Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы N 9 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6099 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                     Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 
1 ақпандағы № 9 қаулысына
қосымша          

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21  № 298(мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2012.02.24 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Агенттік Басқармасының «Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3700 тіркелген):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережесінде:
      2-тармақтың екінші абзацы «3» деген цифрдан кейін «, 4» деген тыныс белгісімен және цифрмен толықтырылсын;
      осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне  
1-қосымша            

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне  
2-қосымша         

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2012.02.24 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне   
3-қосымша          

«Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне 4-қосымша   

___________ бастап __________________ кезең аралығында
__________________________________________________________
(инвестициялық портфельді басқарушының ілік септіктегі атауы)
клиент активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы
ЕСЕБІ

Активтердің түрі (СА/КА)1

Клиенттің атауы

Клиенттің аффилиирленгендігінің белгісі2

Мәмілені жасасу  күні3

Нарық4

Мәміле түрі5

Мәміле бойынша қарсы серіктестің атауы6

Қарсы әріптестің аффилиирленгендігінің белгісі7








кестенің жалғасы   

Қаржы құралының параметрлері

Қаржы құралының түрі

Қаржы құралын шығарған (ұсынған) эмитенттің атауы

Ұлттық сәйкестендіру нөмірі8

Бір бірлігінің бағасы 8

Мәміленің көлемі 8 (дана)

Мәміле сомасы9 (теңге)

Банктік салым шартының аяқталу күні

Ескерту

      Аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескерту:
      * Тәуекелді инвестициялаудың жабық инвестициялық пай қорларына қатысты толтырылады және уәкілетті органға беріледі.
      1 Инвестициялық портфельді басқарушының меншікті немесе клиент активтері көрсетіледі. Егер мәміле клиент активтері есебінен жасалған жағдайда, 2 және 3-бағаналар толтырылады.
      2 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес клиент инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
      3 «Күні/айы/жылы» форматында мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
      4 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елі» форматында оның резиденттік елі не мәміле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны не «халықаралық нарықта» жасалғаны көрсетіледі.
      5 Мәміленің түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, «репо» ашылу және жабылу операциясы, банктік салым шартын жасасу және өзге мәмілелер). «Репо» операциялары бойынша сонымен қатар «репо» операцияларының түрі көрсетіледі: тікелей немесе кері «репо». Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша «Ескерту» деген бағанада мәмілені жасау әдісі көрсетіледі.
      6 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болған (брокер мүддесінде әрекет еткен тұлғаны көрсетіп) жағдайда, «В» символы қолданылады және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болған жағдайда "D" символы қолданылады. Банктік салым ашылған жағдайда, банктің атауы көрсетіледі.
      7 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес қарсы серіктес инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
      8 8, 9 және 10-бағаналар сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы бойынша мәмілелер үшін толтырылады.
      9 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей (сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы және өзге), жиналған сыйақыны ескеріп (банктік салымды ашу), үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, сома көрсетіледі.
      10 «Күні/айы/жылы» форматында банктік салым шартының аяқталу күні көрсетіледі.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады