Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" кешеніне әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2125. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21  № 474Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеден комитетінің арасындағы Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" кешеніне әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртібі туралы 1998 жылғы 6 шілдедегі келісімге сәйкес және "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуіне арналған қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" кешеніне әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Халықаралық қатынастар басқармасы (С.М.Нұрғалиева) осы бұйрықты Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеден комитетіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Автоматтандыру және кедендік статистика департаменті (В.И.Варченко) және Қазақстан Республикасының кеден органдары есеп жүргізу мен статистикалық деректерді бақылау үшін статистикалық кәртішкелерді жасауға мүмкіндік беретін ақпарат алмасудың тиісті бекітілген тетігін пайдалансын, сондай-ақ ай сайын жұмыс істеп тұрған электрондық байланыс желілері бойынша ақпараттармен алмассын.
      4. Қазақстан Республикасының кеден органдары:
      "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу кезінде Ресей Федерациясының кеден қызметімен өзара іс-қимылды;
      "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Г.Т.Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.С.Айсағалиеваға жүктелсін.
      8. "Байқоңыр" кешеніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қазақстан-ресей шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 348-П бұйрығының (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 2000 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығымен енгізілген толықтыруларымен қоса, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 тамызда N 877 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Кедендік бақылау агенттігі
      төрағасының міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасының 
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының       
2002 жылғы 25 желтоқсандағы
N 158 бұйрығымен    
бекітілген       

"Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізу туралы нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізу туралы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеден комитетінің арасындағы Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" кешеніне әкелінетін және Ресей Федерациясына "Байқоңыр" кешенінен әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртібі туралы 1998 жылы 6 шілдеде жасалған Келісімнің негізінде әзірленді.
      2. Осы Нұсқаулықтың қолданылуы "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарына (бұдан әрі - тауарлар) қолданылады.
      Кеден мақсаттарына арналған тауарлардың мәртебесі:
      1) "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелу кезінде көліктік және тауарларға ілеспе құжаттардың оң жақ төменгі бұрышында ресейлік кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлік мөрімен куәландырылған кепілді міндеттеменің күні мен нөмірі туралы белгімен;
      2) "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органына жүк алу үшін тауарларды мақсатты пайдалануы туралы міндеттемесін (1-қосымша) ұсыну жолымен расталады.
      3. Тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары оңайлатылған тәртіппен, лицензиялар мен мемлекеттік органдардың басқа да рұқсаттарын ұсынбастан, кеден төлемдерін, салықтарын және алымдарын төлеместен, жүктік кедендік декларацияларды ұсыну жолымен мәлімдеместен, сондай-ақ мұндай тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймаларына міндетті түрде орналастырмастан жүзеге асырады.
      4. Тауарларды кедендік тексеру ерекше жағдайларда, тауарлардың нақты партиясы Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын бұза отырып өткізілуде деуге жеткілікті негіздеме болғанда ғана жүргізіледі. Бұл орайда, тапсырыс берушінің (әскери қабылдаудың) және техникалық бақылау бөлімдері (бұдан әрі - ТББ) өкілінің пломбаларымен, сондай-ақ кәсіпорындардың және олардың ТББ-ларының пломбаларымен тұрған тауарларды кедендік тексеру жабдықтаушылар кәсіпорындарының қауіпсіздік қызметімен (режимімен) және/немесе "Байқоңыр" ғарышжайының мамандарымен келісім бойынша осы мақсат үшін арнайы лайықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.
      5. Осы Нұсқаулықтың қолданылуы таратылатын тауарларға қатысты тауарларды кедендік бақылаумен өткізудің Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен көзделген шарттарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолданылмайды.
      6. Осы Нұсқаулықтың қолданылуы таратылмайтын "Байқоңыр" кешеніне әкелінетін және әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2. "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау

      7. Тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кеден органына:
      1) көлік құжаты мен оның бір көшірмесі;
      2) тауарға ілеспе құжаттар;
      3) тауарлардың атауларын, олардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасын (бұдан әрі - ТМД СЭҚ ТН) бойынша кодтары және АҚШ долларындағы статистикалық құнын міндетті түрде көрсету арқылы тауарлардың тізімі;
      4) жүк алушының тауарларды мақсатты пайдалануы туралы міндеттемесі (1-қосымша) (бұдан әрі - міндеттеме) ұсынылуы тиіс.
      Бұл ретте, көліктік және тауарға ілеспе құжаттардың оң жақтағы төменгі бұрышында ресейлік кеден органы лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлік мөрінің таңбасымен расталған кепілді міндеттеменің күні мен нөмірі туралы белгі болуы тиіс.
      8. Кеден органының лауазымды адамы:
      1) көлік құжаттарын тіркеуді жүргізеді. Тіркеу нөмірі тіркеу журналы бойынша орталық кеден органы ЖКД тіркеу жағдайына белгілеген ережеге сәйкес беріледі. Реттік нөмірдегі тіркеу нөмірін (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 21 сәуірде N 291 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Кеден комитеті төрағасының 1995 жылғы 26 қыркүйектегі N 127-Ө бұйрығымен (бұдан әрі - ЖКД-ды толтырудың тәртібі туралы нұсқаулық) бекітілген Жүктік кедендік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 2.4-тармағына сәйкес 5-элемент) құру кезінде бөлшектен кейін "9" саны қойылады;
      2) мәлімделген мәліметтердің сәйкестігі мен толықтығын тексереді және көлік құжатының түпнұсқасы мен көшірмесіне "Шығаруға рұқсат етіледі" мөртаңбасын қояды;
      3) декларантқа көлік құжатының түпнұсқасын тапсырады;
      4) қоса берілетін тауарға ілеспе құжаттармен бірге көлік құжатының көшірмесін, сондай-ақ тауарлардың тізімі мен міндеттемені кеден органының мұрағатына береді.
      9. Оларға қоса берілетін тауарлардың тізімі және міндеттемемен бірге көлік құжаттарының, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін беру және сақтау қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

3. "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау

      10. Тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кеден органына:
      1) көлік құжаты мен оның бір көшірмесі;
      2) тауарға ілеспе құжаттар;
      3) тауарлардың атауларын, олардың ТМД СЭҚ ТН  бойынша кодтары және АҚШ долларындағы статистикалық құнын міндетті түрде көрсету арқылы тауарлардың тізімі;
      4) жүк алушының тауарларды мақсатты пайдалануы туралы міндеттемесі (1-қосымша) (бұдан әрі - міндеттеме) ұсынылуы тиіс.
      11. Кеден органының лауазымды адамы:
      1) көлік құжаттарын тіркеуді жүргізеді. Тіркеу нөмірі тіркеу журналы бойынша орталық кеден органы ЖКД тіркеу жағдайына белгілеген ережеге сәйкес беріледі. Реттік нөмірдегі тіркеу нөмірін (Жүктік кедендік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 2.4-тармағына сәйкес 5-элемент) құру кезінде бөлшектен кейін "9" саны қойылады;
      2) мәлімделген мәліметтердің сәйкестігі мен толықтығын тексереді және көлік құжатының түпнұсқасы мен көшірмесіне "Шығаруға рұқсат етіледі" мөртаңбасын қояды;
      3) декларантқа көлік құжатының түпнұсқасын тапсырады;
      4) қоса берілетін тауарға ілеспе құжаттармен бірге көлік құжатының көшірмесін, сондай-ақ тауарлардың тізімі мен міндеттемені кеден органының мұрағатына береді.
      12. Оларға қоса берілетін тауарлардың тізімі және міндеттемемен бірге көлік құжаттарының, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін беру және сақтау жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Кеден органы статистика бөлімінің лауазымды адамы статистикалық нысанды (2-қосымша) жасайды.

4. Жеке тұлғалар "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкететін тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау

      14. Жеке тұлғалар "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясының аумағына әкететін тауарларды кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" 
кешеніне әкелінетін және      
"Байқоңыр" кешенінен Ресей     
Федерациясына әкетілетін тауарлар
мен көлік құралдарына кедендік  
бақылау мен кедендік ресімдеу  
жүргізу туралы нұсқаулыққа   
1-қосымша             

"___" N _____                             ______________________
                                          (кеден органының атауы)

Тауарлар мен көлік құралдарын мақсатты пайдалану
туралы міндеттеме

                           _____                             _____
"Байқоңыр" кешеніне әкелу !_____! "Байқоңыр" кешенінен әкету!_____!
жүк алушының (жүк жөнелтушінің) атауы _____________________________
әкелу (әкету) үшін негіздеме ______________________________________
                    (күні және шарттың немесе өзге құжаттың нөмірі)
тауарлар ___________________________________________________ сәйкес
         (тауарлар тізімінің N, орындарды жалпы саны, салмағы,
          стат. құны көрсетіледі)
Әкелудің (әкетудің) мақсаты _______________________________________
 
Мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын растаймыз

Мөр                                          Ұйым басшысының
                                       (әскери бөлім командирінің)
                                                   қолы

(күні)

Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" 
кешеніне әкелінетін және      
"Байқоңыр" кешенінен Ресей     
Федерациясына әкетілетін тауарлар
мен көлік құралдарына кедендік  
бақылау мен кедендік ресімдеу  
жүргізу туралы нұсқаулыққа   
2-қосымша             

Статистикалық нысан

      1. "Байқоңыр" кешеніне әкелінетін/әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу мақсатында қолданылады және көрсетілген тауарларға кедендік ресімдеу жүргізу барысында кеден органына тікелей ұсынуға арналған міндетті құжат болып табылмайды.
      2. Кеден органының лауазымының адамы жүктік кедендік декларацияның (ЖКД) бағандарын толтыруға ұқсас электронды түрде тауарлардың әр бір партиясына арнап, тауарларды шығару жүзеге асырылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей толтырады.
      3. ЖКД-ның бағандары Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында көзделген тәртіппен толтырылады.
      4. 54-бағанда кеден органының статистикалық нысанды жасаған лауазымды адамының жеке нөмірлік мөрі қойылады.

      Статистикалық нысанда толтырылатын ЖКД бағандарының тізбесі
--------------------------------------------------------------------
              ЖКД бағандары                  Экспорт
--------------------------------------------------------------------
                   2                            Х
                   7                            Х
                   8                            Х
                   17а                          Х
                   31                           Х
                   33                           Х
                   34                           Х
                   38                           Х
                   41                           Х
                   46                           Х
                   54                           Х
--------------------------------------------------------------------

Об утверждении Инструкции о проведении таможенного контроля и таможенного оформления товаров и транспортных средств, ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию

Приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 25 декабря 2002 года № 158. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 января 2003 года № 2125. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 21 сентября 2010 года № 474

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 21.09.2010 № 474.

      В соответствии с Соглашением между Таможенным комитетом Министерства финансов Республики Казахстан и Государственным таможенным комитетом Российской Федерации об упрощенном порядке таможенного оформления и контроля товаров и транспортных средств, ввозимых из Российской Федерации на комплекс "Байконур" и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию от 6 июля 1998 года и в целях обеспечения благоприятных условий для функционирования комплекса "Байконур", приказываю:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию о проведении таможенного контроля и таможенного оформления товаров и транспортных средств, ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию (далее - Инструкция).
      2. Управлению международных отношений Агентства таможенного контроля Республики Казахстан (Нургалиева С.М.) обеспечить доведение настоящего приказа до Государственного таможенного комитета Российской Федерации.
      3. Департаменту автоматизации и таможенной статистики Агентства таможенного контроля Республики Казахстан (Варченко В.И.) и таможенным органам Республики Казахстан для ведения учета и контроля статистических данных использовать соответствующий утвержденный механизм обмена информацией, позволяющий формировать статистические карточки, а также ежемесячно обмениваться информацией по существующим электронным каналам связи.
      4. Таможенным органам Республики Казахстан осуществлять:
      взаимодействие с таможенной службой Российской Федерации при проведении таможенного контроля товаров и транспортных средств, ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию;
      контроль за целевым использованием товаров и транспортных средств, ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации.
      5. Управлению правового обеспечения Агентства таможенного контроля Республики Казахстан (Ансарова И.Ы.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      6. Пресс-службе Агентства таможенного контроля Республики Казахстан (Исахан Г.Т.) обеспечить опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации.
      7. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан Айсагалиеву С.С.
      8. Признать утратившим силу приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 2 августа 1999 года N 348-П "О таможенном оформлении товаров, перемещаемых через казахстанско-российскую границу для обеспечения работ на комплексе "Байконур" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 августа 1999 года за N 877, с дополнениями, внесенными приказом Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 2 февраля 2000 года N 43).
      9. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель Агентства
       таможенного контроля
       Республики Казахстан

      Утверждена           
Приказом Председателя    
Агентства таможенного контроля
Республики Казахстан      
от 25 декабря 2002 года N 158  

Инструкция
о проведении таможенного контроля и таможенного
оформления товаров и транспортных средств,
ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция о проведении таможенного контроля и таможенного оформления товаров и транспортных средств, ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию, разработана на основе Соглашения между Таможенным комитетом Министерства финансов Республики Казахстан и Государственным таможенным комитетом Российской Федерации об упрощенном порядке таможенного оформления и контроля товаров и транспортных средств, ввозимых из Российской Федерации на комплекс "Байконур" и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию, совершенного 6 июля 1998 года.
      2. Действие настоящей Инструкции распространяется на товары и транспортные средства, необходимые для функционирования комплекса "Байконур", ввозимые на комплекс "Байконур" из Российской Федерации и вывозимые с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию (далее - товары).
      Статус товаров для таможенных целей подтверждается:
      1) при ввозе на комплекс "Байконур" из Российской Федерации наличием в правом нижнем углу транспортных и товаросопроводительных документов отметки о дате и номере гарантийного обязательства, заверенной подписью и оттиском личной номерной печати должностного лица российского таможенного органа;
      2) при вывозе с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию путем представления в таможенный орган Республики Казахстан обязательства грузоотправителя о целевом использовании товаров (Приложение 1).
      3. Таможенное оформление и таможенный контроль товаров осуществляется таможенными органами Республики Казахстан в упрощенном порядке, без предоставления лицензий и других разрешений государственных органов, без уплаты таможенных пошлин, налогов и сборов, без декларирования путем представления грузовых таможенных деклараций (далее - ГТД), а также без обязательного помещения таких товаров и транспортных средств на склады временного хранения.
      4. Таможенный досмотр товаров производится в исключительных случаях, когда есть достаточные основания полагать, что конкретная партия товаров перемещается в нарушение таможенного законодательства Республики Казахстан. При этом таможенный досмотр товаров, находящихся под пломбами представителя заказчика (военной приемки) и отделов технического контроля (далее - ОТК), а также под пломбами предприятий и их ОТК осуществляется по согласованию со службой безопасности (режима) предприятий поставщиков и/или специалистов космодрома "Байконур" в специально приспособленных для этих целей помещениях.
      5. В отношении товаров, на которых распространяется действие настоящей Инструкции, не применяются меры по обеспечению соблюдения условий перемещения товаров под таможенным контролем, предусмотренных национальным законодательством Республики Казахстан.
      6. Таможенное оформление и таможенный контроль ввозимых и вывозимых с комплекса "Байконур" товаров и транспортных средств, на которые действие настоящей Инструкции не распространяется, производится в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан.

2. Таможенное оформление и таможенный контроль товаров,
ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации

      7. Для производства таможенного оформления товаров в таможенный орган Республики Казахстан должны быть представлены:
      1) транспортный документ и одна его копия;
      2) товаросопроводительные документы;
      3) список товаров с обязательным указанием наименования товаров, их кодов по товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Содружества Независимых Государств (далее - ТН ВЭД СНГ) и статистической стоимости в долларах США;
      4) обязательство грузополучателя о целевом использовании товаров (Приложение 1) (далее - обязательство).
      При этом в правом нижнем углу транспортных и товаросопроводительных документов должна быть отметка о дате и номере гарантийного обязательства, заверенная подписью и оттиском личной номерной печати должностного лица российского таможенного органа.
      8. Должностное лицо таможенного органа:
      1) производит регистрацию транспортных документов. Регистрационный номер присваивается по журналу регистрации в соответствии с правилами, установленными центральным таможенным органом при регистрации ГТД. При формировании регистрационного номера в порядковом номере (элемент 5 согласно пункту 2.4 Инструкции о порядке заполнения грузовой таможенной декларации, утвержденной приказом Председателя Таможенного комитета при Кабинете министров Республики Казахстан от 26 сентября 1995 года № 127-П, зарегистрированным в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 апреля 1997 г. N 291 (далее - Инструкция о порядке заполнения ГТД)) после дроби проставляется цифра "9";
      2) проверяет соответствие и полноту заявляемых сведений и проставляет штамп "Выпуск разрешен" в оригинале и копии транспортного документа;
      3) вручает оригинал транспортного документа декларанту;
      4) передает копию транспортного документа с прилагаемыми товаросопроводительными документами, а также список товаров и обязательство в архив таможенного органа.
      9. Передача и хранение копий транспортных документов, товаросопроводительных документов с прилагаемыми к ним списком товаров и обязательством осуществляется в соответствии с действующим законодательством.

3. Таможенное оформление и таможенный контроль товаров,
вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию

      10. Для производства таможенного оформления товаров в таможенный орган Республики Казахстан должны быть представлены:
      1) транспортный документ и одна его копия;
      2) товаросопроводительные документы;
      3) список товаров с обязательным указанием наименования товаров, их кодов по ТН ВЭД СНГ и статистической стоимости в долларах США;
      4) обязательство грузоотправителя о целевом использовании товаров (Приложение 1) (далее - обязательство);
      11. Должностное лицо таможенного органа:
      1) производит регистрацию транспортных документов. Регистрационный номер присваивается по журналу регистрации в соответствии с правилами, установленными центральным таможенным органом при регистрации ГТД. При формировании регистрационного номера в порядковом номере (элемент 5 согласно пункту 2.4 Инструкции о порядке заполнения ГТД) после дроби проставляется цифра "9";
      2) проверяет соответствие и полноту заявляемых сведений и проставляет штамп "Выпуск разрешен" в оригинале и копии транспортного документа;
      3) вручает оригинал транспортного документа декларанту;
      4) передает копию транспортного документа с прилагаемыми товаросопроводительными документами, а также список товаров и обязательство в архив таможенного органа.
      12. Передача и хранение копий транспортных документов, товаросопроводительных документов с прилагаемыми к ним списком товаров и обязательством осуществляется в соответствии с общеустановленным порядком.
      13. Должностное лицо отдела статистики таможенного органа формирует статистическую форму (Приложение 2).

4. Таможенное оформление и таможенный контроль товаров,
ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации
и вывозимых с комплекса "Байконур" в Российскую Федерацию
физическими лицами

      14. Таможенное оформление товаров, ввозимых на комплекс "Байконур" из Российской Федерации и вывозимых с комплекса "Байконур" на территорию Российской Федерации физическими лицами, производится в порядке, установленном таможенным законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1 к Инструкции    
о проведении таможенного контроля
и таможенного оформления товаров 
и транспортных средств, ввозимых 
на комплекс "Байконур" из Российской
Федерации и вывозимых с комплекса
"Байконур" в Российскую Федерацию 

от________ №_______              ________________________________
                              (наименование таможенного органа)

Обязательство о целевом использовании товаров
и транспортных средств

                            ____                               ____
Ввоз на комплекс "Байконур"|    | Вывоз с комплекса "Байконур"|    |
                           |____|                             |____|

Наименование грузополучателя (грузоотправителя)____________________

Основание для ввоза (вывоза) ______________________________________
                         (дата и номер договора или иного документа)

Товары согласно ___________________________________________________
               (указывается N списка товаров, общее количество мест,
                             вес, стат. стоимость)

Цель ввоза (вывоза) _______________________________________________

Достоверность заявленных сведений подтверждаем.

                                                                                                                   Подпись 
   Печать                             руководителя организации
                                     (командира войсковой части)

   /дата/

Приложение 2 к Инструкции    
о проведении таможенного контроля
и таможенного оформления товаров 
и транспортных средств, ввозимых 
на комплекс "Байконур" из Российской
Федерации и вывозимых с комплекса
"Байконур" в Российскую Федерацию

Статистическая форма

      1. Применяется для целей учета товаров и транспортных средств, ввозимых/вывозимых на комплекс "Байконур" и не является документом, обязательным для представления таможенному органу непосредственно при производстве таможенного оформления указанных товаров.

      2. Заполняется должностным лицом таможенного органа в электронном виде аналогично заполнению граф ГТД на каждую партию товаров, не позднее 5 дней после осуществления выпуска товаров.

      3. Графы ГТД заполняются в порядке, предусмотренном действующими национальными законодательствами Российской Федерации и Республики Казахстан.

      4. В графе 54 проставляется личная номерная печать должностного лица таможенного органа, составившего статистическую форму.

Перечень граф ГТД, заполняемый в статистической форме

Графы ГТД

Экспорт

2

Х

7

Х

8

Х

17а

Х

31

Х

33

Х

34

Х

38

Х

41

Х

46

Х

54

Х