"Атырау облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы Тәртібіне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихаты ХIII сессиясының 2001 жылғы 11 шілдедегі N 133-II шешімі. Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 21 қаңтарда N 720 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.10.2009 № 250-IV шешімімен.

      Атырау облыстық Мәслихатының ХІІ сессиясы шешім етті:
      1. Облыстық Мәслихаттың 2000 жылғы 28 тамыздағы VI сессиясында қабылданған "Атырау облысының Құрметті азаматы" атағы туралы Ережеге қосымша 5-тармақ енгізілсін (жалғанды).
      2. Облыс әкімі:
      Атырау облысының Құрметті азаматына біржолғы сыйлықақы мен мемлекеттік өтемақы төлеудің тетіктерін анықтап, облыстық Мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынсын;
      бұл мақсатқа жұмсадатын қаржыны облыстық бюджетте қарайтын болсын.

      Облыстық Мәслихат ХІІ
      сессиясының төрағасы                       У. Бисенұлы

      Облыстық Мәслихат хатшысы                  Х. Табылдиев

Атырау облыстық Мәслихаты  
2001 жылғы 11 шілдедегі № 133-ІІ
шешіміне № 1 қосымша    

      5. Атырау облысынгың Құрметті азаматына берілетін жеңілдіктер:
      осы атақты тапсырған кезде иегерге 200 (екі жүз) мың теңге көлемінде біржолғы сыйақы төленеді;
      ай сайын үш еселенген бірайлық есептік көрсеткіш көлемінде төлемақы төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады