Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн қалыптастыру және аккредиттеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 66 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы N 942 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.06.19 N 942 Қаулысымен.

      "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына және "Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2001-2003 жылдарға арналған инновациялық даму бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн қалыптастыру және аккредиттеу ережесi бекітілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкіметiнiң      
2003 жылғы 21 қаңтардағы
N 66 қаулысымен    
бекiтiлген    

Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн қалыптастыру және аккредиттеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн қалыптастыру және аккредиттеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2001-2003 жылдарға арналған инновациялық даму бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ic-шаралар жоспарына сәйкес әзiрленген.
      Осы Ереже инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiнiң нысандары мен түрлерiн жүйеге келтiру мақсатында әзiрленген.

2. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектілерiн ұйымдастыру тәртiбi

      2. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құрудың мақсаты өндiрiстiк қызметті, экономикалық, құқықтық және әлеуметтiк қатынастарды жетiлдiруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн пайдалану процесiнiң тиiмдi iске асырылуын қамтамасыз ететiн ұлттық инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады.

      3. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерi мынадай мәртебе бойынша танылады:
      1) халықаралық;
      2) ұлттық/мемлекеттiк;
      3) салааралық;
      4) салалық;
      5) аймақтық.

      4. Халықаралық, ұлттық немесе салааралық мәртебесiне ие инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн ұйымдастыру жөнiндегi шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.

      5. Салалық немесе аймақтық мәртебесiне ие инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн ұйымдастыру жөнiндегi шешiмдi тиiстi салалық орталық атқарушы органның басшысы немесе тиiстi аймақтық әкiмдiктiң басшысы қабылдайды.

3. Технологиялық полистер мен технологиялық парктердi қалыптастыру тәртiбi

      6. Технологиялық полистер мен технологиялық парктердi құрудың мақсаты - өндiрiстiк қызметтi, экономикалық, құқықтық және әлеуметтiк қатынастарды жетілдiруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн пайдалану процесiнiң тиiмдi іске асырылуын қамтамасыз ететiн елдiң инновациялық инфрақұрылымының құрамдас бөлiгi болып табылатын инновациялық қызметтiң субъектiлерiн ұйымдастыру болып табылады.

      7. Технологиялық полистер мен технологиялық парктердiң қызметi мынадай мiндеттердi шешуге бағытталуы тиiс:
      1) отандық және әлемдiк ғылыми-техникалық прогрестiң үздiк жетiстiктерiн өндiрiске енгiзу;
      2) жаңа инновациялық өндiрiстердi құруға жәрдемдесу;
      3) ғылыми-техникалық зерттеулердi және инновациялық өндiрiстердi инвестициялау;
      4) ғылыми-техникалық прогреске жәрдемдесетiн идеяларды қалыптастыру және әзiрлеу;
      5) инновациялық кәсiпорындарға отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн инфрақұрылым құру және қолайлы жағдай жасау;
      6) ғылыми-техникалық кадрларды, әсiресе жаңа технологиялар мен инновациялық өндiрiстер саласында даярлау және қайта даярлау бағыттарын жедел қайта бағдарлауға жәрдемдесу;
      7) ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулерiнiң, ашылымдарының және өнертабыстарының нәтижелерiн коммерцияландыратын шағын инновациялық кәсiпорындар мүдделерiнде құрылатын инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
      8) экономиканың және әлеуметтiк саланың инновациялық өнiмге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық, оқу ұйымдарының және кәсiпкерлiк орта өкiлдерiнiң күшiн бiрiктiру;
      9) экономика, менеджмент, маркетинг саласында кәсiпкерлердi оқыту және дайындау, олардың кәсiптік, құқықтық, экономикалық және басқару бiлiмдерiнiң деңгейiн арттыру;
      10) нақты сектордың өкiлдерiн қолда бар отандық және шетелдiк ғылыми-техникалық әзiрлемелердiң көлемiнде бағдарлау мақсатында ғылыми және технологиялық ақпаратты тарату;
      11) инновациялық кәсiпкерлiктi құруда және дамытуда материалдық-техникалық көмек көрсету;
      12) инновациялық кәсiпкерлiктiң өкiлдерiне маркетингтiк, консультативтiк және басқару қызметiн көрсету;
      13) инновациялық өнiмге мемлекеттiк тапсырысты орындау бойынша тендерлерге қатысу.

      8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық ұйымдар, жоғары оқу орындары, инвестициялық және инновациялық қорлар және басқа да мүдделi заңды және жеке тұлғалар технологиялық полистердiң немесе технологиялық парктердiң құрылтайшылары бола алады.

      9. Технологиялық полис немесе технологиялық парк өзiнiң ұйымдастыру құрылымын дербес қалыптастырады. Технологиялық полистiң немесе технологиялық парктiң құрылымы оның қызметiнiң негiзгi бағыттары мен ерекшелiгiне сүйене отырып анықталады.

      10. Технологиялық полистің немесе технологиялық парктiң мiндеттi құрылымдық бөлiгi:
      1) инновациялық өнiмдi әзiрлеудi және сериялық өндiрiстi ұйымдастыру үшiн тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеруге дейiн жеткізудi қамтамасыз ететiн зертханалық, тәжiрибелiк-конструкторлық, өндiрiстiк базасының болуы;
      2) шағын жаңадан кiрiсушi инновациялық фирмаларға 3 жылдан артық емес жеңiлдiк мерзiмiне өндiрiстiк үй-жайлар беретiн шағын бизнес инкубаторы;
      3) технологиялық парктiң компанияларына технологиялық полис немесе технологиялық парк қызметiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келмейтiн ақпараттық, заңдық, патенттiк, лицензиялық, инжинирингтiк, маркетингтiк, бухгалтерлiк, қаржылық, жарнамалық-басылымдық және басқа да қызмет көрсететiн сервистiк кәсiпорындар мен фирмалар болып табылады.

      11. Технологиялық полистiң немесе технологиялық парктiң қызметiн жедел басқаруды Дирекция жүзеге асырады.

      12. Технологиялық полистiң немесе технологиялық парктiң құрамына инновациялық кәсiпорынды енгiзудiң инновациялық жобасын iске асыру туралы шешiмдi Сарапшылық кеңестiң қорытындысы негiзiнде құрылтайшылардың өкiлдерiнен тұратын Директорлар кеңесi қабылдайды.

      13. Сарапшылық кеңес мыналарды жүзеге асырады:
      1) инновациялық өнiмдi әзiрлеушiлерден, кәсiпкерлерден түсетiн тапсырыстар мен жобаларға алдын ала талдауды, жобаның жаңалығын және техникалық орындалу мүмкiндiгiн бағалайды;
      2) жасалатын инновациялық өнiмнiң рыноктық тартымдылығын, оның қаржылық және экономикалық орындалу мүмкiндiгiн бағалайды;
      3) жеке тұлғалар, ЖОО, ҒЗИ мамандары және т.б. орындаған жаңа идеялар мен әзiрлемелердi жинауды және тiркеудi жүргiзедi, патенттiк сүйемелдеудi жүзеге асырады;
      4) аймақтық және/немесе салалық кәсiпорындардың жай-күйiне талдау жасайды және инновациялық өнiмге деген қажеттiлiктi анықтайды.

      14. Технологиялық полистiң немесе технологиялық парктiң мүлкi мен қаражаты оның құрылтайшыларының жарғылық қорға салымдары, қатысушылардың, шетелдiктерiн қоса алғанда басқа да заңды және жеке тұлғалардың жыл сайынғы және бiржолғы жарналары, технологиялық парктердiң қызметiнен түскен кiрiстер, мақсатты бюджеттен қаржы бөлу, сондай-ақ басқа да заңнамаға қайшы келмейтiн негiздер бойынша технологиялық парк немесе технологиялық полис сатып алған мүлiк есебiнен құрылады.
      Технологиялық полистiң немесе технологиялық парктiң мүлкi материалдық және қаржылық құралдардан, зияткерлiк меншiк объектiлерiнен, өзге де мүлiктiк құқықтардан тұрады.

      15. Технологиялық полистiң немесе технологиялық парктiң таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен және негiздер бойынша жүзеге асырылады.

4. Технологиялық инкубаторларды қалыптастыру тәртiбi

      16. Технологиялық инкубаторлардың мақсаты материалдық, ақпараттық, консультативтiк және басқа да қажеттi қызмет көрсету жолымен шағын және орта инновациялық кәсiпорындардың пайда болуы және тиiмдi қызметi үшiн қолайлы жағдай жасау болып табылады.

      17. Технологиялық инкубаторлар өз қызметi барысында мынадай:
      1) жаңадан кiрiскен шағын инновациялық кәсiпорындарды инкубаторлардың шегiнен тыс дербес қызметiне дайындау;
      2) кәсiпкерлердiң жобаларды даярлау, өндiрiстi құру және оны басқару аясындағы бiлiм деңгейiн арттыру;
      3) жеңiлдiк жағдайында өндiрiстiк және әкiмшiлiк алаңдарды жалға беру, жалпы коммуналдық қызметтер, байланыс, бухгалтерлік есеп, iс жүргiзу қызметтерiн көрсету, жабдықтар лизингiн ұйымдастыру, консультациялық қызметтер;
      4) шағын және орта инновациялық кәсіпорындарды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      5) қаржы-қаражат iздестiру және тарту;
      6) еңбекке қабiлеттi халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту мiндеттерiн шешедi.

      18. Кез келген заңды және жеке тұлғалар, оның iшiнде шетелдiктерi де, технологиялық инкубаторлардың құрылтайшылары болуы мүмкiн. Жарғы капиталына орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, аймақтық және салалық инновациялық бағдарламалар шеңберiнде мемлекеттiк кәсiпорындар қатысуы мүмкiн.

      19. Технологиялық инкубаторлардың жедел шаруашылық басқаруын атқарушы директордан, бухгалтерден, маркетинг және шаруашылық қызметтерiнен тұратын Дирекция жүзеге асырады.

      20. Инновациялық өндiрістердi ұйымдастыру үшiн жеткiлiктi ғылыми-техникалық әлеуеттiң, кеңселік және өндiрiстiк үй-жайлардың болуы мiндеттi талап болып табылады.

      21. Дирекция көрсететiн қызметтердiң көлемi мен деңгейi технологиялық инкубатордың алдында тұрған мiндеттердiң тиiмдi шешiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.

      22. Өндiрiстiк және әкiмшiлiк үй-жайлар түрiндегi коммуналдық меншiк, құрылтайшылардың келiсiмi бойынша қаржы-қаражат, ақшалай баламасында бағаланған материалдық активтер түрiнде төлеуге болатын технологиялық инкубатордың Жарғылық қорына құрылтайшылардың жарналары технологиялық бизнес-инкубаторларды құрудың материалдық-қаржылық негiзi болып табылады.

      23. Технологиялық инкубаторлардың таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен және негiздер бойынша жүзеге асырылады.

5. Инновациялық орталықтарды қалыптастыру тәртiбi

      24. Инновациялық орталықтарды құрудың мақсаты инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстар мен қызмет көрсетулердi ұсынатын ұйымдардың жиынтығын бiлдiретiн инновациялық инфрақұрылымды құру жөнiндегi қажеттi жағдайлар мен қолайлы орта жасау болып табылады.

      25. Инновациялық орталықтардың жұмыс iстеуiнiң негiзгi мiндеттерi:
      1) инновациялық кәсiпкерлiктi (шағын және орта инновациялық кәсiпорындар) құруда және дамытуда материалдық-техникалық көмек көрсету;
      2) инновациялық кәсiпкерлiктiң өкiлдерiне маркетингтiк, консалтингтiк және басқару қызметтерiн көрсету;
      3) шағын және орта инновациялық кәсiпорындарға қаржылық және материалдық қолдау көрсету үшiн қаржы-қаражат iздестiру және тарту;
      4) ұйымдардың инновациялық белсендiлiгiн және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн коммерцияландыруды арттыруды, сондай-ақ ғылыми-технологиялық саладағы инновациялық қызмет үшiн менеджерлер даярлауды дамытуды қамтамасыз ететiн инновациялық қызмет саласында кадрлар даярлау және қайта даярлау;
      5) қолда бар отандық және шетелдiк ғылыми-техникалық әзiрлемелердiң көлемiнде нақты сектордың өкiлдерiн бағдарлау мақсатында ғылыми және технологиялық ақпаратты тарату;
      6) инновациялық кәсiпорындарға отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн инфрақұрылым құру мен қолайлы жағдайлар жасау, ғылыми-техникалық кадрларды, әсiресе жаңа технологиялар мен инновациялық өндiрiстер саласында даярлау мен қайта даярлау бағыттарын жедел қайта бағдарлауға жәрдем көрсету;
      7) зияткерлiк өнiмдi жасау және пайдалану, төлтума идеялар мен жаңа немесе жақсартылған тұтыну қасиеттерi бар дайын өнiмдi iске асырғанға дейiн жеткiзу, тауарлар мен қызмет көрсетудегi қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру;
      8) ғылыми-техникалық прогреске жәрдемдесетiн идеяларды қалыптастыру мен әзiрлеу;
      9) ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн тәжiрибелi-өнеркәсiптiк өндіруге дейiн жеткiзуге мүмкiндiк беретін ғылым мен экономиканың нақты секторы арасындағы тиiмдi байланысты қамтамасыз ету;
      10) ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновациялық өндiрiстердi инвестициялау;
      11) бiлiмнiң, ғылым мен өнеркәсiптiң тығыз ықпалдастығын және олардың қоғамды экономикалық дамытуға бағытталуын қамтамасыз ету;
      12) отандық және әлемдiк ғылыми-техникалық прогрестiң озыңқы жетiстiктерiн өндiрiске енгiзу;
      13) жаңа инновациялық өндiрiстердi құруға жәрдемдесу болып табылады.

      26. Мемлекеттiк және муниципалдық билiк, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық ұйымдар, инвестициялық қорлар, банктер, меншiктiң кез келген нысанындағы ірі өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен өндiрушiлердiң салалық бiрлестiктерi және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да мүдделi заңды және жеке тұлғалар инновациялық орталықтардың құрылтайшылары бола алады.

      27. Инновациялық орталықтар ұйымдастыру құрылымын дербес қалыптастырады. Инновациялық орталықтардың құрылымы оның қызметiнiң негiзгi бағыттарынан және ерекшелiктерiнен анықталады.

      28. Инновациялық орталықтар өздерiнің қызметiн мемлекеттiк және аймақтық инновациялық бағдарламалар аясында жүзеге асырады.

      29. Аймақтық инновациялық бағдарлама аймақтарды экономикалық және әлеуметтiк дамыту бағдарламалары негiзiнде қалыптасады және аймақтағы инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуеттi дамытудың негiзгi басымдықтарын анықтайды. Инновациялық бағдарламалар инновациялық жобалар мен инновациялық инфрақұрылымды дамыту жобаларын конкурстық iрiктеу негiзiнде қалыптасады.

      30. Технологиялық парктерді құрудың материалдық-қаржылық негiзi Орталықтың инновациялық қорына құрылтайшылардың келiсiмi бойынша жүргiзілетiн қаржы-қаражат, ақшалай баламасында бағаланған материалдық активтер, бағалы қағаздар, зияткерлiк меншiкке құқықтар және т.б. түрiндегi құрылтайшылардың жарналары болып табылады.

      31. Технологиялық инкубаторлардың таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен және негiздер бойынша жүзеге асырылады.

6. Инновациялық қорларды қалыптастыру тәртiбi

      32. Инновациялық қорларды қалыптастыру мақсаты инновациялық қызметтi дамыту бойынша қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      33. Инновациялық қордың негiзгi мiндеттерi:
      1) инновациялық қызметтi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
      2) қайтарымды негiзде инновациялық бағдарламаларды мақсатты қаржыландыру;
      3) ғылыми-техникалық кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi дамыту үшiн жағдай жасау;
      4) ғылыми-техникалық өнiмдердiң рыногын қалыптастыру;
      5) шағын және орта инновациялық кәсiпорындарға қаржылай және материалдық қолдау көрсету үшiн қаржы-қаражат iздестiру және тарту;
      6) Қазақстан Республикасының және шетелдiк сақтандыру компанияларында инновациялық коммерциялық және енгiзбелiк тәуекелдi сақтандыруды жүзеге асыру;
      7) инновациялық кәсiпкерлiктiң өкiлдерiне маркетингтiк, консультативтiк және басқару жағынан қызмет көрсету;
      8) ғылыми-техникалық зерттеулер мен инновациялық өндiрiстердi инвестициялау болып табылады.

      34. Кез келген заңды және жеке тұлғалар, оның iшiнде шетелдiктерi де инновациялық қорлардың құрылтайшылары болуы мүмкiн. Жарғылық капиталға орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, аймақтық және салалық инновациялық бағдарламалар аясында мемлекеттiк кәсiпорындар қатысуы мүмкiн.

      35. Инновациялық қорларды құрудың материалдық-қаржылық негiзi құрылтайшылардың келiсiмi бойынша қаржы-қаражат, ақшалай баламасында бағаланған материалдық активтер түрiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн көздерден жүргiзiлетiн инновациялық орталықтың Жарғылық қорына құрылтайшылардың жарналары болып табылады.

      36. Инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешiмдi инновациялық қордың жанындағы Сарапшылық кеңестiң қорытындысы негiзiнде құрылтайшылар өкiлдерiнен тұратын Директорлар кеңесi қабылдайды.

      37. Инновациялық қорды жедел басқаруды Дирекция жүзеге асырады.

8. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн аккредиттеу тәртiбi

      38. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн аккредиттеу бiрыңғай жалпы республикалық инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында жүргiзiледi.

      39. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектілерiн аккредиттеудi Инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңеспен бiрлесiп, инновациялық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

      40. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерi аккредиттеу алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырады:
      1) уәкiлеттi орган белгiленген нысандағы аккредиттеу жүргiзуге және аккредиттелгенi туралы куәлiк беруге өтiнiшi;
      2) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнiң даму деңгейiн сипаттайтын кешендi анықтама;
      3) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiн заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi және олардың құрылғанын растайтын өзге де құжаттар;
      4) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнiң Жарғысы мен құрылтай құжатының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      5) тiркеу орны бойынша салық органының ұйымның салық және басқа да бюджетке мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындағаны туралы анықтамасы (уәкiлеттi органға құжаттарды берген күннiң алдындағы соңғы ай үшiн берiледi);
      6) ұйымның қаржылық жай-күйi туралы банктiң анықтамасы (уәкiлеттi органға құжаттарды берген күннiң алдындағы соңғы ай үшiн берiледi);
      7) ғимараттардың, үй-жайлардың техникалық паспортының және инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiне бөлiнген жер мен аумақты пайдалану құқығына берiлген актiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      8) құны мен шыққан жылы көрсетiлген негізгі құрал-жабдықтардың тiзбесi;
      9) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi өз клиенттерiне көрсететiн қызмет көрсетулердің толық тiзбесi;
      10) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi даму бағдарламасының (ең кемiнде үш жылға) егжей-тегжейлi сипаттамасы;
      11) өз тарапынан қол қойылған ұсынылған деректер мен құжаттардың растығын тексеруге келiсiмi туралы меморандум.

      41. Уәкiлеттi орган құжаттарды жинауды ұйымдастырады, олардың толықтығын және осы Ереже талаптарына сәйкес келуiн тексередi, қажет болған жағдайда оларды пысықтау үшiн қайтарады.

      42. Жергiлiктi жерлерде тексерістер ұйымдастыру мақсатында уәкiлеттi орган құрамына уәкiлеттi органның қызметкерлерi мен тартылған мамандар кiретiн комиссия құрады.

      43. Комиссияның құрамы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекiтіледi.

      44. Өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды және мүлiктiк кешен мен материалдық құндылықтарды кедергiсiз қарауды ұсыну жолымен комиссия мүшелерiнiң тиiстi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.

      45. Тексерiс аяқталған соң комиссия мынадай өлшемдер негiзiнде қорытынды дайындайды:
      1) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнiң мақсаттары, мiндеттерi мен функцияларына сәйкес қажеттi материалдық-техникалық база мен оның инфрақұрылымының болуы және оларды құру жөнiндегi әлеуетті мүмкiндiгi;
      2) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнiң мақсаттары, мiндеттерi мен функцияларына ұйымдастыру құрылымының, клиенттерге ұсынылатын қызмет көрсетулер тiзбесiнiң, клиенттердi қабылдау және шығару рәсiмдерiнiң сәйкестiгi;
      3) шығындардың және бюджет пен басқа да мiндеттi төлемдер алдында берешектiң болмауы;
      4) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнiң даму бағдарламасын iске асыруға қабiлеттi бiлiктi мамандардың болуы;
      5) ғылыми және оқу ұйымдарымен тығыз байланыстардың болуы.

      46. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнiң құжаттарын зерделеу немесе оны тексеру нәтижелерiнiң қорытындысы бойынша комиссия оларды аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы және аккредиттелгенi туралы куәлiк беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.

      47. Уәкiлеттi орган комиссия қорытындысының негiзiнде аккредиттеуден бас тарту туралы немесе оң қорытындыны Ведомствоаралық кеңестiң қарауы және шешiм қабылдауы үшiн жiберу туралы шешiм қабылдайды.

      48. Ведомствоаралық кеңес инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiн аккредиттеу мәселесiн қарау кезiнде мынадай аспектiлердi ескередi:
      1) комиссия қорытындысының нәтижелерi және уәкiлеттi органның ұсынымдары;
      2) экономикалық және әлеуметтiк маңыздылығы;
      3) Қазақстан Республикасының біртұтас инновациялық инфрақұрылымын қалыптастырудағы рөлі мен орны;
      4) ғылыми, ғылыми-техникалық өнiмдер рыногын қалыптастыруға қатысуы.

      49. Аккредиттелгенi туралы куәлiк беруге өтiнiмдi қарау мерзiмi 3 айдан аспауы қажет.

      50. Ведомствоаралық кеңес өтiнiмдi қарау нәтижелерi бойынша аккредиттеу немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      51. Оң шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган аккредиттелген инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiн аккредиттелген инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерi тiзiлiмiне енгiзедi.

      52. Аккредиттеуден өткен инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiне уәкілеттi орган бекiткен нысан бойынша 3 жыл мерзiмге тиiстi куәлiк берiледi.

      53. Аккредиттелген инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектілерiнiң ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды орындауға, мемлекет тарапынан қаражат алуға арналған мемлекеттiк тапсырысты орналастыру конкурстарына қатысуға құқығы бар.

      54. Аккредиттелгенi туралы куәлiк беруден мынадай себептер бойынша бас тартылуы мүмкiн:
      1) осы Ереженiң 40-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
      2) құрылтай құжаттарында баяндалған қызметке инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнiң қызметi түрiнiң сәйкес келмеуi;
      3) уәкiлеттi орган әзiрлеген негiзгi талаптарға сәйкес келмеуi.

      55. Ведомствоаралық кеңестiң терiс шешiмi шыққан жағдайда уәкiлеттi орган Ведомствоаралық кеңестiң хаттамалық шешiмi негiзiнде өтiнiш жасаушыға дәлелдi бас тарту жолдайды.

      56. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi аккредиттеуден бас тартудың көрсетiлген себептерiн жойған кезде, аккредиттеу туралы жаңа өтiнiш жалпы негiзде қаралады.

      57. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi таратылған немесе қайта ұйымдастырылған уәкiлеттi органның бұйрығымен аккредиттеу туралы бұрын берiлген куәлiктiң күшi жойылды деп танылады, бұл туралы инновациялық қызметтiң аккредиттелген мамандандырылған субъектiлерi тiзiлiмiнде тиiстi жазба жасалады.

      58. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiн қайта ұйымдастыру немесе тарату жүргiзiлген кезде ол уәкiлеттi органға тиiстi ақпарат беруге және технологиялық парктi немесе технологиялық инкубаторларды қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде куәлiктi қайтаруға мiндетті.

      59. Инновациялық қызметтiң аккредиттеу туралы куәлiк алған мамандандырылған субъектiлерi немесе куәлiктердi қайтарып алу туралы ақпарат уәкiлеттi орган арқылы ресми басылымдарда жарияланады.

      60. Куәлiктiң қолданысын тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар өзгерген жағдайда, оның қолданысы комиссия ұсынымының негiзiнде уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылуы мүмкiн.

      61. Уәкiлеттi органның тиiстi шешiмi шешiм қабылдаған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнің, құрылтайшының (құрылтайшылардың) назарына жеткiзiледi.

      62. Инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсiнiң куәлiгi жоғалтылған, атауы, заңды мекен-жайы өзгерген құрылтайшыларының құрамы iшiнара өзгерген кезде куәлiктi қайта ресiмдеуге жол берiледi, оны инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi өтiнiшiнiң және осы өзгерiстердi растайтын құжаттардың негiзiнде уәкiлеттi орган рұқсат етедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады