"Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 238 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5698 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 359 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру тәртібін және рұқсат беруден бас тарту негіздерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2004 жылғы 3 тамыздағы N 139 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3029-нөмірмен тіркелген), "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3439-нөмірмен тіркелген және "Заң газетінің" 2005 жылғы 21 қазандағы 195-196 (929-930)-нөмірлерінде жарияланған), "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 28 ақпандағы N 28 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4130-нөмірмен тіркелген және "Заң газетінің" 2006 жылғы 7 сәуірдегі 61-62 (1041-1042)-нөмірлерінде жарияланған), "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 3 шілдедегі N 126 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4316-нөмірмен тіркелген және "Заң газетінің" 2006 жылғы 11 тамыздағы 147 (1127)-нөмірінде және "Ресми газеттің" 2006 жылғы 21 қазандағы 43 (305)-нөмірінде жарияланған), "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 наурыздағы N 55 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4621-нөмірмен тіркелген және Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы мамыр N 5, 258-бет) бұйрықтарымен; "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 440 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5336-нөмірмен тіркелген және "Заң газетінің" 2008 жылғы 31 қазандағы 166-нөмірінде жарияланған); "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 80 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5583-нөмірмен тіркелген және "Заң газетінің" 2009 жылғы 3 сәуірдегі 49-нөмірінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2558-нөмірмен тіркелген және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, N 43-48, 895-бет) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту ережесінде:
      11-тармақта:
      бірінші абзац "өтінімде" деген сөзден кейін ", пайдаланушының тіркелген мемлекеті Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына қонусыз тұрақты емес ұшуларды орындаумен байланысты өтінімді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушылардың туристік чартерлі рейстері үшін белгіленген байланыс арналары бойынша мынадай құжаттардың көшірмелері берілуі қажет:
      көрсетілген рейстің қазақстандық кеме жалдаушысының туроператорлық қызметпен айналысуына арналған лицензиясы;
      шетелдік пайдаланушылардың тиісті деректемелері бар билеттердің бланктері бойынша жолаушыларды кері әкету міндеттемесі туралы жазбаша кепілдік.".
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (М.М.Қубаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ә. Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады