Ескерту: Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 26-10-637қ қаулысымен.
____________________________________
"Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы N 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 Жарлығымен бекітілген 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" атты Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Астана қаласы Мәслихатының 2002 жылғы 19 желтоқсанындағы N 201/39-II "2003 жылдың Астана қаласының бюджеті туралы" шешімін іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" (бұдан әрі - Орталық) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының (бұдан әрі - Бизнес-инкубатор) өндірістік алаңдарын жеңілдікпен жалға беру Қағидасы бекітілсін. <*>
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 3-1-478 қ қаулысымен.
2. "Астана-инновация" Бизнес-инкубаторының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі комиссия мына құрамда құрылсын: <*>
Ескерту. Комиссия құрамы өзгертілді - Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-547қ қаулысымен.
Жоламан Рүстем - Астана қаласы Экономика және шағын
Қабидоллаұлы бизнесті дамыту департаментінің
директоры, комиссия төрағасы;
Комиссия мүшелері:
Сухотин - "Астана қаласының Коммуналдық
Александр Владимирович меншік басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы;
Мұқанов Елтай Жанәбілұлы - Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығының орынбасары;
Ережепова Ләззат - Астана қаласы бойынша Салық
Рахымжанқызы комитеті төрағасының орынбасары
(келісім бойынша);
Өмірзақов - Астана қаласы Мәслихатының депутаты
Тұрсынбек Қазенұлы (келісім бойынша);
Казанцев - Астана қаласы кәсіпкерлерінің
Павел Олегович құқықтарын қорғау қауымдастығының
президенті (келісім бойынша);
Кононова - Астана қаласы Сауда-өнеркәсіптік
Татьяна Ильинична палатасының төрағасы (келісім бойынша);
Әлібеков Абзал Советұлы - Астана қаласы әкімі аппараты
экономикалық талдау және мониторинг
бөлімінің бас маманы;
Асқаров Абай Асқарұлы - Астана қаласы Экономика және шағын
бизнесті дамыту департаменті шағын
бизнесті дамыту бөлімінің бастығы;
Ілиясов Төлеубек - "Астана қаласы Шағын бизнесті
Әубәкірұлы қолдау орталығы" МКК-ның директоры.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.К. Мұқановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Астана қаласы әкімдігінің
2003 жылғы 10 қаңтардағы
N 3-1-55қ. қаулысымен
бекітілген
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шаруашылықты жүргізу құқығындағы "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының өндірістік алаңдарын жеңілдікпен жалға беру Қағидасы <*>
Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 3-1-478 қ қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574 Жарлығымен , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 66 "Инновациялы қызметтің маманданған субъектілерін қалыптастыру және аккредитациялау Қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу, инновациялық технологияларды қолданатын отандық тауар өндірушілерді дамыту жағдайларын құруды іске асыру мақсатында әзірленді. <*>
Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 3-1-478 қ қаулысымен.
2. Бизнес-инкубатор аумағындағы жеңілдіктерді беру мына шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
1) шаруашылық етуші субъект шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы қажет;
2) бюджет және басқа да міндетті төлемдер алдында қарызы (салық органының анықтамасы) болмағанда;
3) Бизнес-инкубаторда берілетін қызметтің бизнес-жоспары;
4) құрал-жабдықтарға жөндеудің жедел мүмкіндігін жүргізуді және өнімді шығаруды бастау;
5) шаруашылық етуші субъект инновациялық өндірістік қызметпен айналысады;
6) жеңілдіктер шарттарына арналған қызметті жүзеге асыру кезеңінде шаруашылық субъектісін серпінді дамыту.
3. Бизнес-инкубаторда жеңілдікке құқық шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі, олар жаңа бастаған кәсіпкерлер немесе импорт алмастыратын және экспортқа арналған өнім өндіруге бағытталған инновациялы жобалармен шаруашылықты қызмет атқаратын шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы керек, сонымен бірге, олардың қызметі мен бизнес-инкубаторда орналасқан мерзімі бір жылдан бастап және үш жылдан кем емес болуы керек. <*>
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 3-1-478 қ қаулысымен.
4. Бірінші жылы Шағын кәсіпкерлік субъектілерін Бизнес-инкубатор аумағында қалыптастыруда Орталық мына жеңілдіктер ұсынылады:
1) жылумен қамтамасыз ету бойынша төлемнен 100 (жүз) пайыз көлемінде босатылсын;
2) өндірістік алаңдарын жалға алу бойынша төлемнен 100 (жүз) пайыз көлемінде босатылсын. <*>
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 3-1-478 қ қаулысымен.
5. <*>
Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 3-1-478 қ қаулысымен.
6. Шағын кәсіпкерлік үміткер-субъектісінің шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған жеңілдік құқығын алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) құрылтайшылық құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
3) патент немесе куәлік көшірмелері (заңды тұлға білімі жоқ кәсіпкерлер үшін);
4) бюджет және басқа да міндетті төлемдер алдында қарызы (салық органының анықтамасы) болмағанда;
5) бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық жоспар;
6) штаттық кесте (қызметкерлердің саны);
7) өз қызметінің кезеңі үшін қаржылық есеп.
7. Бизнес-инкубатордың басқару органы Астана қаласының Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана қаласының Шағын бизнесті қолдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады. <*>
Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 3-1-478 қ қаулысымен.
8. Жоғарыда көрсетілген құжаттар Орталықпен үш күнтізбелік күннен асырылмай қарастырылады.
9. Орталықпен оң қорытындылаған жағдайда, үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі Комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) жақын арадағы отырысында қарауы үшін үміткер өтініші енгізіледі.
10. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жеңілдік беру туралы шешімді Комиссиямен қабылдаған кезде Бизнес-инкубатор аумағында орналастыруға жеңілдіктерді беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жалға беру шарты әзірленеді.
2. Бизнес-инкубатор аумағындағы кәсіпкерлерге
арналған шарттар
11. Бизнес-инкубатордағы кәсіпкерлердің қызметтерінің жалпы шарттары мыналар болып табылады:
1) Бизнес-инкубаторындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарының басталуы өндірістік алаңын жалдау және қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап жүзеге асырылады;
2) өндірістік қызметті бастауы үшін үш айдан кем емес мерзімінде белгіленеді;
3) Бизнес-инкубатор аумағындағы өндірістерді қалыптастыру нормаларын орналастыруды және бірлескен шарттарын қадағалау;
4) Астана қаласында ресми тіркелген жұмыссыздар санынан тұлғаларды жұмысқа орналастыру.
12. Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бизнес-инкубаторға тәуелсіз шаруашылық етуші субъект ретінде әрекет етеді және Бизнес-инкубатор шағын кәсіпкерлік субъектісінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
13. Жеңілдік кезеңі аяқталғанда Орталықпен белгіленген жалпы үлестік шығындарды төлеуге қатысу.
14. Өртке қарсы, санитарлық ережелерді және еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтау.
15. Бизнес-инкубатордың біртұтас аумағында ұйымдастырылатын (орналастырылатын) өндірістердің технологиялық сыйымдылығы.
16. Бизнес-инкубатордағы жалға алынатын алаңдарды қайта жоспарлау және жаңғырту бойынша барлық жоспарланатын іс-шараларды Орталықпен келісу.
3. "Астана-инновация" бизнес-инкубаторындағы үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
17. Астана қаласы әкімдігінің (Уәкілетті орган) қаулысымен үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
18. Комиссия шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік алаңдарын жеңілдік жағдайларында беру мүмкіндігін анықтайтын консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
19. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, атқарушы жергілікті органдардың қаулыларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
20. Комиссия негізгі мақсаттарға жету үшін мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1) Орталықтың қорытындысымен алынған шағын кәсіпкерлік субъектілері үміткерлерінің өтініштерін қарастырады;
2) үміткерлер мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сараптамаларын өткізеді және сәйкестендірілген қорытынды береді;
3) Бизнес-инкубаторды дамытудың негізгі бағыттары бойынша іс-шаралардың жоспарын бекітеді;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру туралы шешім қабылдайды.
21. Комиссия Орталықтың ұсынысы негізінде Бизнес-инкубаторда берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдіктерден босату жөнінде шешім қабылдайды.
22. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің жеке кәсіпкері қалыптастырылған шығарылымды анықтайды.
23. Комиссияның сандық құрамы жеті мүшеден анықталады, қажетті кезде қарастырылатын жобаның өзіндік ерекшелігінен маман-консультанттар тартылады.
24. Комиссия отырысы қажетті шаралар бойынша, бірақ ол айына ең кемінде бір рет шақырылады.
25. Комиссия мүшелерінің өкілеттік мерзімі - Комиссия құрамында оларды бекіткен күннен бастап үш жыл. Өкілеттік Уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.
26. Комиссияның барлық мүшелері өз міндеттерін өтеусіз негізде орындайды.
27. Комиссия отырысы олардың құзырына жататын мәселелер бойынша алқалық шешімдерді қабылдау үшін шақырылады.
28. Комиссия отырысының алдын-ала күн тәртібі мен материалдары Комиссия мүшелеріне Орталықпен отырыстың басталғанына дейін кемінде бес күн бұрын, бір уақытта болатын отырыс туралы хабарламамен бірге жіберіледі.
Комиссия кез келген уақытта соңғы күн тәртібіне енгізуге құқықты.
29. Бизнес-инкубатор қызметінің мәселелері бойынша кепілдемелік сипаттамаға ие және мүшелердің жалпы саны көпшілік дауыспен қабылданады және Комиссия құрамының барлығынан дауыс бергенше 2/3 дауыстан кемі қатысқан кезде қабылданған болып есептелінеді. Комиссияның шешімі Төрағамен және Комиссия төрағасы және хатшысымен қол қойылады.
30. Комиссия отырысы хаттамамен ресімделеді, Комиссияның іс жүргізуін Комиссия мүшелерінің ішінен сайланатын хатшы жүргізеді.
31. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдік беруге бас тарту жөніндегі шешім Комиссиямен қабылданған жағдайда, Орталық үш күндік мерзімде үміткерді бас тартудың негізі көрсетілген жазбаша үлгіде хабарлауға міндетті.
4. Бизнес-инкубатор аумағындағы алаңдарды жалдау бойынша жеңілдіктерді тоқтату шарттары
32. Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бизнес-инкубатор аумағындағы өндірістік алаңдарды жалдау бойынша жеңілдік құқықтарын келесі негіздер бойынша жойылады:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісінің шаруашылық қызметін тоқтату;
2) ол жалға алғанына 1 (бір) жыл толмастан Бизнес-инкубатор аумағында бұдан әрі орналасудан бас тартса. Бұл жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі Орталықтың жеңілдіктер беру жөнінде барлық шығындарын толық көлемде қайтаруға міндетті;
3) Бизнес-инкубатор аумағына келу Қағидасын бұзу. <*>
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - - Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 4 наурыздағы N 3-1-478 қ қаулысымен.
33. Орталық өндірістік алаңдарды жалдаушыларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінен шығару жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға енгізу негізі мыналар болып табылады:
1) Бизнес-инкубаторға келу Қағидасының маңызды және бірнеше реттік бұзу;
2) жалдау шартында айтылған жеңілдік кезеңінің аяқталғаны бойынша жалгерлік төлемін төлеуді бір айдан аса мерзімге ұзарту;
3) Шағын кәсіпкерлік субъектісімен өндірістік қызметтің басталуы үш айдан аса уақытқа созылады.
34. Бизнес-инкубатор аумағында шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін тоқтату кез келген себеп бойынша оны Бизнес-инкубаторға келген уақыты үшін жалдау төлемдерінің сомаларын төлеуден босатылмайды.
35. Орталықтың қорытындысы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің дербестігіне байланысты Комиссия оның Бизнес-инкубатор аумағына келуін тоқтату туралы шешім қабылдайды.
"Астана қаласының Шағын
бизнесті қолдау орталығы"
МКК директоры
КЕЛІСІЛГЕН
Астана қаласы Экономика
және шағын бизнесті дамыту
департаментінің директоры