Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің 2008.09.18 N 295-ОД, ҚР Қаржы министрінің 2009.02.18 N 76 бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158
қаулысымен
бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 109-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
7-бабының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
5-бабына сәйкес, Бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің өзара іс-қимылы жөніндегі Нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Б.Б.Досан) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың ресми басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін және оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінде орналасқан Субъектілердің назарына жеткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы басқармасы осы бұйрықты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік кәсіпорындардың назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне қатысты бөлігінде - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Мыңбаевқа, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігіне қатысты бөлігінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Б.А.Әлімбековке жүктелсін.
6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды Мемлекеттік сатып алу
реттеу және бәсекелестікті жөніндегі агенттігінің
қорғау жөніндегі төрағасы
агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігі төрағасының 2003 жылғы
11 қыркүйектегі N 222-ОД
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттігі төрағасының 2003 жылғы
10 қыркүйектегі N 96
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттігінің өзара іс-қимылы жөніндегі
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің өзара іс-қимылы жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының , "Табиғи монополиялар туралы" Заңның және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің нормаларын қолдануды нақтылау мақсатында әзірленді.
2. Осы Нұсқаулықтың ережелері "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қолданысына тап болған табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - Субъектілер) ғана қолданылады.
2. Уәкілетті органдардың құқықтары
3. Өздерінің функцияларын тиісті дәрежеде жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі:
1) Субъектілер өткізетін сатып алулар үшін, Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен, Субъектілердің тарифтері (бағалары, алымдар ставкалары) қозғалатын бөлігінде бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) Субъектілердің бағалар (тарифтер) белгілеу немесе олардың шығынды қалыптастырудың шекті деңгейі мен ерекше тәртібі бөлігіндегі, сондай-ақ Субъектілер өткізетін мемлекеттік сатып алу бөлігіндегі қызметін реттейді;
3) Субъектілерден тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізілген мемлекеттік сатып алу жөнінде ақпарат (құжаттар) сұратады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі:
1) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасын
бұза отырып қабылданған конкурстарды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің және конкурстық комиссиялардың шешімдерін қайта қарау немесе алып тастау туралы шешім қабылдайды;
3) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызды сотқа береді;
4) Субъектілерден тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізілген мемлекеттік сатып алу жөнінде ақпарат (құжаттар) сұратады.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі
мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу
жөніндегі агенттігінің өзара іс-қимылы
5. Егер Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Субъектілердің қызметіне қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде осы Субъектілердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда, онда Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі осы заң бұзушылықты белгілейді және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған жолдама хатпен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылғандығы туралы (қажетті материалдардың көшірмелерін қоса бере отырып) анықтама даярлайды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігіне қарауға жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі ұсынған Субъектілердің мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғандығы туралы (қажетті материалдардың көшірмелері қоса берілген) осы анықтаманы қарайды және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне осы анықтамада көрсетілген фактілердің мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келу мәніне қорытынды береді. Осы қорытынды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған жолдама хатпен жіберіледі.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі Субъектілердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғандығы туралы анықтаманы қарау барысында, мәселелерді толық және объективті шешу мақсатында, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінен, өзге де мемлекеттік органдардан, Субъектілерден, сондай-ақ заңды немесе жеке тұлғалардан осы анықтамада көрсетілген заң бұзушылықтарға қатысты басқа да құжаттарды қосымша талап етуге құқылы.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі, қажет болған жағдайда, Субъектілердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғандығы туралы анықтама бойынша қажетті түсініктемелер беру үшін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мамандарын шақыруға құқылы.
4. Анықтамаға қоса берілетін құжаттар
9. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің атына ұсынған Субъектілердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғандығы туралы анықтамаға әлеуетті жеткізіп берушілердің конкурстық өтінімдерінің түпнұсқалары барлық қосымшаларымен, сондай-ақ мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
1) конкурстық құжаттама;
2) конкурстық комиссия құру және конкурсты өткізу туралы бұйрықтар;
3) конкурсты өткізу туралы және конкурстың қорытындылары туралы жарияланған күні көрсетілген жарнамалар;
4) конкурстық өтінімдерді ашу және конкурстың қорытындылары туралы хаттамалар.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі қарағаннан және тиісті шешім қабылдағаннан кейін әлеуетті жеткізіп берушілердің конкурстық өтінімдерінің түпнұсқалары барлық қосымшаларымен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне қайтарылады.
10. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.