Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне және "Кеден органдарының жанама салықтарды есептеуге әсер ететін мәліметтерді мәлімдеу ережесін біріздендіру туралы" Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің басшылары кеңесінің 2001 жылғы 6 шілдедегі N 111 шешіміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жеткізілуін бақылау мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 қаңтарда N 2118 болып тіркелген "Жүк кедендік декларацияның куәландырылған көшірмесін ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133
бұйрығына
мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк кедендік декларациялардың куәландырылған көшірмесін ұсынудың ережесінде:
10-тармақта "Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу орнына" деген сөздерден кейін "егер олар бұрын кедендік құнға енгізілмеген болса" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.