Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1170. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы N 11 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы   N 11   (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан  қараңыз)   қаулысымен .
___________________________

      Бухгалтерлiк есептi жетiлдiре түсу және екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына көшуi мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
     1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
     2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Рахметова С.К.): 
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге белгiленген тәртiппен тиiстi шаралар қабылдасын; 
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы

  Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi
банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау
ережесi

      Ескерту: Ереженiң барлық мәтiнi бойынша "кредиттер", "кредиттердiң", "депозиттер" деген сөздер тиiсiнше "заемдар", "заемдардың", "салымдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына, қаржылық есептің халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
     Осы Ереже Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоғырландырылған қаржылық есебін жасау тәртібін және ұсыну мерзімдерін айқындайды.
     Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .  

  1-бөлiм. Жалпы ережелер  

     1. Осы Ережеде қолданылатын, негiзгi ұғымдар: 
     1) <*> 
     2) еншiлес ұйым - банк тура (тiкелей) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) дауыс беретiн акциялардың елу процентiнен астамын иеленетiн немесе дауыс беру мүмкiндiгi бар немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (немесе өзге тәсiлмен) осы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдi анықтауға банктiң мүмкiндiгi болатын заңды тұлға;
     3) <*> 
     4) бас банк - бұл бiр және/немесе одан да көп еншiлес және/немесе бағынышты ұйымдары бар банк;
     5) топ - бас банкпен оның барлық бағынышты және еншiлес ұйымдары; 
     6) шоғырландырылған қаржылық есеп беру - бұл топтың бірыңғай қаржылық есеп беру ретінде ұсынған қаржылық есеп беруі; 
     7) жеке қаржылық есеп беру - бас банктiң, оның бағынышты және еншiлес ұйымдарының шоғырландырылуға жататын қаржылық есеп беруi; 
     8) азшылық үлесі - бұл еншілес ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің таза кірістерінің (шығындарының) және таза активтерінің оның капиталындағы үлесіне тиесілі, бас банк тікелей немесе еншілес ұйымдар арқылы жанама түрде иеленбейтін бөлігі;
     9) толық дерлiк иелiк - бас банк еншiлес ұйымның дауыс беру акциясының 90 проценттен астамын иеленушi; 
     10) бағынышты ұйым - банк дауыс беретiн акцияларының жиырма процентiнен астамын иеленетiн заңды тұлға; 
     11) <*> 
     12) үлеске қатысу әдiсi - бас банк инвестициясын бағынышты ұйым қабылдаған кезде сатып алу бағасын келешек өсiмiмен (азаюымен) қоса бағалағанда бағынышты ұйымның таза активтерiнiң өзгерiстерiндегi есептеу әдiсi. Бағынышты ұйымның таза кiрiсiнде (шығынында) бас банктiң үлесiн мойындау бойынша бас банк үлесiнiң өзгеруi кірістер және шығыстар туралы есепте бас банктiң кiрiсi (шығысы) деп есептеледi; 
     13) бағалау әдiсi - инвестициялар сатып алынған кезде сатып алу бағасы бойынша көрсетiлетiн есеп әдiсi. Инвестициядан түскен кiрiс бас банктiң кірістер және шығыстар туралы есепте бағынышты ұйымның жинақталған таза табысының жалпы сомасынан сатып алынған тиiстi күннен кейiн пайда болған дивиденд мөлшерiнде қабылданады; 
     14) Консорциум - бiрiгiп шаруашылық қызмет ету туралы шарт негiзiндегi уақытша ерiктi тең құқықты одақ (бiрлестiк), мұнда заңды тұлғалар нақты шаруашылық мәселелерiн шешу үшiн қор атаулыны бiрiктiредi және күш-жiгердi жұмылдырады;
     15) бiрлескен шаруашылық қызмет - екi немесе одан да көп тараптардың жалпышаруашылықтық мақсатқа жету үшiн бiрлесiп қызмет етуге мiндеттенуi;
     16) жанама әдiс - таза кiрiс немесе шығын ағымдағы активтердi және мiндеттемелердi, ақшамен жасалмайтын операцияларды, сондай-ақ операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтiң нәтижесi болып табылатын есептелген кiрiстi және шығынды алдыңғы кезеңмен салыстыра өзгерту арқылы түзетiлетiн әдiс. 
     Бұл әдiс топтың кірістер және шығыстар туралы шоғырландырылған баланстағы және шоғырландырылған есептегі ақпаратқа негізделген;
     17) банктiк топ - банк қатысушысы болып табылатын банк және ұйым.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .

     2. Еншiлес немесе бағынышты ұйымды тiкелей иемдену мынадай жағдайда: бұл ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас банк өзi сатып алғанда жүзеге асады. Жанама иелiк еншiлес және бағынышты ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас банкке өз кезегiнде еншiлес немесе бағынышты ұйымдардың сатып алғандығымен анықталады. 

     3. Бас банк акциялардың жартысын немесе жартысынан азын алғаннан кейiн инвестициялаушы дауыс құқы бар ұйым жағдайында шешiмдi айқындау мүмкiндiгi болады, егерде:
     1) басқа инвесторлармен келiсiм негiзiнде дауыстың жартысынан көбiн алатын болса; 
     2) жарғыға немесе келiсiмге сәйкес инвестициялаушы ұйымның қаржы-шаруашылық саясатын белгiлеуге өкiлдiгi болса; 
     3) директорлар кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiгiн тағайындауға және босатуға өкiлеттiгi болса; 
     4) директорлар кеңесiнiң жиналысында көпшiлiк дауыс алуға құқы болса. 
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен

     4. Қаржы есеп-қисабын пайдаланушылардың бүкiл топтың қаржы жағдайы туралы және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратқа деген қажетi шоғырландырылған қаржылық есептермен қамтамасыз етiледi. 

     5. Бас банк шоғырландырылған қаржылық есепке өзiнiң барлық еншiлес ұйымдарын енгiзуi және мынадай жағдайларды қоспағанда үлеске қатысу әдiсi бойынша бағынышты ұйымдарға инвестицияларды ескеруi тиiс: 
     1) еншiлес ұйымдар, сондай-ақ бағынышты ұйымдарға инвестициялар он екі ай ішінде сату мақсатында сатып алынғанда және еншiлес ұйымның шешiмiн айқындау мүмкiндiгi уақытша болғанда;
     2)  алынып тасталды .
     Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107  қаулысымен 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .

     6-9. <*>
      Ескерту: 6-9-тармақтар алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     10. Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi бiр күнде, бiр мерзiмде жасалады. Шоғырландырылған қаржылық есептер әртүрлi есептi беру күндерi жасалған қаржылық есептер негiзiнде жасалуы мүмкiн, алайда аралары үш айдан аспауы керек. Мұндай жағдайда есеп беру күндерi бiр мерзiмнен екiншi мерзiмге жалғасып жатуы қажет. Мұндай қаржылық есептердi шоғырландыру мақсатында осы күндер аралығындағы елеулi операциялардың немесе басқа да оқиғалардың нәтижелерi болып табылатын өзгертулерге түзетулер енгiзiледi. 

     11. Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi қаржы-шаруашылық қызметiнiң осы тәрiздес операциялары мен оқиғалары үшiн бiрыңғай есеп саясатын пайдалана отырып дайындалады. Егер топ мүшесi шоғырландырылған қаржылық есеп құрастыру үшiн қабылданғаннан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда шоғырландырылған кезде оның қаржы есептерiне тиiстi түзетулер жасалады. Егер мұндай түзетулердiң есебiн шығару мүмкiн болмаса, онда бұл жағдай шоғырландырылған қаржылық есеп беру баптарының әртүрлi есеп саясаты қолданылған бөлiктерiмен бiрге шешiлуi тиiс. 

     12. Банктердiң шоғырландырылған қаржылық есеп беру қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан былай - уәкілетті орган) келісім бойынша Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде берiледi. <*> 
      Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107  қаулысымен 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен

     13. Бас банк шоғырландырылған қаржылық есеп берудi уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде жариялайды. 
     Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептi мiндеттi түрде тәуелсiз аудитор растауы қажет. 
      Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107  қаулысымен 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .

     14. Еншiлес ұйымды сатқанда, еншiлес ұйым шыққаннан кейiн алынған сома мен оның активтерiнiң шыққан күнгi мiндеттемелерiн (таза активтерiн) шегерiп тастағандағы, баланстық құны арасындағы айырмашылығы қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке еншiлес ұйым шығып кеткен күнгi кiрiс немесе шығын деп саналады. 

  2-бөлiм. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi
оның түрлерi бойынша жасау

       Ескерту: 2-бөлімнің атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен

     15. Шоғырландыру мақсатында бас банктiң және оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептерi активтер, мiндеттемелер, өз капиталы, кiрiс және шығыс баптарында көрсетiлген сомаларды қосу арқылы әр бап және әр жол бойынша сипаты және мәнi бойынша бiрiктiрiледi. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерiн шоғырландыру құн әдiсi және үлеске қатысу әдiсi бойынша жүзеге асырылады.
    Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен

     16. Шоғырландырылған қаржылық есептер бiртұтас ұйым ретiндегi топ туралы қаржылық ақпарат болып шығуы үшiн кейбiр баптар бойынша қайталауға жол берiлмеуi тиiс. Ол үшiн шоғырландырылған қаржылық есептердi құрастырғанда жүргiзiлген есептер негiзiнде түзету жазбалары жазылады. Түзету (жөндеу) жазбалары бухгалтерлiк есепте көрсетiлмейдi, шоғырландырылған қаржылық есептер дайындау барысында жұмыс кестесiне енгiзiледi.

     17. Шоғырландырылған қаржылық есептi дайындау үшiн бiрiктiруге, түзетуге және бас банктiң, оның еншiлес және бағынышты ұйымдарының жекелеген қаржылық есептерiнен шоғырландырылған қаржылық есепке ауыстырылуға жататын баптар белгiленеді.
    Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі   Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     18. Шоғырландырылған қаржылық есепке мыналар кiредi: 
     1) бухгалтерлiк баланс (N 1 қосымша);
     2) қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеп (N 2 қосымша); 
     3) ақша қозғалысы туралы есеп (N 3 қосымша); 
     3-1) меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп (4-қосымша);
     4) жазбаша түсiнiктеме.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .

     18-1. Шоғырландырылған қаржылық есеп Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жасалады.
      Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен

  1-тарау. Шоғырландырылған баланс  

     19. <*>
      Ескерту: 19-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     20. Бас банктiң, бухгалтерлiк оның еншiлес ұйымдарының баланстарының мынадай баптары бiрiктiрiлуi тиiс:
     1) "Актив" бөлiмi бойынша: банктердегi ақша, корреспонденттiк есепшоттар, берiлген заемдар мен салымдар, бағалы қағаздар, негiзгi құрал-жабдықтар, жинақталған тозу, материалдық емес активтер, материалдық емес активтердiң амортизациясы, аяқталмаған негiзгi құрылыс, тауар-материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар және басқа да активтер; 
     2) "Мiндеттемелер" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, меншiктi бағалы қағаздар, кредиторлық берешек және басқа да мiндеттемелер; 
     3) "Меншiктi капитал" бөлiмi бойынша: қосымша капитал, резервтегi капитал, негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау бойынша резервтер, қайта бағалау бойынша резервтер, өткен жылдардағы және ағымдағы жылы бөлiнбеген таза табыс (жабылмаған шығын). <*> 
      Ескерту: 20-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен

     21. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының бухгалтерлiк баланстарынан мынадай баптары түзетiлуi тиiс: 
     1) "Актив" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, дебиторлық, арыздар, қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар, басқа активтер; 
     2) "Мiндеттемелер" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, ұзақ мерзiмдi заемдардың ағымдағы бөлiгi, кредиторлық қарыздар, өздерi шығарған бағалы қағаздар, басқада мiндеттемелер; 
     3) "Меншiк капитал" бөлiмi бойынша: төленген жарғылық капитал бөлiнбеген кiрiс (шығын). 
      Ескерту: 21-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен

     22. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдары бухгалтерлiк балансының бiрiктiруге және түзетуге жатпайтын, шоғырландырылған балансқа өзгерiссiз ауысатын баптары.
      Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     23. Шоғырландырылған қаржылық есептi құрастырған күнi еншiлес ұйымның меншiк капиталы сомасынан әр еншiлес ұйымның таза активiнен азшылық үлесi анықталады. Еншiлес ұйымның таза активiнен азшылық үлесi, шоғырландырылған бухгалтерлiк баланстан оның мiндеттемесiнен жеке және "Азшылық үлесi" бабы бойынша меншiк капиталынан берiледi және бас банкке жатпайтын еншiлес ұйымның таза активiнiң көлемiн көрсетедi. 

  2-тарау. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы
шоғырландырылған есеп 

     24. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп, топтан тыс жасалған операциялардың қаржылық нәтижелерiн көрсетуге тиiс.

     25. Шоғырландыру мақсатында iшкi топтар операциялары бойынша кiрiс, шығыс және дивидендтер, бiр ұйымдарда толық аяқталған, бiрақ басқаларында аяқталмаған немесе толық аяқталмаған, сондай-ақ осы операциялардың нәтижесiнде туындаған пайдаланылмаған кiрiстер мен шығындарды алып тастау қажет. 
     Iшкi операциялар тобына мыналарды жатқызуға болады:
     қызмет сату және сатып алу;
     негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi алу және өткiзу;
     займдар беру және алу; 
     салымдарды орналастыру және тарту;
     басқалар. 

     26. Шоғырландыру есептер құрастыруды байланыстыру мақсатында қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырландырылған есептегi "Таза кiрiс (шығын)" ("оны жабылмаған шығын") жолынан шоғырландырылған баланстағы "Ағымдағы жылғы бөлiнбейтiн таза кiрiс" жолына ауыстырылады. 

     27. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының қаржышаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есептерiндегi мәлiметтер, олардың талдамалары мен түсiнiктемелерi бойынша бiрiктiрiлген және түзетiлген баптары анықталады. <*> 
      Ескерту: 27-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен

     28. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының қаржышаруашылық қызмет нәтижесi туралы есебiнiң баптары бiрiктiруге, және түзеуге келмесе, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке өзгерiссiз ауыстырылады.
      Ескерту: 28-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     29. Еншiлес ұйымның таза кiрiстегi (шығындағы) азшылық үлесi, ұйымның есеп берiп отырған мерзiмдегi таза кiрiс сомасына қарай анықталады. Азшылық үлесi еншiлес ұйымның банкке тиесiлi емес таза кiрiсiнiң көлемiн көрсетедi. 
     Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырландырылған есепте азшылық үлесi "Азшылық үлесi" деген жеке бапта азайтылған (көбейтiлген) шоғырландырылған таза кiрiс (шығын) көрсеткiшi ретiнде көрсетiледi. 

  3-тарау. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп  

     30. Бас банк жанама әдiстi қолдана отырып, ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп құрастырады.

     31. <*>
      Ескерту: 31-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     32. Жанама әдiс қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесi туралы шоғырландырылған есептiң әрбiр бабын түзеудi қарастырмайды. Осы әдiске сәйкес таза кiрiс (шығын) сомасы есептi мерзiмдегi шоғырландырылған баланстағы соманы алдындағы есептi мерзiммен салыстыру бойынша түзетiледi. 

     33. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есептегi топтар iшiнде айналысқа түскен және шыққан ақша есептелмейдi.   

  3-1-тарау. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының
шоғырландырылған қаржылық есептерiн жасау тәртiбi

      Ескерту: 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі    Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     33-1. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерiн шоғырландыру осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

     33-2. Шоғырландырылған қаржылық есепте бас банктiң бағынышты ұйымдарға инвестициялары үлеске қатысу әдiсi бойынша есептеледi. 
     Үлеске қатысу әдiсi мынадай белгiлермен сипатталады: 
     1) инвестициялар сатып алынған сәттегi сатып алу құны бойынша есептеледi; 
     2) бағынышты ұйымның таза кiрiс үлесi инвестициялардың баланстық құнын көбейтедi, ал шығын үлесi - азайтады; 
     3) есептелетiн дивидендтер сомасы инвестициялардың баланстық құнын азайту ретiнде көрсетiледi. 

     33-3. Мынадай жағдайларда банктiң жекелеген қаржылық есебiнде оның бағынышты ұйымдарға инвестицияларын көрсету үшiн құн әдiсi пайдаланылады: 
     1) бағынышты ұйымдарға инвестициялар жақын болашақта (алған күннен бастап алты айдан асырмай) сату мақсатында сатып алынды; 
     2) бағынышты ұйымдар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулер жағдайында жұмыс iстейдi. 
     Мынадай жағдайлар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулердiң шарттары болып табылады: 
     1) бағынышты ұйым оның дивидендтiк саясатына араласа алатын өкiметтiң қадағалауында бола алатын; 
     2) бағынышты ұйым өз қызметiн таза кiрiстi шет елге аударуға шектеу қойылған елде жүзеге асырғанда; 
     3) бағынышты ұйымның қызметiн шектеудiң пайда болуына әкелiп соқтыруы ықтимал саяси жағдай өзгергенде. 

     33-4. Бас банктiң бағынышты ұйымының шығынындағы қатысу үлесi инвестициялардың баланстық құнына тең немесе одан артық болса, онда нольдiк құнға дейiн жеткiзiлетiн шығындардың үлесi инвестициялардың баланстық құнын азайтып көрсетедi, ал инвестициялардың құнынан асып кеткен сома балансқа есептеледi. Бас банк бағынышты ұйымның таза кiрiсiне өзiнiң үлестiк қатысуын таза кiрiс үлесi есепке алынбаған таза шығын үлесiне тең болғаннан кейiн ғана көрсетедi. 

     33-5. Егер бағынышты ұйым активтердi қайта бағалайтын болса, қайта бағалауға байланысты бас банк үлесiнiң өзгеруi инвестициялардың баланстық құнын өсiредi (азайтады). Бас банктiң инвестицияларының баланстық құнының өсуi өз капиталы бөлiмiнде қосымша төленбеген капитал ретiнде көрсетiледi. Бас банктiң инвестицияларының баланстық құнының кемуi бұрын бағалағанға дейiн жүргiзiлген сома шегiнде қосымша төленбеген капиталдың азаюымен көрiнедi. Егер шығынның үлесi бұрын жүргізiлген бағалағанға дейiнгi сомадан асып кетсе, онда айырмашылық сомасы үлеске қатысу шығыны ретiнде танылады.

  4-тарау. Түсiндiрме жазба  

     34. Түсiндiрме жазба бас банктiң (есептеу әдiстерiн және бiрiктiрудi көрсетiп) шоғырланған қаржылық есептi құрастыру негiзiне алынған және қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесiн тану есеп саясатын ашып бередi. 

     35. Шоғырландырылған қаржы есебi тобының түсiндiрме жазбасында төмендегiдей ақпарат болуға тиiс, онымен де шектелмейдi: 
     1) еншiлес және бағынышты ұйымдардың аты көрсетiлген тiзiмi, тiркелген елi немесе мекен-жайы, акцияларға қатысу үлесi және дауыс берушi акциялар үлесiнiң айырмашылығы болған жағдайда, байланысты тараптар туралы ақпаратты жария ету (аффилирлеу) - қатынастар сипаты мен ауқымы; <*> 
     2) бас банк дауыстың жартысынан астамына ие бола алмаған жағдайда, бас банкке еншiлес банктiң шешiмiн айқындауға мүмкiндiк беретiн, бас банк пен оның еншiлес ұйымы арасындағы қарым-қатынас сипаттамасы; <*> 
     3) дауыс берушi акцияларының жартысынан астамы бас банктiң иелiгiндегi ұйымдардың тiзiмi, бiрақ олардың шешiмiн айқындауға бас банктiң мүмкiндiгi жоқ; <*> 
     4) еншiлес ұйымдарды сатып алудың немесе сатудың есеп берiлетiн кезеңнiң және оның алдындағы кезеңнiң қаржылық көрсеткiштерiне әсерi; 
     5) бас банктiң еншiлес ұйымдардың инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланатын жекелеген қаржылық есебiнiң әдiсi; 
     6) бағынышты ұйымдардың инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланылған әдiстер; 
     7) еншiлес ұйымның шоғырландырылған есепке кiрмеу себептерi; 
     8) бас банк пен оның еншiлес бағынышты ұйымдарының есеп саясатының осы баптарға қолданылатын айырмашылықтары салдарынан есептеу мүмкiн емес шоғырландырылған қаржылық есеп баптарына түзетулер; 
     9) бас банктiң, оның бағынышты еншiлес ұйымдарының қаржылық есептерiнде бiрiктiруге, түзеуге және ауыстыруға жататын баптар, сондай-ақ шоғырландырудың нәтижелерi; 
     10) азшылық үлестi жария ету туралы ақпарат - қатысушылардың атауын көрсете отырып, азшылық үлестi құрайтын бас банктiң еншiлес, бағынышты ұйымдардағы олардың үлеске қатысуы; 
     11) топ мүшелерiнiң консорциумге және бiрлескен қызметке қатысуы топ туралы ақпаратты жария ету.
      Ескерту: 35-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

     36. Ұйым еншiлес немесе бағынышты ұйымға сәйкес емес деп танылған күннен бастап, бұл ұйымға инвестициялар қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес есептеледi.
      Ескерту: 36-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .

     37. Бағынышты ұйымдарға үлестiк қатысу әдiсiмен есептелген, инвестициялар, жеке баланстың жеке бабында капиталға инвестиция ретiнде ашылады. 

     38. Бас банктiң үлесi апат жағдайларында немесе өткен кезеңдердегi түзетулерде жеке көрсетiледi .

  3-бөлiм. Шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру

      Ескерту: 3-бөлім (39-44-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .

  4-бөлiм. Қорытынды ереже  

     45. Шоғырландырылған қаржылық есептi жасаған кезде, топтар қызметiнiң жариялы болуына және шоғырландырылған қаржылық есептiң дұрыстығына жету мақсатында уәкілетті орган банктен активтер мен мiндеттемелердiң, кiрiс пен шығыстың жеке баптарының мазмұнын неғұрлым толық ашуға қажеттi қосымша ақпарат (шоғырландырылған қаржылық есептi жасау жөнiндегi жұмыс кестелерiн) сұрауға құқылы.
      Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен
 

     46. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешiлуге тиiс. 

                                         Қазақстан Республикасы  
                                       Ұлттық Банкi Басқармасының
                                      2000 жылғы 11 ақпандағы N 25
                                                бекітілген         
                                        Қазақстан Республикасының  
                                      екiншi деңгейдегi банктерiнiң
                                        шоғырландырылған қаржылық  
                                          есебiн жасау ережесiне   
                                                N 1 қосымша        

      Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі 
Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .

                                                 N 1 нысан         

       Топтың ХХХХ жылғы шоғырландырылған балансы  

                                                         мың теңге
____________________________________________________________________
                Баптардың атауы                   Жылдың    Жылдың 
                                                  басында  аяғында
____________________________________________________________________
                     1                               2        3
____________________________________________________________________
    Активтер
____________________________________________________________________
    Қолма-қол валюта     ____________________________________________________________________
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі
    салымдар
____________________________________________________________________
    Басқа банктердегі салымдар(шығынды жабуға
    арналған провизияларды алып тастағанда)     ____________________________________________________________________
    Бағалы қағаздар     ____________________________________________________________________
    Несиелер және лизингтер(шығынды жабуға
    арналған провизияларды алып тастағанда)     ____________________________________________________________________
    Капиталды инвестициялар     ____________________________________________________________________
    Негізгі құрал-жабдықтар(амортизацияны алып
    тастағанда)
____________________________________________________________________
    Материалдық емес активтер(амортизацияны алып
    тастағанда)
____________________________________________________________________
    Басқа да активтер
____________________________________________________________________
    Кейінге қалдырылған салық талабы
____________________________________________________________________
    Барлық активтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                Пассивтер
____________________________________________________________________
    Міндеттемелер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    салымдар
____________________________________________________________________
    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
    алдындағы берешек
____________________________________________________________________
    Басқа банктер мен ұйымдардың арасындағы
    берешек
____________________________________________________________________
    Банктің бағалы қағаздары
____________________________________________________________________
    Халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы
    берешек
____________________________________________________________________
    Басқа да қарыз алу(реттелген борыш)
____________________________________________________________________
    Басқа міндеттемелер
____________________________________________________________________
    Кейінге қалдырылған салық талабы
____________________________________________________________________
    Барлық міндеттемелер(І)
____________________________________________________________________
    Азшылықтың үлесі(ІІ)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    Капитал
____________________________________________________________________
    Жарғылық акционерлік капитал(сатып алынған
    меншік акцияларын қоспағанда)
____________________________________________________________________
    Қосымша капитал
____________________________________________________________________
    Банктің резерв капиталы
____________________________________________________________________
    Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау
    жөніндегі резерв
____________________________________________________________________
    Қайта бағалау резерві
____________________________________________________________________
    Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі
____________________________________________________________________
    Бөлінбеген таза кіріс(жабылмаған шығын)
____________________________________________________________________
    Барлық капитал(ІІІ)
____________________________________________________________________
    Барлық пассивтер(І+ІІ+ІІІ)
____________________________________________________________________

                                         Қазақстан Республикасы  
                                       Ұлттық Банкi Басқармасының
                                      2000 жылғы 11 ақпандағы N 25
                                                бекітілген         
                                        Қазақстан Республикасының  
                                      екiншi деңгейдегi банктерiнiң
                                        шоғырландырылған қаржылық  
                                          есебiн жасау ережесiне   
                                                N 2 қосымша        

     Ескерту: N 2 қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

                                                  N 2 нысан

        Топтың ХХХХ жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің
          нәтижелері бойынша шоғырландырылған есебі

                                                        мың теңге
____________________________________________________________________
    р/с
     N             Баптардың атауы                        Сома
____________________________________________________________________
    1                    2                                 3     ____________________________________________________________________
    1   Сыйақы алумен байланысты кіріс
    2   Сыйақы төлеуге байланысты шығыс
    3   Сыйақы алумен байланысты таза шығыс
    4   Сыйақы алумен байланысты емес кіріс
    5   Сыйақы төлеуге байланысты емес шығыс
    6   Резервке есептегенге дейінгі таза операциялық
        кіріс(3+4+5)
    7   Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер
        бойынша зиянды жабуға арналған резерв
    8   Резервке есептегеннен кейінгі таза операциялық
        кіріс(6-7)
    9   Активтерді сатудан түскен кiрiс (шығын) <*>
    10  Көзделмеген баптар
    11  Салық зияны төлегенге дейінгі кіріс/зиян(8+9+10)
    12  Салық төлемдері
    13  Топтың таза кірісі/зияны
    14  Азшылықтың үлесі
    15  Азшылықтың үлесін ескере отырып таза кіріс/зиян
____________________________________________________________________

                                         Қазақстан Республикасы  
                                       Ұлттық Банкi Басқармасының
                                      2000 жылғы 11 ақпандағы N 25
                                                бекітілген         
                                        Қазақстан Республикасының  
                                      екiншi деңгейдегi банктерiнiң
                                        шоғырландырылған қаржылық  
                                          есебiн жасау ережесiне   
                                                N 3 қосымша        

    Ескерту: N 3 қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 26 наурыздағы N 107   қаулысымен .

      N 3 нысан

           Топтың ХХХХ жылға ақша қозғалысы туралы
                   шоғырландырылған есебі

                                                         мың теңге
____________________________________________________________________
    р/с
    N                Баптардың атауы                       Сома   ____________________________________________________________________
    1                      2                                 3
____________________________________________________________________
    1   Топтың таза кірісі
    2   Топтың мынадай таза кірісіне түзетулер:
    1.1.Қамтамасыз етуге қаржы бөлу
    1.2.Амортизациялық есептеулер
    1.3.Сыйақы алумен байланысты емес есептелген кіріске
        өзгеріс
    1.4.Сыйақы төлеуге байланысты емес есептелген шығысқа
        өзгеріс
    1.5.Басқа есептелген кіріс минус есептелген шығыс
____________________________________________________________________
    1.6.Топтың таза кірісімен байланысты барлық ақша
        қозғалысы
____________________________________________________________________
    2   Операция активтері мен міндеттемелеріне өзгеріс
    2.1.Мемлекеттік бағалы қағаздар портфеліне өзгеріс
    2.2.Басқа бағалы қағаздар портфеліне өзгеріс
    2.3.Банктерге берілген мерзімді салымдар мен
        заемдар
    2.4.Клиенттерге заемдар
    2.5.Басқа активтер
    2.6."Лоро" корреспонденттік есепшоты
    2.7.Банктер мен ұйымдардан алынған мерзімді салымдар
        мен заемдар
    2.8.Клиенттің салымдары
    2.9.Басқа міндеттемелер
____________________________________________________________________
    2.10.Операциялық (банктік) қызметке байланысты ақша 
         қозғалысының жиынтығы
____________________________________________________________________
    3.  Инвестициялық қызмет бойынша ақша қозғалысы 
    3.1.Басқа заңды тұлғалардың акциялары
    3.2.Реттелген борышқа инвестициялар
    3.3.Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес
        активтерге инвестициялар
    3.4.Инвестициялық қызметке байланысты ақша қозғалысының
        жиынтығы
____________________________________________________________________
    4.  Қаржылық қызмет бойынша қозғалыс
    4.1.Жарғылық капиталдағы өзгерістер
    4.2.Сатып алынған меншік акциялары
    4.3.Қосымша капиталдағы өзгерістер
    4.4.Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар
    4.5.Басқа да қарыз алу (реттелген борыш) өзгерістері
    4.6.Акциялар бойынша дивидендтер төлеу
    4.7.Қаржы қызметіне байланысты ақша қозғалысының 
        жиынтығы
____________________________________________________________________
    5.  Ақша қозғалысына байланысты операциялар
    5.1.Банктердің резервтері
    5.2.Бағам айырмашылығының әсері
____________________________________________________________________
    5.3.Ақша қозғалысымен байланысты емес операциялар жиынтығы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    6.  Азшылық үлесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    7.  Барлығы (1.6;2.10;3.4;4.7;5.3;6 жолдардың 
        сомасы - 10 жол) <*>
    8.  Жыл басындағы ақша қалдығы 
    9.  Жыл соңындағы ақша қалдығы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    10. Ақша қозғалысы (9 және 8 жолдар айырмашылығы)

                                 Қазақстан Республикасының екінші
                                      деңгейдегі банктерінің
                                     шоғырландырылған қаржылық
                                       есебін жасау ережесіне
                                              4-қосымша

      Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 14 ақпандағы N 28   қаулысымен .

                                              N 4-нысан

        Топтың меншікті капиталындағы _______ жылғы
        өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп

                                              Мың теңгемен

Баптардың атауы

Жар-
ғы-
лық
ка-
пи-
тал

Эм-
ис-
сия-
лық
кі-
ріс

Алын-
ған
капи-
тал

Ре-
зер-
втік
ка-
пи-
тал

Бас-
қа
да
ре-
зер-
втер

Бөлін-
беген
кіріс
(өтел-
меген
шығын)

Жиын-
тығы

Есепті кезең
басындағы сальдо

  

  

  

  

  

  

  

Есеп саясатындағы
өзгерістер және
түбірлі қателерді
түзету

  

  

  

  

  

  

  

Есепті кезең
басында қайта
саналған сальдо

  

  

  

  

  

  

  

Есепті кезеңде
қосымша шығарылған
(сатып алынған)
меншікті акциялар

  

  

  

  

  

  

  

Дивидендтер

  

  

  

  

  

  

  

Негізгі құрал-
жабдықтарды қайта
бағалау

  

  

  

  

  

  

  

Сатуға арналған
қолда бар бағалы
қағаздар құнының
өзгеруі

  

  

  

  

  

  

  

Есепті кезеңнің
бөлінбеген кірісі
(шығын)

  

  

  

  

  

  

  

Ішкі аударымдар

  

  

  

  

  

  

  

оның ішінде:

  

  

  

  

  

  

  

резервтік капиталды
қалыптастыру

  

  

  

  

  

  

  

негізгі құрал-
жабдықтардың
жинақталған қайта
бағалаудың өзгеруі

  

  

  

  

  

  

  

Басқа да операциялар

  

  

  

  

  

  

  

Есепті кезең
соңындағы сальдо

  

  

  

  

  

  

  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады