Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөніндегі Нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1174. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 242 бұйрығымен

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2006 жылғы 7 шілдедегі N 242 бұйрығынан
үзінді:

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын талдау және әдiснамасы департаментi (А.Н.Қалиева) бiр апта мерзiмде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi Ә.А. Смайыловқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнiң      
2006 жылғы 7 шілдедегі   
N 242 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзiмi

      1. "Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1174 тiркелген);
      ...
---------------------------

        ЕСКЕРТУ. Преамбула өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Мемлекет кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  Жарлығына байланысты БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Қоса беріліп отырылған: 
      Мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегі нұсқаулық; 
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстары сметаларының нысаны бекiтiлсiн. 
      2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енедi. 

       Министр  

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі   
2000 жылғы 24 мамырдағы
N 248 бұйрығымен   
бекітілген      

  Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар 
шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi 
НҰСҚАУЛЫҚ  

      1. Осы Нұсқаулық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорын) мемлекеттiк тапсырысты көрсете отырып сметаларды жасау тәртiбiн айқындайды. 

      2. Кәсiпорындардың сметасы өзiмен бiрге Кәсiпорындардың өз табыстары есебiнен, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын бiр қаржы жылына арналған шаруашылық қызметтерiнiң қаржы жоспарын білдiредi. Кәсiпорындардың сметасын уәкiлеттi органдар бекiтедi. 

      3. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жасалатын азаматтық-құқықтық тiркеудi қамтамасыз ету мақсатында бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) (5-10-баған) бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындаудың қаржылық жоспары бөлiп көрсетiледi. 

      4. 6, 8, 10-бағандарда Кәсiпорынның жалпы шығыстарындағы мемлекеттiк тапсырыстың орындалуына арналған кiрiстер мен шығыстар көрсетiледi. 

      5. 010 жол бойынша, жоспарлы жылдағы шаруашылық қызмет көрсетуден түсетiн ақшалар мен жылдың басында қалған ақшалардың жиынтығынан тұратын кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi (011 жол + 012 жол). 
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен

      5-1. 011 жол бойынша, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде алынған ақшалар қалдығы бөлiп көрсетiлген жыл басындағы ақша қалдығы, яғни өткен қаржы жылының соңындағы жоспарланған кiрiс шеңберiнде пайдаланылмаған ақшалар қалдығы көрсетiледi.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен

      5-2. 012 жол бойынша, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде алынған ақшалар бөлiп көрсетiлген, шаруашылық қызметтi жүзеге асырудан түскен ақшалар көрсетiледi қосылған құнға салықты есепке ала отырып. 
       Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен .

      6. Шығыстардың жалпы сомасы 020-жол бойынша (030 - 260 жолдардың сомасы) көрсетiледi. Сметада шығыстардың екi тобы бөлiп көрсетiледi: 
      1) азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылмайтын шығыстар; 
      2) азаматтық-құқықтық мәмлелер жасау жүзеге асырылатын шығыстар. 
       Ескерту. 6-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен .  

      7. Азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылмайтын шығыстарға шығыстардың мынадай түрлерi жатады: 
      осы жол бойынша (030 жол) - қызметкерлерге жалақы төлеу қызметкерлердiң еңбек мiндеттемелерiн орындағаны үшiн төленетiн ақша төлемдерi көрсетiледi (жеке табыс салығы, қызметкерлердiң жалақыларынан ұсталатын жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн мiндеттi жарналар да осы жол бойынша көрсетiледi); 
      осы жол бойынша (040 жол) - ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай ақ Кәсiпорын басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыстарға төленетiн ақша төлемдерi көрсетiледi; 
      iссапар шығыстары (050 жол); 
      030 жол, бойынша көрсетiлетiн, оның iшiнде негiзгi салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер жеке жолдармен (070-100 жол) көрсетiлетiн жеке табыс салығын (060 жол) қоспағанда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер; 
      сот шығындары (110 жол) яғни атқарушы құжаттардың атқарылуы бойынша шығыстар;
      айыппұлдар, өсiмдер (120 жол);
      басқа шығыстар (130 жол) яғни 030-120 жолдарда есепке алынбаған шығыстар.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен.

      8. Азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылатын шығыстар өзiне шығыстардың мынадай түрлерiн: 
      материалдарды сатып алуды (140 жол) яғни өндiрiстiк тауарлар, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету (тамақ өнiмдерiн, дәрi-дәрмектердi және т.б. сатып алу) үшiн қажеттi материалдарды, шикiзаттарды сатып алуға арналған шығыстарды;
      негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алуды (150 жол);
      басқа активтердi сатып алуды (160 жол);
      коммунальдық қызмет көрсетулерді (170 жол) яғни электр энергиясы мен жылуды қоспағанда суға, газға және басқа да коммунальдық қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды;
      электр энергиясын (180 жол);
      жылуды (190 жол); 
      байланыс қызметтерiн (200 жол);
      көлiк қызметiн көрсетудi (210 жол);
      негiзгi құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеудi (230 жол);
      негiзгi құрал-жабдықтар бойынша жалдау ақыларын (240 жол);
      несиелердiң сыйақылар (мүдделер) төлемдерi бойынша шығыстарын (250 жол);
      басқа шығыстарды (260 жол) яғни 140-250 жолдарда есепке алынбаған шығыстарды қамтиды. 
      8-1.
       Ескерту: Жаңа 8-1-тармақпен толықтырылды, алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 147   бұйрығымен .
      8-2. 
      Ескерту: Жаңа 8-2-тармақпен толықтырылды, алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 147   бұйрығымен .

      9. 140-230, 260 жолдар бойынша шығыстар қосылған құнға салынатын салықты есепке ала отырып көрсетiледi.

      10. 9-тармақта көрсетiлген шығыстарды жүзеге асыруға арналған мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу қазынашылықтың аумақтық органдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

      11. 270 жол бойынша Кәсiпорын кiрiстерiнiң (010 жол) және шығыстарының (020 жол) арасындағы айырма ретiнде есептелетін таза табыс (шығын) көрсетiледi. 

      12. Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметасына кәсiпорынның басшысы, осы кәсiпорын қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды және уәкiлеттi органның қарауына және бекiтуiне ұсынылады. 

      13. Шығыстардың сметасына Кәсiпорын кiрiстерiнiң, егер Кәсiпорынның жоспарлы жылдағы шығыстар сметасында өткен жылдың жабылмаған шығындарын өтеу қарастырылса, өткен жылдағы жабылмаған шығындарды жабу (сонымен қатар мемлекеттiк тапсырысты орындау бойынша), басқа барлық шығыстардың шифрленуi, сондай-ақ Кәсiпорын қызметкерлерiнiң штат саны бойынша деректер (барлығы, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырысты орындайтындар), тауарларды өндiру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер бойынша негiзгi сандық көрсеткiштер (жолдың ұзындығы, оқытудың нысандары мен түрлерi бойынша оқитындардың саны, iс-шаралардың саны, емделген аурулардың, жобалардың, лабораториялық зерттеулердiң саны және т.б.) көрсетiлуi тиiстi түсiндiрме жазба қоса берiледi. 
       Ескерту. 13-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен .

      14. Кәсiпорын шығыстарының сметасы уәкiлетті орган тағайындаған мерзiмде жасалады және бекiтуге ұсынылады.

      15. Уәкiлеттi орган бекiткен смета Кәсiпорынның азаматтық-құқықтық келiсiм-шартымен бiрге мемлекеттiк тапсырысты орындау үшiн тиiстi қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынылады және қазынашылықтың жауапты органдарының қызметкерлерi мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты келiсiм-шартты тiркеу тізiмдемесiндегi сметалардың деректерiн жүргiзгеннен кейiн сметаға осыны жүргiзудегi фактiнi растайтын қазынашылықтың аумақтық 
органының бұрыштамасы қойылады. 

      16. Сметаларды нақтыланған мынадай жағдайларда: 
      Кәсiпорынның кiрiстерi кемiтiлгенде;
      Кәсiпорынның кiрiстерi:
      білім беру қызметтерін көрсеткен;
      косметологиялықты қоспағанда, медициналық (ветеринарлық) қызметтерді көрсеткен;
      шоу-бизнес саласындағы қызметтерді қоспағанда, театр-концерт қызметін жүзеге асырған жағдайларда ұлғайғанда;
      мемлекеттiк тапсырыстың көлемi өзгергенде; 
      Кәсiпорын шығыстарының құрылымы өзгергенде жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен.  

      17. 16-тармақта көзделген жағдайлардан басқа, бекiтiлген сметамен салыстырғанда Кәсiпорын кiрiстерi ұлғайған жағдайда шығыстардың сметаларын нақтылау жүргiзiлмейдi. <*>
      Бұл ретте, 16-тармақта көрсетілген Кәсiпорын кiрiстерi ұлғайған жағдайда шығыстардың сметаларын нақтылау жылына бір реттен артық емес жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен.

      18. Кәсiпорынның нақтыланған сметасын уәкiлеттi орган бекiтедi және үш күндiк мерзiмде мемлекеттiк тапсырысты орындау бойынша Кәсiпорынның азаматтық-құқықтық мәмiлелерi тiркелген қазынашылықтың аумақтық органына берiледi. 

      19. Кәсiпорын шығыстарының сметасы тек қазынашылықтың аумақтық органына ұсынылғаннан және оған штамп қойылғаннан кейiн ғана ол жарамды болып саналады.

________________________
________________________
сомасында, оның ішінде
мемлекеттік тапсырыс 
сомасында шығыстар сомасын
бекітемін
________________________
Мемлекеттік басқару орган
басшысының фамилиясы,
 аты-жөні, лауазымды қызметі
" _____ " ______________ ж.

М.О.

     

  ____ жылға арналған мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 
шығыстар сметасы 

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен өзгертілді 2003.03.19. N 117   бұйрығымен

МҚК атауы _______________________________________________
МҚК қызмет түрі _________________________________________
Мемлекеттік басқару органы ______________________________
Мың теңгедегі өлшем бірлігі______________________________  ____________________________________________________________________
   Көрсеткіш!Жол. !         Қаржы жылы      мемлекеттік тапсырыс шең.
           !дар  !                         берінде орындалатын бюд.
           !     !                         жеттік бағдарлама (кіші
           !     !                         бағдарлама) бойынша оның
           !     !                             ішінде қаржы жылы
           !     !                         ------------------------
           !     !                         (бюдж. бағ-ң!(бюдж.бағ-ң
           !     !                         атауы және  !атауы және 
           !     !                         коды)       !коды)
           !     !-------------------------------------------------
           !     !Барлы.!оның іш. !жалпы  !Со. !жалпы !Со. !жалпы
           !     !ғы    !мем. тап.!қаржы  !масы!қаржы !масы!қаржы  
           !     !      !         !жылынан!    !жылы. !    !жылынан
           !     !      !         !мем.тап!    !нан   !    !мем.тап.
           !     !      !         !%      !    !мем.  !    !%
           !     !      !         !       !    !тап. %!    !
___________!_____!______!_________!_______!____!______!____!________
      2    !  3  !   4  !    5    !   6   !  7 !   8  !  9 !  10
___________!_____!______!_________!_______!____!______!____!_______ 
Барлық 
кірістер      010
Жыл басында.
ғы ақша 
қалдығы       011
Шаруашылық
қызметті жү.
зеге асырудан
түскен ақша.
лар           012
Барлық шығыс.
тар           020
Жүзеге асырыл.
уына азамат.
тық-құқықтық 
мәмілелер 
жасалмайтын
шығыстар 
Жалақы        030
Қосымша ақша 
төлемдері     040
Іссапар шығыс.
тары          050
Салықтар және
бюджетке бас.
қа міндетті 
төлемдер      060
оның ішінде: 
  ҚҚС         070
  Акциздер    080
  корпоративтік
  табыс 
  салығы      090
  Әлеуметтік 
  салық       100
Соттық төлем.
дер           110
Айыппұл, өсім 120
Өзге шығыстар 130
Жүзеге асырыл.
уына азамат.
тық-құқықтық 
мәмілелер
жасалмайтын
шығыстар 
Материалдарды
сатып алу     140
Негізгі құрал-
жабдықтарды 
сатып алу     150
Өзге активтер.
ді сатып алу  160
Коммуналды 
қызметтер     170
Электрэнергия 180
Жылу          190
Байланыс қыз.
меті          200
Көлік қызметі 210
Негізгі құрал-
жабдықтарды 
ағымдағы жөн.
деу           220 
Негізгі құрал-
жабдықтарды 
күрделі жөн.
деу           230
Негізгі құрал.
дар бойынша жал.
герлік ақы    240
Несие бойынша
сыйақылар (мүд.
делер) төлеу
бойынша шығыс.
тар           250
Өзге де шығыс.
тар           260
Таза кіріс 
(шығын)       270
____________________________________________________________________

       Кәсіпорын жетекшісі __________________
      Қаржы қызметінің жетекшісі ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады