Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.07.28 N 382 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн есептен шығару:
100 пайыз тозғанда - мемлекеттiк кәсiпорынның шешiмi бойынша;
50 пайыздан артық тозғанда және/немесе баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есепті көрсеткiштен артық емес болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) аумақтық органдарынан жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады;
кемiнде 50 пайыз тозғанда және/немесе баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Комитеттiң жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады.";
7-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру (бұдан әрi - Комитет)" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерiнiң мүлкiн есептен шығару;
100 пайыз тозғанда және/немесе баланстық құны 100 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық емес жағдайда - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiнiң шешiмi бойынша;
баланстық құны 100 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық жағдайында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Комитетпен келiсiлген шешiмi бойынша жүзеге асырылады.".
8-тармақтағы "уәкiлеттi органдармен" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
"келiсуге" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк басқару
органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiлген есептен шығару құжаттары тиiсiнше Комитетке немесе оның аумақтық органдарына жазбаша рұқсат алу үшiн жiберiледi.";
13-тармақтағы "уәкiлеттi органның" деген сөздер "мемлекеттiк
басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап iске қосылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қаржы министрi