Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 138, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 309, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 497 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 63 бірлескен бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) "Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 34, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 8, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 10, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 29 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2150 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде", 2003 ж., № 14, 834-кұжат, жарияланған) бірлескен бұйрығының;
      2) "Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 34, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 8, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 16, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 10, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 48, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы №91, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 наурыздағы № 46, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Нормативтік Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3554 болып тіркелген) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - А.М. Теңгебаевқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор С.С. Әбішке, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі А.А. Шайымоваға жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері          Ішкі істер министрі
      министрі
      _____________ Т. Донақов           _______________ Қ. Қасымов

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                     Ұлттық қауіпсіздік комитеті
                                         Төрағасы
      ______________ Б. Сұлтанов         _____________ В. Жұмаханов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      _________ Ж. Асанов
      2016 жылғы 10 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Жоғарғы Соты Төрағасы
      __________ Қ. Мәми
      2016 жылғы ___ ____

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады