Санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 6 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1462 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 10 қаңтардағы
N 6 қаулысымен    
бекітілген      

  Санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының  31-бабына сәйкес әзірленді және санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. Санитарлық авиация түріндегі медициналық қызмет азаматтардың денсаулығына төнген қауіпті жою және олардың өмірін құтқару үшін жүзеге асырылады.

      3. Шұғыл медициналық көмекті санитарлық авиация қызметі тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде көрсетеді.

  2. Санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі

      4.   Санитарлық авиация қызметі жетуі қиын жерлердегі азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
      Санитарлық авиация қызметі, сондай-ақ медицина ұйымында медициналық жабдық немесе тиісті білікті мамандар болмаған жағдайда тиесілі жерге білікті мамандарды жеткізу немесе сырқаттарды, босанатын әйелдер мен зардап шеккен адамдарды әртүрлі көлік түрлерімен тиісті медицина ұйымына жеткізу жолымен азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсете алады.

      5. Санитарлық авиация қызметі шұғыл медициналық көмекті мемлекеттік медицина ұйымдары өтінімдерінің негізінде жүзеге асырады.

      6. Санитарлық авиация қызметі жұмысының негізгі бағыттары:
      1) азаматтарды шұғыл медициналық көмекпен уақтылы қамтамасыз ету;
      2) консультативная медицинская помощь врачебному персоналу медицинских организаций по совершенствованию их деятельности в оказании медицинской помощи гражданам.
       РҚАО-ның ескертуі: 2) тармақшаның қазақша мәтіні берілмеген.

      7 Санитарлық авиация қызметі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстардың жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару органдары белгілеген мемлекеттік медицина ұйымдарының құрылымына кіретін санитарлық авиацияның бөлімшелерінен тұрады.

      8. Санитарлық авиация бөлімшелері:
      1) медицина ұйымдарынан өтінімдер қабылдау әрі азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету жөнінде штаттық және жұмысқа тартылатын персоналды жедел басқару жөніндегі кезекшілікті;
      2) санитарлық авиация қызметінің дәрігерлік бригадаларының шұғыл медициналық көмек көрсетуге тұрақты дайындығын және оларды медицина ұйымдарының өтінімдері бойынша баратын жеріне жеткізуді;
      3) сырқаттарды, босанатын әйелдер мен зардап шеккендерді тиісті медицина ұйымына медициналық сүйемелдеп шұғыл тасымалдауды жүзеге асыруды;
      4) медицина ұйымдарымен азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша жедел өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

      9. Санитарлық авиация қызметінің жұмысы:
      1) санитарлық авиация қызметінің бөлімшелері үшін мамандандырылған санитарлық автокөлік бөлумен;
      2) авиациялық көлікті жалға алумен;
      3) санитарлық авиация қызметі жеткізген сырқаттарды шұғыл ауруханаға жатқызумен қамтамасыз етіледі.

      10. Облыстардың денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдары санитарлық авиация қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады