"Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі N 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6216 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 359 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру тәртібін және рұқсат беруден бас тарту негіздерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2558-нөмірмен тіркелген және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 43-48, 895-бет) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту ережесінде:
      14-тармақта:
      4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «тұрақты емес ұшу Еуропалық одақтың құрамына кіретін елдерден орындалады;»;
      «тұрақты емес ұшу жеке мақсаттағы чартерлік рейс болып табылады;»;
      5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «тұрақты емес ұшу Еуропалық одақтың құрамына кіретін елдерге орындалады;»;
      «тұрақты емес ұшу жеке мақсаттағы чартерлік рейс болып табылады;»;
      6) тармақша мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      «, чертерлік рейсті жеке мақсатта орындау немесе қызметтік сапарда немесе көмек көрсету үшін тасымалдауларды ескермеген жағдайларда ғана;»;
      11-тармақта:
      он үшінші абзац алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ә. Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады