Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1102 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiк, оның iшiнде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiнде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiк, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң мүлкiн мүлiктiк жалға беру:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жекелеген шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру;
2) алаңы 100 шаршы метрге дейiн үй-жайларды, теңгерiмдiк құны 150 есе ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықты және мемлекеттiк басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын беру жағдайларын қоспағанда, тендерлiк негiзде жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жалға алынған мүлiктi пайдаланғаны үшiн ақы төлеу ақшамен жүргізіледі.
Жалдау ақысының есептiк ставкалары аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және оларды уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiм бойынша жалға берушi бекiтеді.";
6-тармақтың екiншi абзацындағы "уәкiлеттi органның келiсiмiмен" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органымен келiскеннен кейiн және уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тендерлiк комиссия жалға берушiнiң және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен құралады. Тендерлiк комиссияның құрамына сол сияқты жалға берушiнiң мемлекеттiк басқару органының және өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiлуі мүмкiн;";
16-тармақтың 2) тармақшасы "және жалдау ақысының бастапқы ставкасының мөлшерi (осы Ереженiң 3-1-тармағына сәйкес жалға берушi бекiткен есептiк ставкасынан төмен болмауы тиiс);" деген сөздермен толықтырылсын;
41-тармақтың 4) тармақшасының екiншi абзацы ", сондай-ақ өз есебiнен ағымдағы жөндеудi жүргiзу және жалға алынған мүлiктi ұстау жөнiндегi шығыстарды көтеру;" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 21 қаңтардағы
N 67 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 7 наурыздағы
N 336 қаулысына
қосымша
__________________________________________200____жылдың ______(айы)
(министрліктің, агенттіктің, ведомствоның)
үшін ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті олардың мүліктік жалға беруі жөніндегі
ЖИЫНТЫҚ ЕСЕБІ
-------------------------------------------------------------------
Р/с!Кәсіп.!Жалдау шар. !Жалға !Мүліктік жал.!Үй-жай !Жалға алын.
N !орын. !тының N және!алушы. !дау шартының !алаңы !ған мүлікті
!ның !күні (ұзар. !ның !әрекет ету !немесе !пайдалан.
!атауы !тылған жағ. !атауы !мерзімі !жабдық !ғаны үшін
! !дайда жаңа !(тегі, !-------------!саны !ақының
! !шарттың !аты- !баста.!аяқ. ! !мөлшері
! !N және күні)!жөні) !луы !талуы ! !(мың
! ! ! ! ! ! !теңге)
-------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5 6 7 8
-------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
---------------------------------------------
Есептелген!Аударылған!Мүлікті !Ескерту !
ақы !сома !пайдаланғаны ! !
(мың !(мың !үшін төлемдер! !
теңге) !теңге) !бойынша ! !
! !берешек ! !
---------------------------------------------
9 10 11 12
---------------------------------------------