"Байқоңыр" кешеніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында қазақстан-ресей шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті Төрағасының 1999 жылғы 2 тамыздағы N 348-Б бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 тамызда тіркелді. Тіркеу N 877. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 158 бұйрығымен.

      1998 жылдың 6 шілдесiндегi "Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан әкелiнетiн және "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кеден комитетi мен Ресей Федерациясы Мемлекеттiк кеден комитетi арасындағы Келiсiмге орай, Байқоңыр кешенiнiң жұмыс iстеуi мен ғарыш бағдарламаларын орындау үшiн қолайлы жағдайлар тудыру мақсатында бұйырамын:
      1. "Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан әкелiнетiн және "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртiбi туралы Нұсқаулықты" бекiту (қосымша).
      2. ҚР МКМ Кеден комитетi ұйымдастыру-талдама басқармасына (К.М.Нуриев) 1 тармақта көрсетiлген Нұсқаулықтың енгiзiлгенi туралы Ресей Федерациясы Мемлекеттiк кеден комитетiн хабардар ету және аталған Бұйрықтың ережелерiнiң бұқаралық ақпарат құралдары беттерiнде жариялануын қамтамасыз ету жүктеледi.
      3. ҚР МКМ Кеден комитетi кадрлар басқармасына (М.Ә. Исмаилов):
      - Қазақстан Республикасы кеден қызметi жанындағы Ресей Федерациясы кеден қызметiнiң Өкiлдiгiмен бiрге "Байқоңыр" кешеніндегі Өкілдік қызметкерлерінің саны туралы келісу.
      4. "Байқоңыр" кеденіне:
      - "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудан өткізу кезінде "Байқоңыр" кеденінің Ресей Федерациясы кеден қызметімен өзара іс-қимылдарын;
      - "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарының мақсатқа сай пайдалануын бақылауды ұйымдастыру.
      5. Аталған Бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР МКМ КК Председателінің орынбасары Б.Т. Жұмабаевқа жүктелсін.  

      Төраға

ҚР МКМ КК  
2 тамыз 1999 ж.
N 348 бұйрығына
Қосымша  

"Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан әкелiнетiн
және "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртiбi туралы
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. "Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан әкелiнетiн және "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың оңайлатылған тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi Кеден комитетi мен Ресей Федерациясы Мемлекеттiк кеден комитетi арасындағы 1998 жылдың 6 шілдесiнде жасалған Келiсiмге орай, аталған Нұсқаулықта төмендегiдей терминдер қолданылады:
      1) "ғарыш бағдарламаларын орындауға бағытталған тауарлар" - зымыран-ғарыш техникасы, техникалық, технологиялық жабдықтар, зымыран отынының құрамдас бөлiктерi, жанар-жағармай материалдары, ғарыш бағдарламаларының орындалуына қажеттi басқа да жабдықтар;
      2) "басқа тауарлар" - Ресей Федерациясының кеден аумағынан жүргiзiлетiн немесе осы аумақтан еркiн айналысқа шығарылған, акцизделетiн тауарлардан басқа, "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiне бағытталған жабдықтар, отын және басқа материалдар;
      3) "ресейлiк тауарлар", "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетiлетiн тауарлар - Ресей Федерациясы кеден аумағынан шығарылатын тауарлар, немесе осы аумақта еркiн айналыс үшiн шығарылғандар және аталған Нұсқаулыққа сәйкес Ресей Федерациясы аумағынан "Байқоңыр" кешенi аумағына ертеректе әкелiнгендер.
      2. Аталған Нұсқаулықтың әрекетi ғарыш бағдарламаларын орындауға бағытталған және Ресей Федерациясынан "Байқоңыр" кешенiне сату құқығынсыз әкелiнген, басқа мақсаттарда қолданылмайтын, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетiлетiн ресейлiк тауарларға таралады.
      3. Ғарыш бағдарламаларын орындауға арналған тауарларды Қазақстан Республикасы кеден органдарында кедендiк ресiмдеу лицензиясыз, кедендiк ресiмделу үшiн кеден бажы, салықтар мен кедендiк алымдардың төленуiнсiз жүргiзiледi, сонымен қатар, тауарларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыру және жүкке кедендiк мағлұмдама тапсыру жолымен мағлұмдау мiндеттi емес.
      Ғарыш бағдарламаларын орындауға бағытталған тауарларды кедендiк ресiмдеуден өткiзу нақты тауарлар топтамасын тасымалдауда Қазақстан Республикасы кеден заңдары бұзылды деп есептейтiн жеткiлiктi негiздер болған жағдайларда ғана жүргiзіледi. Бұл жағдайда тапсырыс берушiнiң (әскери қабылдаушы) және ТББ пломбысы, сонымен қатар кәсiпорындар мен олардың ТББ пломбалары салынған тауарларды кедендiк тексермеден өткiзу "Байқоңыр" кешенiнiң мамандарының келiсiмiмен, арнайы жабдықталған жайларда жүргізіледі.
      4. Ғарыш бағдарламаларын орындауға бағытталған тауарларды мағлұмдау осы тауарларды тасымалдаушы тұлға немесе кеден делдалының Қазақстан Республикасы кеден органдарына тауаркөлiктiк құжаттар мен тауарлардың атаулары ТМД сыртқы-экономикалық қызметiнiң Тауарлар Номенклатурасына (одан әрi - ТМД СЭҚ ТН) сәйкес олардың кодтары және АҚШ долларындағы құндары мiндеттi көрсетiлген фактура-шоттар тапсыру жолымен жүргiзіледi.
      5. Басқа тауарларды мағлұмдау мен кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасы кеден органдарымен кедендiк баж, салықтар, кедендiк ресiмдеу алымдарынсыз, сондай-ақ, уақытша сақтау қоймаларына орналастырусыз жүргiзiледi.
      6. Ғарыш бағдарламаларын орындауға бағытталған және кедендiк бақылаудағы тауарларды жеткiзу ережелерiне сай басқа тауарларды тасымалдауда кедендiк төлемдердi өтеу шарттары қолданылмайды.
      7. Егер "Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан аталған Нұсқаулықта көрсетiлген, үшiншi елдерден шығарылған басқа тауарлар әкелiнген жағдайда оларды кедендiк ресiмдеу тауардың ресейлiк статусын растайтын "Тауар Ресей Федерациясы аумағында еркiн айналыс үшiн шығарылды" деген мағынадағы Ресей Федерациясы кеден органдарының көлiк құжаттарындағы белгілерi негiзiнде аталған Нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Жазба Ресей Федерациясы кеден органының лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлi мөрiмен расталуы тиiс.
      Көрсетiлген белгiлер болмаған жағдайда әкелiнетiн басқа тауарларды кедендiк ресiмдеу аталған Нұсқаулықтың 8 тармағына сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту: 7-тармақ толықтырылды - Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2000 жылғы 2 ақпан N 43 бұйрығымен .
      8. Аталған Нұсқаулықтың әрекеттерi таралмайтын, "Байқоңыр" кешенiне әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын (соның iшiнде акцизделетiн тауарлар) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

2. "Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан әкелiнетiн,
ғарыш бағдарламаларын орындауға бағытталған тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау

      9. Ғарыш бағдарламаларын орындауға бағытталған тауарларды кедендiк ресiмдеуден өткiзу үшiн Қазақстан Республикасы кеден органдарына төмендегi құжаттар тапсырылуы тиiс:
      1) көлiк құжаты және оның бiр көшiрмесi;
      2) тауарлардың атаулары, олардың ТМД СЭҚ ТН сәйкес кодтары мен АҚШ долларындағы құны;
      3) РҒА Бас директоры немесе оның орынбасарларының қолы қойылған, РҒА мөрiмен расталған Ресей ғарыш агенттiгiнiң жазбаша хабарламасы (рұқсат қағазының үлгiсi, Ресей ғарыш агенттiгi лауазымды тұлғаларының жеке қолдарының үлгiлерi мен тiзiмi және РҒА мөрiнiң бедерлемесi аталған Нұсқаулықтың 1 және 2 қосымшаларында көрсетiлген).
      10. Кеден органының лауазымды тұлғасы:
      1) көлiк құжаттарын тiркейдi. Жүктiң кедендiк мағлұмдамасын тiркеу кезiнде ҚР МКМ Кеден комитетiмен белгiленген ережелерге сәйкес тiркеу журналы бойынша тiркеу нөмiрi берiледi. Реттiк нөмiр ("ЖКМ толтырудың тәртiбi туралы Нұсқаулықтың" 2.4 тармағына сәйкес 5 элементi) бойынша тiркеу нөмiрiнiң белгiленуi кезiнде жоғары разрядта "9" саны қойылады;
      2) мәлiмделген мәлiметтердiң толықтығы мен сәйкестiгiн тексередi және көлiк құжатының түпнұсқасы мен көшiрмеде "Шығару рұқсат етілдi" мөртаңбасын соғады;
      3) көлiк құжаттарының түпнұсқасын мағлұмдаушыға табыстайды;
      4) көлiк құжатының көшiрмесiн фактура-шоттары және басқа құжаттармен бiрге кеден органының мұрағатына тапсырады.
      11. Көлiк құжаттарының көшiрмелерiн табыстау және сақтау белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.

3. "Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан әкелiнетiн
басқа тауарларды кедендiк ресiмдеу мен бақылау

      12. "Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан әкелiнетiн басқа да тауарларды кедендiк ресiмдеу өндiрiсi үшiн кеден органына ұсынылатын құжаттар:
      1) белгiленген тәртiпке сәйкес толтырылған жүктiң кедендiк мағлұмдамасы;
      2) ЖКМ электрондық көшiрмесi;
      3) көлiк құжаты мен оның бiр көшiрмесi;
      4) фактура-шот;
      5) егер Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тауарлар осы органның бақылауына енетiн жағдайда лицензиялар мен басқа мемлекеттiк органдардың рұқсаттары;
      6) РҒА Бас директоры немесе оның орынбасарларының қолы қойылған, РҒА мөрiмен расталған Ресей ғарыш агенттiгiнiң жазбаша хабарламасы (рұқсат қағазының үлгiсi, РҒА лауазымды тұлғаларының жеке қолдарының үлгiлерi мен тiзiмi, РҒА мөрiнiң бедерлемесi аталған Нұсқаулықтың 1 және 2 қосымшаларында көрсетiлген);
      7) ресейлiк тауарлар мәртебесiн растайтын құжаттар (Ресей Федерациясы аумағында еркiн айналыс үшiн шығарылған және үшiншi елден шыққан тауарларға ЖКМ немесе бұйымдар мен ресейлiк тауарларға көлiктiк, тауарға iлеспе құжаттар, техникалық төлқұжат).
      13. Кеден органының лауазымды тұлғасы:
      1) ЖКМ тiркейдi (ҚР КК 26.09.95 ж. N 128-П бұйрығымен бекiтiлген нысаны мен тәртiбi бойынша). ЖКМ реттiк нөмiрiнiң белгiленуi кезiнде жоғары разрядта "9" санын қояды;
      2) мәлiмделген мәлiметтердiң толықтығы мен сәйкестiгiн тексередi және ЖКМ "Шығару рұқсат етiлдi" мөртаңбасын соғады;
      3) Толтырылған ЖКМ үшiншi парағын мағлұмдаушыға табыстайды;
      4) ЖКМ 1 парағын ұсынылған құжаттармен бiрге мұрағатқа тапсырады.
      ЖКМ бiрiншi данасы мен қоса ұсынылған құжаттарды табыстау мен сақтау белгiленген тәртiпке сәйкес iске асырылады.
      Басқа тауарларды кедендiк тексермеден өткiзу Қазақстан Республикасы кеден заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

4. "Байқоңыр" кешенiнен Ресей Федерациясына әкетiлетiн ресейлiк тауарларды кедендiк ресiмдеу

      14. "Байқоңыр" кешенi аумағына аталған Нұсқаулыққа сәйкес ертеректе әкелiнген және Ресей Федерациясына әкетілетiн ресейлік тауарларды кедендiк ресiмдеу өндiрiсi үшiн кеден органына тапсырылуға тиiстi құжаттар:
      1) белгiленген тәртiппен толтырылған жүктiң кедендiк мағлұмдамасы;
      2) ЖКМ электрондық көшiрмесi;
      3) көлiк құжаты мен оның бiр көшiрмесi;
      4) фактура-шот;
      5) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар осы органның бақылауына енетiн жағдайда лицензиялар мен басқа мемлекеттiк органдардың рұқсаттары ("Байқоңыр" кешенiне Ресей Федерациясынан ғарыш бағдарламасын орындау бағытында тауарлар ретiнде ертеректе әкелiнген тауарлардан басқа);
      6) РҒА Бас директоры немесе оның орынбасарларының қолы қойылған РҒА мөрiмен расталған (рұқсат қағазының үлгiсi, РҒА лауазымды тұлғаларының жеке қолдарының үлгiлерi мен тiзiмi, РҒА мөрiнiң бедерлемесi аталған Нұсқаулықтың 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген) Ресей ғарыш агенттігінің жазбаша хабарламасы;
      7) ресейлік тауарлар мәртебесін растайтын құжаттар (Ресей Федерациясы аумағында еркін айналыс үшін шығарылған және үшінші елден шыққан тауарлар үшін ЖКМ немесе бұйымдар мен ресейлік тауарларға көліктік, тауарға ілеспе құжаттар, техникалық төлқұжат).
      Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының одан әргі әрекеттерінің тәртібі аталған Нұсқаулықтың 10 және 14 тармақтарындағы ережелермен ұқсас.
      15. Жеке тұлғалармен "Байқоңыр" кешеніне Ресей Федерациясынан әкелінетін және "Байқоңыр" кешенінен Ресей Федерациясының аумағына әкетілетін тауарларды кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасы кеден заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.    

      РҚАО-ның ескертуі:  N 1 қосымша, N 2 қосымша, N 3 қосымшалардың мемлекеттік тілде аудармасы болмағандықтан мәтінді орысшадан қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады