---------Бұйрықтан үзінді--------
Су ресурстарын қорғау саласында тексеруді ұйымдастыру жүйесін дұрыс жолға қою мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
...
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 ақпанда N 1761 тіркелген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 12-п бұйрығымен бекітілген тазарту құрылғыларының және шайынды суларын алшақтату жұмысына бақылау жөніндегі Нұсқаулығының күші жойылсын...
Министр
--------------------------------
Су ресурстарын қорғау саласындағы тексерулердi ұйымдастыру және жүргiзу жүйесiн тәртiпке келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қосыла берiлiп отырған "Тазартқыш ғимараттарының жұмысына және төгiндi суларды шығаруды тексеру жөнiндегi Нұсқау" бекiтiлсiн.
2. Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттiк инспекциясы Департаментi (Елеушов Б.С.) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуге белгiленген тәртiпте берсiн.
3. Су ресурстары жөніндегi комитеті, қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттiк инспекциясы Департаменті, алаптық сушаруашылығы басқармалары, облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармалары осы Бұйрықты орындауға және басшылыққа алсын.
4. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнің 1994 жылдың 17 маусымында бекiтiлген "Тазартқыш ғимараттарының жұмысына және төгiндi судың тастандыларына бақылау жүргiзу жөнiндегi Экобиоресурстар министрлiгiнің органдарына арналған ұсыныстарының" күшi жойылсын.
5. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылау Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттік инспекциясы Департаментіне (Елеушов Б.С.) жүктелсін.
Министр
Келісінді: Келісінді:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Энергетика және
министрлігі минералдық ресурстар
Вице-Министрінің м.а. Министрлігі
Вице-Министр
19 желтоқсан 2001 ж. 20 желтоқсан 2001 ж.
Келісінді: Келісінді:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару Төтенше жағдайлар
жөніндегі Агенттігі жөніндегі Агенттігі
Председателдің бірінші Председателдің бірінші
орынбасары Председателдің бірінші
21 желтоқсан 2001 ж. 28 желтоқсан 2001 ж.
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
Министрінің 2002 жылдың
21 қаңтардағы N 12-п
Бұйрығымен бекітілген
Тазартқыш ғимараттарының жұмысына және төгінді
суларды шығаруды тексеру жөніндегі
Нұсқау 1. Жалпы ережелер
1. Бұл нұсқау Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 15 шілдесіндегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Z970160_ , 1997 жылдың 19 мамырындағы "Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Z970111_ , 1994 жылдың 14 шілдесіндегі "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы" Z942000_ Заңдарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 31 наурызындағы Су кодексіне K933000_ , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылдың 29 сәуiрiндегi N 600 P950600_ қаулысымен бекiтiлген "Су ресурстарын қорғау және пайдалануға мемлекеттiк бақылау туралы Ережеге", Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 18 қазанындағы N 1284 P961284_ қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын қорғауға мемлекеттiк бақылау туралы Ережеге", Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 18 қазанындағы N 1285 P961285_ қаулысымен бекiтiлген "Жер қойнауына залалды заттарды, радиактивтi қалдықтарды көмудiң және төгiндi суларды тастаудың кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ережеге", Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 18 қазанындағы N 1286 P961286_ қаулысымен бекiтiлген "Жер қойнауларына залалды заттарды көму және төгiндi суларды тастау тәртiбi туралы Ережеге", Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылдың 16 ақпанындағы N 235 P970235_ қаулысымен бекiтiлген "Жердi қорғау және пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүргiзу туралы Ережеге" және 1999 жылдың 26 ақпаны 5 сәуiрiндегi "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнің Қоршаған ортаны қорғау комитетi мен Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнің Денсаулық сақтау комитетi арасындағы өзара әрекет және функцияларын бөлу тәртiбi туралы Ережеге" сәйкес, тазартқыш ғимараттарының жұмысын және төгiндi суларды шығаруды тексеру барысында Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау органдарына (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау органдары) негiзгi ұсыныстарды баяндау мақсатында әзiрлендi.
2. Осы Нұсқауға сәйкес тазартқыш ғимараттардың жұмысына және төгiндi сулардың тастандыларын тiкелей су объектілеріне, суармалы егiн шаруашылығы жерлерiне, жинағыштарға және булану алаңдарына тастауға тексеру жүргiзiледi.
2. Тазартқыш ғимараттарының жұмысын тексерудің
мақсаттары мен мiндеттерi
3. Тазартқыш ғимараттардың жұмысына және төгiндi суларды шығаруға мемлекеттiк бақылау су объектілерінің тазартылмаған және толық тазартылмаған төгiндi сулармен ластануын ескерту және тоқтату, сонымен қатар кәзiр тазартқыш ғимараттарының жұмысын және төгiндi суларды шығаруды жоспарлау, бақылау және есепке алудың жалпы тәртiбiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк бақылау органдарының тазартқыш ғимараттары жұмысына бақылау жасау кезiндегi негiзгi мiндеттерi:
арнайы су пайдалануға және төгіндi суларды шығаруға рұқсаттың барлығын және оларда көрсетiлген шарттардың орындалуын тексеру;
төгiндi сулардың тазартылуының тиiмдiлiгiн тексеру;
су объектілеріне тасталған төгiндi сулардың ықпалын анықтау;
тазартқыш ғимараттары жұмысын жетiлдiру жөнiнде нұсқама беру;
табиғат қорғау заңын бұзу нәтижесiнде келтiрiлген залалдың мөлшерiн анықтау, осы залалды ерiктi түрде орнына келтiру туралы кiнәлi тұлғаларға талап қою, немесе сол талапты сот арқылы қою.
3. Тексеру жүргiзудi жоспарлау
5. Тазартқыш ғимараттарының жұмысын тексеру мемлекеттiк бақылау органдарымен бекiтiлген жоспар бойынша жүзеге асырылады. Жоспарлы тексеруден басқа жоғарғы органдардың тапсырмасымен, жекелеген ұйымдар мен тұлғалардың хабарлауымен сонымен қатар төгiндi суларды шығару себебiнен су объектісінің сапасы нашарлаған жағдайда кенеттен (жоспардан тыс) тексерiлуi мүмкін.
Тексерудi жоспарлау барысында қолданудағы заңдарға сәйкес кiшi кәсiпкерлер субъектілерін үш жыл iшiнде бiр реттен артық тексеруге болмайтындығын ескеру қажет. Барлық тексерулер басталар алдында шаруашылық субъектілерін тексеру жүргiзу туралы Актi прокуратура органдарында тiркелуi тиiс.
6. Бiрiншi кезекте су объектілеріне төгiндi суды тастаудың шарттары жүйелi түрде бұзылатын тазартқыш ғимараттары тексерiледi. Тазартқыш ғимараттарының жұмысын тексеру жоспарын санитарлық қадағалау және балық қорын қорғайтын органдарының жоспарымен үйлестiрген дұрыс.
7. Төгiндi суларды қабылдағыштар - жинағыштар, суару, сүзгiлеу және булану алаңдары жер асты суларын ластау көздерi болып табылған жағдайда, бақылау Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің органдарының қатынасуымен жүргiзiледi.
8. Тазартқыш ғимараттарының жұмысын тексерудi, төгiндi судың көлемi мен құрамын анықтауды лабораториялық-талдау бақылау мамандарымен бiрлесiп жүргізу қажет. Тексеру бағдарламасы мемлекеттiк бақылау органының басшысымен бекiтiледi.
9. Тазартқыш ғимараттарын зерттеу кезiнде келесiлердi басшылыққа алу қажет:
тазартқыш ғимаратының технологиялық сызбасының және оның жұмыс регламентiнің жобалық деректерiмен;
ғимараттың төлқұжатымен;
тазартылған төгiндi суды тастауға берілген рұқсатпен;
су объектісіне тасталатын ластаушы заттардың ШРТ нормативтерi;
тазартқыш ғимараттарының жұмысын жақсартуға бұрын берiлген нұсқамалардың орындалуы;
бақылау жасайтын ведомстволық лабораторияның жұмысын (жабдықталуы, әдiстемелердi қадағалауы, төгiндi суларды талдаудың кезеңдiгi мен көлемi, сонымен қатар сынамаларды алу нүктелерi мен тәртiбi);
тазартқыш ғимараттарында тазартылған төгiндi суының лабораториялық талдауының деректерiмен, оларды жобалық деректермен салыстыру;
әрбiр ғимараттың пайдалануының регламентi және оның қадағалануы;
технологиялық процестердің автоматизациялану дәрежесi;
пайдаланудағы тазартқыш ғимараттарының жоспарланғандарға сәйкестiлiгi.
10. Қажет болған жағдайда судың тазалану дәрежесiн анықтау мақсатында жалпы тазартқыш ғимараттарынан және оның жекелеген бөлiктерiнен төгiндi сулардың сынамалары алынып, талдау жасалынады. Мiндеттi түрде сынама тазартқыш ғимараттарына немесе оның жекелеген бөлiгiне кiретiн және шығатын жерiнен төгiндi судың ғимарат арқылы өту уақытысын ескерумен алынады.
11. Сынама тексерiлушi су пайдаланушы объектінің өкiлiнiң қатынасуымен алынады. Алынған сынамаға талдау нәтижелерiн берiлетiн сынама алу хаттамасы жасалады (N 1, 2 қосылым).
4. Әртүрлi типтегi тазартқыш ғимараттарының жұмысына
бақылауды ұйымдастыру
12. Механикалық тазарту төгiндi сулардан қалқымалы жағдайда тұрған ластаушы заттарды алу үшiн қолданылады және келесi ғимараттарда жүзеге асырылады: торлар, құм ұстағыштар, әртүрлi типтегi тұндырғыштар.
13. Механикалық тазартудың торларын қараған кезде торларды тазартудың механизациялау дәрежесiне, оларда қалған заттарды уақытылы алуына, тордан алынған заттардың тиiмдi өңделуiне көңiл бөлу қажет.
14. Құм ұстағыштар жұмысын саны мен сапасына қарай бағалайды (орташа тығыздылығы, күлдiгi, құмның құрамы мен түйiрлiгi).
Құм ұстағышты тексеру кезiнде оның құрылысының ерекшелiгiн анықтау қажет (сызатты, тұндырғышты немесе басқа типтi; құм ұстағыштағы сұйық қозғалысының нақты жылдамдығы мен оның жобадағы жылдамдыққа сәйкестiгi; құм ұстағыштағы тұнбаларды алудың уақыттылығы).
15. Бастапқы тұндырғыштардың жұмысы қалқымалы заттардың және тұндырылған судағы шөгiлмелi заттардың құрамы бойынша бағаланады.
Бастапқы тұндырғыштарды (тiк, көлденең және радиальды) қарау кезiнде механизациялау деңгейiне және тұнбалардың және қалқып шығатын заттарды алудың уақыттылығына, тұнбаларды алуды қамтамасыз ететiн науалардың жағдайына және механизмдердің ахаусыздығына, оларда су болудың есептi уақытысының қадағалануына назар аудару қажет.
Қалқымалы заттардың саны 40 пайыздан кем және 60 пайыздан жоғары болмауы керек.
16. Екi қабатты тұндырғыштардағы төгiндi суды және ылғал тұнбаны бақылау бастапқы тұндырғышты бақылау схемасы бойынша жүзеге асырылады. Күлдiгi мен ашыған тұнбаның органикалық заттары анықталады.
17. Химиялық және физика-химиялық тазарту ғимараттары спецификалық ластағыш заттарды төгiндi сулардан алу немесе оларды бұзу үшiн қолданылады. Тазартудың химиялық әдiсiне жоқ қылу және тотықтандыру, ал физика-химиялық әдiске - сорбция, коагуляция, экстракция, флотация, электролиз, ионды ауысу, кристалдау және басқалар жатады. Химиялық және физика-химиялық тазарту ғимаратының жұмысының режимiнiң дұрыстығын спецификалық ластаушы заттарды алу дәрежесiне қарап анықтайды, ғимаратқа түсетiн және одан шығатын төгiндi сулардағы осы заттардың құрамына талдау жүргiзедi.
Химиялық және физика-химиялық тазарту ғимаратының жұмысын тексерген кезде ғимараттағы нақты жүктемеге, реагенттердің дозировкасына, технологиялық регламенттің жекелеген аппараттарындағы төгіндi судың болу уақытысына, процестердiң механизациялау және автоматизациялау дәрежесiне және ғимаратты қалдықтардан тазарту кезеңдiгiне қарау қажет.
18. Биохимиялық тазарту ғимараттары.
Биохимиялық тазарту төгiндi суда коллоидтi немесе ерiткi түрiнде болатын органикалық заттарды тотықтандыратын микроорганизмдердің өмiр сүру қабiлеттiлiгiн пайдалануға негiзделген. Олар екi түрге бөлiнедi: Биохимиялық тазартудың бiрiншi түрi биологиялық тазарту табиғи жағдайларда жүзеге асырылады (сүзгiлеу алаңдары, биотоғандар).
Биохимиялық тазартудың екiншi түрiне тазарту жасанды жағдайларда жүзеге асырылады (биофильтрлар, аэрофильтрлар, аэротенкалар, окистенкалар және т.б.).
19. Сүзгiлеу алаңдарының жұмысын бақылау кезiнде жұмысшы қабатындағы сүзгiлеу жағдайының дұрыс қамтамасыз етiлуiне, каналдар мен науалардың жағдайына алаңдарға және жекелеген карталарға келтiрiлген сұйық заттарға, қоршама және картааралық дуалдардың жағдайына, карталарды мезгiлдi жыртылуына, алаңдарды (карталарды) толтыру графигiне және оның нақты орындалуына назар аудару қажет.
20. Биологиялық тоғандарды тексеру кезiнде олардың уақытылы тазартылуына, ал жасанды аэрация бар кезiнде механикалық аэраторлар жұмысының тиiмдiлiгiне назар аудару керек.
21. Биофильтрлар және аэрофильтрлар жұмысын тексеру кезiнде биофильтрлардың нақты жүктемесiнiң жобадағы жүктемесiне сәйкестiлiгiне, бiр сөтке iшiнде төгiндi суды берудiң және биофильтр бойын суландырудың бiркелкiлiгiне, сүзгілеу материалдарымен жүктемелеудiң дұрыстығына аэрофильтрларға ауа беретiн вентиляция жүйесiнiң жағдайына, сүзгiлеу алаңындағы төгiндi судың сүзгiленуiнiң бiркелкiлiгiне назар аудару қажет.
22. Аэротенкалардың жұмысына бақылау жасау кезiнде ауа және белсендi лайдың шығынын өлшейтiн өлшеу приборларының болуына аэротенка алаңы бойынша ауаның бiркелкi таралуына, белсендi лайдың жағдайына және регенерирланған лайды бiркелкi беруге, нақты аэрациялау кезеңiнiң және ауа шығынының белгiленген технологиялық режимге сәйкестiгiне назар аудару қажет.
23. Аэротенкалардағы және биофильтрлардағы биохимиялық процеске бақылауды маңызды бөлiгi гидробиологиялық талдау болып табылады.
24. Белсендi лай - сапасы оның сыртқы түрiмен микроорганизмнiң болуы мен түр құрамдарымен лайлық индексiмен, ерiтiлген оттегiнің санымен сипатталатын биологиялық тазартудың негiзгi факторлары болып табылады. Лайлық индексi лайдың отыру қабiлеттiлiгiн көрсетедi. Бұл белсендi лайдың 1 грамм құрғақ затының жарты сағат iшiнде тұнған миллилитрдегi көлемi. Аэротенкалар үшiн толық тазартуға қажеттi лай индексi 70-100 мл. құрайды.
Биологиялық тазартудың барысы мен бағытын ең дәл сипаттайтын азот топтарының болуы туралы көрсеткiш болып табылады. Тазартылған судағы нитраттың өсуi тазарту процесiнің табысты жүргенiн дәлелдейдi.
25. Төгiндi суды толық тазартатын ғимараттарға сүзгiлер, микросүзгiлер, биотоғандар және т.б. жатады.
26. Сүзгiлердiң жұмысын тексеру барысында берiлетiн нақты сумен технологиялық регламентпен белгiленген судың көлемiнiң сәйкестiлiгiне, сүзгiлеу материалының гранулометрологиялық құрамы мен көлемiне, сүзгiлеу жылдамдығы мен жуу (йодты немесе суауалы) мерзiмдiлiгiне назар аудару қажет.
Микросүзгiлердiң жұмысын тексеру кезiнде түсетiн төгiндi судың құрамына (қалқымалы заттар құрамы 3-20мл/л) және агрегаттың техникалық ахуалына назар аудару керек.
Сүзгiлердiң жұмысының тиiмдiлiгi пайызбен қалқымалы заттардың құрамының төмендеуiмен бағаланады (сүзгiлер үшiн - 70-80 пайыз, микросүзгiлер үшiн 50-60 пайыз).
Биологиялық тоғандарды тексеру кезiнде олардың уақытылы тазартылуына, жасанда аэрация болған жағдайда, механикалық аэраторлар жұмысының тиiмділiгіне назар аудару қажет.
27. Төгiндi суды залалсыздандыратын ғимараттарға, залалсыздандыру сұйық хлормен немесе 35 пайызға дейiн белсендi хлор құрамында бар хлор әгiмен хлорландыру жолымен залалсыздандырылатын хлор қондырғылары жатады.
Хлор қондырғыларының жұмысына бақылау жасау кезiнде хлордың дозасына және бiркелкi берiлуiне, хлормен төгiндi судың түйiсу уақытының қадағалануына, түйiсу қауызының түбiндегi тұнбалардың дер кезiнде алынуына, залалсыздандыру реагенттермен қамтамасыз етiлуiне назар аудару керек.
3.01.070.98 ж. Жер үстi суларын ластаудан қорғау санитарлық ережелерi мен нормаларына сәйкес 1 текше метр тұнбаланған төгiндi суға қажеттi хлордың шығыны келесiлер, грамда: толық биологиялық тазарту станцияларында - 15, механикалық тазарту станцияларында - 30. Отыз минут түйiскеннен кейiнгi судың хлорды сiңiру қабiлеттiлiгi 0,5-1,0 мг/л бос хлорға тең болып қалуы қажет.
28. Тұнбаларды жою және жинауға бақылау.
Төгiндi суды тазарту барысында пайда болған тұнбалар (лай, қалдықтар) залалсызданып, сусызданып жоюға жiберiледi. Тұнбаның ашуы метатенкаларда жүргiзiледi.
Оның жұмысының тиiмдiлiгi тиелген және түсiрiлген тұнбаның ылғалдығы мен күлдiгiмен, бөлiнетiн газдың санымен, сұйық лайдың және ашыту газының талдауымен бағаланады. Тұнбаны сусыздандыру лай алаңдарында және әртүрлi типтегi сүзгілеу қондырғыларында жүргiзiледi.
Лай алаңдарын тексеру барысында қабаттың нақты қалыңдығына, қабылдаған жүктемеге, құрғатудың уақыты мен дәрежесiне, механизациялау дәрежесiне және технологиялық режиммен белгiленген тұнбаларды алу мерзiмдiгiне, наулардың шеттерi арқылы тұнбалардың ағылу орындарының болуына, қашыртқы сулардың тазартқыш ғимараттарына қайтарылуына, маңайдағы аумақтың батпақтануына назар аудару керек.
Сүзгiлеу қондырғыларының жұмысын тексеру кезiнде тұнбаның сусыздану дәрежесiне және фильтраттың тазартқыш ғимараттарына түсуiне назар аудару қажет.
5. Төгiндi суды шығарудың су объектісіне тигiзетiн
ықпалын анықтау
29. Төгiндi судың тастандысының су объектісіне тигiзетiн ықпалын анықтау төгiндi суды тазалануының жеткiлiктi екенін бағалау үшiн келесi жолдармен жүзеге асырылады:
түсi, иiсi, судың тұнықтылығы, мұнай, май қабыршағының болуы, қалқып шыққан газ көбiктерiнің болуы, шөптенудің дамуы мен сипаты, тұнбалардың тұнуы, сонымен қатар жағалаудың санитарлық ахуалы бойынша су объектісінің жағдайын зерттеу;
су объектісі суының, қажет болған жағдайда тоқсанында бiр реттен сирек емес мерзiмде белгiленген бағаналардан алынатын су түбiндегi тұнбалардың лабораториялық талдауын жүргiзу.
30. Су объектілеріндегі сынама алу орындары санитарлық қадағалау және балық қорғау органдарының келiсiмiмен белгiленген тәртiпте бекiтiлген нормативтi құжаттарға сәйкес белгiленедi. Су объектісіне судың шығу нүктесiнен жоғары және төмен жерлерден сынама алу кезiнде судың осы аралықтардан өту уақытысын ескеру қажет.
31. Суды алу уақытысы талдау мақсатына және су объектісіне төгiндi судың түсу режимiне байланысты.
32. Сынамалар сынама алғышпен су объектісінің бетiнен 0,5 метр тереңдiктен алынады. Енi 15-20 метр болатын және одан да кең су объектілерінде сынама өзеннің екi жағасынан және ортасынан алынады, ал кiшi өзендерде ортасынан алынады. Қажет болған жағдайда өзен түбiндегi тұнбалардан да сынама алынады.
33. Су объектісінің суды талдау көлемi ведомстволық лабораториялық бақылау тәртiбiне және спецификалық ингредиенттерді ескерумен белгiленедi.
34. Талдау нәтижесiнде жер үстi суларын қорғау Ережесiнің талаптары мен нормативтерiне сәйкес бақылаулы бағаналардағы су құрамын есептi гидрологиялық шарттармен салыстыру жолымен төгiндi сулардың су объектілеріне ықпалы бағаланады.
Төгiндi суды шығарудың су объектісіне ықпалы туралы тұжырымдама су пайдаланушы-объектінің табиғат қорғау әрекетiн тексеру Актісінде мемлекеттiк бақылау органдарымен көрсетiлiп, анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде белгiленген тәртiпте шаралар қолданылады.
1 Қосылым
Талдау нәтижелерi
Ингридиенттердiң атауы Талдау деректерi
Температура, 0С
РН
Түсi, град
Иiсi, балл
Тұнықтығы, см
05 0С қалқымалы заттар, мг\дм3
Шыңдаған қалқымалы заттар, мг\дм3
105 0С құрғақ қалдық, мг\дм3
Шыңдалған құрғақ қалдық, мг\дм3
Тұнба және жүзiп жүрген қоспалар, мг\м3
Қышқылдығы (сiлтiлiгi), мг-экв\дм3
Жалпы қаттылығы, мг-экв\дм3
Ерiтпелi оттегi, мг\м3
БПК5, толық БПК, мгО2\дм3
Пермангантты тотықтануы, мгО2\дм3
Биохроматты тотықтануы, (ХПК), мгО2\дм3
Аммонийлы азиг, мг\дм3
Нитриттар, мг\дм3
Нитраттар, мг\дм3
Хлоридтар, мг\дм3
Сульфаттар, мг\м3
Фосфаттар, мг\дм3
Минерализация, мг\м3
Эфироэкстрагерлентiндер мг\дм3
Мұнай өнiмдерi, мг\дм3
СПАВ, мг\дм3
Пестицидттар, мкг\дм3
Фенолдар, мг\дм3
Жалпы темiрлер, мг\дм3
Спецификалық ластаушы заттар
Тұжырымдама---------------------------------------------------------
Талдауды орындау мерзiмi-------------------------------------------
Лаборатория жетекшiсi---------------------------------------------
2 Қосылым
Қолданылатын тазарту әдiсiне байланысты төгiнді суды
талдаудың шамалас көлемi
--------------------------------------------------------------------
Механика. Көлденең және Қалқымалы заттардың Бояуы, иiсi,
лық тiк құрамын азайту және тұнықтылығы,
тұндырғыштар осымен қатар тұнықтығын қалқымалы
арттыру және БПК5 азайту заттар,көлемi
бойынша тұнба.
ның құрамы
--------------------------------------------------------------------
Екiқабатты Төгіндi сулардың Сұйық фазасын
тұндырғылар сұйық фазасында талдау құрамы
Тұндыру үшінгі сол жоғарыда
тиiмдiліктер. Тұнба көрсетiлгендей.
қасиетiнiң өзгеруi Тұнба түрi,иiсi,
(сыртқы түрінiң лай судың РН
жақсаруы, коллоидты
құрылымының
бұзылуы, нығыздалуы)
Биология. Сүзгiлеу Органикалық Температура,
лық алаңдары, заттардың РН, бояуы, иiсi,
Суару минерализациясы көлемi бойынша
алаңдары, қалқымалы заттардың тұнбасы,
Биотоғандар, құрамының азаюы қалқымалы
биофильтрдi және өзгеруi, төгiндi заттар, ерiтпелi
қоспалардан судың сыртқы оттегi, БПК
тазарту, толық қасиеттерiнiң өзгеруi тотықталуы,
немесе толық (бояуы, тұнықтығы, тұрақтылығы,
емес иiсi) аммонийлы
тазартудың азот, нитраттар,
аэротенкалары нитриттар,
спецификалық
ластаушы
заттар, белсендi
лай.
Химиялық Қышқылды Сутегi көрсеткiшiнiң РН, бояуы, иiсi,
және сiлтiлi есеппен белгiленген тұнықтығы, осы
өнеркәсiптiк мәнге дейiн өндiрiске
төгiндi орташаландыру (рН). сипатты
суларды Есеппен белгiленген залалды заттар,
залалсыздан. шекке дейiн төгiндi реагенттердiң
дыратын судағы залалды қалдық саны
ғимараттар, заттардың құрамын (қажеттi
залалды азайту. Төгіндi судың жағдайда).
заттардан сыртқы қасиеттерiнің
толық немесе өзгеруi (түссiзденуi,
толық емес иісті кетіруі, тұнық.
тазартылған тығын арттыру)
төгiндi су
үшінгі ғима.
раттар
Залалсыз. Залалсызданды. Судағы бактериялар 1 мл бактерияның
дандыру руға арналған жалпы санының күрт жалпы санын және
ғимараттар төмендеуi,iшек iшектi палочкалар
кесенi палочкалар индексiнің индексiн анықтау.
айтарлықтай төмендеуi, бактериологиялық
төгiндi суларды пато. зерттеулер
гендi микроорганизм. жүргiзу,патогендi
дерден тазарту. микроорганизмдер.
ді анықтау,
төгiндi судағы
қалдық хлорды
анықтау.
--------------------------------------------------------------------------