Тұрғындарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/870 қаулысы. Алматы қалалық Әділет департаментінде 2005 жылы 30 желтоқсанда N 687 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 04 қазандағы N 4/857 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 04.10.2012 N 4/857 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк көмек туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру шаралары туралы" 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 , "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 қаулыларына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Тұрғындарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереже N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Алматы қаласы аудандарының әкiмдерiне:

      1) аудандық учаскелiк комиссияларды құрып, құрамын бекiтсiн;

      2) балаларға берiлетiн мемлекеттiк көмек, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер тұлғалардың (отбасылардың) жеке қосалқы шаруаларының көлемi туралы мәлiметтердi бекiтуге қалыптасқан тәртiп бойынша өкiлеттi орган белгiленсiн.

      3. N 2 қосымшаға сәйкес Алматы қаласы әкiмдiгiнiң қаулылары күшiн жойды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ. А. Бүкеновке жүктелсiн.

      Алматы қаласының әкімі И. Тасмағамбетов
      Әкiмдiк хатшысы К. Тәжиева

  Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 29 желтоқсандағы
N 5/870 қаулысына N 1 қосымша

Халыққа әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi
учаскелiк комиссиялар туралы
Ереже
1. Жалпы ереже

      1. Халыққа мемлекеттiк әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссия (әрi қарай - Комиссия) көмек сұраған тұлғаға (отбасына) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (әрi қарай - атаулы әлеуметтiк көмек) немесе 18 жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (әрi қарай - балаларға жәрдемақы) беру туралы қортындыны даярлау және қажет болған жерде олардың материалдық жағдайын тексеру үшiн Алматы қаласы аудан әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылады.

      2. Комиссияға Алматы қаласының аудан әкiмiнiң орынбасары басшылық етедi. Комиссия мүшелерiнiң жалпы құрамы кемiнде 7 адам болуы керек.

      3. Комиссиялар жергiлiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi кооперативтерiнiң, халықтың, ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау саласы уәкiлеттi органдардың өкiлдерiнен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiнен құрылуы мүмкiн.

      4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Заңдарымен, "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру шаралары туралы" 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685 , "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралары туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, басқа да нормативтiк актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Негiзгi қызметi

      5. Комиссия халықты әлеуметтiк қорғау органдарына - Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар Департаментiне (әрi қарай - өкiлеттi орган), жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, балаларға берiлетiн көмек төлемдерiнiң атаулылығын жетiлдiру үшiн және аса мұқтажды тұлғаларға (отбасыларына) қаражат жiберу жөнiндегi қызметiнде көмегiн көрсетедi.

      6. Комиссия, бес күн мерзiмiнде, өтiнiш берушiнiң өкiлеттi органымен жiберiлген құжаттарына сай атаулы әлеуметтiк көмек немесе балаларға берiлетiн көмек тағайындау туралы тұлғаның (отбасының) мұқтаждығы жөнiнде қорытынды дайындайды (N 1 қосымша).

      7. Қажет болған жағдайда, өкiлеттi органның жазбаша тапсырмасы бойынша, құрамы кемiнде екi мүшеден тұратын Комиссия, бес күндiк мерзiм iшiнде тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексередi. Жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi бойынша, Комиссия, отбасының материалдық жағдайын тексеру актiсiн жасап, отбасының әлеуметтiк мұқтаждығы жөнiнде қорытындыны өкiлеттi органға тапсырады (N 2 қосымша).

      8. Өкiлеттi органның тапсырмасы бойынша, Комиссия қажет болған жағдайда (iшiнара), өтiнiш берушiнiң тапсырған құжаттарының (мәлiметтерiнiң) растығын тексере алады.

      9. Отбасының мүлiгi мен табысына байланысты мәлiмет алу үшiн, Комиссия тиiстi органдарға сұрау жасауға құқықты.

      10. Өкiлеттi органға тапсырылған, актiде көрсетiлген деректердiң растығына Комиссия мүшелерi жауап бередi.

3. Тексеру жүргiзу тәртiбi

      11. Тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру, өкiлеттi органның тапсырмасы бойынша, осы Ережедегi бекiтiлген мерзiмде, атаулы әлеуметтiк көмек немесе балаларға арналған жәрдемақыға үмiткер өтiнiш берушiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

      12. Өтiнiш берушiнiң немесе оның отбасының материалдық жағдайын тексеру азаматтардың жеке өмiрiне (басына) құрметпен қарайтын, олардың ар намысына тимейтiн жағдайда жүргiзiледi.

      13. Тексеру барысында, Комиссия көмек сұраған адамның өтiнiш себептерiн анықтайды. Анықтау барысында келесi жағдайларға көңiл бөлiнедi: жұмыс iстейтiн отбасы мүшелерiнiң саны; жұмысқа қабiлеттi жасындағы отбасы мүшелерiнiң саны және жұмыссыздың себебi, науқас, мүгедек, қарт және балаларға қарайтын, отбасы құрамындағы жұмысқа қабiлеттi жасындағы тұлғалардың саны; отбасындағы кәмiлетке толмаған балалар, күтiмге мұқтажды мүгедектер, қарттар, науқастар саны; тұлғаның (отбасының) нақты табысы, оның iшiнде үй маңындағы учаскеден, бақша өсiруден, саяжайдан және т.б.; балаларға арналған жәрдемақы немесе әлеуметтiк атаулы көмек алуға әсерi тиетiн басқа да жағдайлар туралы.

      14. Тексерудiң қорытындысы бойынша Комиссия акт жасайды, оған Комиссия мүшелерi, жеке қорытындылары мен қосымшаларын (егер қосымшалар болса) қосып қол қояды және өкiлеттi органға тапсырады.

4. Комиссия қорытындысы

      15. Комиссия мәжiлiсi кем дегенде 10 күнде бiр рет өткiзiледi. Комиссия мәжiлiсiнiң уақытында өткiзiлу жауапкершiлiгi учаскелiк Комиссия төрағасына жүктеледi.

      16. Комиссия шешiмiн әлеуметтiк көмекке үмiткер тұлғаның (отбасының) қатысусыз ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Мәжiлiсте Комиссия құрамының кемiнде төрттен үш бөлiгi қатысса, оның шешiмi құқылы болып саналады.

      17. Қатысып отырған Комиссия құрамның басым көпшiлiгi тұлғаға (отбасына) дауыс берсе, оның қортындысы оңды болып табылады. Егер дауыс қортындысы тең бөлiнсе, төраға дауысы шешушi болып табылады.

      Қорытындыға Комиссия мүшелерi және төрағасы қол қойып, өкiлеттi органға тапсырады.

      Әкiмдiк хатшысы

  Учаскелік комиссиясының
халыққа әлеуметтік көмек көрсету
Ережесіне 1 қосымша

      Азаматтың материалдық-тұрмыстық

      жағдайын тексеру

      АКТІСІ

       "__"_________200_ж.

       Аты-жөні__________________________________________

       __________________________________________________

       (мекен-жайы, телефоны)

       ____________ ______________________ ______________

       туған жылы жеке бас куәлігінің N зейнетақы

       (оралмандарға-мәртебесін кітапшасының N

       растайтын құжат)

       __________________________________________________

       (жұмыссыз, жұмыс істейтін адам, зейнеткер, көп

       балалы ана, мүгедек және т.б.)

       Зейнетақы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

       мөлшері) ___________ теңге

       Арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ________ теңге

       Еңбекақы мөлшері_______теңге

       Басқа табыстар_______ теңге

       Отбасы құрамы:

       __________________________________________________

       (аты жөні, туған жылы, туыстық қатысы, жұмыс,

       оқу орны)

       __________________________________________________

       __________________________________________________

       __________________________________________________

       Отбасының жиынтық табысы____________________ теңге

       Жан басына шаққандағы орташа табысы_________ теңге

       (Тұрғын үй жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік

       көмекті санамағанда)

       Комиссия мүшелері:________________________________

       (Т.А.Ә.) (қолы)

       __________________________________________________

       __________________________________________________

  Учаскелік комиссиясының
халыққа әлеуметтік көмек көрсету
Ережесіне 2 қосымша

       Учаскелік комиссияның

       ҚОРТЫНДЫСЫ

       Алматы қаласының __________________________ ауданы

       200__ жыл "__"_____________

       Әлеуметтік көмек көрсетуге тапсырылған құжаттарды

       қарап

       ___________________________________________________

       (өтініш иесінің аты-жөні)

       ___________________________________________________

       (туған жылы, жұмыссыз, жұмыс істейтін адам,

       зейнеткер, көп балалы ана, мүгедек және т.б.)

       ___________________________________________________

       (мекен-жайы, телефоны)

       ___________________________________________________

       (отбасы мүшелерінің саны, жан басына шаққандағы

       орташа табысы)

       Учаскелік комиссия шешті:

       Көмек көрсету

       (атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақы)

       керектіні сызу

       ___________________________________________________

       (мұқтаж, мұқтаж емес)

       М.О. Комиссия төрағасы ________________________

       (Т.А.Ә.) (қолы)

       Комиссия мүшелері ________________________

       ________________________

       ________________________

       ________________________

  Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 29 желтоқсандағы
N 5/870 қаулысына N 2 қосымша

      Алматы қаласы әкiмдiгiнiң күшiн

      жойған қаулылар тiзiмi

      1. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша учаскелiк комиссиялар туралы" Ереженi бекiту қаулысы (Алматы қаласының Әдiлет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда N 431 тiркелген), 2002 жылы 23 ақпанда "Алматы ақшамы" N 21, "Вечерний Алматы" N 15 газеттерiнде жарыққа шыққан.

      2. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту қаулысының N 2 қосымшасына өзгерiстер енгiзу туралы" Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылы 19 шiлдедегi N 3/470 қаулысы (Алматы қаласының Әдiлет басқармасында 2002 жылы 1 тамызда тiркеу N 462), 2002 жылы 11 қыркүйекте N 71 "Вечерний Алматы" және 2002 жылы 7 қыркүйекте N 100 "Алматы ақшамы" газеттерiнде жарыққа шыққан.

      3. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту қаулысының N 2 қосымшасына өзгерiстер енгiзу туралы" Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылы 13 қарашадағы N 5/724 қаулысы (Алматы қаласының Әдiлет басқармасында 2002 жылы 28 қарашада тiркеу N 489), 2002 жылы 11 желтоқсанда N 97 "Вечерний Алматы", 2002 жылы 12 желтоқсанда N 140 "Алматы ақшамы" газеттерiнде жарыққа шыққан.

      4. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту қаулысының N 2 қосымшасына өзгерiстер енгiзу туралы" Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылы 26 мамырдағы N 2/319 қаулысы (Алматы қаласының Әдiлет басқармасында 2003 жылы 18 маусымда тiркеу N 534), 2003 жылы 12 шiлдеде N 107-109 "Вечерний Алматы", 2003 жылы 26 маусымда N 71 "Алматы ақшамы" газеттерiнде жарыққа шыққан.

      5. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту қаулысының N 2 қосымшасына өзгерiстер енгiзу туралы" Алматы қаласы әкiмдiгiнiнiң 2003 жылы 17 қыркүйектегi N 4/535 қаулысы (Алматы қаласының Әдiлет басқармасында 2003 жылы 29 қыркүйектегi тiркеу N 552), 2003 жылы 15 қазанда N 161 "Вечерний Алматы", 2003 жылы 14 қазанда N 115 "Алматы ақшамы" газеттерiнде жарыққа шыққан.

      6. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша учаскелiк комиссиялар жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылы 19 мамырдағы N 3/424 қаулысы (Алматы қаласының Әдiлет басқармасында 2004 жылы 27 мамырдағы тiркеу N 602), 2004 жылы 8 маусымда N 111 "Вечерний Алматы", 2004 жылы 5 маусымда N 63 "Алматы ақшамы" газеттерiнде жарыққа шыққан.

      7. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылы 25 тамыздағы N 3/706 қаулысы (Алматы қаласының әдiлет департаментiнде 2004 жылы 3 қыркүйектегi тiркеу N 616), 2004 жылы 18 қыркүйекте N 188 - 189 "Вечерний Алматы", 2004 жылы 18 қыркүйекте N 106 "Алматы ақшамы" газеттерiнде жарыққа шыққан.

      8. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту туралы қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылы 26 қарашадағы N 4/955 қаулысы (Алматы қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылы 10 желтоқсандағы тiркеу N 630), 2004 жылы 21 желтоқсанда N 253 "Вечерний Алматы" газетiнде жарыққа шыққан.

      9. Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi бекiту туралы қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Алматы қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылы 10 мамырдағы N 2/259 қаулысы (Алматы қаласының Әдiлет департаментiнде 2005 жылы 20 мамырдағы тiркеу N 657), 2005 жылы 2 маусымда N 111-113 "Вечерний Алматы", 2005 жылы 28 мамырда N 59 "Алматы ақшамы" газеттерiнде жарыққа шыққан.

      Әкiмдiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады