Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы
N 11
(қолданысқа енгізілу тәртібін
6-тармақтан
қараңыз)
қаулысымен
.
___________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25
қаулысына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiне:
Ереженiң барлық мәтiнi бойынша "кредиттер", "кредиттердiң", "депозиттер" деген сөздер тиiсiнше "заемдар", "заемдардың", "салымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспенiң бiрiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметi
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспенiң екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебi деген ұғымды, оны жасау тәртiбiн және ұсыну мерзiмiн, сондай-ақ шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.";
1-тармақта:
1), 3) және 11) тармақшалар алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) еншiлес ұйым - банк тура (тiкелей) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) дауыс беретiн акциялардың елу процентiнен астамын иеленетiн немесе дауыс беру мүмкiндiгi бар немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (немесе өзге тәсiлмен) осы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдi анықтауға банктiң мүмкiндiгi болатын заңды тұлға;"
4) тармақшада екiншi сөйлем алынып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) бағынышты ұйым - банк дауыс беретiн акцияларының жиырма процентiнен астамын иеленетiн заңды тұлға;";
14) тармақша "бiрiгiп" деген сөзден кейiн "шаруашылық" деген сөзбен толықтырылсын;
15) тармақша "бiрлескен" деген сөзден кейiн "шаруашылық" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) жанама әдiс - таза кiрiс немесе шығын ағымдағы активтердi және мiндеттемелердi, ақшамен жасалмайтын операцияларды, сондай-ақ операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтiң нәтижесi болып табылатын есептелген кiрiстi және шығынды алдыңғы кезеңмен салыстыра өзгерту арқылы түзетiлетiн әдiс.
Бұл әдiс топтың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы шоғырландырылған баланстағы және шоғырландырылған есептегі ақпаратқа негізделген;
17) банктiк топ - банк қатысушысы болып табылатын банк және ұйым.";
3-тармақта "бақылауды жүзеге асыра алады" деген сөздер "шешiмдi айқындау мүмкiндiгi болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бас банк шоғырландырылған қаржылық есепке өзiнiң барлық еншiлес ұйымдарын енгiзуi және мынадай жағдайларды қоспағанда үлеске қатысу әдiсi бойынша бағынышты ұйымдарға инвестицияларды ескеруi тиiс:
1) еншiлес ұйымдар, сондай-ақ бағынышты ұйымдарға инвестициялар жақын болашақта (алған күннен бастап алты айдан асырмай) сату мақсатында сатып алынғанда және еншiлес ұйымның шешiмiн айқындау мүмкiндiгi уақытша болғанда;
2) еншiлес немесе бағынышты ұйымдар, олардың бас банкке ақша беру қабiлетiн төмендететiн қатаң ұзақ мерзiмдi шектеу жағдайында жұмыс iстегенде.";
6, 7, 8, 9, 19 және 31-тармақтар алынып тасталсын;
12-тармақтағы "шоғырландырылған қаржылық есеп беру нысандары" деген сөздер "шоғырландырылған қаржылық есеп беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептi мiндеттi түрде тәуелсiз аудитор растауы қажет.";
2-бөлiмнiң атауындағы "нысандары және әдiстемелерi" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Шоғырландыру мақсатында бас банктiң және оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептерi активтер, мiндеттемелер, өз капиталы, кiрiс және шығыс баптарында көрсетiлген сомаларды қосу арқылы әр бап және әр жол бойынша сипаты және мәнi бойынша бiрiктiрiледi. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерiн шоғырландыру құн әдiсi және үлеске қатысу әдiсi бойынша жүзеге асырылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Шоғырландырылған қаржылық есептi дайындау үшiн бiрiктiруге, түзетуге және бас банктiң, оның еншiлес және бағынышты ұйымдарының жекелеген қаржылық есептерiнен шоғырландырылған қаржылық есепке ауыстырылуға жататын баптар белгiленеді.";
2-бөлiм мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Шоғырландырылған қаржылық есеп Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жасалады.";
20, 21, 22, 27, 28-тармақтарында "бағынышты" деген сөз алынып тасталсын;
21-тармақтың 3) тармақшасы "жарғылық капитал" деген сөздерден кейiн "бөлiнбеген кiрiс (шығын)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-бөлiм мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерiн жасау тәртiбi
33-1. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерiн шоғырландыру осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
33-2. Шоғырландырылған қаржылық есепте бас банктiң бағынышты ұйымдарға инвестициялары үлеске қатысу әдiсi бойынша есептеледi.
Үлеске қатысу әдiсi мынадай белгiлермен сипатталады:
1) инвестициялар сатып алынған сәттегi сатып алу құны бойынша есептеледi;
2) бағынышты ұйымның таза кiрiс үлесi инвестициялардың баланстық құнын көбейтедi, ал шығын үлесi - азайтады;
3) есептелетiн дивидендтер сомасы инвестициялардың баланстық құнын азайту ретiнде көрсетiледi.
33-3. Мынадай жағдайларда банктiң жекелеген қаржылық есебiнде оның бағынышты ұйымдарға инвестицияларын көрсету үшiн құн әдiсi пайдаланылады:
1) бағынышты ұйымдарға инвестициялар жақын болашақта (алған күннен бастап алты айдан асырмай) сату мақсатында сатып алынды;
2) бағынышты ұйымдар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулер жағдайында жұмыс iстейдi.
Мынадай жағдайлар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулердiң шарттары болып табылады:
1) бағынышты ұйым оның дивидендтiк саясатына араласа алатын өкiметтiң қадағалауында бола алатын;
2) бағынышты ұйым өз қызметiн таза кiрiстi шет елге аударуға шектеу қойылған елде жүзеге асырғанда;
3) бағынышты ұйымның қызметiн шектеудiң пайда болуына әкелiп соқтыруы ықтимал саяси жағдай өзгергенде.
33-4. Бас банктiң бағынышты ұйымының шығынындағы қатысу үлесi инвестициялардың баланстық құнына тең немесе одан артық болса, онда нольдiк құнға дейiн жеткiзiлетiн шығындардың үлесi инвестициялардың баланстық құнын азайтып көрсетедi, ал инвестициялардың құнынан асып кеткен сома балансқа есептеледi. Бас банк бағынышты ұйымның таза кiрiсiне өзiнiң үлестiк қатысуын таза кiрiс үлесi есепке алынбаған таза шығын үлесiне тең болғаннан кейiн ғана көрсетедi.
33-5. Егер бағынышты ұйым активтердi қайта бағалайтын болса, қайта бағалауға байланысты бас банк үлесiнiң өзгеруi инвестициялардың баланстық құнын өсiредi (азайтады). Бас банктiң инвестицияларының баланстық құнының өсуi өз капиталы бөлiмiнде қосымша төленбеген капитал ретiнде көрсетiледi. Бас банктiң инвестицияларының баланстық құнының кемуi бұрын бағалағанға дейiн жүргiзiлген сома шегiнде қосымша төленбеген капиталдың азаюымен көрiнедi. Егер шығынның үлесi бұрын жүргізiлген бағалағанға дейiнгi сомадан асып кетсе, онда айырмашылық сомасы үлеске қатысу шығыны ретiнде танылады.";
35-тармақта:
1) тармақшадағы "iрi" деген сөз алынып тасталсын;
2) тармақшадағы "үстiнен қадағалауды жүзеге асыруға" деген сөздер "шешiмiн айқындауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) дауыс берушi акцияларының жартысынан астамы бас банктiң иелiгiндегi ұйымдардың тiзiмi, бiрақ олардың шешiмiн айқындауға бас банктiң мүмкiндiгi жоқ;";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Ұлттық Банк белгiлейтiн банктiк топтар үшiн мiндеттi түрде сақталуы тиiстi пруденциалдық нормативтердi есептеу банктердiң шоғырландырылған қаржылық есебi негiзiнде жүзеге асырылады.
Банктiк топтар үшiн пруденциалдық нормативтердi есептеу тәртiбi және екiншi деңгейдегi банктердiң оларды орындағаны туралы есептердi ұсыну мерзiмдерi Ұлттық Банктiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.";
аталған Ереженiң N 2 қосымшасында 9-жолдағы "түсiм/зиян" деген сөздер "кiрiс (шығын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған Ереженiң N 3 қосымшасында 7-жолдағы "2.11" деген сандар "2.10" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігімен
келісілген
2002 жыл 8 сәуір