Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірлескен шешімі 2001 жылғы 12 қазандағы N 13/5-70 Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2001 жылдың 19 қарашасында N 485 тіркелді

      Тимирязев аудандық мәслихатының сессиясы мен аудан әкiмiнiң сұрауы негiзiнде және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Z934200_ 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес облыстық мәслихаттың ХIII сессиясы мен облыс әкiмi ШЕШIМ етті:
      1. Оның аумағын Мичурин селолық округiнiң құрамынан бөлу және оған Ақсу мен Аралкөл селоларын қосу жолымен Белоградовка селолық округi құрылсын. Оның әкiмшiлiк орталығы болып Белоградовка селосы белгiленсiн.
      2. Оның аумағын Степной селолық округiнен бөлу жолымен Интернационал

селолық округi құрылсын. Оның әкiмшiлiк орталығы болып Дружба селосы 
белгiленсiн.
     3.  Тимирязев ауданының әкiмi В.А.Колода құрылған селолық округтердiң 
аппараттарын қалыптастыруға және берiлген лимиттер шеңберiнде штаттық  
санын ұстауға қаржы белгiлеуге мiндеттелсiн. Аудандағы әкiмшiлiк-аумақтық 
өзгерiстерге байланысты екi айлық мерзiм iшiнде қажеттi процессуалдық 
iстер жүргiзiлсiн.
     Шешiмнiң орындалуы туралы 2001 жылғы 15 желтоқсанға хабарлайтын 
болсын.
     Облыс әкiмi                                 Облыстық мәслихат
                                             ХIII сессиясының төрағасы
 
     (Маман: Ысқақова Д.Қ.)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады