Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 349 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2550. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 298 (мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi) Қаулысымен. 

      "Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында,  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

"Қазақстан Республикасының  
бағалы қағаздар рыногында  
трансфер-агенттік қызметті 
жүзеге асыру ережесін   
бекіту туралы"      
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2003 жылғы 29 қыркүйектегі 
N 349 қаулысына қосымша   

  Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесі

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асырудың  шарттары мен тәртібін белгілейді (бұдан әрі - трансфер-агенттік қызмет).

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жіберуші - құжаттарды (ақпаратты) жіберуші;
      1-1) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы, трансфер-агенттің қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;
      2) алушы - құжаттарды (ақпаратты) алушы;
      3) регламент - оның қызметінің шарттары мен тәртібін, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің жұмыс істеуін, оларға қызмет көрсету және еңбекақы төлеу тәртібін реттейтін трансфер-агенттің ішкі құжаттары.
      Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 107 Қаулысымен.

      2. Трансфер-агенттік қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.

      3. Трансфер-агенттік қызметтің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарындағы кәсіби қызметтің басқа түрлерімен қоса жүру мүмкіндігі бағалы қағаздар рыногын реттеу мен бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 107 Қаулысымен.

  2. Трансфер-агенттік қызмет көрсету бойынша шарт

      4. Трансфер-агент клиенттердің шектеусіз санымен трансфер-агенттік қызмет көрсету бойынша шарт (бұдан әрі - шарт) жасауға құқылы.
      Шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс.

      5. Шарт жасау үшін клиент трансфер-агентке мынадай құжаттар ұсынады:
      1) егер клиент бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы болып табылса:
      бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау барысында толтыруға жататын құжаттар бланкілері және клиенттің қызметін пайдаланғысы келетін тұлғалардың оны толтыруы бойынша нұсқаулықтар (түсіндірмелер, нұсқаулар);
      клиенттің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті клиент қызметкерлерінің қол қою үлгісі бар нотариат куәландырған карточкасы және оның мөр таңбасы (бұдан әрі - қол қою үлгілері бар карточкалар);
      2)  алынып тасталды
      3) шартта және трансфер-агенттің регламентінде көзделген өзге де құжаттар.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 107 Қаулысымен.

       5-1. Трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жасалған шарт болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар трансфер-агенттің клиенттері болып табылады.
      Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын клиенттер трансфер-агентке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесін;
      2) жеке тұлғалар үшін - клиенттің қолы не оның өкілінің қолы бар есепке алу карточкасын, осы карточкаға құжатты қабылдауға уәкілетті трансфер-агент қызметкерінің қатысуымен есепке алу жүргізіледі (бұдан әрі - есепке алу карточкасы);
      заңды тұлғалар үшін - 5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес жасалған қол қою үлгілерінің карточкасын.
      Ескерту. 5-1 тармақпен толықытырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 107 Қаулысымен.

      6. Осы Ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында атап көрсетілген құжаттарды клиент трансфер-агентке:
      1) типографиялық немесе өзге тәсілмен дайындалған баспа өнімі түрінде;
      2) басып шығаруға арналған электронды файлдар түрінде (трансфер-агенттің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып);
      3) оларды Интернетке орналастыру арқылы (трансфер-агенттің техникалық мүмкіндіктерін және Интернет желісіне орналастырылған құжаттар мен ақпараттарды басып шығару мүмкіндігін ескере отырып) ұсынады.

      7. Шарттардың көшірмелерін (оларға енгізілген барлық өзгерістер және толықтырулармен бірге), қол қою үлгілері карточкаларының және есепке алу карточкаларының көшірмелерін трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын оның филиалдарына өткізеді.

      8. Клиент осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацында және 5-1-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар және мөр таңба (оның ішінде қол қою үлгілерінің жаңадан жасалған карточкаларын ұсыну арқылы) туралы деректерге енгізілген кез келген өзгерістерді трансфер-агентке жазбаша хабарлайды.
      Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын өз филиалдарына клиенттен алынған шартқа енгізілген өзгерістерді және қол қою үлгілерінің жаңадан жасалған карточкаларын немесе есепке алу карточкаларын жеткізеді.
      Ескерту. 8-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 107 Қаулысымен.

      9. Трансфер-агенттің қабылданған құжаттарды (ақпараттарды) сақтау және есепке алу үшін жауапкершілігі клиенттің трансфер-агентке көрсетілген құжаттарды (ақпараттарды) нақты өткізген сәтінен басталады.

      10. Трансфер-агент клиенттің алғашқы талабы бойынша:
      1) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) трансфер-агент регламентінің көшірмесін;
      3) осы трансфер-агентпен шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылатын клиенттер туралы мәліметтерді (клиенттің және оның филиалдары (өкілдіктері) орналасқан жерін көрсете отырып), қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның берілген күні және нөмірлері, қызмет көрсетудің тізбесі, оларға ақы төлеудің мерзімдері және тәртібі, құжаттарды ресімдеу тәртібі, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және/немесе қызметтік құпия болып табылмайтын өзге де мәліметтер ұсынады. 

      11. Трансфер-агенттік қызметті бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің басқа да түрлерімен бірге трансфер агент қоса атқарған кезде трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерге қатысушыларға бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің басқа түрлеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.

  3. Трансфер-агенттік қызмет

      12. Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті Қазақстан Республикасының заңдарына және өз регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 9 қаулысымен.

      13. Трансфер-агенттің регламенті:
      1) жіберуші алушыға жіберген құжаттарды (ақпаратты) трансфер-агенттің қабылдау және өткізу тәртібі;
      2) трансфер-агент және клиент жүзеге асыратын, қабылданған және өткізілген құжаттарды (ақпаратты) салыстырып тексерудің тәртібі мен мерзімдері;
      3) өткізу мақсатында қабылданған құжаттарды (ақпаратты) есепке алу тәртібі;
      4) клиенттен клиентке өткізуге арналған құжаттарды (ақпаратты) сақтау тәртібі және осы құжаттарға рұқсат беру тәртібі;
      5) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған деректердің электрондық базасын сақтауды қамтамасыз ету тәртібі;
      6) бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге (оның ішінде деректердің электронды базасына), трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын коммуникациялық және өзге де жабдықтарға рұқсат беру тәртібі;
      7) қалыпты режимде осы жүйенің жұмысын дұрыс аяқтау үшін және барлық берілген деректерді сақтау және оның шынайылығын қамтамасыз ету үшін трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде электр қуаты ажыратылған жағдайда пайдаланылатын жүйелердің жұмыс істеу қабілетін сақтау тәртібі;
      8) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға тікелей қатысатын трансфер-агент қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулығы;
      9) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (өкілдіктердің) және құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тәртібі;
      10) клиенттермен өзара іс-әрекет ету тәртібі;
      11) шарттың үлгілері;
      12) көрсетілген қызметтердің тарифтері болады.

      14. Құжаттарды (ақпаратты) трансфер-агенттің (оның филиалының) қабылдауы және өткізуі және осындай құжаттарды (ақпаратты) өткізуді растау мынадай талаптарды сақтай отырып, трансфер-агенттің регламенті мен шартында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады:
      1) электронды байланыс құралдарымен мазмұны берілген құжаттардың (ақпараттардың) түпнұсқалары осы Ереженің 16-тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, шартта белгіленген мерзімде почта байланысы немесе шабарман арқылы алушыға міндетті жіберуге жатады;
      2) құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқасы трансфер-агентке (филиалға) екі данада ұсынылады, бірінші дананы оны қабылдағаны туралы белгімен трансфер-агентке қайтарылады, екінші данасы алушыға тапсырылады;
      3) трансфер-агент жіберушіге оларды тапсырған сәттен бастап он екі сағат ішінде электронды байланыс құралдарымен құжаттардың мазмұны тапсырылғанын растауды ұсынады.

      15. Трансфер-агенттің филиалы үш күн ішінде бас офиске трансфер-агенттің құжаттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде осындай ақпаратты көрсету мақсатында олардың өткізу және/немесе тапсыру үшін қабылданған құжаттары (ақпараты) туралы ақпаратты жібереді.

      16. Трансфер-агент:
      1) электронды байланыс құралдары арқылы өткізу үшін қабылданған құжаттардың (ақпараттың) мазмұнын астанада, Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында немесе республикалық дәрежедегі қалалардағы алушыларға оларды қабылдаған сәттен бастап он екі сағат ішінде ұсынады, ал Қазақстан Республикасының басқа елді мекендеріндегі алушыға - шартта белгіленген мерзім ішінде ұсынады;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарын орындау мүмкін болмаған жағдайда бұл туралы үш сағат ішінде шартта көзделген тәсілдермен алушыға хабарлайды;
      3) оларды қабылдаған күннен бастап он күннен кешіктірмей алушыға өткізу үшін қабылданған құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқаларын почта байланысының құралдары немесе шабарман арқылы жібереді;
      4) өткізілетін құжаттардағы (ақпараттардағы) мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
      5) трансфер-агент және оның трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын барлық филиалдары үшін құжаттарды (ақпаратты) есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізеді.

      17. Құжаттарды есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізу жіберушіден қабылданған және алушыға өткізілген құжаттарды (ақпаратты) жеке тіркеу арқылы электронды және қағазға басып шығарылған түрде, сондай-ақ оларды өткізу тәсілдері (құжаттардың мазмұнын электронды байланыс құралдары арқылы беру және құжаттарды (ақпаратты) почта байланысының құралдары немесе шабарман арқылы беру) бойынша жүзеге асырады.
      Құжаттарды (ақпаратты) есепке алу әрбір клиентке жеке жүргізіледі.

      18. Өткізуге арналған құжаттарды (ақпаратты) алған кезде трансфер-агент қол қою үлгілері бар карточкасындағы және есепке алу карточкасындағы қолдарды және таңбаларды салыстырып тексеруге міндетті.

      19. Осы Ереженің 18-тармағына сәйкес жүзеге асырылған тексеру нәтижесінде трансфер-агент ұсынылған құжаттардан (ақпараттан) сәйкессіздік анықтаған жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, ол құжатты қабылдамайды.

      20. Шарттың түпнұсқасын (оларға енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен бірге), қол қою үлгілерінің карточкаларын, есепке алу карточкасын және құжаттарды есепке алудың бірыңғай жүйесіне енетін деректерді трансфер-агент шарт қолданылуын тоқтатқан күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.

  4. Қорытынды ережелер

      21. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешілуге жатады.

Об утверждении Правил осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 349. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 ноября 2003 года № 2550. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 сентября 2012 года № 298

     Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 21.09.2012 № 298.

     В целях государственного регулирования трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг", Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

     1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан.

     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата Национального Банка Республики Казахстан и саморегулируемых организаций.

     4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      Председатель
     Национального Банка

     

Приложение             
к постановлению Правления    
Национального Банка Республики  
Казахстан "Об утверждении Правил
осуществления трансфер-агентской
деятельности на рынке ценных бумаг
Республики Казахстан"       
от 29 сентября 2003 года N 349  

Правила
осуществления трансфер-агентской деятельности
на рынке ценных бумаг Республики Казахстан

     Правила осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан устанавливают условия и порядок осуществления трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан (далее - трансфер-агентская деятельность).

1. Общие положения

     1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
     1) отправитель - отправитель документов (информации);
     1-1) клиент - профессиональный участник рынка ценных бумаг, физическое или юридическое лицо, пользующееся или намеренное воспользоваться услугами трансфер-агента;
     2) получатель - получатель документов (информации);
     3) регламент - внутренние документы трансфер-агента, регулирующие условия и порядок его деятельности, функционирования его органов, структурных подразделений (филиалов, представительств), работников, оказания им услуг и порядок их оплаты.
     Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.03.2005 N 107.
     2. Трансфер-агентская деятельность подлежит лицензированию в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
     3. Возможность совмещения трансфер-агентской деятельности с другими видами профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг устанавливается нормативными правовыми актами государственного органа, осуществляющего регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган).
     Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.03.2005 N 107.

2. Договор по трансфер-агентскому обслуживанию

     4. Трансфер-агент вправе заключать договор по трансфер-агентскому обслуживанию (далее - договор) с неограниченным количеством клиентов.
     Договор подлежит заключению в письменной форме.
     5. Для заключения договора клиент представляет трансфер-агенту следующие документы:
     1) в случае, если клиент является профессиональным участником рынка ценных бумаг:
     бланки документов, подлежащие заполнению в процессе совершения сделок на рынке ценных бумаг, и инструкции (разъяснения, указания) по их заполнению лицами, намеренными воспользоваться услугами клиента;
     нотариально удостоверенную карточку с образцами подписей работников клиента, уполномоченных на подписание документов от имени клиента, и оттиском его печати (далее - карточки образцов подписей);
     2) исключен постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.03.2005 N 107;
     3) иные документы, предусмотренные в договоре и регламенте трансфер-агента.
     5-1. Физические или юридические лица являются клиентами трансфер-агента при наличии договора, заключенного ими с профессиональным участником рынка ценных бумаг, являющимся клиентом трансфер-агента.
     Клиенты, не являющиеся профессиональными участниками рынка ценных бумаг, представляют трансфер-агенту следующие документы:
     1) копию договора с профессиональным участником рынка ценных бумаг;
     2) физические лица - учетную карточку клиента, содержащую его подпись либо подпись его представителя, которая должна быть внесена в эту карточку в присутствии работника трансфер-агента, уполномоченного на прием документов (далее - учетная карточка);
     юридические лица - карточку образцов подписей, составленную в соответствии с абзацем третьим подпункта 1) пункта 5.
     Сноска. Глава дополнена пунктом 5-1 в соответствии с постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.03.2005 N 107.
     6. Документы, перечисленные в абзаце втором подпункта 1) пункта 5 настоящих Правил, могут предоставляться клиентом трансфер-агенту:
     1) в виде печатной продукции, изготовленной типографским или иным способом;
     2) в виде электронных файлов, предназначенных для распечатки (с учетом технических возможностей трансфер-агента);
     3) путем их размещения в сети Интернет (с учетом технических возможностей трансфер-агента, и с условием возможности распечатки документов и информации, размещенных в сети Интернет).
     7. Копии договоров (включая все внесенные в них изменения и дополнения), копии карточек образцов подписей и учетных карточек клиентов передаются трансфер-агентом его филиалам, участвующим в осуществлении трансфер-агентской деятельности.
     8. Клиент письменно доводит до сведения трансфер-агента любые изменения в данные о лицах, указанных в абзаце третьем подпункта 1)  пункта 5 и подпункте 2) пункта 5-1 настоящих Правил, и оттиске его печати (в том числе путем предоставления обновленных карточек образцов подписей).
     Трансфер-агент доводит до сведения своих филиалов, участвующих в осуществлении трансфер-агентской деятельности, полученные от клиента изменения в договор и копии полученных от клиента обновленных карточек образцов подписей или учетных карточек.
     Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.03.2005 N 107.
     9. Ответственность трансфер-агента за сохранность и учет принятых документов (информации) наступает с момента фактической передачи клиентом трансфер-агенту указанных документов (информации).
     10. Трансфер-агент представляет по первому требованию клиента:
     1) нотариально засвидетельствованную копию лицензии на осуществление трансфер-агентской деятельности;
     2) копию регламента трансфер-агента;
     3) сведения о клиентах, являющихся профессиональными участниками рынка ценных бумаг, заключивших с данным трансфер-агентом договоры (с указанием места нахождения клиента и его филиалов (представительств), дат выдачи и номеров лицензий на осуществление соответствующих видов деятельности, перечня услуг, сроки и порядок их оплаты, порядок оформления документов, а также иные сведения, не составляющие коммерческую и/или служебную тайну на рынке ценных бумаг).
     11. При совмещении трансфер-агентом трансфер-агентской деятельности с другими видами профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, работникам, участвующим в осуществлении трансфер-агентской деятельности, запрещается осуществлять функции, соответствующие другим видам профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг.

3. Трансфер-агентская деятельность

     12. Трансфер-агент осуществляет трансфер-агентскую деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан и своим регламентом.
     Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 01.02.2010 № 9 (порядок введения в действие см. п. 2).
     13. Регламент трансфер-агента должен содержать:
     1) порядок приема и передачи трансфер-агентом документов (информации) от отправителя получателю;
     2) порядок и сроки сверки принятых и переданных документов (информации), осуществляемой трансфер-агентом и клиентами;
     3) порядок учета документов (информации), принятых в целях передачи;
     4) порядок хранения документов (информации), предназначенных для их передачи от клиента к клиенту, и порядок доступа к данным документам;
     5) порядок обеспечения сохранности электронной базы данных, используемой при осуществлении трансфер-агентской деятельности;
     6) порядок доступа к программно-техническому обеспечению (в том числе к электронной базе данных), коммуникационному и иному оборудованию, используемому при осуществлении трансфер-агентской деятельности;
     7) порядок поддержания в случае отключения электропитания работоспособности систем, используемых при осуществлении трансфер-агентской деятельности, для нормального завершения работы данных систем в обычном режиме и обеспечения сохранности и достоверности всех передаваемых данных;
     8) должностные инструкции работников трансфер-агента, непосредственно участвующих в осуществлении трансфер-агентской деятельности;
     9) порядок работы филиалов (представительств) и структурных подразделений, участвующих в осуществлении трансфер-агентской деятельности;
     10) порядок взаимодействия с клиентами;
     11) образец договора;
     12) тарифы за оказание услуг.
     14. Прием и передача трансфер-агентом (его филиалом) документов (информации) и подтверждение передачи таких документов (информации), осуществляется в порядке, предусмотренном регламентом трансфер-агента и договором, с соблюдением следующих требований:
     1) оригиналы документов (информации), содержание которых было передано средствами электронной связи, подлежат обязательному направлению получателю посредством почтовой связи или нарочным в сроки, установленные договором с учетом ограничения, установленного подпунктом 3) пункта 16 настоящих Правил;
     2) оригиналы документов (информации) представляются трансфер-агенту (его филиалу) в двух экземплярах, первый из которых возвращается отправителю с отметкой трансфер-агента о его приеме к передаче, второй - передается получателю;
     3) трансфер-агент представляет отправителю подтверждение передачи получателю содержания документов средствами электронной связи в течение двенадцати часов с момента их передачи.
     15. Филиал трансфер-агента в течение трех дней доводит до сведения головного офиса информацию о принятых для передачи и/или переданных им документах (информации) в целях отражения такой информации в единой системе учета документов трансфер-агента.
     16. Трансфер-агент:
     1) передает средствами электронной связи содержание принятых для передачи документов (информации) их получателю, находящемуся в столице, в областном центре Республики Казахстан или в городе республиканского значения, в течение двенадцати часов с момента их приема, а получателю, находящемуся в другом населенном пункте Республики Казахстан, - в течение срока, установленного договором;
     2) в случае невозможности выполнения требования подпункта 1) настоящего пункта, уведомляет об этом отправителя способами, предусмотренными договором, в течение трех часов;
     3) передает средствами почтовой связи или нарочным оригиналы принятых для передачи документов (информации) их получателю не позднее десяти дней со дня их приема;
     4) обеспечивает конфиденциальность сведений, содержащихся в передаваемых документах (информации);
     5) ведет единую для трансфер-агента и всех его филиалов, участвующих в осуществлении трансфер-агентской деятельности, систему учета документов (информации).
     17. Ведение единой системы учета документов осуществляется на электронных и бумажных носителях путем раздельной регистрации документов (информации) принятых от отправителя и переданных получателю, а также по способу их передачи (передача содержания документов средствами электронной связи и передача документов (информации) средствами почтовой связи или нарочным).
     Учет документов (информации) ведется раздельно по каждому клиенту.
     18. При получении документов (информации), предназначенных для их передачи, трансфер-агент обязан сверить подписи и оттиск печати на них с образцами, имеющимися в карточке образцов подписей и учетной карточке.
     19. В случае, если в результате проверки, осуществленной в соответствии с пунктом 18 настоящих Правил, трансфер-агентом будут обнаружены несоответствия в представленных документах (информации), он отказывает в приеме документов с указанием причин отказа.

     20. Оригинал договора (включая все внесенные в него изменения и дополнения), карточки образцов подписей, учетные карточки и данные, входящие в единую систему учета документов, подлежат хранению трансфер-агентом в течение пяти лет со дня прекращения действия договора.

4. Заключительные положения

     21. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, подлежат разрешению в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.