Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1852 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 19 тамыздағы N 297 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2488. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 (V043196) қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті реттеуді жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1) тармағының 8) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1852 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 6-19 мамырдағы N 10 жарияланған;  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 181  қаулысымен  бекітілген өзгерістермен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ереже мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Брокер-дилердің тарату сатысында тұрған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған ұйымдарға қойылатын талаптарды білдіретін активтері өтімді деп танылмайды.".
      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының мүшелері болып табылмайтын брокер-дилерлерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 февраля 2002 года N 54 "Об утверждении Правил расчета критериев финансовой устойчивости для организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, и представления отчетности по их соблюдению", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1852

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 августа 2003 года N 297. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 сентября 2003 г. N 2488. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 264 (V043196)

      В целях совершенствования регулирования брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг и на основании подпункта 8)  пункта 15-1)  Положения о Национальном Банке Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 11 августа 1999 года N 188, Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 февраля 2002 года N 54 "Об утверждении Правил расчета критериев финансовой устойчивости для организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, и представления отчетности по их соблюдению", (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1852, опубликованное 6 - 19 мая 2002 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана" N 10; с изменениями, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 мая 2003 года  N 181  "О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 февраля 2002 года N 54 "Об утверждении Правил расчета критериев финансовой устойчивости для организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, и представления отчетности по их соблюдению", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1852", зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2370) следующее дополнение:
      Правила расчета критериев финансовой устойчивости для организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, и представления отчетности по их соблюдению, утвержденные указанным постановлением, дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Активы Брокера-дилера, представляющие собой требования к организациям, находящимся на стадии ликвидации и (или) признанных банкротами в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, не признаются ликвидными.".

      2. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата Национального Банка Республики Казахстан, закрытого акционерного общества "Казахстанская фондовая биржа", объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", брокеров-дилеров, не являющихся членами закрытого акционерного общества "Казахстанская фондовая биржа".

      3. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель
      Национального Банка