орталығы болып Дружба селосы белгiленсiн. 3. Тимирязев ауданының әкiмi В.А.Колода құрылған селолық округтердiң аппараттарын қалыптастыруға және берiлген лимиттер шеңберiнде штаттық санын ұстауға қаржы белгiлеуге мiндеттелсiн. Аудандағы әкiмшiлiк-аумақтық өзгерiстерге байланысты екi айлық мерзiм iшiнде қажеттi процессуалдық iстер жүргiзiлсiн. Шешiмнiң орындалуы туралы 2001 жылғы 15 желтоқсанға хабарлайтын болсын. Облыс әкiмi Облыстық мәслихат ХIII сессиясының төрағасы (Маман: Ысқақова Д.Қ.)