Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.10.2009 № 250-IV шешімімен.
Атырау облыстық Мәслихатының ХІІ сессиясы шешім етті:
1. Облыстық Мәслихаттың 2000 жылғы 28 тамыздағы VI сессиясында қабылданған "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағы туралы Ережеге қосымша 5-тармақ енгізілсін (жалғанды).
2. Облыс әкімі:
Атырау облысының Құрметті азаматына біржолғы сыйлықақы мен мемлекеттік өтемақы төлеудің тетіктерін анықтап, облыстық Мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынсын;
бұл мақсатқа жұмсадатын қаржыны облыстық бюджетте қарайтын болсын.
Облыстық Мәслихат ХІІ
сессиясының төрағасы У. Бисенұлы
Облыстық Мәслихат хатшысы Х. Табылдиев
Атырау облыстық Мәслихаты
2001 жылғы 11 шілдедегі № 133-ІІ
шешіміне № 1 қосымша
5. Атырау облысынгың Құрметті азаматына берілетін жеңілдіктер:
осы атақты тапсырған кезде иегерге 200 (екі жүз) мың теңге көлемінде біржолғы сыйақы төленеді;
ай сайын үш еселенген бірайлық есептік көрсеткіш көлемінде төлемақы төленеді.