Күші жойылды - IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XХ сессиясының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 211 шешімімен
_________________________________________
ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 29 қарашадағы ХХ-сессиясының
шешіміне
сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
2001-2002 жылдарға арналған Алматы қалалық нысаналы "Жастар мен жасөспірімдер" бағдарламасын бекіту туралы" ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 19 қаңтардағы VІІІ-сессиясы шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- Алматы қалалық нысаналы "Жастар мен жасөспірімдер" бағдарламасының қолдану мерзімі 2005 жылға дейін белгіленсін;
- ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 19 қаңтардағы VІІІ-сессиясы шешімінің қосымшасында.
ІІ. Бағдарлама төлқұжаты бөлімінде:
- бағдарламаның құқықтық негізі мен нормативтік базасы: мына мазмұндағы 8 тармақпен толықтырылсын: "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі
N 258-1
Қазақстан Республикасының заңы" (1998 жылғы 20 қарашадағы және 1998 жылғы 24 желтоқсандағы өзгерістермен)";
- бағдарлама әкімшілері бөлімі мына редакцияда мазмұндалсын: "Алматы қаласының мәдениет басқармасы"
- бағдарлама үйлестірушісі тармағы мына редакцияда мазмұндалсын:
"Бағдарлама үйлестірушісі және жауапты орындаушысы - Алматы қаласының жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры";
- бағдарлама атқарушылары тармағында көрнекі ақпарат басқармасы сөздері алынсын және "Алматыжарнама" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны және "Алматықалабезендіру" акционерлік қоғамы сөздерімен толықтырылсын;
- бағдарламаны іске асыру шарты мына мазмұндағы 7 тармақпен толықтырылсын: "Алматы мемлекеттік қаласында жастар саясатын іске асыру" бөлімінде барлық қала құрылымдарының қызметін үйлестіру";
- бағдарламаны қаржыландыру көлемі тармағы мына редакцияда мазмұндалсын:"2003 жылғы - 50000000 теңге, 2004-2005 жылдарға - қала бюджетінен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде";
- 3 бөлім. в) тармағы 1 тармақша мына редакцияда мазмұндалсын:
"Жастар үйін ашу", орындау мерзімі 2003 жыл болып белгіленсін;
- 3 бөлім. а) тармағы 19 тармақша мына редакцияда мазмұндалсын:
"Әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін қайтарымды негізде қала бюджеті қаражатынан жеңілдікпен кредиттеудің жалпы көлемін 20 пайыздық квота бөлуді қарастыру".
ІІ-сайланған
Алматы қалалық Мәслихаты
ХХІІ-сессиясының төрағасы
ІІ-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
хатшысы