Қазақстан Республикасының жасөспірімдеріне, орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне медициналық көмекті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 23 қазандағы N 781 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2566. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 727 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.10.2012 № 727 бұйрығымен.

      Жасөспірімдер мен оқушы жастар арасында алдын алу және емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жасөспірімдеріне, орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне медициналық көмекті ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 23 қазандағы  
N 781 бұйрығымен     
бекітілген       

Жасөспірімдерге, орта, жоғары кәсіби білім беру
ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымындағы Заңына сәйкес әзірленді. K090193

      2. Аумақтық амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында (қалалық емхана, қалалық және аудандық орталық аурухананың емханалық бөлімшесінде) жасөспірімдерді (15 пен 18 жас аралығындағы балаларға, оның ішінде әртүрлі кәсіпорындарда жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін  жалпы білім беру және бастауыш кәсіби білім беру ұйымдарының оқушыларын), орта, жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін жасөспірімдер кабинеті (бөлімшесі) ұйымдастырылады.

      3. Кәсіби білім беру ұйымдары шоғырланған ірі қалаларда қалалық емханалардың бірінде қаланың орта  және жоғары  кәсіби білім беру ұйымдарының барлық оқушылары мен студенттеріне медициналық қызмет көрсету үшін жасөспірімдер бөлімшесін ұйымдастыруға рұқсат беріледі.

      4. Жасөспірімдер кабинеттерінің қызметін жүзеге асыру үшін аумақтық учаскесін белгілеу арқылы жасөспірімдер дәрігерінің лауазымы енгізіледі.

      5. Жасөспірімдік дәрігерге тікелей басшылық пен бақылауды  амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарының терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған жағдайда - ұйымның басшысы жүзеге асырады. Жасөспірімдер дәрігерінің жұмысын жасөспірімдер жөніндегі штаттан тыс бас маман (облыстық, қалалық, аудандық) үйлестіреді.

      6. Жасөспірімдер дәрігерін тағайындау мен жұмыстан босатуды қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның басшысы жүзеге асырады.

      7. Жасөспірімдер кабинеттеріндегі (бөлімшелеріндегі) дәрігердің жұмыс кестесі жатақханалардағы алдын алу жұмысын жүргізуді,  емханалар мен оның құрылымдық бөлімшелерінде амбулаториялық қабылдауды қамтамасыз етуді есепке ала отырып құрылады.

      8. Жасөспірімдерді, орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін медициналық көмекпен  қамтамасыз ететін амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдары өзінің қызметінде осы ережені басшылыққа алады.

2. Жасөспірімдер кабинеттерінің (бөлімшелерінің),
орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының
оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін
қалалық емханалардың негізгі міндеттері

      9.  Жасөспірімдер кабинеттерінің (бөлімшелерінің), орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін қалалық емханалардың негізгі міндеттері:
      1) тіркелген контингенттерді бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету, яғни жалпы және жұқпалы аурулармен аурушаңдықты, мүгедектікті, өлім-жітімді болдырмауға және төмендетуге бағытталған емдеу-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
      2) тіркелген контингенттерге білікті және мамандандырылған емдік көмекті ұйымдастыру және көрсету;
      3) салауатты өмір салтын қалыптастыру, тіркелген контингенттерді санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу, сондай-ақ әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жеткіншектердің психологиялық-физикалық дайындығының, жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығының деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

3. Жасөспірімдер кабинеттерінің (бөлімшелерінің),
орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының
оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін
қалалық емханалардың жұмысын ұйымдастыру

      10. Жасөспірімдер кабинеттерінің (бөлімшелерінің), орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін қалалық емханаларда негізгі міндеттерге сәйкес:
      1) 15 жасқа жеткен жасөспірімдерді балалар емханасына (орталық аудандық аурухананың балалар консультациясына) қабылдауды;
      2) олардың әскерге дейінгі (16-17 жас) және әскерге шақырылған жастары (18-26 жас) міндетті түрде көрсетіле отырып, жүйелі есепке алуды;
      3) білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне кеуде клеткасы ағзаларына міндетті түрде флюорография жүргізе отырып, алдын алу тексерулерінің барлық түрлерін, айғақтары бойынша - белгіленген мерзімдерде зертханалық, функциялық және басқа да тексерулердің түрлерін ұйымдастыруды және жүргізуді;
      4) әкімшілікпен, дәрігер-мамандармен (студенттік емханада - студенттік кәсіподақ комитетімен) бірлесе отырып, мерзімді медициналық бақылаулардың қорытындыларын талдау, олардың арасында қорытындылары бойынша емдеу-алдын алу, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарларын әзірлеу және осы жоспарларды орындау, өткізілген іс-шаралардың тиімділігін есепке алу;
      5)  ауруларды ерте анықтауды, емханаға қаралған науқастар мен дені сау адамдарды білікті және толық тексеруді;
      6) дер кезінде амбулаториялық білікті (жоғары білікті) терапиялық (педиатриялық) көмек көрсетуді, сондай-ақ мамандандырылған көмек көрсетуді ұйымдастыруды;
      7) жіті және аяқ астынан болған ауру, жарақаттану, улану және басқа да бақытсыздық жағдайларында науқастарға бастапқы және кезек күттірмейтін медициналық көмекті;
      8) стационарлық емдеуді қажет ететін адамдарды аурудың бейініне сәйкес амбулаториялық-емханалық жағдайларда науқасты барынша алдын ала тексеру арқылы уақытында шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызуды;
      9) тіркелген контингенттерді, әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жастағы жеткіншектерге, жеткіншек-қыздарға және туу жасындағы және денсаулықтарында ауытқуы белгісі бар жүкті әйелдерге, жауынгер-интернационалистерге, шет ел азаматтарына аса назар аудара отырып, диспансерлеуге, аурудың сипаты мен ағымына қарай уақытында тексеру мен емдеуді жүргізе отырып, денсаулық жағдайын динамикалық бақылауға жататын адамдарды (науқастар мен сауларды) іріктеуді;
      10) сауықтыру, орнына келтіріп емдеу және қалпына келтіруге, сондай-ақ диеталық тамаққа қажет ететін адамдарды іріктеуді;
      11) науқастарды санаторийлық-курорттық, оңалту ұйымдарында және профилакторийде емдеуді ұйымдастыруды;
      12) дәрігер-мамандардың бақылауындағы әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жастағы жеткіншектердің арасында емдеу-алдын алу іс-шараларының уақытында жүргізілуіне тұрақты бақылауды;
      13) аудандық әскери комиссариатқа тапсыру үшін (нұсқамалық-әдістемелік нұсқауға сәйкес) қызмет көрсетілетін контингенттер қатарынан жеткіншек-әскерге дейінгілерге медициналық құжаттар ресімдеуді және әскери комиссариатпен емдеу-алдын алу ұйымдарының тиісті сабақтастығын қамтамасыз етуді;
      14) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірлесе отырып (егулер, жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды анықтауды, жұқпалы аурулармен ауырған науқаспен байланыста болған адамдарды, сауыққандарды динамикалық бақылауды, уақытында олар туралы хабардар етіп отыруды) эпидемияға қарсы іс-шараларды, жұмыс істейтін жасөспірімдер, мектеп оқушылары, студенттер арасында алдын алу екпелерін ұйымдастыру, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды анықтау, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сауыққандарды динамикалық бақылауды, бұл туралы уақытында хабардар етуді (шұғыл хабарлар беруді);
      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген контингенттердің уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығын сараптау, сондай-ақ өндірістік практика бойынша еңбекке жарамсыздық парақтарын, анықтамаларды беру және ұзарту үшін, оқушылар мен студенттерге академиялық демалыс, еңбек ұсынымдарын беру, еңбекке орналасу, оқу процесін, жазғы және күзгі еңбек жұмыстарын орындау және басқа мамандықтарға үйретуге аудару мәселелерін шешу үшін дәрігерлік бақылау комиссиясының жұмысына қатысу;
      16) еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалту белгісі бар тіркелген контингенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына (МӘСК) жіберу жөніндегі жұмысты;
      17) жасөспірімдер арасында кәсіби консультациялар мен кәсіби бағдарлар жүргізуді;
      18) мектеп бітірген, бастауыш және орта кәсіби білім беру ұйымдарының жасөспірімдеріне медициналық анықтама ресімдеу;
      19) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын студенттер мен оқушылардың жеке жағдайына жүйелі дәрігерлік бақылауды және динамикалық бақылауды;
      20) өндірістегі жұмыс режимі мен жағдайларын, білім беру ұйымдарындағы, өнеркәсіптік практикадағы тәрбиелік процесті, жасөспірімдердің жазғы және күзгі еңбек жұмыстарының жағдайын зерттеуге, сондай-ақ тамақтану, тұрмыс пен демалу жағдайын, кейіннен шынығу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша қажетті шараларды әзірлей отырып, дене шынықтырумен және спортпен айналысуын, сезімдік және физикалық күш түсірудің, гиподинамиканың алдын алудың, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің арасында академиялық демалыс санын төмендетуді;
      21) жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтының негіздерін насихаттау, темекі шегу, ішімдікті, есірткілерді және басқа да психикалық белсенді құралдарды пайдалану, оқу кестесінің сағаттарын пайдалана отырып, олардың физикалық белсенділігін арттыру жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруды, мамандықтарға денсаулық университетін, денсаулық кеңестерін, денсаулық күндерін енгізу, студенттік баспасөз және радионы, бұқаралық ақпарат құралдарын, спорттық-сауықтыру құрылыстарды, санаторийлар-профилакторийлар және басқаларды;
      22) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның, тері-венерология ауруларының және басқа да жұқпалы-паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды;
      23) емдеу-алдын алу ұйымдарының (психоневрологиялық, туберкулезге қарсы және басқа да) сабақтастықты құруды;
      24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес оқушы жастарға дәрігерге дейінгі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхананың фельдшерлік денсаулық сақтау пунктінің (денсаулық сақтау пунктінің) жұмысын бақылау және басшылық ету;
      25) есепке алу-есеп беру үлгісімен белгіленген медициналық құжаттамаларды жүргізуді және өзінің қызметі туралы есепті, жасөспірімдердің, оқушы жастардың аурушаңдығын төмендетуге және денсаулығын арттыруға бағытталған емдеу-алдын алу сипатындағы нақты іс-шаралар көзделген тоқсан сайынғы және жылдық жұмыс жоспарларын құруды;
      26) бекітіліп берілген үлгі бойынша есеп әзірлеуді және белгіленген тәртіппен динамикада және оқу процесінде жалпы аурулар мен уақытша еңбекке жарамсыздық ауру-сырқауы бойынша статистикалық мәліметтерді талдауды;
      27) емхана, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері мәжілісінде жасөспірімдерді, студенттерді, оқушыларды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі істелген жұмыстар туралы жыл сайынғы есепті жүзеге асыратын жасөспірімдер кабинеттері ұйымдастырылады.

Об утверждении Правил организации медицинской помощи подростковому населению, учащимся и студентам организаций среднего и высшего профессионального образования Республики Казахстан

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 октября 2003 года № 781. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 ноября 2003 года № 2566. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 октября 2012 года № 727

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 18.10.2012 № 727.

      В целях улучшения организации профилактических и лечебно-оздоровительных мероприятий среди подросткового населения и учащейся молодежи, приказываю:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации медицинской помощи подростковому населению, учащимся и студентам организаций среднего, высшего профессионального образования.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      И.о. Министра

      Утверждены         
приказом Министра     
здравоохранения      
Республики Казахстан   
от 23 октября 2003 года N 781

Правила
организации медицинской помощи подростковому населению,
учащимся и студентам организаций среднего,
высшего профессионального образования

1. Общие положения

      1. Настоящие правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июня 2003 года "О системе здравоохранения". K090193
      2. Для обеспечения медицинской помощью подросткового населения (детей в возрасте от 15 до 18 лет, в том числе учащихся организаций общеобразовательного и начального профессионального образования, работающих на различных предприятиях и неработающих), учащихся и студентов организаций среднего, высшего профессионального образования, в территориальных амбулаторно-поликлинических организациях здравоохранения (городская поликлиника, поликлиническое отделение городской и центральной районной больниц) организуются подростковые кабинеты (отделения).
      3. В крупных городах, где имеется большое число организаций профессионального образования, в одной из городских поликлиник разрешается организовать подростковое отделение для медицинского обслуживания всех учащихся среднего и студентов высшего профессионального образования города.
      4. Для осуществления деятельности подростковых кабинетов вводится должность подросткового врача с определением территориального участка обслуживания.
      5. Непосредственное руководство и контроль над подростковым врачом осуществляет заведующий терапевтическим отделением амбулаторно-поликлинических организаций здравоохранения, а в случае его отсутствия - их руководитель. Координирует работу подросткового врача главный внештатный специалист по подростковой службе (областной, городской, районный).
      6. Назначение и увольнение подросткового врача осуществляется руководителем организации в соответствии с действующим законодательством.
      7. В подростковых кабинетах (отделениях) график работы врача строится с учетом проведения профилактической работы в организациях образования, включая общежития, обеспечения амбулаторного приема в поликлиниках и их структурных подразделениях.
      8. Амбулаторно-поликлинические организации, обеспечивающие медицинской помощью подросткового населения, учащихся и студентов среднего и высшего профессионального образования, в своей деятельности руководствуются настоящими правилами.

      2. Основные задачи подростковых кабинетов (отделений),
городских поликлиник, обслуживающих учащихся,
студентов среднего и высшего профессионального образования

      9. Основными задачами подростковых кабинетов (отделений), городских поликлиник, обслуживающих учащихся, студентов среднего и высшего профессионального образования являются:
      1) обеспечение первичной медико-санитарной помощью прикрепленных контингентов, то есть организация и проведение комплекса лечебно-профилактических мероприятий, направленных на предупреждение и снижение общей и инфекционной заболеваемости, инвалидности, смертности;
      2) оказание квалифицированной и организация специализированной лечебной помощи прикрепленным контингентам;
      3) организация и проведение мероприятий по формированию здорового образа жизни, санитарно-гигиеническому воспитанию прикрепленных контингентов, а также по повышению уровня психо-физической подготовленности юношей допризывного и призывного возрастов, репродуктивного здоровья молодежи.

      3. Организация работы подростковых кабинетов (отделений),
городских поликлиник, обслуживающих учащихся,
студентов среднего и высшего профессионального образования

      10. В соответствии с основными задачами, в подростковых кабинетах (отделениях) городских поликлиник, обслуживающих учащихся, студентов среднего и высшего профессионального образования осуществляются:
      1) прием подростков достигших 15-летнего возраста, из детских поликлиник (детских консультаций центральных районных больниц);
      2) систематический учет прикрепленных контингентов с обязательным выделением юношей допризывного (16-17 лет) и призывного (18-26 лет) возрастов;
      3) организация и проведение всех видов профилактических медицинских осмотров учащихся и студентов организаций образования с обязательным проведением флюорографии органов грудной клетки, по показаниям - лабораторные, функциональные и другие виды обследования в установленные сроки;
      4) проведение совместно с администрацией и врачами-специалистами анализа итогов периодических медицинских осмотров, по результатам которого осуществляется разработка комплексных планов лечебно-профилактических, санитарно-гигиенических, оздоровительных мероприятий и выполнение этих планов, учет их эффективности;
      5) раннее выявление заболеваний, квалифицированное и полное обследование больных и здоровых, обратившихся в поликлинику;
      6) своевременное оказание амбулаторной квалифицированной (высококвалифицированной) терапевтической помощи, а также организация оказания специализированной помощи;
      7) первая и неотложная медицинская помощь больным при острых и внезапных заболеваниях, травмах, отравлениях и других несчастных случаях;
      8) своевременная экстренная и плановая госпитализация лиц, нуждающихся в стационарном лечении, с предварительным максимальным обследованием больных в амбулаторно-поликлинических условиях в соответствии с профилем заболевания;
      9) диспансеризация прикрепленного контингента, выделив юношей допризывного и призывного возрастов, девушек-подростков, женщин детородного возраста и беременных, воинов-интернационалистов, иностранных граждан, имеющих отклонения в состоянии здоровья, отбор лиц (здоровых и больных), подлежащих динамическому наблюдению за состоянием здоровья, с проведением своевременного обследования и лечения, в зависимости от характера и течения заболевания;
      10) отбор лиц, нуждающихся в оздоровлении, восстановительном и реабилитационном лечении, а также в диетическом питании;
      11) организация лечения больных в профилакториях, санаторно-курортных и реабилитационных организациях, в соответствии с имеющимися инструктивно-методическими указаниями;
      12) постоянный контроль за своевременным проведением лечебно-профилактических мероприятий среди юношей допризывного и призывного возраста, находящихся под наблюдением врачей - специалистов;
      13) оформление медицинской документации на юношей допризывного возраста из числа обслуживаемого контингента для сдачи в районные военные комиссариаты (согласно имеющимся инструктивно-методическим указаниям) и обеспечение должной преемственности в работе лечебно-профилактических организаций с военными комиссариатами;
      14) совместно с государственными органами санитарно-эпидемиологической службы санитарно-противоэпидемические мероприятия, проведение профилактических прививок среди работающих подростков, школьников, учащихся и студентов организаций образования, выявление инфекционных больных, динамическое наблюдение за лицами, бывшими в контакте с заразными больными, реконвалесцентами, своевременное оповещение о них (передача экстренного извещения);
      15) участие в работе врачебной контрольной комиссии для решения вопросов экспертизы временной и стойкой нетрудоспособности прикрепленного контингента, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также для выдачи и продлении справок, листков нетрудоспособности, предоставления учащимся и студентам академических отпусков, трудоустройства и рекомендаций по производственной практике, выполнению учебного процесса, летних и осенних трудовых работ и переводу на обучение другим специальностям;
      16) работа по направлению в медико-социальные экспертные комиссии (МСЭК) прикрепленного контингента с признаками стойкой утраты трудоспособности;
      17) проведение профессиональной консультации и профессиональной ориентации среди подростков;
      18) оформление медицинской справки подросткам, окончившим школы, организации начального и среднего профессионального образования;
      19) систематический врачебный контроль и динамическое наблюдение за физическим состоянием, занимающихся физической культурой и спортом;
      20) изучение режимов и условий работы на производстве, учебно-воспитательного процесса в организациях образования, производственной практики, летних и осенних трудовых работ подростков, а также условий питания, быта и отдыха, занятий физической культурой и спортом с последующей разработкой необходимых мер по созданию благоприятных условий для закаливания, предотвращения эмоциональных и физических перегрузок, гиподинамии, а также снижения количества академических отпусков среди учащихся и студентов;
      21) пропаганда основ здорового образа жизни среди подростков и молодежи, осуществление мер профилактики по табакокурению, употреблению алкоголя, наркотиков и других психоактивных веществ, повышению их физической активности, используя для этого часы учебной сетки, введение в специальности, университеты здоровья, советы здоровья, дни здоровья, студенческую печать и радио, спортивно-оздоровительные сооружения, санатории-профилактории и другие;
      22) мероприятия по профилактике ВИЧ/СПИД, кожно-венерических и других инфекционно-паразитарных заболеваний;
      23) создание преемственности в работе лечебно-профилактических организаций (психоневрологической, противотуберкулезной и других);
      24) руководство и контроль за работой фельдшерского здравоохранительного пункта (здравпункта) поликлиники, оказывающего доврачебную первую медико-санитарную помощь учащейся молодежи, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      25) ведение медицинской документации, установленных учетно-отчетных форм и отчетов о своей деятельности, составление поквартальных и годовых планов работы, в которых предусматриваются конкретные мероприятия лечебно-профилактического характера, направленные на снижение заболеваемости и укрепление здоровья подростков, учащейся молодежи;
      26) составление отчетов по утвержденным формам и проведение анализа статистических данных по общей заболеваемости и заболеваемости с временной утратой трудоспособности в динамике и в процессе обучения, в установленном порядке;
      27) ежегодный отчет о проделанной работе по медицинскому обеспечению подростков, студентов, учащихся на заседаниях администрации поликлиники, организаций образования.