2001-2002 жылдарға арналған Алматы қалалық нысаналы "Жастар мен жасөспірімдер" бағдарламасын бекіту туралы" ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 19 қаңтардағы VІІІ-сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XХІІ сессиясының 2002 жылғы 19 желтоқсандағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 6 қаңтарда N 504 тіркелді

      Күші жойылды - IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XХ сессиясының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 211 шешімімен
_________________________________________

      ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 29 қарашадағы ХХ-сессиясының  шешіміне  сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
      2001-2002 жылдарға арналған Алматы қалалық нысаналы "Жастар мен жасөспірімдер" бағдарламасын бекіту туралы" ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 19 қаңтардағы VІІІ-сессиясы шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      - Алматы қалалық нысаналы "Жастар мен жасөспірімдер" бағдарламасының қолдану мерзімі 2005 жылға дейін белгіленсін;
      - ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 19 қаңтардағы VІІІ-сессиясы шешімінің қосымшасында.

      ІІ. Бағдарлама төлқұжаты бөлімінде:
      - бағдарламаның құқықтық негізі мен нормативтік базасы: мына мазмұндағы 8 тармақпен толықтырылсын: "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі  N 258-1  Қазақстан Республикасының заңы" (1998 жылғы 20 қарашадағы және 1998 жылғы 24 желтоқсандағы өзгерістермен)";
      - бағдарлама әкімшілері бөлімі мына редакцияда мазмұндалсын: "Алматы қаласының мәдениет басқармасы"
      - бағдарлама үйлестірушісі тармағы мына редакцияда мазмұндалсын:
      "Бағдарлама үйлестірушісі және жауапты орындаушысы - Алматы қаласының жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры";
      - бағдарлама атқарушылары тармағында көрнекі ақпарат басқармасы сөздері алынсын және "Алматыжарнама" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны және "Алматықалабезендіру" акционерлік қоғамы сөздерімен толықтырылсын;
      - бағдарламаны іске асыру шарты мына мазмұндағы 7 тармақпен толықтырылсын: "Алматы мемлекеттік қаласында жастар саясатын іске асыру" бөлімінде барлық қала құрылымдарының қызметін үйлестіру";
      - бағдарламаны қаржыландыру көлемі тармағы мына редакцияда мазмұндалсын:"2003 жылғы - 50000000 теңге, 2004-2005 жылдарға - қала бюджетінен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде";
      - 3 бөлім. в) тармағы 1 тармақша мына редакцияда мазмұндалсын:
      "Жастар үйін ашу", орындау мерзімі 2003 жыл болып белгіленсін;
      - 3 бөлім. а) тармағы 19 тармақша мына редакцияда мазмұндалсын:
      "Әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін қайтарымды негізде қала бюджеті қаражатынан жеңілдікпен кредиттеудің жалпы көлемін 20 пайыздық квота бөлуді қарастыру".

       ІІ-сайланған
      Алматы қалалық Мәслихаты
      ХХІІ-сессиясының төрағасы

      ІІ-сайланған
      Алматы қалалық Мәслихатының
      хатшысы

О внесении изменений и дополнений в решение VIII-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 19 января 2001 года "Об утверждении Алматинской городской целевой программы "Молодежь и подростки" на 2001-2002 годы"

Решение XXII сессии Алматинского городского маслихата II созыва от 19 декабря 2002 года. Зарегистрировано Управлением юстиции города Алматы 6 января 2003 года за N 504. Утратило силу решением XX-й сессии маслихата города Алматы III созыва от 23 декабря 2005 года N 211

      В соответствии с решением XX-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 29 ноября 2002 года Алматинский городской Маслихат II-го созыва  РЕШИЛ:

      Внести следующие изменения и дополнения в  решение   VIII-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 19 января 2001 года "Об утверждении Алматинской городской целевой программы "Молодежь и подростки" на 2001-2002 годы" :

      - определить срок действия Алматинской городской целевой программы "Молодежь и подростки" до 2005 года;
      - в приложении решения VIII-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 19 января 2001 года.

      В разделе II. Паспорт программы: 

      -  правовая основа и нормативная база программы:  дополнить п. 8 следующего содержания "Закон Республики Казахстан от 1 июля 1998 года N 258-1 "Об особом статусе города Алматы", (с изменениями от 20 ноября 1998 года и от 24 декабря 1998 года)"; 
      - раздел  администраторы программы  изложить в следующей редакции "Управление культуры города Алматы";
      - пункт  координатор программы  изложить в следующей редакции: "Координатор и ответственный исполнитель программы - Государственный фонд развития молодежной политики города Алматы";
      - в пункте  исполнители программы  исключить Управление визуальной информации и добавить коммунальное государственное предприятие "Алматыжарнама" и акционерное общество "Алматыгороформление";
      -  условия реализации программы  дополнить пунктом 7. следующего содержания: "координация деятельности всех городских структур в части реализации государственной молодежной политики в городе Алматы"; 
      -  объем финансирования программы:  изложить в следующей редакции: "На 2003 год - 50 000 000 тенге, на 2004-2005 годы - в пределах средств, выделенных на эти цели в бюджете города";
      -  раздел 3. пункт в) п.п.1  изложить в следующей редакции: "Открытие Дома молодежи", сроком исполнения определить 2003 год;
      -  раздел 3. пункт а) п.п. 19  изложить в следующей редакции: "Предусмотреть выделение 20-процентной квоты от общего объема льготного кредитования из средств городского бюджета на возвратной основе на развитие женского и молодежного предпринимательства".

      Председатель ХХII-й 
      сессии Алматинского 
      городского Маслихата
      II-го созыва                         Ю. Стариков           

      Секретарь
      Алматинского городского 
      Маслихата  II-го созыва             Т. Мукашев