N 1174, "Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2239. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 242 бұйрығымен

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2006 жылғы 7 шілдедегі N 242 бұйрығынан
үзінді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын талдау және әдiснамасы департаментi (А.Н.Қалиева) бiр апта мерзiмде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi Ә.А. Смайыловқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнiң      
2006 жылғы 7 шілдедегі   
N 242 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзiмi

      ...
      3. "Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 117 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2239 тiркелген);
      ...

---------------------

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда N 1174 тіркелді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 123  бұйрығымен  өзгерістер енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасау жөніндегі нұсқаулықта және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстар сметасының нысанында:
      "уәкілетті орган, уәкілетті органға, уәкілетті органның" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы, мемлекеттік басқару органына, мемлекеттік басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады