Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 қаңтарда N 2118 болып тіркелген "Жүк кедендік декларацияның куәландырылған көшірмесін ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 сәуірдегі N 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2269. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 17 маусымдағы N 240 (V042901) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне және "Кеден органдарының жанама салықтарды есептеуге әсер ететін мәліметтерді мәлімдеу ережесін біріздендіру туралы" Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің басшылары кеңесінің 2001 жылғы 6 шілдедегі N 111 шешіміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жеткізілуін бақылау мақсатында бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 қаңтарда N 2118 болып тіркелген "Жүк кедендік декларацияның куәландырылған көшірмесін ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133  бұйрығына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк кедендік декларациялардың куәландырылған көшірмесін ұсынудың ережесінде:
      10-тармақта "Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу орнына" деген сөздерден кейін "егер олар бұрын кедендік құнға енгізілмеген болса" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады