Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009.11.12 № 331 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 67 қаулыларына сәйкес коммуналдық меншікке өкімдік ету және тиімді басқару саясатын іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) объектілерін (мүлкін) мүліктік жалға (жалға) беру тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімиятының 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) объектілерін (мүлкін) мүліктік жалға (жалға) беру тәртібі жөніндегі Ереженің:
"Негізгі ұғымдар мен ережелер" жөніндегі 2 тарау мынадай 3-1. тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Бір мәртелік іс-шаралар өткізу үшін ғимараттарды беру баланс ұстаушының келісімімен жүргізіледі";
"Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдау (жалға алу) өтінімдерін қарау" жөніндегі 3 тарау 11-1 тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық немесе жедел басқаруындағы мүлік, оның iшiнде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектiлерiнiң мүлкін мүлiктiк жалға беру:
1) қазыналық мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру;
2) алаңы 100 шаршы метрге дейін үй-жайларды, теңгерiмдiк құны 150 есе ең төменгi есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықты және мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын беру жағдайларын қоспағанда, тендерлiк негізде жүргізіледі.
Мүліктік жалдау келісім шарты 1 жылға дейін мақсатты бағыт бойынша, ал 1 жылдан жоғары болса тендерлік негізде жасалады";
"Жалдау төлемақы мөлшерлемесін анықтау" жөніндегі 9 тарау 42-1 тармақпен толықтырылсын":
"42-1. Бір мәртелік іс-шараларды өткізу үшін бөлмені жалдау ақысы 1 шаршы метр 51 теңге есебімен жүргізіледі";
9 тараудағы "Жалгердің қызмет түрі»кестесінің 2 тармағы 2.1. тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 1,3";
8 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"8. Медициналық қызметтер - 1,3
Дәріханалар - 1,5".
2. "Облыстық коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі /А.Қаратаев/ осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ғилымовқа жүктелсін.
Облыс әкімі