"Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 16, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 8, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 10, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 29 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 48, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 52, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 91, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 46, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 45 Бірлескен бұйрықтары. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3554. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 138, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 309, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 497 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 63 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 22.06.2016 № 138, ҚР Қаржы министрінің 14.06.2016 № 309, ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2016 № 497 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 07.09.2016 № 63 бірлескен бұйрығымен.

       Ведомстволық нормативтік актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 16, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 8, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 10, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 29  бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2150 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 14, 725-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бірлескен бұйрықтың атауындағы "тәртібі туралы" деген сөздер "жөніндегі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      2-тармақтағы "Астана, Алматы қалаларындағы, облыстардағы және көліктегі қаржы полициясы департаменттерінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің (қаржы полициясы) Астана, Алматы қалаларындағы, облыстардағы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің, Күдіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау департаментінің, Тергеу департаментінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің төрағалары, Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің, Арнайы мекемелер және айдауылдау басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры Қ.Б. Өскенбаевқа, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ұ.М.Стамқұловқа, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі-Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Б.М.Сапарбаевқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Қ.Ж.Кәрбозовқа, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қаржы полициясы подполковнигі Ә.Ө.Сәрсеновке жүктелсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру тәртібі туралы нұсқаулықта:
      барлық мәтін бойынша "ішкі істер", көші-қон полициясы", "көші-қон полициясының", "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Көші-қон полициясы департаменті", "Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті", "алдын ала оқшаулау" деген сөздер тиісінше "әділет", "әділет органдарының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу", "әділет органдары азаматтарды құжаттандыру және тіркеу", "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті", "қамауда ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "тәртібі туралы" деген сөздер "жөніндегі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "тәртібін реттейді" деген сөздер "нақтылайды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші абзацындағы "өтінішін" деген сөзден кейін "ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторында, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық және сыбайлас
      жемқорлық қылмысқа қарсы
      күрес жөніндегі агенттігінің
      (қаржы полициясы) төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы

      Келісілді:
       Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы сотының төрағасы

      Келісілді:
       Қазақстан Республикасының
      Бас прокурорының м. а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады