Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 5 қазандағы N 564 бұйрығымен.
Үзінді:
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
4. "Полиция учаскелік инспекторлары мен олардың көмекшілерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі тәртіпті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 787 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2123 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені 2003 жыл, N 11, 816 бет) күші жойылды деп есептелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
________________________________
Полиция учаскелiк инспекторлары мен олардың көмекшiлерiнiң құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Полиция учаскелiк инспекторлары мен олардың көмекшілерiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi тәртiп бекiтiлсiн.
2. Астана, Алматы қалалары IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң және арнайы полиция бөлiмшелерінің бастықтары IIББ-IIБ-нiң ҚҚБ мен қалалық, аудандық iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнен, полиция учаскелiк инспекторларынан және олардың көмекшiлерiнен сынақтар қабылдау арқылы iшкi iстер органдары жеке құрамының әскери және қызметтiк дайындық жүйесiнде осы Тәртiптi оқып-үйренуін қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Iшкi iстер вице-Министрi полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiне (Ғ.А.Алпысбаев) жүктелсін.
4. "Полиция учаскелiк инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкіісминінің 2001 жылғы 5 ақпандағы N 100
бұйрығының
(2001 жылғы 17 мамырдағы тiркеу N 1509) күшi жойылды деп есептелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттi тіркеуден өткен күннен күшiне енгiзiледi.
Министр
генерал-полковник
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 787 бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарындағы учаскелiк полиция инспекторлары және олардың көмекшiлерiнiң (бұдан әрi - учаскелiк инспектор) жұмысын ұйымдастыру қызметтерiнiң негiзгi бағыттары мен құқықтық ережелерiн анықтайды.
2. Әкiмшiлiк учаскелерiнде yчаскелiк инспекторлары өз құзыреттерiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарымен, оның iшiнде осы Тәртiппен iшкi iстер органдарына жүктелген мiндеттердi орындайды.
3. Учаскелiк инспектордың қызметтегi негiзгi қағидалары: заңдылықтарды қатаң сақтау және қызмет көрсететiн учаскедегi жұртшылықпен ұдайы байланыс, азаматтарға әдеппен, ілтипатпен қарау, қызметтiк парызына берiлгендiк болып табылады.
4. Учаскелiк инспектор қызметінің құқықтық негізiн Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығы , Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылдың 24 желтоқсанындағы N 1598 "Қоғамдық тәртiптi нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу мен профилактикасында iшкі істер органдары учаскелiк уәкiлдерiнiң ролiн көтеру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" қаулысы және басқа да нормативтiк актiлер құрайды.
5. Учаскелiк инспекторының мiндеттерi:
қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
учаскелiк инспекторының есебiнде тұрғандар тарапынан құқық бұзушылық жiбермеуде жеке-дара алдын-алу жұмыстарын жүргiзу;
заңмен белгiленген құзыретi шегiнде, анықтауды және әкiмшiлiк iс жүргiзу.
Учаскелiк инспекторды осы Тәртiпте көзделмеген міндеттерге және бекiтiлген әкiмшiлiк учаскеден тыс аймаққа, өзiне байланысы жоқ тапсырмаларды орындауды тартуға тыйым салынады.
6. Учаскелiк полиция инспекторының жұмысына тiкелей басшылық қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) бастығы, басқару жөнiндегi аға инспекторлар және аға учаскелiк инспекторлар жүргiзедi.
7. Әрбiр yчаскелiк инспекторға iшкi iстер органы бастығының (бұдан әрi - IIО бастығы) бұйрығымен учаскелiк инспекторға әкiмшiлiк учаске бекiтiледi. Әкiмшiлiк учаскенiң көлемi мен шекарасы белгiленедi және қажет болған жағдайда IIО бастығымен учаскелiк инспекторлардың штаттық санын есепке ала отырып, жедел жағдайдың, тұрғылықты халық саны, қаланың, ауданның әкiмшiлiк бөлiну, жағдайына және аумақтық ерекшелiгiне байланысты қайтадан есептелiп бөлiнедi.
8. Учаскелiк инспектор белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк учаскеге паспорт жүргiзедi (1 қосымша), оның iшiнде учаскенiң әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық және учаскенiң басқа да ерекшелiктерiне, қылмыс пен құқықтық тәртiп жағдайына байланысты талдаулар, қылмыстар жөнiнде ақпараттарды көрсетедi.
Учаскелiк инспектор көрсетiлген ақпаратты жұмыс үстiнде және өзiне бекiтiлген учаскенi зерделеу, жұртшылықпен жеке араласуы арқылы, сонымен бiрге қала, аудан органдары бөлiмшелерiнен, мемлекеттiк органдардан, кәсiпорындардан, мекемелерден және басқа да ұйымдардан алады.
9. Учаске паспорты IIО хатшылығында тiркеледi және ол учаскелiк инспектордың учаскелiк пунктындағы сейфте сақталады. Паспорт парақтары нөмiрленедi, тiгiледi және мөрмен бекiтiледi.
10. Учаскелiк инспектордың учаскенi қабылдауы IIO бастығының немесе оның қызмет жөнiндегi орынбасарының, учаскенi тапсырушы учаскелiк инспектордың қатысуымен мүлiктердi және қызметтiк құжаттарды қабылдау-тапсыру актiсiн ресiмдеу ақылы жүзеге асырылады.
Учаскенi қабылдау мен тапсыру туралы жазу паспортқа жазылады.
11. Учаскелiк инспекторы жоқ кезде (еңбек демалысында болғанда, ауырғанда және басқа жағдайда) оған бекiтiлген учаскеде қызмет жасау, IIO бастығының бұйрығымен уақытша, көршi учаскеде қызмет ететiн басқа учаскелiк инспекторына немесе аға учаскелік инспекторға жүктеледi.
12. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының басқарушы және қатардағы тұлғалардың қызметiн өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылдың 12 желтоқсанындағы N 1644 қаулысымен бекiтiлген Қағидасы және Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңына сәйкес, IIО бастығы учаскелiк инспектордың жұмыс күнi тәртiбiн белгiлейдi.
13. Учаскелiк инспектор IIО қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң бастығымен бекiтiлген, бiр айға жасалынып және жұмыс дәптерiне енгiзiлген жоспар (2-қосымша) бойынша жұмыс жасайды.
Бұған қоса жұмыс дәптерiнде басшылардың барлық тапсырмалары мен тапсырыстары ескерiледi, сонымен қатар бiр күн және бiр ай iшiнде жасалған жұмыстың қорытындылары және оларды орындаудың белгiленген мерзiмдерiн көрсетедi.
Апта сайын аға учаскелiк инспекторға қарап шығу және бақылау үшiн жұмыс дәптерiн көрсетедi.
14. Жұмыс күнi iшiнде, сонымен қатар азаматтарды қабылдау кезiнде түскен барлық арыздарды, хаттарды және құқық бұзушылықтар туралы хабарларды, азаматтарды қабылдауды учаскелiк инспектор есепке алу журналына (3-қосымша) енгiзедi және оларды ІІО тiркеуге бередi.
Жазбаша немесе ауызша түрде жасалған, немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы жазба немесе ауызша түскен арыздарды, хабарларды шұғыл IIО кезекшi бөлiмiне жiбередi, ол туралы азаматтарды қабылдауды есепке алу журналына тиiстi жазу жазады (хабарламаны қабылдаған жауапты кезекшiнiң деректерi мен хабарламаны берген уақыт арыз есептеу кiтапшаға (АЕК) және хабарларды есептеу журналына (УИЖ) реттiк нөмерi туралы).
15. Ауылдық жерде учаскелiк инспектор IIО кезекшiсiмен IIО бастығы белгiлеген тәртiп бойынша, ал қалада жұмыс уақытының iшiнде кем дегенге үш-төрт сағаттың iшiнде бiр рет байланысқа шығуы тиiс. Учаскелiк инспектордың байланысқа шығуы IIО кезекшi бөлiмiнде сақталатын, жедел кезекшi жүргiзетiн тиiстi журналда (N 4-қосымша) белгiленедi.
Ол жедел жағдайдың шиеленiсу, төтенше оқиғалардың барлық жағдайлары туралы, шұғыл тексерiстi немесе шара қолдануды талап ететiн қылмыстар мен ақпараттар туралы кезекшi бөлiмге немесе IIО басшылығына кiдiрместен баяндайды.
16. Учаскелiк инспектор қызмет уақытында белгiленген нысанды киiм киедi. Тiкелей басшылығының рұқсатымен, арнайы тапсырмаларды орындағанда, ол азаматтық киiм кие алады. Қаруды қолдану ережесiнен сынақ өткiзген соң табельдiк қаруды, көзiр мен басқа да арнайы құралдарды ұдайы алып жүруге құқылы. Атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығымен белгiленген.
17. Қызмет жасайтын аумақтағы құқықтық тәртiптiң жағдайы мен қолданылып жатқан шаралар туралы учаскелiк инспектор тоқсанына бiр реттен кем емес, жұртшылықты хабардар етедi, ай сайын IIО бастығы орынбасарының қатысуымен болатын қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) қорытынды кеңесiнде есеп бередi.
18. Көмекшi лауазымы учаскелiк инспектордың қоғамдық қауiпсiздiктi қорғаудағы, қылмысқа қарсы күрестегi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ iшкi iстер органдарының штатына учаскелiк полиция инспекторларының резервтерін құру мен үйрету мақсатында енгiзiледі. Оған өз бетiнше қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мен құжаттар бойынша процессуалдық шешiмдер қабылдаудан басқа осы Тәртiпте көрсетiлгендей учаскелiк инспектордың барлық құқықтары мен мiндеттерi толық жүктеледі.
19. Учаскелiк инспектор өзiне бекiтiлген көмекшiнiң қызметiне тiкелей басшылық жасайды, және мына функцияларды орындайды:
1) жұмысты жоспарлайды, оның орындалуын бақылайды, айдың, тоқсанның, жарты жылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша жұмыс нәтижесiн қорытындылайды;
2) IIО басқа қызмет қызметкерлерiмен арақатынасын, қоғамдық бiрлестiктермен, меншiк түрiне қарамастан жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және басқа ұйымдармен, қоғамдық тәртiптi күзету бойынша, қылмыспен күрес бойынша, құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз етедi;
3) мамандық шеберлiгiн арттыруда, қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдерiн оқып үйренуге әдiстемелiк көмек көрсетедi;
4) қызметтiк мiндеттердi орындауда тәртiптi және заңдылықты сақтауды бақылайды.
20. Учаскелiк инспектордың негiзгi мiндеттерi:
1) қоғамдық тәртiптi қорғауға және қоғамдық қауiпсіздікті қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесуге, олардың жасалу себептерi мен жағдайларын айқындау;
3) өз құзыретiнiң шегiнде алдын aлa тергеудi жүзеге acыру;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша ic жүргiзудi жүзеге асыру және өз құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлік жаза салу;
5) анықтамадан, тергеуден және соттан бой тасалаған, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды iздестiрудi арнайы тапсырмалар бойынша жүзеге асыру;
6) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, құқық тәртібiнiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделеу;
7) құқыққа қайшы қол сұғудан, жазатайым және оқыс оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ денсаулығы мен өмiрi үшiн қауіптi дәрменсiз немесе өзге де күйдегi азаматтарға көмек көрсету;
8) жол қозғалысы ережесi мен жол қозғалысы қауiпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтiк актiлердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырудағы мiндеттерiн орындауға жол полиция қызметкерлерiмен қызметтесу;
9) рұқсат беру жүйесi объектiлерiн байқауды жүзеге асыру;
10) кәмелетке толмағандармен жұмыс iстеу жөнiнде учаскелiк инспекторларға, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкелерiне, олардың қарамағында есепте тұрған адамдардың тәртiбiн бақылауда, оларға өзiнде бар материалдарды беруде көмектесу.
Есепте тұрған адамдар - олар осы Тәртiптiң 21, 22 тармақтарында көрсетiлген алдын алу iстерi жүргiзiлетiн, картотекалық және тiзiмдiк есепте тұратын адамдар;
11) қадағалауға алынған адамның мiнез-құлқын және белгiленген шектеулердi сақтауын байқау мақсатында оның үй-жайына тәулiктiң кез келген уақытында баруға құқығы бар;
12) құқық бұзушылықты алдын-алу мәселелерi бойынша жұртшылықпен, мемлекеттiк органдармен, меншiк түрiне қарамастан қоғамдық бiрлестiктермен, мекемелермен, ұйымдармен, кәсiпорындармен әрекеттесу, сондай-ақ олардың заңды құқықтарын жүзеге асыруға көмектесу;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарымен тiркелу және құжаттану тәртiбiнiң сақталуына, басқа да шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне белгiленген Қазақстан Республикасына кiру және келу тәртiбiн орындауларына көшi-қон полициясы қызметкерлерiне қадағалау жасауға көмек көрсету.
21. Учаскелiк инспектор қылмыс немесе басқа құқық бұзушылыққа бейiм адамдарды анықтау шараларын қолдануға және олармен алдын алу жұмысын iске асырады:
1) адамдарға алдын алу iстерiн жүргiзуге (4 қосымша):
аса қауiптi қылмыстардың қайталануын жасағандармен - белгiлi тәртiппен олардың сотталғандығы сотпен алынғанша дейін;
әкiмшiлiк қадағалауда тұратындармен - қадағалау мерзімі iшiнде;
Қазақстан Республикасы "Бас бостандығынан айыру мекемелерiнен босатылған азаматтарды әкiмшiлiк қадағалау туралы"
Заңының
әрекетiне түсетiндердi - бас бостандығынан айыру мекемелерiнен босатылғаннан кейiнгi үш жыл мерзiмi iшiнде;
Көрсетiлген мерзiмi бiткен соң осы адамдар, бұрын жасаған қылмысы үшiн сотталғандар ретiнде есепке қойылады. Олармен алдын алу жұмысын және құжаттарды жүргiзу тәртiбi құқықтық нормативтік актiлермен анықталады;
2) картотекалық есеп жүргiзуге:
бұрын жасаған қылмысы үшiн сотталғандар (осы Тәртiптегi 21 тармақтың 1 тармақшасында көрсетiлген адамдардан басқа) және бас бостандығынан айыру мекемелерiнен босағандарға - сотталғандығы жойылғанға немесе оны белгiленген тәртiп бойынша шешiлгенге дейiн;
денсаулық сақтау органдарында маскүнем деп танылып диспансерлiк есепте тұрғандарға - денсаулық сақтау органдарында есептен алынып тастағанша;
денсаулық сақтау органдарында, медициналық емес нашақорлыққа салынғаны үшiн есепте тұрғандар - денсаулық сақтау органдарында есептен алынып тастағанша;
үй тұрмысы жағдайында отбасылық құқық бұзушылықты бiр жылдың iшiнде екi рет жасағандарға - бiр жыл бойы көрсетiлген құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жазаға соңғы тартылғаннан кейiн;
3) денсаулық сақтау органдарында мiнез-құлығы асоциалдық бағытталуы мен диспансерлiк есепте тұрған қоғамдық қауiпсiздiкке қауiп төндiруге бейiм психикалық аурулар;
спирт iшімдiктерiн iшуге, уытқұмарлық және жезөкшелiкпен айналысатындарға үй-жайын ұсынатын адамдарға, кәмелетке толмағандармен жұмыс iстеу бөлiмшелерде есепте тұрған адамдарға тiзiмдiк есеп жүргiзуге мiндеттi.
22. Осы Тәртiптiң 21 тармағында көрсетiлген есепте тұрған адамдардың, есепте қайталанбасы үшiн, тек бiр ғана санатпен және құндылығына байланысты тұрады.
23. Есепке алу үшiн:
сот үкiмi, әкiмшiлiк қадағалау қою туралы қаулы, әкiмшiлiк қадағалау мерзiмiн ұзарту туралы сот қаулысы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама, iшкi iстер органдарының материалдары;
денсаулық сақтау органдарымен маскүнем, нашақор, уытқор деп танылғаны туралы анықтама, әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны туралы қаулы, iшiмдiктер iшуге, есiрткi пайдалануға, уытқорлықпен айналысуға үй-жайын ұсынған адамдарды есепке алу туралы рапорт, психиатриялық диспансер анықтамасы, iшкi iстер органдары жедел қызметтерiнiң iздестiру тапсырмалары негiз болып табылады.
Учаскелiк инспектор көшi-қон полициясының (Н.N 7 карточкасы), кезекшi бөлiмдердiң, жедел қызметтердiң, қылмыстық-атқару инспекциясының ақпараттары; соттың мәлiмдемесі, түзету және медициналық мекемелерiнiң, оның iшiнде арнайы диспансерлердiң, жұртшылық өкiлдерiнiң; сондай-ақ азаматтар мен лауазымды адамдардың, өтiнiшi мен хаттарында жазылған ақпараты; бұқаралық ақпарат құралдары жарияланымдарында, құқық бұзушыларды әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы және ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы материалдарында; қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды тiркеу, iшкi iстеp органдарына, арнайы қабылдау орындарына, тұрғылықты жерi анықталмаған адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарына, медициналық айықтырғыштарға жеткiзiлетiн адамдарды тiркеу кiтаптары мен журналдарында мазмұндалған ақпараттарды пайдалана отырып алдын ала әсер етуге жататын адамдарды есепке қою үшiн уақытында анықтауы қажет.
Алдын алу жұмыстарын жүргiзуге учаскелiк инспектор тиiстi шешiм қабылдау үшiн IIO бастығымен бекiтiлетiн дәлелдi рапорт жазады.
24. Есептен шығару үшiн: қадағалау мерзiмiнiң аяқталуы; сотталғандығының жойылуы немесе алынуы; мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiне мәжбүрлеп емделуге жiберiлуi; бас бостандығынан айырылуы; өлiмi; егер қадағалауға алынған адамның түзелу жолына бүтiндей бет бұрғаны анықталса; денсаулық сақтау органдарының есебiнен шығарылуы; тұрақты мекен-жайға республика шегiнен басқа аймаққа кетуi негiз бола алады.
25. Профилактикалық жұмыстың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырушы IIО бастығы, оның қызмет жөніндегi орынбасары, бөлім (бөлiмше) бастықтары учаскелiк инспекторларға басшылық жасау жөнiндегi аға учаскелiк инспекторлар және аға учаскелік инспекторлары.
26. Егер денсаулық сақтау органында созылмалы маскүнем не нашақор, уытқор ретiнде есепте тұруды жалғастырса, арнайы емдеу мекемесінен келгеннен кейiн есепке қойылады. Тексеру карточкасы дәлелді рапорттың негiзiнде тоқтатылады.
27. Ауылдық жерлерде есепке тiркелген адамдардың құжаттары ІІО үй-жайларында сақталады, ал қалада IIБ бастығының, не орынбасарының бұйрығына сәйкес құжаттар осы ғимараттар мен үй-жайлардың техникалық талаптарына сәйкес болған кезде полиция бөлімшесінде сақталады. Құжаттар IIБ үй-жайларында сақталу кезiнде оларды жүргізу учаскелiк инспекторларды басқару жөнiндегi қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бір инспекторына жүктеледi.
Учаскелiк пунктте құпия құжаттарды сақтауға тыйым салынады.
28. Профилактикалық есепте тұрған адамдарға санаттар бойынша алфавиттiк тәртiппен бақылау карточкасы ашылады (5 қосымша) олар қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiндегi (бөлiмшесiндегi) бақылау карточкаларды есепке алу журналына (6 қосымша) тiркелiп, IIО автоматтандырылған базасына енгiзiлiп, ай сайын тексерiлiп мiндеттi түрде акт жасалады.
Алдын алу жұмысын жүргiзу тоқтатылған адамдарға қатысты алдын алу iстерi және бақылау карточкалары мұрағатта бес жыл бойы сақталады. Есептен шығарылу себебi көрсетiлiп, журналда белгi соғылады. Сақтау мерзiмi бiткен соң iс қағаздар мен карточкалар белгілі тәртіппен жойылады.
29. Есепте тұрған адамдар басқа жерге көшiп кеткен жағдайда, алдын алу iсi, бақылау карточкалары, сондай-ақ тiзiмдiк есепте тұрған адамдар туралы мәлiметтерi аумақ бойынша жiберiледi.
30. Аға учаскелiк инспектор yчаскелiк инспекторлар тобының және көмекшiлерiнiң тiкелей және тура жетекшiсi болып табылады. Ол қызмет көрсететiн учаскеде тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуы үшiн жауап бередi. Бекiтілген учаскеде қызмет көрсетумен қатар, аға учаскелiк инспектор:
1) учаскелiк инспекторлардың қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау мен жолын кесуiн, IIО басқа қызметтерiмен өзара әрекет етуiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ учаскелiк инспекторлар тобының қызмет көрсететiн аумақтардың аймақтарында кешенді алдын алу iс-шараларын өткiзуге қатысуларын ұйымдастырады;
2) учаскелiк инспекторларға олардың мамандық шеберлiктерiн арттыруына, полиция штатынан тыс қызметкерлерін таңдау және ұйымдастыру жұмысына, қоғаммен әрекеттесудi бекiтуге, құқық бұзушылармен жеке алдын алу жұмыстарды өткiзуге, азаматтардың арыздарын, хаттарын қарауға, басқа да қызметтiк мiндеттердi орындауға көмек көрсетедi;
3) учаскелiк инспекторлар тобының айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық жұмыс қорытындысын бағалап қорытындылайды және оларды учаскелiк инспекторларға басшылық ету жөнiндегi бөлімше басшысына тиiстi ұсыныстармен баяндайды;
4) әкiмшiлiк учаскедегi құқық тәртiбiнiң жағдайын талдайды, учаскелiк инспекторлар тобының жұмысын бiр айға жоспарлайды, белгiлеп қойылған iс-шаралардың орындалу әдiстерi мен нысандарын анықтайды және орындалуын бақылайды;
5) қызмет көрсететiн әкiмшiлiк учаскеде қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды iздестiрудi және ұстауды ұйымдастырады және өзi қатысады;
6) учаскелiк инспекторларға қызметтiк тапсырмаларды орындау тәсiлдерi мен мерзiмдерiне қажеттi нұсқаулар бередi;
7) жұртшылық жиындарының материалдарын (хаттамаларын, шешiмдерiн және басқа да құжаттарын) талдап қорытындылайды, жиынмен қабылданған шешiмнiң орындалуына бақылау жасап, ол туралы IIО басшылығына баяндайды;
8) учаскелiк инспекторлар жұмысын бағалайды, олардың қызметтік жұмыстарының нәтижелерi туралы тыңдайды, олардың жұмысы туралы IIО басшылығымен қарастырған материалдарды дайындайды, учаскелiк инспекторларға қызметтiк мiнездеме, аттестация, ұсыныстар дайындауға қатысады;
9) IIO немесе қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң бастығына мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзедi:
учаскелiк инспекторлардың қызметiн жетiлдiру;
қоғамдық тәртiп жағдайына терiс ықпал жасаушы меншiк түрiне қарамастан қоғамдық бiрлестiктердiң және ұйымдардың, мекемелердiң, кәсіпорындардың жұмысындағы кемшiлiктер туралы жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға хабарлау;
бекiтiлген аумақтағы учаскелiк инспектор жұмысының күн тәртiбi;
учаскелiк инспекторларды көтермелеу және тәртiптiк жазаны қолдану;
қылмыстың алдын-алу және жолын кесуде, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртiптi қорғауға белсендiлiк танытқан азаматтарды көтермелеу туралы;
10) учаскелiк инспекторлар есеп-тiркеу тәртiбiн және заңдылығын сақтау қызметiне бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ қызмет құжаттарын жүргiзуге көмек көрсетедi.
11) учаскелiк инспекторлардың нормативтiк актiлердi зерделеуiн ұйымдастырады және олардың негiзгi қағидаларды бiлу деңгейiн тексередi.
31. Аға инспектордың болмаған уақытында (оқуда, демалыста, ауырғанда және басқа да жағдайларда) оның мiндеттерiн IIО бастығының бұйрығы бойынша бiр тәжiрибелi учаскелiк инспектор орындайды.
32. Учаскелiк инспектор өз құзыретiнiң шегiнде жүктемеген мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мынадай құқықтарға ие:
1) азаматтардан және лауазымды адамдардан қоғамдық тәртiптi сақтауды, iшкi iстер органдарының өкiлеттiлiгiн жүзеге асыруда кедергi келтiретiн құқық бұзушылықтар мен әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқылы. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар
Жарлығымен
белгiленген тиiстi мәжбүрлеу шараларын қолдануға дейiн;
2) егер жасалған қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа күдiктенуге жеткiлiктi негiздер болған жағдайда азаматтардың және лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге;
3) полицияның учаскелiк пунктiне немесе IIО өндiрiсіндегi iстер мен материалдар бойынша, азаматтар және лауазымды адамдарды, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi бұзушылыққа байланысты жағдайларды анықтау үшiн азаматтарды шақыртуға, олардан түсiніктемелердi, мәлiметтердi, анықтамаларды, құжаттарды, олардың көшiрмелерiн алуға;
4) әкiмшiлiк заңдарға байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша шаралар қолдануға;
5) құқық бұзушылық жасаған әскери қызметкерлерді ұстауға және оларды әскери комендантқа, әскери бөлiмдердiң командирлерiне немесе әскери комиссарларға тапсыруға;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық iстер жүргiзу
Кодексiнде
және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актiлерiнде қарастырылғандай тәртiп бойынша анықтама және алдын ала тергеу iстерiн жүргiзуге;
7) қоғамдық орындарда мас күйiнде адамдардың қадiр қасиетiне, құлықтылығына нұқсан келтiретiн жағдайда немесе өзiне не болмаса қоршаған ортаға зиян келтiруге бейiмдердi, ал, пәтерлерден онда тұрушы азаматтардың жазбаша арыздары бойынша нұсқалған азаматтың қоршаған ортаға қауiп тудыратын жағдайда оларды дәрiгерлiк мекемелерге немесе IIО кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге;
8) құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және ескерту арқылы ықпал жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мiнез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
9) адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығын белгiленген заңнамамен куәландыруға немесе оны жүргiзу үшiн оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткiзуге;
10) құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында қоғамдық тәртiптi сақтауға және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуға келiсiм бiлдiрген азаматтармен жария және жария емес негiзде ынтымақтастық орнатуға;
11) кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына және кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан (дипломатиялық иммунитет иелiгi бар халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерi өкiлдерiнен басқа) халықаралық және қалааралық сөйлесуге кеткен шығыстарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
12) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кідіртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны IIО есебiнен өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
13) әкiмшiлiк бақылауда тұрғандардың тұрғын жайына күннiң кез келген мезгiлiнде барып тұру, оларды белгiленген шектеме бойынша бақылауды, тексерудi жүзеге асыруға;
14) қылмысқа қатысты күдiктiлердiң iзiне түсуде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiпке қауiп төндiретiн басқа жағдайларда, азаматтардың тұрғын жайларына немесе оларға қатысты жер учаскелерiне, мекен жайлары мен аумақтарын (дипломатиялық иммунитет иелiгi бар халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерi өкiлдерiнен басқа) немесе сол жерде қылмыс және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалады деген мәлiметтер болғанда немесе басқа төтенше жағдайларда бақытсыздық оқиға, стихиялық аппаттарда, аварияда, эпидемия, эпизотия және жаппай тәртiпсiздiкте жеке азаматтардың қауiпсiздiгi және қоғамдық қауiпсiздiктi қорғауда оларды кедергiсiз тексеруге, iшкi iстер органдарының өкiлi азаматтардың тұрғын жайларына немесе оларға қатысты мекен-жайларға басып кiруге. Учаскелiк инспектор осындай әрбiр жағдай бойынша IIО кезекшi бөлiмiне немесе басшылығына кешiктiрмей баяндайды;
15) қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi сақтау мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шараларын және тергеу әрекеттерiн жүргiзуге азаматтардың арнаулы учаскелер мен аумақтарға кiруiне уақытша тыйым салуға, оларды белгiлi бiр жердi тастап кетуге мiндеттеуге;
16) көлiк құралдарын жүргiзуге нeмece оларды пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ мас күйiндегi жүргiзушiлердi көлiк жүргiзуден босатуға және заңнамамен көрсетiлген басқа да жағдайларда;
17) белгiленген заңнамалармен, Қазақстан Республикасы "Жедел iздестiру қызметi туралы"
Заңына
сәйкес жедел-iздестіру шараларын жүргiзуге;
18) қол қою және жiберу:
прокуратура органдарының iшiндегi құқықтық статистикалық және ақпарат орталығына, iшкi iстер органдарының хабарламалау орталығына анықтау материалдары бойынша өтiп жатқан азаматтарды тексеру туралы, сондай-ақ алдын алу жұмыстары жүргiзiлiп жатқан адамдарға, олардың сотталғандығы бар-жоғы туралы немесе олармен жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық мәліметтері туралы; құқық бұзушылардың жұмыс орындары бойынша азаматтардың арыздарын тексеруге қажеттi және кәсiпорын ұйымдарының және мекемелердiң сұрауларын орындау мақсатында оларға мiнездеме, анықтама және басқа құжаттар беру туралы; медициналық есепте тұрған құқық бұзушылар туралы психоневрологиялық және наркодиспансерлерiне, басқа денсаулық сақтау мекемелерiне олардың iшкiлiк немесе уытқорлық ауруының бар-жоғына, травматологиялық пункттерге дене жарақаттары жайлы хабарлама жасауға;
19) құнықпа алкоголизiмен, есiрткiмен, уытқұмарлық пен ауыратын, психикасының бұзылуымен қасiреттенетiн және басқа азаматтардың құқы мен бостандығына немесе қоғамдық тәртiптi бұзушы адамдарды жәйлі құжаттарды және ұсынымдарды денсаулық сақтау органдарына жiберуге.
33. Учаскелiк инспекторларды басқару жөнiндегі бөлімдердің (бөлiмшелердiң) лауазымды адамдары жарты жылдың, жылдың қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелерi туралы баяндау хаттарын жазып жоғары тұрған iшкi iстер органына жiбередi. Баяндама хаттарына IIББ, IIБ, қалалық, аудандық iшкi iстер бөлiмдерiнiң бастықтары, болмаған жағдайда бастықтардың қызмет жөнiндегi орынбасарлары қол қояды және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Қоғамдық қауіпсіздік Департаментiне жарты жылдың, жылдық қорытындысы бойынша есеп беру кезеңiнiң 15 күнiне ұсынылады.
34. Баяндау хаттары учаскелiк инспекторлар жұмысының келесі бағыттағы толық және сенiмдi мәлiметтерiн құрауы тиiс:
1) қылмыстың жалпы күйi;
2) қайталану жағдайында жасалған және iшкіліктен, есірткіден масаң күйiнде жасалған қылмыстарға талдау жасау, бұрын сотталғандармен профилактикалық жұмысты және әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру;
3) жанұялық - тұрмыстық қатынастық төңiрегіндегi құқық бұзушылық және қылмыстық жағдайы;
4) қызметтiң күйi:
есеп-тiркеу тәртiбi, заңдылық, азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарау бойынша;
әкiмшiлiк практикасы бойынша;
жауап алуды iске асыру бойынша;
5) жедел-тергеу бөлiмдерiмен хабар-ошарсыз жоғалғандар және қылмыскерлердi iздестiрудегi өзара iс-қимылы;
6) қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылы;
7) кадрлар жұмысының жағдайы;
8) учаскелiк инспектор қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыpу жөнiндегi ұсыныстар;
9) жұмыстың алдыңғы қатарлы әдiстерi.
35. Учаскелiк инспекторлардың қызметiн бағалау, келесі бағыттағы соңғы көрсеткiштерiнiң негiзiнде белгiленедi:
1) қоғамдық тәртiптi сақтауда және қоғамдық қауiпсiздіктi қамтамасыз етуге қатысуы;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты және қылмыстардың алдын алуы;
3) әкiмшiлiк аумағында жасырынған iздеудегi қылмыскердi ұстауға және анықтауға шара қолданғаны, жеке iздеушiлiкпен ашылған қылмыстар саны, қылмыс ашуға қатысуы;
4) азаматтарға және лауазымды адамдарға олардың құқықтары мен құқықтық мүдделерiн қорғаудағы көрсеткен көмегi;
5) заңдылықтарды сақтауы;
6) есептеп-тiркеу тәртiбiн сақтауы;
7) атқарушылық тәртiбiнiң жағдайы;
8) учаскедегi қалыптасқан жедел жағдайға және оны қалыптастыруға қолданылған шараларына;
9) қоғамдық тәртiптi қорғауға азаматтарды қатыстыру және олармен сенiмдiлiк қарым-қатынас орнатуы.
36. Учаскелiк инспектордың қызметiн бағалау белгiлерін есептеу әдiсi Қазақстан Республикасы - Iшкіісминiнiң бұйрықтарымен сәйкестелген. Қорытынды бағалауда қалалық, аудандық учаскелiк инспекторлардың қызметiнiң айырмашылық жағдайы ескерiлуi тиiс.
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 787 бұйрығымен
бекітілген
Тәртіпке N 1 қосымша
______________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
әкімшілік бөлімшесіне арналған N____
ПАСПОРТ
Басталды 200__ж."__"________
Аяқталды 200__ж."__"________
Әкімшілік учаскені тапсыру мен қабылдау туралы
МӘЛІМЕТТЕР
____________________________________________________________________
N Полиция Учаскені Учаскені Учаскені қабыл. ІІО басшысының,
р учаскелік қабылдау тапсыру дауға қатысқан қабылдаушының
/ инспекторы. датасы, датасы, басшының аты- немесе тапсыру.
с ның (аға қолы қолы жөні, атағы, шының ескертпе.
инспекторы. лауазымы сі, ұсынысы
ның аты-жөні,
атағы)
____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. 6.
____________________________________________________________________
Учаске жоспары
(қосымша)
Учаске жоспарында әкімшілік учаскедегі қоғамдық тәртіпті
сақтауға қатысушы бағыттар, күштер мен құралдардың бағыты
көрсетіледі.
Учаскені сипаттайтын
МӘЛІМЕТТЕР
____________________________________________________________________
N Атауы Жағдайы бойынша
р/с ________________________________
1.01. 1.01. 1.01. 1.01.
200__ж. 200__ж. 200__ж. 200_ж.
____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. 6.
____________________________________________________________________
1. Аумағы (шаршы км.)
2. Тұрғын үй құрылысы (барлығы),
соның ішінде: Жеке үйлер
Пәтерлер
Жатақханалар
3. Тұрғын халық, барлығы
Оның ішінде: Ересектер
Балалар
4. Аумақта:
- кәсіпорын, мекемелер
- акционерлік қоғамдар
- фермерлік шаруашылықтар
- денсаулық сақтау ұйымдары
- мейрамханалар, дәмхана,
дүкен, базар, қоймалар
- ақша айырбастау пункттері
- банктер
- байланыс бөлімшелері
- оқу орындары
- автотұрақтар, гараж коопе.
ративтері
- мәдениет сарайлары, клубтар,
кинотеатрлар және басқа да
спорт кешендері(спортзалдар)
орналасқан
5. Профилактикалық есепте тұрған
барлық адамдар
____________________________________________________________________
Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, банктер, акционерлік
қоғамдар, фермерлік шаруашылықтар, емдеу-сауықтыру,
мәдени-ағарту және оқу орындары, жеке меншік пәтерлер
кооперативтері
____________________________________________________________________
N Атау, Мекен-жайы Басшының аты-жөні, оның қызметтік Ескерт.
Р/с ведомст. және үй телефоны, тұрғылықты пелер
волық орныны, мекен-жайы
тиесілігі (қарындашпен толтырылады)
____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5.
____________________________________________________________________
Сауда және тамақтандыру объектілері, мейрамханалар,
дәмханалар, базарлар, қоймалар
____________________________________________________________________
N Атаулары, Мекен-жайы Басшының аты-жөні, Жұмыс Күзет
р/с ведом. оның қызметтік режимі түрі
стволық және үй телефоны,
тиесі. тұрғылықты орының
лігі мекен-жайы
(қарындашпен
толтырылады) ____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. 6. ____________________________________________________________________
Жатақханалар
____________________________________________________________________
N Атаулары, Мекен- Коменданттың аты-жөні, Өткізу Тұрғындар
р/с ведомст. жайы оның қызметтік және үй пунктінің саны
волық телефоны, вахтаның теле. жұмыс
тиесілігі фоны (қарындашпен режимі
толтырылады) ____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. 6. ____________________________________________________________________
Рұқсат беру жүйесінің объектілері, оқатар қарулар, оқ дәрілер,
жарылғаш заттары және т.б. бар кәсіпорындар,
ұйымдар, мекемелер
____________________________________________________________________
N Атаулары, Мекен- Объектілер үшін жауап. Өткізу Бақылауға Рұқсат
р ведом. жайы ты адамның аты-жөні, пункті. алынатын N, рұқ
/ стволық оның қызметтік және нің заттар сатты
с тиесі. үй телефоны, тұрғы. жұмыс қашан
лігі лықты мекен-жайы . режимі және
(қарындашпен толты. кім
рылады) берген
____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.
____________________________________________________________________
Жеке пайдалануында оқатар қарулары бар адамдардың
ТІЗІМІ
____________________________________________________________________
N Қару иесінің Мекен- Жұмыс орны, Қарудың Рұқсат. Қайта Қаруды
р/с аты-жөні жайы лауазымы, N түрі ты қа. тіркеу алған
қызметтік және және кім датасы және
және үй те. жүйесі берген, тапсыр.
фоны(қарын. нөмірі, ған
дашпен тол. мерзімі датасы
тырылады ____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.
____________________________________________________________________
Штаттан тыс полиция қызметкерлері
____________________________________________________________________
N Тегі, Жұмыс орны, Білімі Тұрғылық. ІІО қабылдануы
р/с аты-жөні лауазымы, ты жері туралы датасы
қызметтік мен нөмірі
және үй теле.
фоны (қарын.
дашпен тол.
тырылады)
____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. 6.
____________________________________________________________________
Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар
____________________________________________________________________
N Тәртіп сақтауға Басшының аты- Мүшелер Дислокация Ескертпе
р/с бағытталған жөні, қызмет. саны мекен-жайы
қоғамдық құры. тік және үй
лымдардың телефоны
атаулары (қарындашпен
толтырылады)
____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. 6. ____________________________________________________________________
Әкімшілік учаскесінде жасалған қылмыстардың есебі
____________________________________________________________________
N Қылмыстық Жасалған қылмыстың фабуласы, Тергеудің Ескертпе
р/с істің нөмірі, күдікті, айыпталушы, іздеуде және іздес.
іс қозғалған жүрген адамның аты-жөні, тірудің
датасы, ҚР жолын кесу шаралары нәтижесі
ҚК бабы
____________________________________________________________________
1. 2. 3. 4. 5. ____________________________________________________________________
Паспорт тексеру туралы белгілер
________________________________________________________________
N Тексеруші адамның Датасы Тексеруші адамның Кемшіліктер.
р/с аты-жөні, лауазымы, ескертулері мен ді жоюдың
атағы ұсыныстары нәтижелері
________________________________________________________________
1 2 3 4 5
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 787 бұйрығымен
бекітілген
Тәртіпке N 2 қосымша
Учаскелік инспектордың
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
______________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
______________________________________________________
(атағы, тегі, аты-жөні)
Басталды 20__ж. "__"________
Аяқталды 20__ж. "__"________
"Бекітемін"
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________
(лауазымы, атағы)
20__ж. __________ арналған
(айы)
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
______________________________________________________
N Жоспарланған Мерзімі Орындалуы туралы
р\с іс-шаралар белгілер
______________________________________________________
1. 2. 3. 4.
______________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 787 бұйрығымен
бекітілген
Тәртіпке N 3 қосымша
Азаматтарды қабылдау туралы тіркеу
ЖУРНАЛЫ
______________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
Басталды 20__ж. "__"________
Аяқталды 20__ж. "__"________
____________________________________________________________________
N Арыз Мекен- Арыз. Арызды Арызды орын. Қабылдан. ІІО
р/с Түс. беру. жайы дың қараған дауға қабыл. ған шешім жетек
кен шінің қыс. жетекші. даған УПИ және оны шісі.
дата. тегі, қаша нің тегі, тегі,аты, арыз беру. нің
сы аты, маз. аты, әке. әкесінің шіге ха. тексер
әкесі. мұны сінің аты барлау жө. гені
нің аты аты ніндегі жөнін.
белгілер дегі
белгі
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 787 бұйрығымен
бекітілген
Тәртіпке N 4 қосымша
УПИ байланысқа шыққаны туралы есеп
ЖУРНАЛЫ
______________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
Басталды 20__ж. "__"________
Аяқталды 20__ж. "__"________
___________________________________________________________________
Р Байланысқа Учаскелік Хабардың қысқаша Жедел кезекшінің
е шыққан уақы. инспектордың мазмұны Т.А.Ә-а.
т ты мен датасы Т.А.Ә-а.
N
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсан
N 787 бұйрығымен
бекітілген
Тәртіпке N 5 қосымша
Істің ішкі бетінде басылады
Алдын алу iстерiндегi құжаттар
ТIЗБЕСI
______________________________________________________________
1. Iсте болатын құжаттар тiзiмдемесi
2. Алдын алу iсiн бастағаны жөнiндегi учаскелiк инспектордың
рапорты
3. Есептегi адамдармен жұмыс жоспары (тоқсан сайын)
4. Бостандығынан айырған орындардан босағаны жөнiндегi анықтаманың
көшiрмесi
5. Қадағалау байланыс схемасы
6. Есептегiнiң АжКСО деректерi бойынша арнайы тексеру талаптары
7. Аудандық, қалалық сот үкiмдерiнiң көшiрмесi (үкiмнiң үзiндiсi)
8. Есептегi адамды N 18 нысан бойынша тiркеу туралы көшi-қон
қызметiнiң рапорты
9. Iшкi iстер органдарының бастамашылығы бойынша әкiмшiлiк
қадағалау белгiлеу үшiн негiз болатын материалдар
10. Әкiмшiлiк қадағалауды белгiлеу туралы ұсыныс көшiрмесi
11. Әкiмшiлiк қадағалауды белгiлеу туралы сот қаулысы
12. Қадағалаудағыға шектеулер белгiлеу туралы сот қаулысы
13. Қарауыл карточкасының көшiрмесi
14. Әкiмшiлiк қадағалау ережесiн бұзғаны жөнiндегi хаттама көшiрмесi
15. Қадағалаудағыны әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы сот
қаулысы
16. Мерзiмiн ұзарту туралы (әкiмшiлiк қадағалаудағы шектеулердi
өзгертiп) ұсыныс көшірмесі
17. Мерзiмiн ұзарту туралы (әкiмшiлiк қадағалаудағы шектеулердi
өзгертiп) сот қаулысы
18. Қадағалаудағының әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн және
белгiленген шектеулердi орындаудағы бақылау парақшасы
19. Тiркеу парақшасы
20. Қадағалаудағымен әңгiме жүргiзу туралы анықтамалар
21. Бағыт және бақылау парақшалары, бағыт және бақылау
парақшаларының түбiршектерi
22. Iшкi iстер органдарына, мекен-жай бюросында, IIБ-нiң ҚО-на
жiберiлетiн хабарламалардың (коррекция парақтарының) көшiрмелерi
23. Белгiлеу үшiн маңызы бар, әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыратын
және алдын алу iстерiн жүргiзетiн өзге де материалдар
24. Әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы ұсыныс көшiрмесi
25. Әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулы
26. Есептегi адамның тұрғылықты мекенiне және жұмысына барғандығы
жөнiндегi анықтама
27. Есептегi адамның жұмыс жоспарын орындау бойынша анықтама
28. Алдын алу iсiн тоқтату туралы учаскелiк инспектордың рапорты
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 787 бұйрығымен
бекітілген
Тәртіпке N 6 қосымша
БЕКІТЕМІН
______________________
ҚАІІО бастығы
200 ж. "__"___________
N БАҚЫЛАУ КАРТОЧКАСЫ
Жүргізу датасы 20__ж."___" ____________
Тіркеу N___ ІІОАБ
Тегі________________________________________________________________
Аты_________________________________________________________________
Әкесінің аты________________________________________________________
Туған датасы_______________________________________________________
Мекен-жайы, телефоны________________________________________________
____________________________________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасы құрамы_______________________________________________________
____________________________________________________________________
Картотекалық есепке қою үшін негіз__________________________________
___________________________________________________________________
Сотталғандық (сотталған датасы мен жаза өтеуі, жаза түрі және
мерзімі, ҚР ҚК бабы)________________________________________________
____________________________________________________________________
Сотталғандықтың жойылған датасы_____________________________________
Есептен шығу датасы_________________________________________________
Учаскелік инспектор _______________________
Карточканың теріс жағы
Жіберілген құқық бұзушылықтар туралы мәлеметтер
__________________________________________________________
Дата Құқық бұзушылық түрі Қолданылған шаралар
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Жүргізілген жұмыстар жөніндегі белгілер
__________________________________________________________
Дата Жүргізілетін іс-шаралар Жұмыс нәтижесі
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Бақылау карточкасын тексеру туралы белгілер
__________________________________________________________
Рет Тексерушінің Тексерушінің Кемшіліктерді
N аты-жөні, дата ұсыныстары түзету нәтижесі
лауазымы, мен ескерт.
атағы пелері
__________________________________________________________
1 2 3 4 5
_________________________________________________________
Карточканың жоғарғы жолына есептеу санатының шартты белгілері енеді:
РС - бұрын сотталғандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар; АЛ - денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын ішімдікке қатты салынған адамдар; Н - нашақорлар, наркологиялық диспансерде есепте тұратындар; СД - отбасы-тұрмыстық жағдайында құқық бұзушылыққа жол бергендер.
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
N 787 бұйрығымен
бекітілген
Тәртіпке N 7 қосымша
бақылау карточкаларын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
__________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
Басталды 20__ж. "__"________
Аяқталды 20__ж. "__"________
____________________________________________________________________
N Есептегі Жұмыс орны, Тұрғы. Есеп. Профилак. Есептен Бақылау
р/с адамның лауазымы, лықты ке тикалық шығару жүргізе.
Т.А.Әа. қызметтік орны қою есебінің датасы тін учас.
ж/е үй дата. түрі келік
телефоны сы инспек.
(қарындаш. тордың
пен толтыр. Т.А.Әа
ылды) ____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
____________________________________________________________________