Жүктiк кедендiк декларациялардың расталған көшiрмелерiн ұсынудың ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2118. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 17 маусымдағы N 240 бұйрығымен.

      Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерiнiң басшылары кеңесiнiң "Жанама салықтарды есептеуге ықпал ететiн мәлiметтердi кеден органдарына мәлiмдеудiң тәртiбiн бiрдейлендiру туралы" 2001 жылғы 6 шiлдедегi N 111 шешiмiн орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Жүктiк кедендiк декларациялардың расталған көшiрмелерiн ұсынудың ережесi бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енедi.

       Төраға

Қазақстан Республикасының   
Кедендiк бақылау агенттiгi  
төрағасының          
2002 жылғы 4 желтоқсандағы  
N 133 бұйрығымен      
бекiтiлген         

  Жүктiк кедендiк декларациялардың расталған
көшірмелерiн ұсынудың
ЕРЕЖЕСI

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже тауарлардың экспортының кедендiк режимiне сәйкес ресiмделген және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрi - ЕурАзЭС) қатысушы мемлекеттердiң кедендiк аумағына әкетiлетiн, сондай-ақ ЕурАзЭС-ке қатысушы мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импортталатын тауарлардың жеткiзiлуiн бақылау мақсатында әзірленді.

      2. Жүктiк кедендiк декларацияның (бұдан әрi - ЖКД) төртiншi данасы ресiмдеушi кеден органынан баратын кеден органына (шекарадағы өткiзу пунктi) экспорты кезiнде тауарлардың жеткiзiлуiн растайтын құжат болып табылады.

      3. Әкету елiнiң экспорттық ЖКД-сының қосымша данасы (не оның расталған көшiрмесi) ЕурАзЭС-ке қатысушы мемлекеттерден әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын растайтын құжаттардың бiрi болып табылады.

  2. Тауарлардың экспорты кезiнде ЖКД-ның расталған көшiрмелерiн ұсынудың тәртiбi

      4. Декларант тауарларды экспорттың кедендiк режимiне сәйкес негiзгi кедендiк ресiмдеу аяқталған кезде ЖКД-ның ресiмдеушi кеден органының лауазымды адамының жеке нөмiрлi мөрінің таңбасымен расталатын төртiншi данасының көшiрмесiн түсiрiп алады.

      5. ЖКД-ның төртiншi данасының расталған көшiрмесi ЖКД-ның төртiншi данасына, тауарға iлеспе құжаттарға қоса тiгiледi және тауармен бiрге шекарадағы өткiзу кеден пунктiне iлесiп барады.

      6. Шекара маңындағы өткiзу кеден пунктiнің лауазымды адамы ЖКД-ның төртiншi данасы мен оның көшiрмесiне күнiн, "Жүк өттi" деген мөртаңба қояды әрi қолымен және жеке нөмiрлi мөрiмен растайды.

      7. ЖКД-ның төртiншi данасының расталған көшiрмесi алдын ала немесе негiзгi кедендiк ресiмдеудi жүргiзу кезінде баратын елдiң кеден органында көрсету үшiн тауарға iлеспе құжаттарға тiгiледi.

  3. Тауарларды әкелу кезiнде жөнелтушi ел ЖКД-сының қосымша данасын (не оның көшiрмесiн) ұсынудың тәртiбi

      8. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кедендiк аумағынан Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнының айқындалуының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезiнде әкелiнетiн тауарлармен мәмiлелердiң бағасы бойынша кедендiк құнын белгiлеудiң әдiсiн қолдану арқылы аталған тауарларды кедендiк ресiмдеу жөнелтушi елдiң экспорттық ЖКД-сының қосымша данасын (не оның расталған көшiрмесiн) мiндеттi түрде ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      9. Жөнелтушi елдiң экспорттық ЖКД-сы қосымша данасының (не оның расталған көшiрмесiнiң) болмауы әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеуден бас тарту үшiн негіздеме болмауы тиiс. Бұл ретте, көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда әкелінетiн тауарлардың кедендiк құнын (әкелiнетiн тауарлармен мәмілелердiң бағасы бойынша) айқындаудың негiзгi әдiсiн қолдану арқылы кедендiк ресiмдеу жүргiзiлмейдi.
      Бұл жағдайда кедендiк құнын айқындау Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес кедендiк құнды айқындаудың келесi әдiстерiн қолдану арқылы жүргiзiлуi тиiс.

      10. Экспорттық ЖКД-ның қосымша данасын (не оның көшiрмесiн) пайдалана отырып, ЕурАзЭС-ке қатысушы мемлекеттердiң кедендiк аумағынан әкелiнген тауарлардың кедендiк құнын айқындау кезiнде, жөнелтуші ел ЖКД-сының 12-бағанында көрсетiлген кедендiк құнға қосымша ЕурАзЭС-ке қатысушы мемлекеттердің аумағы бойынша көлiктiк шығыстар мен аталған тауарларды ЕурАзЭС-ке қатысушы мемлекеттердің аумағынан әкелу орнына, егер олар бұрын кедендік құнға енгізілмеген болса Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасына дейiн әкетуге байланысты шығыстар қосылады.
      Ескерту: 10-тармақ толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 сәуірдегі N 160  бұйрығымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады