Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (тіркелу N 242)

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-547қ қаулысы. Астана қаласы Әділет департаментінде 2004 жылғы 23 наурызда N 317 тіркелді

       Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласының Әділет департаментінің 2005 жылғы 1/10-2-5975 хатымен.
___________________________________

      "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысында және 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың қалалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты, Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ  "Шағын кәсіпкерлік  субъектілерін қолдаудың кейбір мәселелері туралы" (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 30 қаңтарда N 242 болып тіркелген, және 2003 жылдың 8 ақпанындағы N 18-19 "Астана ақшамы" және 2003 жылдың 6 ақпанындағы N 14 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) қаулысының 2-тармағына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
      Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Астана қаласы Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры, комиссия төрағасы;
      Мұқанов Елтай Жанәбілұлы - Астана қаласы Қаржы департаменті бастығының орынбасары;
      Ережепова Ләззат Рахымжанқызы - Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
      Әлібеков Абзал Советұлы  -  Астана қаласы әкімі аппараты экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы;
      Асқаров Абай Асқарұлы - Астана қаласы Экономика және шағын бизнесті дамыту департаменті шағын бизнесті дамыту бөлімінің бастығы;
      Ілиясов Төлеубек Әубәкірұлы - "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" МКК-ның директоры.
      Жоғарыда атап көрсетілген комиссияның құрамынан шығарылсын: Т.И. Яковлева, Ә.Н. Түсіпбеков, О.Қ.Тәуірбеков.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.

      Астана қаласының әкімі

      Визалар:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады