Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 23 қыркүйектегі N 701 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2521. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ережелер) бекітілсін.
      2. Облыстардың әрі Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары осы Ережені назарға және орындауға қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің 
2003 жылғы 23 қыркүйектегі N 701
бұйрығымен бекітілген    

Халыққа білікті медициналық көмек
көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. K090193

      2. Білікті медициналық көмек - азаматтарға ауырған кезде диагностиканың, емдеудің мамандандырылған әдістері мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап етпейтін дәрігерлік медициналық көмек көрсету.

      3. Білікті медициналық көмекті меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін тиісті медициналық және дәрігерлік қызметке берілген лицензиялары бар емдеу-алдын алу ұйымдары көрсетеді.

      4. Білікті медициналық көмек амбулаториялық-емханалық және  стационарлық деңгейде көрсетіледі.

      5. Науқасты тасымалдау мүмкін еместігін қоса алғанда, диагнозды сәйкестендірудегі қиындықтарда, сондай-ақ өзге де айғақтарда білікті медициналық көмек көрсетудің кез-келген деңгейінде аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі тиісті мамандарды тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады.

      6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негізде білікті медициналық көмек көрсетілуі мүмкін.

      7. Білікті медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті біліктілігі бар дәрігер көрсетуі керек.

      8. Емдеу-алдын алу ұйымынан тыс шұғыл көмек көрсету қажеттігі кезінде білікті медициналық көмекті жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігерлері көрсетеді.

      9. Зерттеудің зертханалық әдістерін қоса алғанда, білікті медициналық көмектің көлемі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен медициналық көмек көрсету кезеңдеріндегі диагностика мен емдеу хаттамаларымен (бұдан әрі - Хаттама) айқындалады.

2. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі
білікті медициналық көмек көрсету

      10. Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі білікті медициналық көмекті жасөспірімдер кабинеттерін (бөлімшелерін) қоса алғанда, аудандық (орталық) ауруханалар жанындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, емханалар (консультациялар), балалар, әйелдер консультацияларын қоса алғанда, консультативтік-диагностикалық емханалар мен басқа да амбулаториялық-емханалық ұйымдар көрсетеді.

      11. Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі білікті медициналық көмек үйдегі стационар және күндізгі стационар принциптері бойынша көрсетілуі мүмкін.

      12. Білікті медициналық көмек аумақтық принцип немесе дәрігерді еркін таңдау принципі бойынша жүзеге асырылады.

      13. Науқасты стационарлық емдеуге жіберу кезінде амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігері, егер олар жасалған болса, науқастың толық диагнозы мен емдеуін көрсете отырып, ауруханаға жатқызу үшін жолдама береді.

      14. Науқасты жоспарлы түрде емдеуге жіберген кезде пациентке амбулаториялық-емханалық ұйымның ауруханаға жатқызуға арналған жолдамасы мен Хаттамаға сәйкес жасалған зертханалық тексерудің нәтижесі беріледі.

      15. Шұғыл көмек көрсету айғақтары бойынша науқасты ауруханаға жатқызу қажеттігі кезінде амбулаториялық-емханалық ұйымның жедел медициналық жәрдемімен немесе санитарлық автокөлігімен медицина қызметкерімен бірге пациентті стационарға жеткізеді.

      16. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттігі кезінде науқас белгіленген тәртіппен тиісті көп бейінді (мамандырылған) денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

3. Стационарлық деңгейде білікті медициналық
көмек көрсету

      17. Стационарлық деңгейде халыққа білікті медициналық көмекті ауылдық учаскелік ауруханалар, аудандық (орталық, қалалық) ауруханалар, жұқпалы аурулар ауруханалар, перзентханалар мен басқа да медициналық ұйымдардың стационарлары көрсетеді. V032524

      18. Халыққа стационарлық деңгейде білікті медициналық көмек күндізгі стационар принципі бойынша көрсетілуі мүмкін.

      19. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандарының жолдамасы бойынша көрсетілетін стационарлық деңгейдегі білікті медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енеді.

      20. Науқастарды ауруханаға жатқызу, егер олар осы медициналық ұйымда болса, бөлімшелердің (төсек орнының) бейініне сәйкес жүргізіледі.

      21. Дәрігердің қорытындысына сәйкес жеке күтуге мұқтаж үш жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ жасы үлкен балалар осындай күтуді жүзеге асыру үшін аналарымен немесе басқа да жақын адамдарымен бірге ауруханаға жатқызылады.

      22. Стационарлық емдеудедегі баланы күтуді жүзеге асыратын адам тегін жататын орынмен және тамақпен қамтамасыз етіледі.

      23. Стационардан шыққан кезде пациенттің қолына шығару эпикризі беріледі, онда толық клиникалық диагнозы, Хаттамаға сәйкес жүргізілген тексерудің, емдеудің көлемі және одан әрі науқасты қадағалау жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
      Сонымен бірге, науқастың тұратын мекені бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымға пациент туралы ақпарат беріледі.

      24. Науқасқа мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттігі кезінде ол белгіленген тәртіппен шығару эпикризімен тиісті көп бейіндегі (мамандандырылған) денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

      25. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттігі кезінде науқас санитарлық авиацияны қоса алғанда, арнайы көлікпен тиісті көп бейіндегі (мамандандырылған) денсаулық сақтау ұйымына дәрігермен бірге жеткізіледі. Науқасты тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда, аудандық, қажетіне қарай облыстық (республикалық) деңгейдегі тиісті мамандарды тарта отырып, консилиум жиналады.

Об утверждении Правил оказания квалифицированной медицинской помощи населению

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2003 года N 701. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 октября 2003 года N 2521. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года № 311.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 29.04.2010 № 311.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О системе здравоохранения", приказываю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания квалифицированной медицинской помощи населению (далее - Правила).

      2. Начальникам (директорам) управлений (департаментов) здравоохранения областей и городов Астаны и Алматы принять к сведению и исполнению данные Правила.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Диканбаеву С.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Министр

Утверждены           
приказом Министра здравоохранения
Республики Казахстан      
от 23 сентября 2003 года N 701 

Правила
оказания квалифицированной медицинской помощи населению

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания квалифицированной медицинской помощи населению разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О системе здравоохранения". K090193
      2. Квалифицированная медицинская помощь - врачебная медицинская помощь, оказываемая гражданам при заболеваниях, не требующих специализированных методов диагностики, лечения и использования сложных медицинских технологий.
      3. Квалифицированную медицинскую помощь оказывают лечебно-профилактические организации, имеющие лицензию на соответствующую медицинскую и врачебную деятельность, выданную в соответствии с законодательством Республики Казахстан, не зависимо от форм собственности.
      4. Квалифицированная медицинская помощь оказывается на амбулаторно-поликлиническом и стационарном уровнях.
      5. На любом уровне оказания квалифицированной медицинской помощи при затруднении в идентификации диагноза, а также при иных других показаниях, включая нетранспортабельность больного, организуется консилиум с привлечением соответствующих специалистов районного, городского, областного и республиканского уровней.
      6. Сверх гарантированного объема бесплатной медицинской помощи квалифицированная медицинская помощь может оказываться на платной основе, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      7. Квалифицированную медицинскую помощь должны оказывать врачи, имеющие необходимую квалификацию, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      8. В случае необходимости оказания экстренной помощи вне лечебно-профилактической организации квалифицированная медицинская помощь оказывается врачами станции скорой медицинской помощи.
      9. Объем квалифицированной медицинской помощи, включая лабораторные методы исследования, определяется протоколами диагностики и лечения (далее - Протоколы) на этапах медицинской помощи, утвержденными уполномоченным органом в области здравоохранения в Республике Казахстан.

2. Квалифицированная медицинская помощь
на амбулаторно-поликлиническом уровне

      10. Квалифицированная медицинская помощь населению на амбулаторно-поликлиническом уровне оказывается сельскими врачебными амбулаториями, семейными врачебными амбулаториями, поликлиниками (консультациями) при районных (центральных) больницах, включая подростковые кабинеты (отделения), территориальными городскими поликлиниками, включая детские, женскими консультациями, консультативно-диагностическими поликлиниками и прочими амбулаторно-поликлиническими организациями.
      11. Квалифицированная медицинская помощь населению на амбулаторно-поликлиническом уровне может оказываться по принципу стационара на дому и дневных стационаров.
      12. Оказание квалифицированной медицинской помощи осуществляется по территориальному принципу или по принципу свободного выбора врача.
      13. При необходимости направления больного на стационарное лечение, врач амбулаторно-поликлинической организации выдает направление для госпитализации с указанием полного диагноза и лечения больного, если такое проводилось.
      14. При направлении больного на плановое лечение, пациенту выдается направление амбулаторно-поликлинической организации на госпитализацию, и результаты лабораторного обследования, проведенного в соответствии с Протоколами.
      15. В случае необходимости госпитализации больного по экстренным показаниям, пациента доставляют в стационар службой скорой медицинской помощи или санитарным автотранспортом амбулаторно-поликлинической организации в сопровождении медицинского работника.
      16. При необходимости специализированной медицинской помощи больной направляется в соответствующую многопрофильную (специализированную) организацию здравоохранения, в установленном порядке.

3. Квалифицированная медицинская помощь
на стационарном уровне

      17. Квалифицированная медицинская помощь населению на стационарном уровне оказываются сельскими участковыми больницами, районными (центральными, городскими) больницами, инфекционными больницами, родильными домами и прочими стационарными медицинскими организациями. V032524
      18. Квалифицированная медицинская помощь населению на стационарном уровне может оказываться по принципу дневного стационара.
      19. Квалифицированная медицинская помощь населению на стационарном уровне, оказываемая по направлению специалистов первичной медико-санитарной помощи, входит в гарантированный объем бесплатной медицинской помощи.
      20. Госпитализация больных проводится в соответствии с профилем отделения (коек), если таковые имеются в данной медицинской организации.
      21. Дети до трех лет, а также дети старшего возраста, нуждающиеся в соответствии с заключением врача в индивидуальном уходе, госпитализируются с матерью или другими лицами для осуществления такого ухода.
      22. Лицо, осуществляющее уход за ребенком, находящимся на стационарном лечении, бесплатно обеспечивается спальным местом и питанием.
      23. При выписке из стационара пациенту на руки выдается выписной эпикриз, где указывается полный клинический диагноз, проведенный объем обследования, лечения в соответствии с Протоколом и рекомендации по дальнейшему наблюдению за больным.
      Одновременно передается информация о пациенте в амбулаторно-поликлиническую организацию, по месту жительства больного.
      24. При необходимости оказания больному специализированной медицинской помощи он направляется в соответствующую многопрофильную (специализированную) организацию здравоохранения с выписным эпикризом в установленном порядке.
      25. В случае необходимости оказания экстренной специализированной медицинской помощи больной доставляется специальным транспортом, включая санитарную авиацию в соответствующую многопрофильную (специализированную) организацию здравоохранения в сопровождении врача. В случае нетранспортабельности больного, созывается консилиум с привлечением соответствующих специалистов районного, при необходимости областного (республиканского) уровней.