Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 49
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.
_____________________________
Ұлттық Банктiң банк қызметін реттейтiн нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының "Екiнші деңгейдегi банктердi кредиттеу жөнiндегі құжаттаманы жүргізу ережелерiн бекiту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тізiлiмінде N 904 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiнші деңгейдегi банктердi кредиттеу жөнiндегі құжаттаманы жүргiзу ережелерiн бекiту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекiтiлген Екіншi деңгейдегi банктердi кредиттеу жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу ережелеріне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 15 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде N 1424 тiркелген), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiнші деңгейдегi банкiлердi кредиттеу жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу ережесi туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар eнгізу туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 279 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1965 тiркелген) қаулыларымен бекiтiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердi кредиттеу жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу ережелерiнде:
1-тармақта:
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кредит - банктiң заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, сондай-ақ вексельдердiң есебiн жүргiзудi жүзеге асыруы";
сегiзiншi абзацтағы "қысқа мерзiмдi" деген сөздер алынып тасталсын";
11-тармақта:
4-1) тармақша "немесе заемды техникалық-экономикалық негiздеу" деген сөздермен толықтырылсын;
4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4-2) заемшы заңды тұлғаның қолы қойылған өтiнiш берiлген күннiң алдындағы соңғы есептi күнгi қаржылық есеп және заемшы заңды тұлғаның салық декларациясының көшiрмесi қоса берiлген соңғы есептi жылдағы қаржылық есебi, сондай-ақ банктiң заемшы заңды тұлғаның
кредит қабiлеттiлiгiне баға берiлген қорытындысы;";
соңғы абзацтағы "бизнес-жоспарына" деген сөздерден кейiн "немесе заемды техникалық-экономикалық негiздеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне он миллион теңгеден аспайтын сомаға кредит берген кезде мынадай құжаттама тiзбесi талап eтiледi:
1) заемшы қол қойған, кредиттi пайдалану мақсаты көрсетiлген өтiнiш;
2) заемшының кұрылтай құжаттарының (заңды тұлға үшiн) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшiн) көшiрмелерi;
3) қол қойылған үлгiлерi бар карточка, мөрдiң таңбасы (заңды тұлғалар үшiн);
4) жасалған банктiк заем шартының түпнұсқасы;
5) заемды техникалық-экономикалық негiздеу;
6) заемшы заңды тұлғаның қолы қойылған өтiнiш берiлген күнгi жағдай бойынша қаржылық есеп;
7) жеке кәсiпкерлер үшiн мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өту фактiсiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;
8) клиенттi салық есебiне қою фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген белгiленген нысандағы құжат.";
16-тармақта:
бiрiншi абзацта "орындалуы" деген сөзден кейiн "тек қана" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) заңды тұлға болып табылатын гаранттың немесе кепiлдiк берушiнiң кредит берудiң алдындағы соңғы есептi күнге қаржылық есебi немесе жеке тұлға болып табылатын гаранттың немесе кепілдік берушiнiң кiрісiн растайтын анықтама;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредит бойынша талапты басқаға берген банк кредитті сенiмгерлiк басқару шарты бойынша кредитке қызмет көрсету жөнiндегі қызмет көрсетудi жалғастырған жағдайда, осы банк досьеде банктiк заем шартының көшiрмесiн және кредитке бұдан әрi қызмет көрсету бойынша қызмет көрсету үшiн оған қажеттi басқа құжаттарды қалдырады";
31-тармақта:
1-3) және 3-2) тармақшаларда "нотариат куәландырған" деген сөздер алынып тасталсын;
3-1) тармақшада "тоқсанның (тоқсандардың)" деген сөздер "жартыжылдықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
соңғы абзац ", оның iшiнде заңды тұлға құрмаған жеке кәсiпкерлер" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Eгep гарант немесе кепiлдiк берушi Standard & Poor's агенттiгiнiң "A"-дан төмен емес рейтингi немесе басқа да халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар қаржылық ұйым болып табылса, салық декларациясының көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.".
2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.