Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/870
қаулысымен
.
_____________________________________
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "
Қазақстан
Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шiлдедегi "
Мемлекеттiк
атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық әкiмшiлiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша учаскелiк комиссиялар жөнiндегi Ереженi бекiту туралы"
қаулымен
бекiтiлген халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялардың құрамына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Алмалы аудандық учаскелiк комиссиясының құрамына енгiзiлсiн:
Анатолий Степанович Дон - аудандық коммуналдық - шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi,
Баян Әлiмжанқызы Керiмқұлова - Алмалы аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң бас маманы;
осы құрамнан шығарылсын:
Н.Т. Қаболдинов, А.М.Рахметуллин.
2) Әуезов аудандық учаскелiк комиссиясының құрамына енгiзiлсiн:
Зәуре Қайыпбекқызы Қазыбекова - Әуезов аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы;
осы құрамнан шығарылсын:
М.Ю. Новоселов.
3) Жетiсу аудандық учаскелiк комиссиясының құрамына енгiзілсiн:
Зиядин Құрбанұлы Мыңбаев - учаскелiк комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы,
Жұмәдiл Төлегенұлы Маханов - әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi үйлестiрушi - кеңесшiсi,
Сәния Әлденқызы Өмiрәлиева - соғыс ардагерi және зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы.
осы құрамнан шығарылсын:
А.В. Савченко, Е.Н.Раисов.
4) Медеу аудандық учаскелiк комиссиясының құрамына енгiзiлсiн:
Нәзипа Камалқызы Оспанова - учаскелiк комиссия төрағасының орынбасары, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы,
Жанат Хамитұлы Ыбыраев - аудандық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары, осы құрамнан шығарылсын:
Б.К.Жаманқұлова, Н.К. Ағыбаев.
Алматы қаласының Әкiмi
Әкiмшiлiк хатшысы