Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.10.2012 № 727 бұйрығымен.
Жасөспірімдер мен оқушы жастар арасында алдын алу және емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жасөспірімдеріне, орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне медициналық көмекті ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 23 қазандағы
N 781 бұйрығымен
бекітілген
Жасөспірімдерге, орта, жоғары кәсіби білім беру
ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымындағы Заңына сәйкес әзірленді. K090193
2. Аумақтық амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында (қалалық емхана, қалалық және аудандық орталық аурухананың емханалық бөлімшесінде) жасөспірімдерді (15 пен 18 жас аралығындағы балаларға, оның ішінде әртүрлі кәсіпорындарда жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін жалпы білім беру және бастауыш кәсіби білім беру ұйымдарының оқушыларын), орта, жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін жасөспірімдер кабинеті (бөлімшесі) ұйымдастырылады.
3. Кәсіби білім беру ұйымдары шоғырланған ірі қалаларда қалалық емханалардың бірінде қаланың орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының барлық оқушылары мен студенттеріне медициналық қызмет көрсету үшін жасөспірімдер бөлімшесін ұйымдастыруға рұқсат беріледі.
4. Жасөспірімдер кабинеттерінің қызметін жүзеге асыру үшін аумақтық учаскесін белгілеу арқылы жасөспірімдер дәрігерінің лауазымы енгізіледі.
5. Жасөспірімдік дәрігерге тікелей басшылық пен бақылауды амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарының терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған жағдайда - ұйымның басшысы жүзеге асырады. Жасөспірімдер дәрігерінің жұмысын жасөспірімдер жөніндегі штаттан тыс бас маман (облыстық, қалалық, аудандық) үйлестіреді.
6. Жасөспірімдер дәрігерін тағайындау мен жұмыстан босатуды қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның басшысы жүзеге асырады.
7. Жасөспірімдер кабинеттеріндегі (бөлімшелеріндегі) дәрігердің жұмыс кестесі жатақханалардағы алдын алу жұмысын жүргізуді, емханалар мен оның құрылымдық бөлімшелерінде амбулаториялық қабылдауды қамтамасыз етуді есепке ала отырып құрылады.
8. Жасөспірімдерді, орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін медициналық көмекпен қамтамасыз ететін амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдары өзінің қызметінде осы ережені басшылыққа алады.
2. Жасөспірімдер кабинеттерінің (бөлімшелерінің),
орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының
оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін
қалалық емханалардың негізгі міндеттері
9. Жасөспірімдер кабинеттерінің (бөлімшелерінің), орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін қалалық емханалардың негізгі міндеттері:
1) тіркелген контингенттерді бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету, яғни жалпы және жұқпалы аурулармен аурушаңдықты, мүгедектікті, өлім-жітімді болдырмауға және төмендетуге бағытталған емдеу-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
2) тіркелген контингенттерге білікті және мамандандырылған емдік көмекті ұйымдастыру және көрсету;
3) салауатты өмір салтын қалыптастыру, тіркелген контингенттерді санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу, сондай-ақ әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жеткіншектердің психологиялық-физикалық дайындығының, жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығының деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
3. Жасөспірімдер кабинеттерінің (бөлімшелерінің),
орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының
оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін
қалалық емханалардың жұмысын ұйымдастыру
10. Жасөспірімдер кабинеттерінің (бөлімшелерінің), орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне қызмет көрсететін қалалық емханаларда негізгі міндеттерге сәйкес:
1) 15 жасқа жеткен жасөспірімдерді балалар емханасына (орталық аудандық аурухананың балалар консультациясына) қабылдауды;
2) олардың әскерге дейінгі (16-17 жас) және әскерге шақырылған жастары (18-26 жас) міндетті түрде көрсетіле отырып, жүйелі есепке алуды;
3) білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттеріне кеуде клеткасы ағзаларына міндетті түрде флюорография жүргізе отырып, алдын алу тексерулерінің барлық түрлерін, айғақтары бойынша - белгіленген мерзімдерде зертханалық, функциялық және басқа да тексерулердің түрлерін ұйымдастыруды және жүргізуді;
4) әкімшілікпен, дәрігер-мамандармен (студенттік емханада - студенттік кәсіподақ комитетімен) бірлесе отырып, мерзімді медициналық бақылаулардың қорытындыларын талдау, олардың арасында қорытындылары бойынша емдеу-алдын алу, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарларын әзірлеу және осы жоспарларды орындау, өткізілген іс-шаралардың тиімділігін есепке алу;
5) ауруларды ерте анықтауды, емханаға қаралған науқастар мен дені сау адамдарды білікті және толық тексеруді;
6) дер кезінде амбулаториялық білікті (жоғары білікті) терапиялық (педиатриялық) көмек көрсетуді, сондай-ақ мамандандырылған көмек көрсетуді ұйымдастыруды;
7) жіті және аяқ астынан болған ауру, жарақаттану, улану және басқа да бақытсыздық жағдайларында науқастарға бастапқы және кезек күттірмейтін медициналық көмекті;
8) стационарлық емдеуді қажет ететін адамдарды аурудың бейініне сәйкес амбулаториялық-емханалық жағдайларда науқасты барынша алдын ала тексеру арқылы уақытында шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызуды;
9) тіркелген контингенттерді, әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жастағы жеткіншектерге, жеткіншек-қыздарға және туу жасындағы және денсаулықтарында ауытқуы белгісі бар жүкті әйелдерге, жауынгер-интернационалистерге, шет ел азаматтарына аса назар аудара отырып, диспансерлеуге, аурудың сипаты мен ағымына қарай уақытында тексеру мен емдеуді жүргізе отырып, денсаулық жағдайын динамикалық бақылауға жататын адамдарды (науқастар мен сауларды) іріктеуді;
10) сауықтыру, орнына келтіріп емдеу және қалпына келтіруге, сондай-ақ диеталық тамаққа қажет ететін адамдарды іріктеуді;
11) науқастарды санаторийлық-курорттық, оңалту ұйымдарында және профилакторийде емдеуді ұйымдастыруды;
12) дәрігер-мамандардың бақылауындағы әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жастағы жеткіншектердің арасында емдеу-алдын алу іс-шараларының уақытында жүргізілуіне тұрақты бақылауды;
13) аудандық әскери комиссариатқа тапсыру үшін (нұсқамалық-әдістемелік нұсқауға сәйкес) қызмет көрсетілетін контингенттер қатарынан жеткіншек-әскерге дейінгілерге медициналық құжаттар ресімдеуді және әскери комиссариатпен емдеу-алдын алу ұйымдарының тиісті сабақтастығын қамтамасыз етуді;
14) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірлесе отырып (егулер, жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды анықтауды, жұқпалы аурулармен ауырған науқаспен байланыста болған адамдарды, сауыққандарды динамикалық бақылауды, уақытында олар туралы хабардар етіп отыруды) эпидемияға қарсы іс-шараларды, жұмыс істейтін жасөспірімдер, мектеп оқушылары, студенттер арасында алдын алу екпелерін ұйымдастыру, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды анықтау, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сауыққандарды динамикалық бақылауды, бұл туралы уақытында хабардар етуді (шұғыл хабарлар беруді);
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген контингенттердің уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығын сараптау, сондай-ақ өндірістік практика бойынша еңбекке жарамсыздық парақтарын, анықтамаларды беру және ұзарту үшін, оқушылар мен студенттерге академиялық демалыс, еңбек ұсынымдарын беру, еңбекке орналасу, оқу процесін, жазғы және күзгі еңбек жұмыстарын орындау және басқа мамандықтарға үйретуге аудару мәселелерін шешу үшін дәрігерлік бақылау комиссиясының жұмысына қатысу;
16) еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалту белгісі бар тіркелген контингенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына (МӘСК) жіберу жөніндегі жұмысты;
17) жасөспірімдер арасында кәсіби консультациялар мен кәсіби бағдарлар жүргізуді;
18) мектеп бітірген, бастауыш және орта кәсіби білім беру ұйымдарының жасөспірімдеріне медициналық анықтама ресімдеу;
19) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын студенттер мен оқушылардың жеке жағдайына жүйелі дәрігерлік бақылауды және динамикалық бақылауды;
20) өндірістегі жұмыс режимі мен жағдайларын, білім беру ұйымдарындағы, өнеркәсіптік практикадағы тәрбиелік процесті, жасөспірімдердің жазғы және күзгі еңбек жұмыстарының жағдайын зерттеуге, сондай-ақ тамақтану, тұрмыс пен демалу жағдайын, кейіннен шынығу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша қажетті шараларды әзірлей отырып, дене шынықтырумен және спортпен айналысуын, сезімдік және физикалық күш түсірудің, гиподинамиканың алдын алудың, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің арасында академиялық демалыс санын төмендетуді;
21) жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтының негіздерін насихаттау, темекі шегу, ішімдікті, есірткілерді және басқа да психикалық белсенді құралдарды пайдалану, оқу кестесінің сағаттарын пайдалана отырып, олардың физикалық белсенділігін арттыру жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруды, мамандықтарға денсаулық университетін, денсаулық кеңестерін, денсаулық күндерін енгізу, студенттік баспасөз және радионы, бұқаралық ақпарат құралдарын, спорттық-сауықтыру құрылыстарды, санаторийлар-профилакторийлар және басқаларды;
22) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның, тері-венерология ауруларының және басқа да жұқпалы-паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды;
23) емдеу-алдын алу ұйымдарының (психоневрологиялық, туберкулезге қарсы және басқа да) сабақтастықты құруды;
24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес оқушы жастарға дәрігерге дейінгі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхананың фельдшерлік денсаулық сақтау пунктінің (денсаулық сақтау пунктінің) жұмысын бақылау және басшылық ету;
25) есепке алу-есеп беру үлгісімен белгіленген медициналық құжаттамаларды жүргізуді және өзінің қызметі туралы есепті, жасөспірімдердің, оқушы жастардың аурушаңдығын төмендетуге және денсаулығын арттыруға бағытталған емдеу-алдын алу сипатындағы нақты іс-шаралар көзделген тоқсан сайынғы және жылдық жұмыс жоспарларын құруды;
26) бекітіліп берілген үлгі бойынша есеп әзірлеуді және белгіленген тәртіппен динамикада және оқу процесінде жалпы аурулар мен уақытша еңбекке жарамсыздық ауру-сырқауы бойынша статистикалық мәліметтерді талдауды;
27) емхана, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері мәжілісінде жасөспірімдерді, студенттерді, оқушыларды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі істелген жұмыстар туралы жыл сайынғы есепті жүзеге асыратын жасөспірімдер кабинеттері ұйымдастырылады.