Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 8, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 16, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 10, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 29 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2150. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 138, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 309, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 497 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 63 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 22.06.2016 № 138, ҚР Қаржы министрінің 14.06.2016 № 309, ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2016 № 497 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 07.09.2016 № 63 бірлескен бұйрығымен.

Келісілді:         
Қазақстан Республикасының 
Бас Прокуроры       
2-дәрежелі мемлекеттік  
әділет кеңесшісі     

Қазақстан Республикасы  
Жоғарғы Сотының     
төрағасының м.а.    

       Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .

      Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды бас бостандығынан айыруға соттау фактілерін болдырмау және қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық жауапқа тартылатын азаматтардың паспорттары мен куәліктерін дер кезінде алып қоюын қамтамасыз ету мақсатында,  БҰЙЫРАМЫЗ :
      1. Қоса беріліп отырған Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .
      2. Астана, Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының; облыстардағы және көліктегі Ішкі істер бас басқармаларының; Ішкі істер басқармаларының; Астана, Алматы қалаларындағы және облыстардағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің; Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) Астана, Алматы қалаларындағы, облыстардағы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменттерінің; Кеден басқармалары мен кедендердің; Астана қаласының және облыстардағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармаларының бастықтары Нұсқаулықты мүдделі қызметтердің жеке құрамдарының оқып-үйренуін ұйымдастырсын және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің төрағалары, Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің, Арнайы мекемелер және айдауылдау басқармасының, Күдіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау департаментінің, Тергеу департаментінің бастықтары тоқсан сайын күдіктілер мен айыпталушыларды құжаттандыру барысы туралы мәліметтерді, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды соттау фактілерін талдап, дер кезінде тиісті үйлестірілген шаралар қабылдасын.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры Қ.Б. Өскенбаевқа, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ұ.М.Стамқұловқа, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі-Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Б.М.Сапарбаевқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Қ.Ж.Кәрбозовқа, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қаржы полициясы подполковнигі Ә.Ө.Сәрсеновке жүктелсін.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап қолданысқа енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      генерал-полковник

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      генерал-лейтенант

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы полициясы агенттігінің
      төрағасы
      қаржы полициясы полковнигі

      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау агенттігінің
      төрағасы

Ішкі істер министрі      
2003 жылғы 22 қаңтар     
N 34 бұйрығымен бекітілген  

Ұлттық қауіпсіздік      
комитетінің төрағасы    
2003 жылғы 23 қаңтардағы  
N 16 бұйрығымен бекітілген 

Әділет министрі       
2003 жылғы 22 қаңтардағы  
N 8 бұйрығымен бекітілген 

Қаржы полициясы       
агенттігінің төрағасы    
2003 жылғы 22 қаңтардағы  
N 10 бұйрығымен бекітілген 

Кедендік бақылау      
агенттігінің төрағасы   
2003 жылғы 22 қаңтардағы  
N 29 бұйрығымен бекітілген 

  Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған,
жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды
құжаттандыру тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

       Ескерту: Барлық мәтін бойынша "ішкі істер", "көші-қон полициясы", "көші-қон полициясының", "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Көші-қон полициясы департаменті", "Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті", "алдын ала оқшаулау" деген сөздер тиісінше "әділет", "әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу", "әділет органдары азаматтарды құжаттандыру және тіркеу", "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті", "қамауда ұстау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .

      1. Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу тәртібіне сәйкес әзірленді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .

      2. Нұсқаулық бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан қылмыстың жасалуына күдіктілерді (айыпталушыларды) құжаттандыруды нақтылайды.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .

      3. Алдын ала тергеу және анықтау органы қылмыстың жасалуына күдіктіге (айыпталушыға) қатысты тұтқындау туралы мәселені шешу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарын - паспортын, жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат қағазын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (бұдан әрі жеке басын куәландыратын құжаттар) алып қояды.
      Алынып қойылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер иесінің тегі, аты және әкесінің аты, паспорттың, куәліктің сериясы мен нөмірі, қашан және қандай органның бергені көрсетіле отырып, тінту немесе алу хаттамасына енгізіледі. Алынып қойылған құжаттар қылмыстық іске қосылады, ал олардың көшірмелері тергеу қамауындағы адамның жеке ісіне қосу үшін қамауға алу орындарына жіберіледі.
      Тергеу қамауындағы адамның жеке басын куәландыратын құжаттар қылмыстық ісімен бірге (пакетте) соттылығы (тергеуге алынуы) бойынша жіберіледі. Тергеу қамауындағы адам қамаудан босатылған немесе оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған жағдайда құжаттар иесіне қолхат арқылы қайтарылады.
      Егер қылмыстың жасалуына күдіктінің (айыпталушының) жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған болса (немесе болмаса), алдын ала тергеу және анықтау органы мекен-жай бюросы не болмаса Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу департаменті арқылы құжаттар туралы мәліметтерді анықтайды және оларды алып қою немесе қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдайды.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар жоғалған жағдайда қылмыстық қудалау органы қылмыстың жасалуына күдіктінің әділет органы бастығының атына жоғалту мән-жайын, оның берілген датасын және берген органды міндетті түрде көрсетіп, еркін түрде жазған өтінішін алып қалады. Қылмыстық қудалау органы әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бөлімшесінен жоғалған құжаттың елтаңбалы мөрі басылған және лауазымды адамның қолымен расталған 1-Н ксерокөшірмесіне сұрау салады, оны жоғалту туралы күдіктінің өтінішімен қоса   әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу тиісті бөлімшесіне қалпына келтіру үшін жолдайды.
      Шетелдік азаматты ұстаған немесе тұтқындаған жағдайларда қылмыстық қудалау органы ол туралы дереу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне, сондай-ақ бір мезгілде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу департаментіне хабарлайды. Онда ұсталған адамның жеке басын куәландыратын құжатының болуы не болмауы көрсетіледі.

      4. Әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу қызметкері қамауда ұсталатын адамға қатысты 1-Н өтінішін ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторында, сондай-ақ тергеу изоляторында тікелей өзі толтырады.
      Жеке басын куәландыратын құжаттардың жоғалуы туралы іс бойынша өндірісті әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бөлімшесі он күннен аспайтын мерзімде, ал арнайы тексеру жүргізу, қосымша материалдарды талап ету және басқа да шараларды қабылдау қажет болған жағдайда бір айға дейінгі мерзімде аяқтауы тиіс.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45   бірлескен бұйрығымен .

      5. Облыстың, ауданның (қаланың) прокуроры және оларға теңестірілген прокурор тергеу қамауындағы адамға қатысты істі елеулілігі бойынша қарау үшін сотқа жіберу туралы мәселені шешу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің 280-бабына сәйкес оның жеке басын куәландыратын құжаттардың болуын тексереді. Аталған құжаттар болмаған жағдайда тергеу органынан оларды қылмыстық іске қосуын, ал жоғалған жағдайда оны қалпына келтіру шараларды қабылдауын талап етеді.

      6. Аудандық (қалалық), облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары тергеу қамауындағы адамдарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарының болуын тексереді. Айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда оларды қалпына келтіру үшін қылмыстық іс прокурорға қайтарылуы тиіс.
      Бас бостандығынан айыруға сотталғанның жеке басын куәландыратын құжаттарды сот органы сотталғанның жеке ісіне қосу үшін үкімнің заңды күшіне енгені туралы хабарламамен бірге қамауда ұстау орындарына жібереді.

      7. Күдіктілер мен тергеу қамауындағыларды қамауда ұстау орындарының әкімшілігі сотталғандардың жеке басын куәландыратын құжаттарының болуын және олардың қылмыстық процесті жүргізуші органнан келіп түсуін бақылайды.
      Бас бостандығынан айыруға сотталғанды тіркеу есебінен шығару үшін қамауда ұстау орындарының әкімшілігі кету парағын 2 данада және статистикалық есеп талонын толтырады, кету парағының біреуі және статистикалық есеп талоны сотталғанның бұрынғы тұрған жеріндегі әділет органына жіберіледі, ал екіншісі жеке ісіне қосылады.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар сотталғанның жеке ісінде сақталады.
      Сотталғанды тергеу изоляторынан түзеу мекемесіне жазасын өтеу үшін жіберу түзеу мекемесінен тергеу изоляторына айдап алып жүруі кезінде, сондай-ақ оны бір түзеу мекемесінен екіншісіне ауыстырғанда жеке басын куәландыратын құжаттар жеке ісімен бірге жіберіледі, бұл ретте олар туралы мәліметтер (нөмірлері және кімнің бергені) сотталғанның жеке ісі мұқабасының ішкі жағына желімденген конвертте сақталатын құжаттар тізбесіне енгізіледі, ал олардың болуы міндетті түрде жеке іс бойынша анықтамада көрсетіледі.
      Бас бостандығынан айыру орындарынан босату кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар иесіне қолхат арқылы қайтарылады, бұл ретте жеке іс мұқабасының ішкі жағында және босату туралы анықтаманың сыртқы бетінде нөмірлері көрсетіле отырып құжаттардың қайтарылуы туралы жазба жасалады.

      8. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қамауда ұстау орындарында ұсталатын адамдар сияқты тәртіппен түзеу мекемесі орналасқан жердегі әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бөлімшелері құжаттандырады.
      9. Құжаттандыру жөніндегі шығыстар (фотосуретке түсіру, мемлекеттік бажды төлеу) қылмыстық жауапқа тартылған, сотталған адамның есебінен жүргізіледі. Аталған адамдардың қаражаты болмаған жағдайда құжаттандыру жөніндегі шығыстарды олар ұсталатын мемлекеттік мекемелер тиісті бюджеттер есебінен жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі құжаттандыруды жүргізетін әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу қызметкеріне құжат дайындау үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртекті және фотосуреттерді ұсынады.
      Айыпталушыларды құжаттандыруға жұмсалған қаражатты мемлекетке қайтаруды қылмыстық қудалау органдары қылмыстық іс бойынша сот өндірісіне дейінгі кезеңде оларға талап қою арқылы қамтамасыз етеді.

Об утверждении Инструкции по документированию обвиняемых, утерявших документы, удостоверяющие личность, в отношении которых избрана мера пресечения - арест

Совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 января 2003 года N 34, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 23 января 2003 года N 16, Министра юстиции Республики Казахстан от 22 января 2003 года N 8, Председателя Агентства финансовой полиции Республики Казахстан от 22 января 2003 года N 10, Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 22 января 2003 года N 29. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 февраля 2003 года N 2150. Утратил силу совместным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 мая 2016 года № 497, Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 22 июня 2016 года № 138, Министра финансов Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 309 и Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 63

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра внутренних дел РК от 12.05.2016 № 497, Министра по делам государственной службы РК от 22.06.2016 № 138, Министра финансов РК от 14.06.2016 № 309 и Председателя Комитета национальной безопасности РК от 07.09.2016 № 63.

      <*>
     Сноска. В название внесены изменения - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .
 
 

                       Согласовано:
 
Генеральный Прокурор                Председатель Верховного суда
Республики Казахстан                Республики Казахстан
государственный советник
 
     В целях предотвращения фактов осуждения к лишению свободы  лиц без документов, удостоверяющих личность, и обеспечения своевременного изъятия органами уголовного преследования паспортов и удостоверений граждан, привлекаемых к уголовной ответственности, приказываем:

     1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по документированию обвиняемых, утерявших документы, удостоверяющие личность, в отношении которых избрана мера пресечения - арест.   <*>
     Сноска. Пункт 1 в редакции - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .

     2. Начальникам Главных управлений внутренних дел городов  Астаны, Алматы; Главных управлений внутренних дел, Управлений внутренних дел областей и на транспорте; Департаментов комитета национальной безопасности городов Астаны, Алматы и областей; Департаментов по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) по областям, городам Астаны, Алматы Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция); Таможенных управлений и таможен; Департаментов юстиции областей, городов Астаны, Алматы; Управлений комитета уголовно-исполнительной системы города Астаны и областей организовать изучение Инструкции с личным составом заинтересованных служб и обеспечить ее исполнение.   <*>
     Сноска. В пункт 2 внесены изменения - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .

     3. Председателям Комитетов регистрационной службы, уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, начальникам Следственного департамента, Управления специальных учреждений и конвоирования Министерства внутренних дел ежеквартально обобщать сведения о ходе документирования подозреваемых и обвиняемых, факты осуждения лиц без документов, удостоверяющих личность, своевременно принимать соответствующие скоординированные меры.   <*>
     Сноска. В пункт 3 внесены изменения - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .
 

     4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-Министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Ускимбаева К.Б., вице-Министра юстиции Республики Казахстан Стамкулова У.М., вице-Министра - председателя Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан Сапарбаева Б.М., заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан генерал-майора Карбузова К.Ж., заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) подполковника финансовой полиции Сарсенова А.У.   <*>
     Сноска. Пункт 4 в редакции - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .
 

     5. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     Министр внутренних дел         Председатель комитета
     Республики Казахстан           национальной безопасности
     генерал-полковник              Республики Казахстан
                                    генерал-лейтенант

     Министр юстиции                Председатель агентства
     Республики Казахстан           финансовой полиции
                                    Республики Казахстан
                                    полковник финансовой полиции

     Председатель агентства
     таможенного контроля
     Республики Казахстан

     
 
 

Утверждена            
приказом Министра внутренних дел
от 22 января 2003 года N 34   

Утверждена            
приказом Председателя комитета
национальной безопасности    
от от 22 января 2003 года N 16

Утверждена           
приказом Министра юстиции    
от 22 января 2003 года N 8   
 
Утверждена           
приказом Председателя агентства
финансовой полиции       
от 22 января 2003 года N 10  

Утверждена           
приказом Председателя агентства
таможенного контроля     
от 22 января 2003 года N 29 №

<*>
     Сноска. По тексту слова "внутренних дел", "подразделении миграционной полиции", "подразделение миграционной полиции", "Департамента миграционной полиции МВД", "миграционной полиции", "подразделением миграционной полиции", "подразделениями миграционной полиции", "предварительной изоляции" заменены словами  "юстиции", "подразделении документирования и регистрации граждан органов юстиции", "подразделение документирования и регистрации граждан органов юстиции", "Комитета регистрационной службы Министерства юстиции", "подразделения документирования и регистрации граждан органов юстиции", "подразделением документирования и регистрации граждан органов юстиции", "подразделениями документирования и регистрации граждан органов юстиции", "содержания под стражей" - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .


Инструкция
по документированию обвиняемых,
утерявших документы, удостоверяющие личность,
в отношении которых избрана мера пресечения - арест <*>

     
     Сноска. В заголовок внесены изменения - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .

     1. Настоящая Инструкция по документированию обвиняемых, утерявших документы, удостоверяющие личность, в отношении которых избрана мера пресечения - арест (далее - Инструкция) разработана в соответствии с Правилами документирования и регистрации населения Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2000 года N 1063.   <*>
     Сноска. В пункт 1 внесены изменения - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .
 

     2. Инструкция детализирует документирования подозреваемых (обвиняемых) в совершении преступлений, утерявших документы, удостоверяющие личность, в отношении которых избрана мера пресечения - арест.   <*>
     Сноска. В пункт 2 внесены изменения - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .
 

     3. Органом предварительного следствия и дознания, при решении вопроса об аресте в отношении подозреваемого (обвиняемого) в совершении преступления, изымаются документы, удостоверяющие личность - паспорт, удостоверение личности, вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства (далее - документы, удостоверяющие личность).
     Сведения об изъятых документах, удостоверяющих личность, вносятся в протокол обыска или выемки с указанием в них фамилии, имени и отчества владельца, серии и номера паспорта, удостоверения, когда и каким органом выданы. Изъятые документы приобщаются к уголовному делу, а ксерокопии их направляются в места содержания под стражей для приобщения к личному делу следственно-арестованного.
     Документы, удостоверяющие личность следственно-арестованного, вместе с уголовным делом (в пакете) направляются по подсудности (подследственности). В случае освобождения следственно-арестованного из-под стражи или прекращения в отношении его уголовного преследования, документы возвращаются владельцу под расписку.
     Если у подозреваемого (обвиняемого) в совершении преступления документы, удостоверяющие личность, были утрачены (или отсутствуют), то орган предварительного следствия и дознания через адресное бюро либо Комитет регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан устанавливает сведения о документах и принимает меры по их изъятию или восстановлению.
      При утрате документов, удостоверяющих личность, орган уголовного преследования отбирает у подозреваемого в совершении преступления, заявление на имя начальника органа юстиции, изложенное в произвольной форме, с обязательным указанием обстоятельств утраты, даты и органа их выдачи. Орган уголовного преследования запрашивает ксерокопию Ф-1 на утраченный документ в подразделении документирования и регистрации граждан органов юстиции, заверенную гербовой печатью и подписью должностного лица, которую с заявлением подозреваемого об утере документа направляет в соответствующее подразделение документирования и регистрации граждан органов юстиции для его восстановления.
      В случаях задержания или ареста иностранного гражданина, орган предварительного следствия и дознания немедленно сообщает об этом в Департамент консульской службы МИД Республики Казахстан с одновременным оповещением Комитета регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан, где указывается наличие и отсутствие у задержанного лица документов, удостоверяющих личность.   <*>
     Сноска. В пункт 3 внесены изменения - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .
     

     4. Сотрудник подразделения документирования и регистрации граждан органов юстиции на лицо, содержащееся под стражей, заполняет заявление Ф-1 непосредственно в изоляторе временного содержания органов внутренних дел, а также в следственном изоляторе.
     Производство по делу об утрате документов, удостоверяющих личность, должно быть окончено подразделением документирования и регистрации граждан органов юстиции в срок не более десяти дней, а в случаях, когда необходимо проведение специальной проверки, истребование дополнительных материалов и принятие других мер, в срок до одного месяца.   <*>
     Сноска. В пункт 4 внесены изменения - cовместным приказом Министра внутренних дел РК от 25 января 2005 года N 48, Председателя  КНБ РК от 5 марта 2005 года N 46, Министра юстиции РК от 24 марта 2005 года N 91, Председателя Агентства РК по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) от 3 марта 2005 года N 45, Министра финансов РК от 18 февраля 2005 года N 52 .
 

     5. Прокурор области, района (города) и приравненный к ним, при решении вопроса о направлении дела в отношении следственно-арестованного в суд для рассмотрения по существу, в соответствии со статьей 280 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, проверяет наличие документов, удостоверяющих личность. При отсутствии указанных документов, требует от органа расследования приобщения их в уголовное дело, а при утрате - принятия мер к восстановлению.

     6. Председатель районного (городского), областного и приравненных к ним судов, при решении вопроса о назначении судебного заседания по уголовным делам в отношении следственно-арестованных проверяет наличие документов, удостоверяющих личность. При отсутствии документов, удостоверяющих личность обвиняемого, уголовное дело подлежит возвращению прокурору для их восстановления.
     Документы, удостоверяющие личность осужденного к лишению свободы, судебным органом направляются в места содержания под стражей вместе с сообщением о вступлении приговора в законную силу для приобщения их к личному делу осужденного.

     7. Администрация мест содержания под стражей подозреваемых и следственно-арестованных осуществляет контроль за наличием и поступлением документов, удостоверяющих личность осужденного, от органа, ведущего уголовный процесс.
     Для снятия с регистрационного учета лица, осужденного к лишению свободы, администрация мест содержания под стражей составляет листок убытия в 2-х экземплярах и талон статистического учета, один листок убытия и талон статистического учета направляет в орган юстиции по месту прежнего жительства, а 2-й - приобщает к личному делу осужденного.
     Документы, удостоверяющие личность, хранятся в личном деле осужденного.
     При направлении осужденного из следственного изолятора в исправительное учреждение для отбывания наказания, конвоировании из исправительного учреждения в следственный изолятор, а также при переводе его из одного исправительного учреждения в другое, документы, удостоверяющие личность, пересылаются вместе с личным делом, при этом сведения о них (номера и кем выданы) вносятся в опись документов, хранящихся в конверте на внутренней стороне обложки личного дела осужденного, а их наличие обязательно отражаются в справке по личному делу.
     При освобождении из мест лишения свободы документы, удостоверяющие личность, возвращаются владельцу под расписку, при этом на внутренней стороне обложки личного дела и на оборотной стороне справки об освобождении производятся записи о возвращении документов с указанием номеров.

     8. Лица, отбывающие наказание в местах лишения свободы и не имеющие документов, удостоверяющих личность, документируются подразделениями документирования и регистрации граждан органов юстиции по месту дислокации исправительного учреждения в таком же порядке, как и лица, содержащиеся в местах содержания под стражей.

     9. Расходы по документированию (фотографирование, оплата госпошлины) производятся за счет лица, привлекаемого к уголовной ответственности, осужденного. В случае отсутствия средств у указанных лиц, расходы по документированию осуществляются государственным учреждением, в котором они содержатся, за счет соответствующих бюджетов. Администрация государственного учреждения представляет сотруднику подразделения документирования и регистрации граждан органов юстиции, осуществляющему документирование, квитанцию об оплате государственной пошлины и фотографии для изготовления документов.
     Возмещение государству затраченных средств на документирование обвиняемых обеспечиваются органами уголовного преследования путем предъявления им иска на стадии досудебного производства по уголовному делу.