Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2342. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 191 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 191 Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен , 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 98 қаулысымен .
      1. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Кастодиандық қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер осы қаулы күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін оның талаптарына сәйкес келтірсін және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі нормативтік актілерді (регламенттерді) не олардың өзгерістері мен толықтыруларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынсын.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны кастодиан-банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, кастодиан-банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Орталық депозитарийі туралы, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу туралы, Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ережелерді бекіту туралы" 1996 жылғы 29 шілдедегі N 944 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ереженің күші жойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Бағалы қағаздар рыногында 
кастодиандық қызметті жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 21 сәуірдегі   
N 142 қаулысымен      
бекітілген        

Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті
жүзеге асыру ережесі

      Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілейді.
      Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен , 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 98 қаулысымен .

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кастодиандық шарт - клиенттің активтерін сақтау және есебін жүргізу жауапкершілігі туралы кастодиан мен оның клиенті арасында жасалатын шарт;
      2) кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
      3) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн құжат;
      4) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
      5) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
      6) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға.
      7) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен , 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 98 қаулысымен .

      2. Кастодиандық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиялануға тиіс.

      3. Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық қызметті кәсіби қызметтің өзге де түрлерімен қоса атқару мүмкіндігі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3-1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және брокерлік-дилерлік қызметті қоса атқаратын екінші деңгейдегі банк:
      1) банктің ұйымдық құрылымында бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жекелеген бөлімшенің болуын;
      2) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы нарығында өзге қызмет түрлерін жүзеге асырмауын;
      3) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің, жекелеген үй-жайлардың болуын;
      4) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімше алатын үй-жайларда оларға реттелетін кіру жүйелерінің болуын;
      5) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшеде брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын бөлімшеден бөлек есепке алу және құжат айналымы жүйелерінің болуын;
      6) жоғарыда аталған бөлімшелердің біреуінің қызметкерлерін екіншінің құжаттамаларына және бағдарламалық-техникалық кешендерге (оның ішінде деректердің электрондық массивтеріне) кіруіне жол бермеуді;
      7) лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің банктің жоғарыда аталған бөлімшелердің біреуінде қолда бар (олар өздерінің лауазымдарына немесе оларға берілген құқықтар мен өкілеттіктерге орай алуға рұқсаты бар) ақпаратты банктің жоғарыда аталған бөлімшелердің екіншісінің қызметкерлеріне бермеуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту: 3-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 77 Қаулысымен.

      4. Кастодиандық қызмет осы Ережеге және кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .
      5. Кастодиан клиенттің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.

2-тарау. Кастодиандық қызмет

      6. Кастодианның заң актілерінде белгіленген функцияларын іске асыру мақсатында, кастодиан:
      1) клиенттің кастодиандық қызмет көрсетуге берген ақшасына, бағалы қағаздарына және өзге де активтеріне қатысты шот ашады;
      2) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаның, бағалы қағаздардың және өзге де активтердің есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;
      3) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздармен және өзге де активтермен жасалатын мәмілелер бойынша төлем агентінің функцияларын атқарады;
      4) клиенттердің бұйрықтары негізінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркейді және олардың бағалы қағаздарға құқықтарын растайды;
      5) бағалы қағаздар бойынша кірістер алады және оларды клиенттердің шоттарына есептейді;
      6) клиенттердің құжаттамалық бағалы қағаздарын сақтайды;
      7) клиенттердің бұйрықтарының мазмұнына сәйкес оларды орындайды;
      8) өзінің активтеріне қарағанда клиенттердің активтерін ерекше сақтауды және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;
      9) клиенттің бағалы қағаздары мен өзге де активтерінің шотын және есебін жүргізу технологиясын сақтайды;
      10) өз клиенттерінің активтермен жасалған мәмілелердің орындалуын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін және инвестициялық қорлардың активтерін мақсатты инвестициялауды бақылайды;
      11) клиенттерге тұрақты негізде және алғашқы талап етуі бойынша олардың шоттарының жай-күйі туралы ақпарат береді;
      12) клиенттердің шоттары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді және бағалы қағаздар эмитенттерінің тапсырмасы бойынша клиенттерге ақпарат береді;
      13) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ақпарат береді;
      14) кастодиандық шартта көзделген өзге де қызмет көрсетеді.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер, толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

      7. Кастодианның бас офисінің және оның филиалдарының үй-жайларындағы клиенттер кіруге болатын жерлерге:
      1) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың нотариат куәландырған көшірмелері;
      2) осы Ереженің және кастодиандық қызметті жүзеге асыруды реттейтін уәкілетті органның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің көшірмелері;
      3) бірінші басшының немесе оның орнындағы адамның қолы және мөр қойылып куәландырылған ішкі құжаттардың көшірмелері орналастырылады.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

      8. Кастодиан клиенттердің алғашқы талап етуі бойынша олардың танысуы үшін:
      1) кастодианның соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есебін;
      2) кастодианның пруденциалдық нормативтерді сақтауы туралы мәліметтерді;
      3) кастодиандық шарт жасау немесе оны қолдану барысында клиенттер үшін маңызы бар өзге де құжаттарды (қызметтік немесе коммерциялық құпиясы бар құжаттарды қоспағанда) ұсынады.

      9. Кастодиан клиенттерге осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін бергені үшін оларды дайындауға жұмсалған шығыстардың көлемінен аспайтын мөлшерде ақы алады.

      10. Кастодианның өзіне сеніп тапсырылған активтерді өз мүдделеріне пайдалануға, оның ішінде оларға өз міндеттемелері бойынша жауап беруге, кепілге беруге не көрсетілген активтерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген іс-әрекет жасауға құқығы жоқ.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

      11. Клиенттің активтерін сақтау және есеп жүргізу жөніндегі кастодианның жауапкершілігі оларды клиенттің кастодиандағы жеке шотына нақты өткізген кезінен басталады.
      Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

      12. Клиенттерге қызмет көрсетуге қатысушы кастодиан қызметкерлері өздеріне уәкілетті орган берген біліктілік куәліктерін көрнекі жерлерге және өздерінің аттары мен лауазымдарын жазып, стол үстіне орналастырады.

      13. Кастодиан қолданымдағы тиісті біліктілік куәліктеріне ие болған қызметкерлерге кастодиан қызметін жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктеуге және осындай қызметкерлердің кастодиан қызметіне, оның ішінде уәкілетті органға ұсынылатын есептеріне қатысты құжаттарға қол қоюға (бұрыштама қоюға) жол беруге тиісті емес.

      14. Кастодиандық қызметті орындауды қамтамасыз ететін кастодианның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің кастодианның басқа бөлімшелерінің функцияларын, сондай-ақ олардың кастодианның басқа бөлімшелеріндегі лауазымдарды қоса атқаруды жүзеге асыруына жол берілмейді.

3-тарау. Кастодиандық шарт

      15. Кастодиандық шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Кастодиандық шарттың мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

      16. Кастодиандық шарт жасаған кезде кастодиан клиентті өзінің  ішкі құжаттарымен таныстырады.
      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

      17. Кастодиандық шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде кастодиан клиенттерге:
      1) олардың пруденциалдық нормативтерді сақтамау фактілері;
      2) оның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуының тоқтатылғаны (қайта жаңғыртылғаны), оның қайтарып алынғаны;
      3) осы клиенттің бұйрығы бойынша бағалы қағаздармен мәмілелер жасау барысында мүдделер қайшылығының туындау фактілері;
      4) бағалы қағаздармен мәмілелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен ерекше шарттар туралы хабарлайды.

      18. Осы ереженің 17-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресімделеді және осындай хабарламаны жіберу үшін негіздеме туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде клиенттерге кастодиан шартында айқындалған байланыстың факсимильдік, телекстік және өзге де мүмкін болатын түрімен жіберіледі.
      Ескерту: 18-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

      19. Кастодиандық шарт бұзылған жағдайда, клиенттердің кастодиандағы активтері кастодиан шартында көзделген тәртіппен он жұмыс күні ішінде клиенттерге қайтарылуға тиіс.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

4-тарау. Есеп жүргізуді ұйымдастыру

      20. Клиенттердің активтерімен операциялардың есебін жүргізу, сондай-ақ олар бойынша кірістер алу және бөлу кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту: 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

      21. Кастодиан клиенттердің активтерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен баланстық және баланстан тыс шоттарға есепке алады.
      Кастодиан әрбір клиентке оның активтерінің есебін жүргізуге арналған жеке шот ашады.
      Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де активтерді есепке алу мақсатында кастодиан инвестициялық портфельді басқарушының әрбір клиентіне инвестициялық портфельді басқарушыны көрсете отырып ақшаны есепке алу үшін жеке банк шотын және бағалы қағаздарды есепке алу мен сақтау үшін баланстан тыс шотты ашады.
      Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен , 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 98 қаулысымен .

      22. Кастодиан депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымда жеке шотты Қазақстан Республикасының заңдарында осы талап белгіленген клиенттер үшін, сондай-ақ клиенттердің талап етуі бойынша ашады.
      Клиент кастодианнан өзінің депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы шотынан көшірме алуға құқылы.

      22-1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу бойынша қызмет көрсететін кастодиан мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе "Moody's Investors Service", "Fitch" агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не Қазақстан Республикасының резидент емес бас банкі "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе "Moody's Investors Service", "Fitch" агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті еншілес банкі болып табылады не осы кастодианның ірі қатысушылары арасында орналастырылған (артықшылық берілген және банкпен сатып алынғандарды шегергенде) акциялардың он немесе одан астам пайызын иеленетін жеке
тұлғалары бар;
      2) халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелеріне ("Еuroclear" және "Сlearstream International" сияқты) мыналар түрінде рұқсаты бар:
      тікелей кіру;
      бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті көрсететін және көрсетілген жүйелерге тікелей кіруге рұқсаты бар шетелдік ұйыммен кастодиан шартын жасау арқылы;
      бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің қызметін пайдалану арқылы.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне таралмайды..
      Ескерту: 22-1 тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 172 Қаулысымен.

      23. <*>
      Ескерту: 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен .

      24. Кастодианның жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақ ақшасының, инвестициялық қор активтерінің, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздардың және олармен жасалған мәмілелердің есебін жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
      Ескерту: 24-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысымен

      25. Кастодиан бағалы қағаздар мен ақшаның маңызды есебін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында айына кем дегенде бір рет өз жүйесіндегі клиенттердің бағалы қағаздары мен ақшасы есебінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті және депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың деректеріне сәйкестігін салыстырып тексереді.

      26. Кастодианның кастодиандық қызмет туралы есептер жасау және уәкілетті органға ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

4-1-тарау. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің
мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау

      Ескерту: 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 98 қаулысымен .

      26-1. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау мақсатында кастодиан арнайы қаржы компаниясына бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке инвестициялық шотты және арнайы қаржы компаниясы шығарған облигациялардың міндеттемелері бойынша ақшаны есепке алу үшін банк шотын ашады.

      26-2. Арнайы қаржы компаниясы активтерінің мақсатқа лайық орналастырылуына бақылау жасау басқарушы агенттің не арнайы қаржы компаниясының ақшаны аудару туралы тапсырмаларын қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      26-3. Кастодиан, айына бір реттен кем емес, басқарушы агентпен инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша тұрақты салыстырып тексеруді өткізеді.

      26-4. Басқарушы агентпен салыстырып тексеру тәртібі мен жүйелілігі кастодиандық шартта белгіленеді.
      Салыстырып тексеру нәтижесінде кастодианның және басқарушы агенттің қолындағы мәліметтер бойынша келіспеушіліктер анықталған жағдайда олардың себептері анықталады және кастодиан жұмыс күні ішінде осы келіспеушіліктер туралы арнайы қаржы компаниясын хабардар етеді.

4-2-тарау. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа
кастодиан-банкке беру рәсімінің тәртібі

      Ескерту: 4-2-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 98 қаулысымен .

      26-5. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

      26-6. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру үшін:
      1) берілетін активтердің тізбесі;
      2) берілетін құжаттардың тізбесі;
      3) активтерді қабылдау-өткізу актісі жасалады.
      Берілетін активтер тізбесіне арнайы қаржы компаниясының кастодиандық қызмет көрсетудегі барлық активтері кіреді.

      26-7. Кастодиандық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кезінде:
      1) кастодиан-банк басқарушы агентке арнайы қаржы компаниясының инвестициялық шоты бойынша берген үзінді жазбалардың көшірмелері;
      2) кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына ашық шоттар бойынша берген үзінді жазбалардың көшірмелері;
      3) арнайы қаржы компаниясының ақшаны аударуға/есепке алуға берген тапсырмаларының көшірмелері;
      4) басқарушы агенттің бағалы қағаздарды аударуға/есепке алуға берген тапсырмаларының көшірмелері;
      5) басқарушы агентпен салыстырып тексеру актілерінің көшірмелері;
      6) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де құжаттар беріледі.

      26-8. Арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру кезінде активтерді қабылдау-өткізу актісі жасалады әрі онда:
      1) шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді есепке алу үшін арнайы қаржы компаниясының банк шотындағы ақша қозғалысы мен қалдығы туралы;
      2) депонент-банктердің атауын, салым сомаларын, банктік салым шартының жасалу күні мен оның нөмірін, салым мерзімін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;
      3) шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;
      4) қаржы құралдарының сатып алу және ағымдағы құны туралы;
      5) әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы туралы;
      6) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;
      7) инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы мен қалдығы туралы;
      8) облигациялармен мәмілелерді есепке алу жөніндегі қызметке, соның ішінде олар бойынша сыйақы төлеуге қатысты берілетін құжаттардың түпнұсқалары туралы;
      9) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де мәліметтер болады.

      26-9. Қабылдау-өткізу актісі:
      1) бір данадан арнайы қаржы компаниясы, басқарушы агент, кастодиан-банк, жаңа кастодиан-банк, уәкілетті орган үшін бес дана етіп кастодиандық қызмет көрсету шартын бұзу күніне жасалады;
      2) арнайы қаржы компаниясының, кастодиан-банктің және жаңа кастодиан-банктің бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды;
      3) арнайы қаржы компаниясының, кастодиан-банктің және жаңа кастодиан-банктің мөрімен бекітіледі.

      26-10. Осы Ереженің 26-9-тармағының шарттарына сәйкес ресімделген қабылдау-өткізу актісінің нұсқалары оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.    

5-тарау. Қорытынды ережелер

      27. Кастодиан өз клиенттерінің міндеттемелеріне жауап бермейді және клиенттердің инвестициялық шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілік атқармайды.

      28. Кастодианның кастодиан шартының талаптарын орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы салдарынан келтірген шығындары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.

      29. Кастодиандық қызметті жүзеге асыру барысында туындаған және осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Об утверждении Правил осуществления кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года N 142. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июня 2003 года N 2342. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 5 августа 2009 года N 191 .

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 05.08.2009 N 191 (порядок введения в действие см. п.3).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг", Законом Республики Казахстан "Об инвестиционных фондах",  Законом Республики Казахстан "О секьюритизации" и Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
     Сноска. В преамбулу внесены изменения постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 ; от 15 апреля 2006 года N 98 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос. регистрации).

     1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг.

     2. Банкам второго уровня, осуществляющим кастодиальную деятельность, привести свою деятельность в соответствие с требованиями настоящего постановления в трехмесячный срок со дня введения его в действие и представить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке внутренние нормативные акты (регламенты) либо изменения и дополнения к ним в Национальный Банк Республики Казахстан.

     3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республике Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата Национального Банка Республики Казахстан, банков-кастодианов, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

     4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

     5. Настоящее постановление вводится в действие со дня признания утратившим силу Положения о кастодиальной деятельности в Республике Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 июля 1996 года N 944 "Об утверждении Положений о Центральном депозитарии Республики Казахстан, о ведении реестра держателей ценных бумаг в Республике Казахстан, о кастодиальной деятельности в Республике Казахстан".

     Председатель
      Национального Банка

Утверждены        
Постановлением Правления
Национального Банка    
Республики Казахстан    
от 21 апреля 2003 г. N 142
"Об утверждении Правил   
осуществления кастодиальной
деятельности на рынке  
ценных бумаг"      

Правила
осуществления кастодиальной
деятельности на рынке ценных бумаг

     Правила осуществления кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг (далее - Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг", Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "Об инвестиционных фондах", Законом Республики Казахстан "О секьюритизации" и устанавливают условия и порядок осуществления кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг.
     Сноска. В преамбулу внесены изменения постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 ; от 15 апреля 2006 года N 98 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос. регистрации).

Глава 1. Общие положения

     1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
     1) кастодиальный договор - договор об ответственном хранении и учете активов клиента, заключаемый между кастодианом и его клиентом;
     2) кастодиан - профессиональный участник рынка ценных бумаг, осуществляющий учет финансовых инструментов и денег клиентов и подтверждение прав по ним, хранение документарных финансовых инструментов клиентов с принятием на себя обязательств по их сохранности и иную деятельность в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
     3) приказ - документ, представляемый профессиональному участнику рынка ценных бумаг держателем (приобретателем) финансовых инструментов, с указанием осуществления определенного действия в отношении принадлежащих ему финансовых инструментов, предназначенных для приобретения финансовых инструментов;
     4) внутренние документы - документы, которые регулируют условия и порядок деятельности субъекта рынка ценных бумаг, его органов, структурных подразделений (филиалов, представительств), работников, оказание услуг и порядок их оплаты;
     5) уполномоченный орган - государственный орган по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций;
     6) специальная финансовая компания - юридическое лицо, создаваемое в соответствии с Законом Республики Казахстан "О секьюритизации" для осуществления одной или нескольких сделок секьюритизации, а также инвестирования временно свободных поступлений по выделенным активам;
     7) управляющий агент - профессиональный участник рынка ценных бумаг, оказывающий услуги специальной финансовой компании по инвестированию временно свободных поступлений по выделенным активам на основании лицензии на управление инвестиционным портфелем.
     Сноска. Пункт 1 в новой редакции - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 ; внесены изменения от 15 апреля 2006 года N 98 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос. регистрации).

     2. Кастодиальная деятельность подлежит лицензированию в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

     3. Возможность совмещения кастодиальной деятельности с иными видами профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг устанавливается нормативными правовыми актами уполномоченного органа.

     3-1. Банк второго уровня, совмещающий осуществление кастодиальной и брокерско-дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан, обеспечивает:
     1) наличие в организационной структуре банка отдельного подразделения, осуществляющего кастодиальную деятельность на рынке ценных бумаг;
     2) неосуществление подразделением, осуществляющим кастодиальную деятельность, иных видов деятельности на финансовом рынке;
     3) наличие подразделения, осуществляющего кастодиальную деятельность, отдельных помещений;
     4) наличие у помещений, занимаемых подразделением, осуществляющим кастодиальную деятельность, систем регулируемого доступа к ним;
     5) наличие у подразделения, осуществляющего кастодиальную деятельность, отдельной от подразделения, осуществляющего брокерско-дилерскую деятельность, систем учета и документооборота;
     6) недопущение доступа работников одного из вышеуказанных подразделений к документации и программно-техническим комплексам (в том числе к электронным массивам данных) второго из них;
     7) непредставление должностными лицами и работниками информации, имеющейся у одного из вышеуказанных подразделений банка (к которой они имеют доступ в силу своей должности или представленных им прав и полномочий), работникам второго из вышеуказанных подразделений банка. <*>
     Сноска. Глава дополнена пунктом 3-1 - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года N 77 .

     4. Кастодиальная деятельность осуществляется в соответствии с настоящими Правилами и внутренними документами кастодиана. <*>
     Сноска. Пункт 4 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     5. Кастодиан не должен являться аффилиированным лицом клиента.

Глава 2. Кастодиальная деятельность

     6. В целях реализации функций кастодиана, установленных законодательными актами, кастодиан:
     1) открывает счета клиента в отношении денег, ценных бумаг и иных активов, переданных на кастодиальное обслуживание;
     2) обеспечивает учет денег, ценных бумаг и иных активов, переданных на кастодиальное обслуживание;
     3) выполняет функции платежного агента по сделкам с ценными бумагами и иными активами, переданными на кастодиальное обслуживание;
     4) регистрирует сделки с ценными бумагами на основании приказов клиентов и подтверждает их права на ценные бумаги;
     5) получает доходы по ценным бумагам и зачисляет их на счета клиентов;
     6) хранит документарные ценные бумаги клиентов;
     7) исполняет приказы клиентов в соответствии с их содержанием;
     8) обеспечивает обособленное хранение и учет активов клиентов по отношению к собственным активам;
     9) соблюдает технологию ведения счетов и учета ценных бумаг и иных активов клиентов;
     10) контролирует исполнение сделок с активами своих клиентов, в том числе целевое инвестирование пенсионных активов накопительных пенсионных фондов и активов инвестиционных фондов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
     11) предоставляет информацию клиентам о состоянии их счетов на регулярной основе и по первому требованию;
     12) обеспечивает конфиденциальность информации о счетах клиентов и передает информацию клиентам по поручению эмитентов ценных бумаг;
     13) представляет уполномоченному органу информацию в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
     14) предоставляет иные услуги, предусмотренные кастодиальным договором. <*>
     Сноска. Пункт 6 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     7. В помещениях головного офиса кастодиана и его филиалов в легкодоступных для клиентов местах размещаются:
     1) нотариально удостоверенные копии лицензии на осуществление кастодиальной деятельности;
     2) копии настоящих Правил и иных нормативных правовых актов уполномоченного органа, регулирующих осуществление кастодиальной деятельности;
     3) копии внутренних документов, заверенные подписью первого руководителя или лица, его заменяющего, и оттиском печати. <*>
     Сноска. Пункт 7 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     8. Кастодиан по первому требованию клиентов представляет им для ознакомления:
     1) финансовую отчетность кастодиана за последний отчетный период;
     2) сведения о соблюдении кастодианом пруденциальных нормативов;
     3) иные документы, имеющие значение для клиентов в процессе заключения кастодиального договора или его действия (за исключением документов, содержащих служебную или коммерческую тайну).

     9. За предоставление клиентам копий документов, указанных в пункте 8 настоящих Правил, кастодиан взимает плату в размере, не превышающем величину расходов на их изготовление.

     10. Кастодиан не вправе использовать вверенные ему активы клиентов в своих интересах, в том числе отвечать ими по своим обязательствам, отдавать в залог, либо совершать в отношении указанных активов действия, не предусмотренные законодательством Республики Казахстан. <*>
     Сноска. Пункт 10 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     11. Ответственность кастодиана за сохранность и учет активов клиентов наступает с момента фактической их передачи на лицевой счет клиента в кастодиане. <*>
     Сноска. Пункт 11 в новой редакции - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     12. Работники кастодиана, участвующие в обслуживании клиентов, размещают в доступных местах копии выданных им уполномоченным органом квалификационных свидетельств и настольные таблички с указанием их имен и должности.

     13. Кастодиан не должен возлагать функции по осуществлению кастодиальной деятельности на работников, не обладающих соответствующими действующими квалификационными свидетельствами, и допускать подписание (визирование) документов, касающихся кастодиальной деятельности, в том числе представляемых в уполномоченный орган отчетов, такими работниками.

     14. Не допускается осуществление работниками структурных подразделений кастодиана, обеспечивающих выполнение кастодиальной деятельности, функций других подразделений кастодиана, а также совмещение ими должностей в других подразделениях кастодиана.

Глава 3. Кастодиальный договор

     15. Кастодиальный договор подлежит заключению в письменной форме. Требования к содержанию кастодиального договора устанавливаются законодательством Республики Казахстан.

     16. При заключении кастодиального договора кастодиан ознакамливает клиента со своим внутренними документами. <*>
     Сноска. Пункт 16 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     17. В течение всего срока действия кастодиального договора кастодиан уведомляет клиентов о (об):
     1) фактах несоблюдения им пруденциальных нормативов;
     2) приостановлении (возобновлении) действия его лицензии на осуществление кастодиальной деятельности, ее отзыве;
     3) фактах возникновения конфликта интересов в процессе совершения сделок с ценными бумагами по приказу данного клиента;
     4) ограничениях и особых условиях, установленных законодательством Республики Казахстан в отношении сделок с ценными бумагами.

     18. Уведомления, предусмотренные пунктом 17 настоящих Правил, оформляются в письменном виде и направляются клиентам факсимильным, телексным или иным возможным видом связи, определенным в кастодиальном договоре, в течение трех рабочих дней со дня возникновения основания для направления такого уведомления. <*>
     Сноска. Пункт 18 с дополнениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     19. Активы клиентов, находящиеся на момент расторжения кастодиального договора у кастодиана, подлежат возврату клиентам в течение десяти рабочих дней в порядке, предусмотренном кастодиальным договором.
     Сноска. Пункт 19 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

4. Организация учета

     20. Учет операций с активами клиентов, а также получение и распределение доходов по ним осуществляются в соответствии с внутренними документами кастодиана. <*>
     Сноска. Пункт 20 в новой редакции - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     21. Активы клиентов учитываются кастодианом на балансовых и забалансовых счетах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
     Кастодиан открывает каждому клиенту отдельный счет, предназначенный для учета его активов.
     Для целей учета денег, ценных бумаг и иных активов, переданных на кастодиальное обслуживание, кастодианом каждому клиенту управляющего инвестиционным портфелем открываются отдельный банковский счет для учета денег и внебалансовый счет для учета ценных бумаг с указанием управляющего инвестиционным портфелем.
    Сноска. В пункт 21 внесены изменения постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 ; от 15 апреля 2006 года N 98 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос. регистрации).

     22. Кастодиан открывает в организации, осуществляющей депозитарную деятельность, отдельные счета клиентам, для которых данное требование установлено законодательством Республики Казахстан, а также по требованию клиентов.
     Клиент вправе получить у кастодиана выписку с его счета в организации, осуществляющей депозитарную деятельность.

     22-1. Кастодиан, оказывающий услуги по хранению и учету пенсионных активов накопительных пенсионных фондов, соответствует следующим требованиям:
     1) имеет долгосрочный кредитный рейтинг не ниже "ВВ-" по международной шкале агентства "Standard & Poor's" или рейтинговую оценку аналогичного уровня агентств "Moody's Investors Service", "Fitch" либо является дочерним банком-резидентом Республики Казахстан, родительский банк-нерезидент Республики Казахстан которого обладает долгосрочным кредитным рейтингом не ниже "А-" по международной шкале агентства "Standard & Poor's" или рейтинговую оценку аналогичного уровня агентств "Moody's Investors Service", "Fitch", либо среди крупных участников данного кастодиана, имеются физические лица, владеющие десятью или более процентами размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных банком) акций;
     2) имеет доступ к международным депозитарно-расчетным системам (типа "Euroclear" и "Clearstream International") в виде:
     непосредственного доступа;
     посредством заключения кастодиального договора с иностранной организацией, оказывающей кастодиальные услуги на рынке ценных бумаг и имеющей непосредственный доступ к указанным системам;
     посредством использования услуг центрального депозитария ценных бумаг.
     Требование, установленное подпунктом 1) настоящего пункта, не распространяется на Национальный Банк Республики Казахстан.
     Сноска. Пункт 22-1 в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29.10.2008 N 172 (порядок введения в действие см. п. 2 ) .

     23. (Пункт исключен - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 ).

     24. Особенности учета кастодианом пенсионных накоплений накопительных пенсионных фондов, активов инвестиционных фондов, а также государственных ценных бумаг и сделок с ними устанавливаются законодательством Республики Казахстан.
     Сноска. Пункт 24 с изменениями - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года N 299 .

     25. Кастодиан в целях обеспечения актуального учета ценных бумаг и денег не реже одного раза в месяц проводит сверку данных своей системы учета ценных бумаг и денег клиентов на их соответствие данным организаций, осуществляющих деятельность по ведению реестра держателей ценных бумаг и депозитарную деятельность.

     26. Порядок составления и представления кастодианом отчетов о кастодиальной деятельности уполномоченному органу устанавливается законодательством Республики Казахстан.

Глава 4-1. Контроль за целевым размещением активов
специальной финансовой компании

      Сноска. Правила дополнены главой 4-1 постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 апреля 2006 года N 98 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос. регистрации).

      26-1. Для целей контроля за целевым размещением активов специальной финансовой компании кастодиан открывает специальной финансовой компании отдельный инвестиционный счет для учета ценных бумаг и банковский счет для учета денег по обязательствам по выпущенным специальной финансовой компанией облигациям.
 

      26-2. Контроль за целевым размещением активов специальной финансовой компании осуществляется путем проверки поручений управляющего агента либо специальной финансовой компании о переводе денег на соответствие требованиям действующего законодательства.
 

      26-3. Кастодиан проводит регулярные, но не реже одного раза в месяц, сверки с управляющим агентом по структуре инвестиционного портфеля.
 

      26-4. Порядок проведения и регулярность сверок с управляющим агентом устанавливается кастодиальным договором.
      В случае выявления в результате сверки разногласий по сведениям, имеющихся у кастодиана и управляющего агента выясняется их причина и кастодиан в течение рабочего дня уведомляет специальную финансовую компанию о данных разногласиях.

Глава 4-2. Порядок процедуры передачи активов специальной
финансовой компании новому банку-кастодиану

      Сноска. Правила дополнены главой 4-2 постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 апреля 2006 года N 98 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня его гос. регистрации).

      26-5. Передача активов специальной финансовой компании новому банку-кастодиану осуществляется уполномоченными представителями банка-кастодиана, управляющего агента и специальной финансовой компании.
 

      26-6. Для осуществления передачи активов специальной финансовой компании новому банку-кастодиану составляются:
      1) перечень передаваемых активов;
      2) перечень передаваемых документов;
      3) акт приема-передачи активов.
      В перечень передаваемых активов включаются все активы специальной финансовой компании, находящиеся на кастодиальном обслуживании.
 

      26-7. При передаче активов специальной финансовой компании новому банку-кастодиану за весь период кастодиального обслуживания передаются:
      1) копии выписок, выданных банком-кастодианом управляющему агенту по инвестиционному счету специальной финансовой компании;
      2) копии выписок, выданных банком-кастодианом специальной финансовой компании по открытым счетам;
      3) копии поручений специальной финансовой компании на перевод/зачисление денег;
      4) копии поручений управляющего агента на перевод/зачисление ценных бумаг;
      5) копии актов сверок с управляющим агентом;
      6) иные документы, относящиеся к деятельности по кастодиальному обслуживанию.
 

      26-8. При осуществлении передачи активов специальной финансовой компании новому банку-кастодиану составляется акт приема-передачи активов, который, в том числе, содержит информацию:
      1) о движении и остатке денег на банковском счете специальной финансовой компании для учета обязательств по выпущенным облигациям;
      2) о вкладах в банках второго уровня с указанием наименования банков-депонентов, сумм вкладов, дат заключения и номеров договора банковского вклада, сроков вкладов, ставок вознаграждения;
      3) о движении денег на счетах в тенге и иностранной валюте;
      4) о покупной и текущей стоимости финансовых инструментов;
      5) о сумме начисленного и полученного инвестиционного дохода по каждому финансовому инструменту;
      6) о сумме комиссионных вознаграждений;
      7) о движении и остатке денег на инвестиционных счетах;
      8) об оригиналах передаваемых документов, относящихся к деятельности по учету сделок с облигациями, в том числе выплате вознаграждения по ним;
      9) иные сведения, относящиеся к деятельности по кастодиальному обслуживанию.
 

      26-9. Акт приема-передачи:
      1) составляется на дату расторжения договора на кастодиальное обслуживание в пяти экземплярах по одному экземпляру для специальной финансовой компании, управляющего агента, банк-кастодиана, нового банка-кастодиана, уполномоченного органа;
      2) подписывается первыми руководителями и главными бухгалтерами специальной финансовой компании, банка-кастодиана и нового банка-кастодиана;
      3) заверяется оттисками печатей специальной финансовой компании, банка-кастодиана и нового банка-кастодиана.
 

      26-10. Экземпляры акта приема-передачи, оформленного в соответствии с условиями пункта 26-9 настоящих Правил, представляются уполномоченному органу в течение трех рабочих дней со дня его подписания.     

Глава 5. Заключительные положения

     27. Кастодиан не отвечает по обязательствам своих клиентов и не несет ответственности за принимаемые клиентами инвестиционные решения.

     28. Убытки, причиненные кастодианом вследствие неисполнения или ненадлежащего исполнения условий кастодиального договора, подлежат возмещению в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

     29. Вопросы, возникающие в процессе осуществления кастодиальной деятельности и неурегулированные настоящими Правилами, регулируются законодательством Республики Казахстан.