Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.10.07 N 235/16 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы "Бал ара шаруашылығы туралы" Заңының 6-бабына сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған омарталарды облыс аумағында орналастыру Ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау және жоғарыда аталған Ереженi жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыс бойынша аумақтық басқармасына (келiсiм бойынша) жүктелсiн.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 1 тамыздағы
N 167/8 қаулысымен бекітілді
Омарталарды облыс аумағына орналастыру
Ережесі
1. Облыс аумағына омарталарды орналастырудың осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасынын 2002 жылғы 12 наурыздағы "Бал ара шаруашылығы туралы" Заңына сәйкес дайындалды және Павлодар облысының аумағына омарталарды орналастырудың негізгі ұстанымдарын белгілейді.
2. Ереже бал ара шаруашылығымен айналысушы жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Ережелерде мынадай түсініктер қолданылады:
1) бал ара ұясы - бал ара ұясында немесе үйшігінде тұратын жұмыскер бал аралардан, еркек бал аралардан және аналық бал аралардан тұратын тұтас биологиялық бірлік;
2) бал ара бал ұясы - бал араның бал ұясын ұстауға арналған құрылыс;
3) омарта - бал арасымен қоса белгілі бір жерде орналастырылған омарта;
4) тұрақты омарта - бір жыл бойы тұрақты жерге орналастырылған омарта;
5) көшпелі омарта - орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздеріне немесе энтомофильді өсімдіктер алқабына орналасатын омарта;
6) бал жинау - аралардың белгілі бір кезеңде жинаған балының мөлшері.
2. Омарталарды қауіпсіз орналастырудың тәртібі
4. Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамсыз етілетін орындарды орналастырады. Бал ара ұяларын үлкен жолдарға және мал шаруашылығы фермаларына жақын орналастыруға жол берілмейді. Олардың ара қашықтығы 30 метрден кем болмауы тиіс.
5. Көшпелі омарталар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр және тұрақты омарталарды бал аралардың басқа бұрын орналастырылуы тиіс.
Тұрақты және көшпелі омарталарды бал аралардың басқа бұрын орналастырылған омартадан аралардың бал жинау көздеріне қарай ұшатын жолына орналастыруға жол берілмейді.
Ылғалды ауаның бал ара ұяларына зияны тиіп, аурудың таралуына ықпал жасайтындықтан, ұяларды үлкен өзендер көлдермен қатар, ойпаң және дымқыл жерлерде орналастыруға болмайды.
6. Экологиялық таза өнім алу мақсатында бал ара ұялары улы химиялық заттармен өңделмеген алаңдарды орнатылады.
7. Бал ара ұялары басқа шаруашылықтардағы омарталарға жақын орналастырылмауы тиіс және мал дәрігерлік сауықтыру жасау мақсатында омарталарды бір-бірінен 3-5 шақырым қашықтықта орналастыру керек.
8. Омарталарды ауыл шаруашылығына пайдалы жерге орналастыру кезінде егілген дақылдарды таптауға, сол айналаны ластауға жол берілмеуі тиіс.
9. Омарталарды басқа жер учаскелеріне орналастыру мәселелері Қазақстан Республикасының "Жер туралы" қолданыстағы Заңына сәйкес жер телімінің иелері және жерді пайдаланушылармен келісілуі тиіс.
10. Ара ұяларын басқа аймақтардан сатып алу және сыртқа шығару, оларды облыс аумағына орналастыру Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрігерлігі туралы" заң күші бар Жарлығына , басқада нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
11. Омарта иелері Қазақстан республикасының мал дәрігерлігі туралы заңнамасында қарастырылған мал дәрігерлігі туралы заңнамасында қарастырылған мал дәрігерлік-санитарлық ережесін орындауға, сондай-ақ техникалық және өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға міндетті.
12. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жауаптылыққа тарттырады.
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс бойынша аумақтық басқармасы (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғалардың осы Ережеде белгіленген шарттар мен талаптарды орындауларына бақылау жасауды жүзеге асыратын болады.