Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 359 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 271-II Заңына сәйкес және жолаушыларды, теңдеме жүк пен жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінің және беруден бас тартудың тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесі және беруден бас тарту негіздері (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 30 қазандағы
N 502 бұйрығымен
бекітілген
Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру
ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер 1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер азаматтық әуе кемелерімен жолаушыларды, теңдеме жүк және/немесе жүкті әуеде тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында халықаралық және ішкі авиамаршруттарда тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру тәртібін және беруден бас тарту негіздері тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) авиациялық маршрут - үстінен авиатасымалдау пункттері арасында әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер үсті географиялық бейнесінің қиюласуы немесе географиялық сипаттамасы. Ауданында ұшу/бару әуеайлағы орналасқан елді мекендер авиатасымалдар пункттері болып табылады;
2) жүк құжаттамасы - жүкті тасымалдау шарттары, жөнелтілетін салмақ, жөнелту және тағайындау пункттері көрсетілген тасымалдаушының маршруты бойынша жүкті тасымалдаудағы жүкті жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы шартты растау үшін қолданылатын, алдын ала сәйкестендіріліп басылған тасымалдаушының құжаты. Нақты рейс орындайтын әуе кемесінің бортына жүкті тиеуді жүзеге асыратын кез келген қону пункті (алғашқы немесе бағдарғыдағы) жөнелту пункті болып табылады, ал жүкті түсіретін бірінші тиісті пункт белгіленген пункт болып табылады (тасымал қай жерде басталғанына және соңында бұл тасымал жүк қағазына сәйкес қайда аяқталатына байланысты емес);
3) шартты авиамаршрут - осы авиамаршрутқа куәлігі бар Қазақстан Республикасының тағайындалған тасымалдаушылары тұрақты ұшулар орындайтын халықаралық авиамаршрут немесе Қазақстан Республикасының ұлттық тасымалдаушылары тұрақты ұшулар орындайтын ішкі авиамаршрут;
4) тұрақты емес (чартерлік) рейсті орындауға тапсырыс беру - тұрақсыз ұшуды орындауға құқық беретін рұқсатты алу үшін қажетті мәліметтері бар құжат;
5) көмек көрсетуге арналған тасымалдар - табиғи апат немесе төтенше жағдайларда (апат, эпидемия және т.б.) көмек көрсету мақсатында қызметкерлерді және керек-жарақтарды тасымалдау үшін гуманитарлық мақсатта орындалатын тұрақсыз рейстер, санитарлық рейстер, сондай-ақ, қалпына келтіру апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты жасалатын ұшулар;
6) туристік чартерлі рейс - тұрақты емес рейс болып табылады және ол авиакомпаниямен фрахталау туралы келісім негізінде туроператордың (фрахта алушының) өтінімі бойынша құрылады. Осы келісімге сәйкес фрахта беруші фрахта алушыға бір немесе бірнеше рейсте шарттық желілер бойынша жолаушыларды, жүкті және багажды тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше әуе кеменің толық немесе жартылай сыйымдылығын төлеуі тиіс;
7) жеке мақсаттағы немесе қызметтік сапардағы чартерлік рейс - бұл жолаушыларды және/немесе жүкті тасымалдау үшін тек қана өз мақсатында жеке немесе заңды тұлғамен тығыз байланыста болатын және тура немесе қосымша жеке немесе заңды тұлғаларға бөлінбейтін шығындары толығымен осы жеке немесе заңды тұлғамен жабылатын, тұрақты емес рейс;
8) чартерлік жүк рейстер бағдарламасы - бір ғана пайдаланушының әуе кемелерімен бір бағыт бойынша жүйелі орындалатын тұрақты емес жүк әуе тасымалдары;
9) тұрақты емес ұшуларды біржақты орындау - қазақстандық авиакомпаниялар отыз күнде екіден аз жиілікпен тұрақты емес ұшуларды орындайтын авиациялық бағдарғылар бойынша жолаушыларды және/немесе жүкті коммерциялық тасымалдау мақсатында азаматтық әуе кемелерінің шетел пайдаланушыларының тұрақты емес ұшуларын орындауы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 4 , 2006 жылғы 28 ақпандағы N 28 , 2006 жылғы 3 шілдедегі N 126 , 2007 жылғы 27 наурыздағы N 55 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен.
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық әуе кемелерінің тұрақсыз ұшуларын орындау мәселелері жөнінде заңнаманы және нормативтік кесімдерін сақтауды реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Азаматтық авиация комитеті) жүзеге асырады.
2. Қазақстандық азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларына тұрақты емес ұшуларды
орындауға арналған рұқсаттарды беру
шарттары және тәртібі
4. Қазақстандық пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес ұшулары қалыптасқан заңнамалық тәртіппен Азаматтық авиация комитеті берген пайдаланушының сертификаты пайдаланушыда бар болған жағдайда және осы Ережелерге сәйкес Азаматтық авиация комитеті беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007.03.27 N 55 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2008.09.22 N 440 бұйрықтарымен.
5. Азаматтық авиация комитетінің тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған рұқсаттары азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушылары Азаматтық авиация комитетіне бағытталған тапсырыстың негізінде беріледі, онда мынадай деректер болуы тиіс:
пайдаланушының, заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
пайдаланушы куәлігінің нөмері мен қолданылу мерзімі;
әуе кемесінің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің нөмірі мен берілген күні;
әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы сертификатының нөмірі мен қолданылу мерзімі немесе әуе кемесінің ұшу жарамдылығының сертификатын тану туралы шешімі;
пайдаланушының жолаушылар, үшінші тұлғалар, экипаж алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру куәлігі нөмірлері мен қолданылу кезеңдері;
ХААҰ үш әріпті коды және рейс нөмірі;
ұшу күні;
әуе кемесінің үлгісі;
ұшудың толық бағыты;
ұшу мақсаты;
туристік чартерлі рейстер үшін жалдаушы ұйымның атауы;
азаматтық әуе кемелерінің қазақстандық эксплуатанттарының туристік чартерлі рейстеріне бекітілген байланыс арналары бойынша келесі құжаттардың көшірмесі берілуі тиіс:
рейстің фрахта берушісінің туроператорлық қызметпен айналысуына байланысты лицензиясы;
қазақстандық пайдаланушылардың тиісті реквизиттері бар, билеттер бланктері бойынша жолаушыларды қайта ұшыру міндеттемесі жөніндегі хаттамалық кепілдеме (тоқсан сайын ұсынылады);
қазақстандық пайдаланушы орналастырған және төрт және одан да көп өзара байланысты тұрақты емес ұшуларға өтінім ұсынылған кезде шығарылған жолаушылардың, теңдеме жүк және/немесе жүктердің қайтадан әкелуіне қажет болу мүмкіндігіне байланысты барлық шығындарды төлеу үшін қажет депозит сомасы туралы банктің анықтамасы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005.01.12 N 4 , 2006.02.28 N 28 , 2007.03.27 N 55 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2008.09.22 N 440 , 2009.02.26 N 80 бұйрықтарымен.
6. Қазақстандық пайдаланушыдан немесе оның уәкілетті өкілінен тапсырыс белгіленген байланыс арналары арқылы Азаматтық авиация комитетінің атына жіберілу тиіс:
коммерциялық емес мақсатта орындалатын тұрақты емес ұшулар үшін - тұрақты емес ұшуларды орындау күніне дейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кем емес;
коммерциялық әуе тасымалы мақсатында орындалатын тұрақты емес ұшулар - тұрақты емес ұшуларды орындау күніне дейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кем емес;
бірнеше өзара байланысты ұшулар (4 және одан да көп ұшулардан) үшін - тұрақты емес ұшуларды орындау күніне дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 28 бұйрығымен .
7. Қазақстандық пайдаланушы немесе оның өкілі тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған тапсырыста көрсетілген мәліметтердің растығына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапты атқарады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 28 бұйрығымен .
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
азаматтық әуе кемелерінің шетел мемлекеттерінің пайдаланушыларымен тұрақты емес ұшуларды орындауына рұқсат
берудің талаптары мен тәртібі
8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық әуе кемелерінің шетел мемлекеттерінің пайдаланушыларымен тұрақты емес ұшулар Азаматтық авиация комитетінің рұқсаттарында белгіленген шарттармен орындалады.
Азаматтық авиация комитетінің тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған рұқсаттар шетел мемлекеттерінің тиісті авиациялық әкімшілігі немесе олардың органдары немесе шетел мемлекеттерінің әуе кемелерін тікелей пайдаланушылар немесе олардың уәкілеттік өкілдері жіберген өтінімнің негізінде беріледі Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекетінің заңнамасына не делдалдық қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес берілген сенімхат негізінде.
Егер шетел пайдаланушысы және оның өкілі бір күнде бір рейсті орындауға өтінім берген болса пайдаланушыдан алынған өтінім негізінде рұқсаттар беріледі.
Бірнеше қарым-қатынасты тұрақты емес ұшулар (төрт немесе бес ұшулар) серияларын орындауға Азаматтық авиация комитетінің рұқсаты бірінші ұшу орындаған күн мерзімінен бастап отыз күн мерзімге дейін беріледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006.02.28 N 28 , 2006.07.03 N 126 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2008.09.22 N 440 бұйрықтарымен.
9. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі азаматтық әуе кемесін шетелдік пайдаланушымен тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған өтінімдер Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (AIP) жарияланған белгіленген арналар бойынша Азаматтық авиация комитетіне жіберіледі.
10. Шетелдік пайдаланушысының Азаматтық әуе кемесінің тұрақты емес ұшуды жүзеге асыруға арналған өтінімде мынадай деректер болуы тиіс:
пайдаланушының, заңды немесе жеке тұлғаның атауы мен нақты мекен-жайы;
ХААҰ коды және рейс нөмірі;
әуе кемесінің типі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы, әуе кемесінің тіркелген мемлекеті;
әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және олардың азаматтығы;
ұшу мақсаты;
жолаушылардың/жүктердің болуы және олардың саны;
жолаушыларды/жүктерді жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу пункттері;
ұшу бағытындағы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша, әуе трассаларды, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру/шығу нүктелерін көрсетумен әуе кемесі қозғалысының күні, толық бағыты және кестесі;
жүк жөнелтуші (толық атауы, мекен-жайы, телефон, факс);
жүк қабылдаушы (толық атауы, мекен-жайы, телефон, факс);
навигациялық және байланыс жабдықтың түрі;
бортта қарудың, қару-жарақтың, фотоаппаратураның болуы;
әуежайлық және аэронавигациялық қызметтерін төлемдердің болжанған нысаны;
лауазымды тұлғаның қолы, телефоны.
Ескерту. 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2008.09.22 N 440 бұйрықтарымен.
11. Өтінімдегі, пайдаланушының тіркелген мемлекеті Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына қонусыз тұрақты емес ұшуларды орындаумен байланысты өтінімді қоспағанда, мәліметтерді растау үшін, байланыстың белгіленген арналары арқылы мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:
үш әріпті кодты беру туралы ХААҰ хатының көшірмесі (болған жағдайда);
пайдаланушы куәлігі (болған жағдайда);
әуе кемесінің тіркелгені туралы куәлік;
әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәлік;
үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисі;
жүк құжаттамасы (Азаматтық авиация Комитеті).
БҰҰ тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізімдемесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ-Doc 9284-AN/905 басылымымен (бұдан әрі - "Техникалық нұсқаулар") анықталған бортындағы қауіпті жүкпен жүйелі емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде пайдаланушы қосымша төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатын;
ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің оралуы және таңбалануы туралы жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушылардың туристік чартерлі рейстері үшін белгіленген байланыс арналары бойынша мынадай құжаттардың көшірмелері берілуі қажет:
көрсетілген рейстің қазақстандық кеме жалдаушысының туроператорлық қызметпен айналысуына арналған лицензиясы;
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006.02.28 N 28; ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2009.05.18 N 238 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2010.04.06 N 173 Бұйрықтарымен.
12. Шетелдік пайдаланушы тапсырысы мына мерзімдерге дейін түсуі тиіс:
көмек көрсету, чартерлік рейсті жеке мақсатта немесе қызметтік сапарда орындауы мақсатындағы жүйелі емес әуе тасымалын орындау мақсатындағы жүйелі емес ұшу үшін - ұшуды орындауға дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;
коммерциялық әуе тасымалын орындау мақсатындағы жүйелі емес ұшу үшін - ұшуды орындауға дейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;
өзара байланысты бірнеше жүйелі емес ұшулардың (төрт және одан да көп ұшулар) серияларын орындау үшін - бірінші ұшуды орындауға дейінгі 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
тұрақты емес ұшулардың қалған түрлері үшін - ұшуды орындауға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 28 бұйрығымен .
12-1. Егер шетел пайдаланушысы Қазақстан Республикасына тұрақты емес ұшуларды орындау барысында Ереженің 11 тармағында бекітілген құжаттар көшірмесі берілген болса және ұшудың жоспарланған күні аяқталмаған жағдайда өтінімнің түсу мерзімі қысқартылуы, жұмыс күнінің аяқталуына дейін екі сағаттан кешіктірмей мүмкін.
Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006.02.28 N 28, ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2008.09.22 N 440 бұйрықтарымен
13. Азаматтық авиация комитеті азаматтық әуе кемесінің шет елдік пайдаланушысымен тұрақты емес ұшуды жүзеге асыруға тиісті өтінімінің дұрыс ресімделуін және бар құжаттың осы Ереженің 11-13 тармақтарына сәйкес толық болуын тексереді, қажет болған кезде Қазақстан Республикасының әуежайларымен қону, ұшу, әуе кемесін қабылдау мен қызмет көрсету шарттары, метеорологиялық қамтамасыз ету, сондай-ақ "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемесіне аэронавигациялық қызмет көрсетудің төлем шарттарын жүргізеді.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 наурыздағы N 55 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
4. Шетел немесе қазақстандық пайдаланушысының
азаматтық әуе кемесінің тұрақты емес ұшуларды
орындауға арналған рұқсат беруден
бас тарту үшін негіздемелер
14. Шетел немесе қазақстандық пайдаланушысының азаматтық әуе кемесі тұрақты емес ұшу орындауға Азаматтық авиация Комитеті рұқсат беруден бас тарту үшін негіздемелер мыналар болады:
1) Қажетті мәліметтерді толық емес (дәл емес) көрсетіп немесе осы Ережелермен белгіленген мерзімдерді сақтамай өтініш беру;
2) Өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды көрсетпеу және/немесе толық емес көрсету;
3) Келісілген әуе маршруты бойынша тұрақты емес ұшуларды орындауға өтініш беру, тұрақты емес ұшулардың келесі түрлерін қоспағанда:
көмек көрсету үшін тасымалдауды;
чартерлік рейстерді жеке мақсатта немесе қызметтік сапарда пайдалану;
салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын біржолғы ұшулар
бір ұйым немесе тұлға әуе кемесін жалдау (чартер) келісіміне
сәйкес орындалатын жеке мақсаттардағы чартерлік рейстерді
немесе біржолғы чартерлік рейстерді, тек қана жеке
мақсаттарда қызметкерлер мен жүкті тасымалдау үшін, бұл кезде
шығынды толығымен осы ұйым (жеке тұлға) жабады, ал жолданған
ыдыс қоғамға қайта сатуға жатпайды;
салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын біржолғы ұшулар;
4) егер үшінші мемлекетте тіркелген пайдаланушы әуе кемесінде басқа бір мемлекет кез келген бағыт бойынша Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта жолаушыларды тасымалдау, чартерлік рейсті жеке мақсатта орындау немесе қызметтік сапарда немесе көмек көрсету үшін тасымалдаулардан басқа тұрақты емес ұшу жоспарланса;
егер үшінші мемлекетте тіркелген пайдаланушының әуе кемесінде басқа бір мемлекет кез келген бағыт бойынша Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта жүк тасымалдау тұрақты емес ұшу жоспарланса, мына жағдайлардан тыс болса:
көмек көрсету үшін тасымалдау ұшудың мақсаты болып табылса;
жүк өзіндік салмағы және/немесе габариттік сипаттамасы бойынша қазақстандық пайдаланушылардың әуе кемелерінде тасымалдануға болмайтын жағдайда;
тұрақты емес ұшулар чартерлік жүк рейстер бағдарламасының отыз күнде төрт рет жиілікпен орындалатын ұшулардың бір бөлігі болса, Астана, Алматы, Атырау және Қарағанды қалаларының әуежайлары аймақтық деңгейде бәсекеге жарамдылығы бойынша мемлекеттік тапсырмаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мақсатында жоспарланғанда және көрсетілген бағдарламадағы шетелдік пайдаланушының чартерлік жүк рейстерін орындауға өтініш бергеннен бұрын қазақстандық әуекомпанияларымен отыз күнде екі рет жиілікпен орындалатын чартерлік жүк рейстері осы бағыттар бойынша орындалады;
тұрақты емес ұшу Еуропалық одақтың құрамына кіретін елдерден орындалады;
тұрақты емес ұшу жеке мақсаттағы чартерлік рейс болып табылады;
5) егер үшінші мемлекетте тіркелген пайдаланушы әуе кемесінде Қазақстан Республикасынан басқа бір мемлекетке бағыты бойынша коммерциялық мақсатта жолаушыларды тасымалдау, чартерлік рейсті жеке мақсатта орындау немесе қызметтік сапарда немесе көмек көрсету үшін тасымалдаулардан басқа тұрақты емес ұшу жоспарланса;
егер үшінші мемлекетте тіркелген пайдаланушының әуе кемесінде басқа бір мемлекет кез келген бағыты бойынша Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта жүк тасымалдау тұрақты емес ұшу жоспарланса, мына жағдайлардан тыс болса:
көмек көрсету үшін тасымалдау ұшудың мақсаты болып табылса;
жүк өзіндік салмағы және/немесе габариттік сипаттамасы бойынша қазақстандық пайдаланушылардың әуе кемелерінде тасымалдануға болмайтын жағдайда;
тұрақты емес ұшулар чартерлік жүк рейстер бағдарламасының отыз күнде төрт рет жиілікпен орындалатын ұшулардың бір бөлігі болса, Астана, Алматы, Атырау және Қарағанды қалаларының әуежайлары аймақтық деңгейде бәсекеге жарамдылығы бойынша мемлекеттік тапсырмаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мақсатында жоспарланғанда және көрсетілген бағдарламадағы шетелдік пайдаланушының чартерлік жүк рейстерін орындауға өтініш бергеннен бұрын қазақстандық әуекомпанияларымен отыз күнде екі рет жиілікпен орындалатын чартерлік жүк рейстері осы бағыттар бойынша орындалады;
тұрақты емес ұшу Еуропалық одақтың құрамына кіретін елдерге орындалады;
тұрақты емес ұшу жеке мақсаттағы чартерлік рейс болып табылады;
6) егер Қазақстан Республикасы аумағындағы пункттер арасында әуе кемесінің шетелдік пайдаланушысы жолаушыларды/жүктерді коммерциялық мақсатта тасу тұрақты емес ұшумен орындаса, чертерлік рейсті жеке мақсатта орындау немесе қызметтік сапарда немесе көмек көрсету үшін тасымалдауларды ескермеген жағдайларда ғана;
7) шетел пайдаланушысының тұрақты емес ұшулар (отыз күнде төрт және одан да көп ұшулар) сериясын осындай пайдаланушыны тіркеуші мемлекет пен Қазақстан Республикасы арасындағы авиациялық бағдарғылар бойынша біржақты орындауы, мынадай жағдайларды қоспағанда:
тұрақты емес ұшулар Азаматтық авиация комитеті мен шетел пайдаланушысын тіркеуші мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы тиісті уәкілетті органы арасындағы уағдаластыққа сәйкес орындалады;
көмек көрсету үшін тасымал ұшу мақсаты болып табылады;
халық шаруашылығы, ғылым, халықаралық ынтымақтастық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану үшін жолаушыларды және/немесе жүкті Ресей Федерациясынының әуеайлағынан "Байқоңыр" ғарышалаңының әуеайлағына жеткізу (сондай-ақ алып шығару) ұшу мақсаты болып табылады;
тұрақты емес ұшулар жеке мақсаттағы немесе іскерлік сапарлардағы чартерлік рейстер болып табылады.
Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004.08.03 N 139, 2006.02.28 N 28, 2006 жылғы 3 шілдедегі N 126, 2007.03.27 N 55 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2008.09.22 N 440, 2009.02.26 N 80, 2010.04.06 N 173 бұйрықтарымен.
5. Рұқсат қағаздарын ресімдеу және олардың мүдделі
ұйымдарға берілуін қамтамасыз ету
15. Қазақстандық пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тұрақты емес ұшулар орындауға рұқсат беру осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы не оның орынбасары, басқарма бастығы бекітеді.
Рұқсат нөмірі жүйелі түрде рұқсаттың реттік нөмірін беру арқылы және берілген күнінен құралады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2008.09.22 N 440 бұйрықтарымен.
16. Шетелдік пайдаланушылардың әуе кемелеріне тұрақты емес ұшулар орындауға рұқсат беру осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы не оның орынбасары, басқарма бастығы бекітеді.
Рұқсат нөмірі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесін пайдаланушының тіркелу мемлекетінің реттік кодын беру арқылы, авиациялық әкімшіліктің ағылшын тіліндегі аббревиатурасынан, рұқсаттың реттік нөмірінен және берілген күнінен құралады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және Коммуникация министрінің 2008.09.22 N 440 бұйрықтарымен.
17. Бекітілген рұқсат арнайы орнатылған байланыс арналары бойынша өтінім берушінің мекен-жайына, сондай-ақ "Қазаэронавигация" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және ұшу/қону әуежайларына жіберіледі.
Пайдаланушының немесе оның өкілінің сұрауы бойынша рұқсат қосымша ағылшын тілінде рәсімделуі мүмкін.
Ескерту: 17-тармақпен толықтырылды - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 28 бұйрығымен .
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы
N 502 бұйрығымен бекітілген
"Тұрақты емес ұшуларды орындауға
рұқсат беру ережесі және беруден
бас тарту үшін негіздерге"
1-қосымша
Тұрақты емес ұшуды орындауға арналған рұқсат
______ жылғы " ___ " ___________ N ___ шығыс құжатқа
Тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат берілді:
___________________________________________________________________
(рейстер нөмірі, пайдаланушының атауы, әуе кемесінің типі
___________________________________________________________________
(негізгі және резервтік), әуе кемесінің тіркеу нөмірі
___________________________________________________________________
(негізгі және резервтік), ұшудың күні, толық маршруты,
___________________________________________________________________
әуе кеңістігіне/нен кіру мен шығудың нүктелері және уақыты)
Рұқсат N ______________________________
(рұқсаттың нөмірі көрсетіледі)
Ұшудың мақсаты _______________
Ерекше жағдайлар __________________________________________________
(әуежайлық пен аэронавигациялық алымдарды төлеудің әдісі
мен нысаны көрсетіледі)
Уәкілетті органның басшысы
__________________________
___________________
(қолы)
2003 жылғы "___"__________
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы
N 502 бұйрығымен бекітілген
"Тұрақты емес ұшуларды орындауға
рұқсат беру ережесі және беруден
бас тарту үшін негіздерге"
2-қосымша
Мемлекеттер тізбесі және олардың шетел әуе кемелерімен
тұрақты емес әуетасымалдарын орындауға рұқсат беру кезінде
қолданылатын реттік нөмірлері
____________________________________________________________________
Код | Мемлекет | Код | Мемлекет
____________________________________________________________________
001 Австралия 030 Гвинея Бисау
002 Австрия 031 Грузия
003 Әзербайжан 032 Босния мен Герцеговина
004 Алжир 033 Греция
005 Албания 034 Гонконг
006 Ангола 035 Дания
007 Египет 036 Джибути
008 Аргентина 037 Заир
009 Армения 038 Замбия
010 Ауғанстан 039 Зимбабве
011 Бангладеш 040 Израиль
012 Бахрейн 041 Үндістан
013 Беларусь 042 Индонезия
014 Бельгия 043 Иордания
015 Бенин 044 Ирак
016 Піл сүйегі жағалауы 045 Иран
017 Бирма 046 Ирландия
018 Болгария 047 Исландия
019 Боливия 048 Испания
020 Бразилия 049 Италия
021 Буркина-Фасо 050 Йемен
022 Бурунди 051 Камерун
023 Ұлыбритания 052 Кампучия
024 Венгрия 053 Канада
025 Венесуэла 054 Катар
026 Вьетнам 055 Кения
027 Габон 056 Кипр
028 Гана 057 ҚХР
029 Гайана 058 КХДР
059 Колумбия 102 Сенегал
060 Конго 103 Сомали
061 Куба 104 Сингапур
062 Қырғызстан 105 Сирия
063 Кувейт 106 Словения
064 Лаос 107 Сейшель
065 Латвия 108 Судан
066 Либерия 109 Суринам
067 Ливан 110 АҚШ
068 Ливия 111 Сьеррар-Леоне
069 Литва 112 Тәжікстан
070 Люксембург 113 Таиланд
071 Мадагаскар 114 Танзания
072 Малайзия 115 Того
073 Мали 116 Тунис
074 Мальта 117 Турция
075 Марокко 118 Түрікменстан
076 Мавритания 119 Уганда
077 Македония 120 Өзбекстан
078 Мексика 121 Уругвай
079 Мозамбик 122 Украина
080 Монғолия 123 Филиппины
081 Намибия 124 Финляндия
082 Непал 125 Франция
083 Нигер 126 ГФР
084 Нигерия 127 Чад
085 Нидерланды 128 Чили
086 Никарагуа 129 Чехия, Словакия
087 Норвегия 130 Швейцария
088 Жаңа Зеландия 131 Швеция
089 БАЭ 132 Шри-Ланка
090 Оман 133 Эквадор
091 БҰҰ 134 Эстония
092 Парагвай 135 Эфиопия
093 Пәкістан 136 Оңтүстік Корея
094 Палестина 137 Югославия
095 Перу 138 Ямайка
096 Польша 139 Жапония
097 Португалия 140 Лихтенштейн
098 Ресей 141 Молдова
099 Руанда 142 Резерв
100 Румыния 143 Резерв
101 Сауд Аравиясы 144 Резерв
___________________________________________________________________
Ескерту: резерв осы Тізбеге кірмеген мемлекетке кезекті кодты беруді көздейді.