Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2006 жылғы 7 шілдедегі N 242 бұйрығынан
үзінді
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
2. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын талдау және әдiснамасы департаментi (А.Н.Қалиева) бiр апта мерзiмде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi Ә.А. Смайыловқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2006 жылғы 7 шілдедегі
N 242 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзiмi
...
4. "Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2388 тiркелген);
...
------------------------
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекет кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1174 болып тіркелген "Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөніндегі Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің: 1478 болып тіркелген - 2001 жылғы 11 наурыздағы N 123 , 2239 болып тіркелген - 2003 жылғы 19 наурыздағы N 117 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
преамбулада "Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпорындарымен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 мамыр 2000 жылғы N 702 қаулысына " деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Мемлекет кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына " деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi нұсқаулыққа:
7-тармаққа:
екінші абзацта "(табыс" деген сөз "(жеке табыс" деген сөздерге ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"табыс" деген сөздің алды "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
"жеке тұлғалардан алынатын" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2-тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1. 150 жол бойынша 5-10 бағандарда денсаулық сақтау мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстарын қоспағанда, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстары көрсетіледі";
"8-2. 230 жол бойынша 5-10 бағандарда денсаулық сақтау мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстарын қоспағанда, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстары көрсетіледі";
16-тармақтың екінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Кәсiпорынның кiрiстерi:
білім беру қызметтерін көрсеткен;
косметологиялықты қоспағанда, медициналық (ветеринарлық) қызметтерді көрсеткен;
шоу-бизнес саласындағы қызметтерді қоспағанда, театр-концерт қызметін жүзеге асырған жағдайларда ұлғайғанда;";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. 16-тармақта көзделген жағдайлардан басқа, бекiтiлген сметамен салыстырғанда Кәсiпорын кiрiстерi ұлғайған жағдайда шығыстардың сметаларын нақтылау жүргiзiлмейдi.";